Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Кинематика негіздерін қайталау. (Мультимедиялық аукцион сабақ.)

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ж.Балапанов ауылы
«Қызылашы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»
мемлекеттік мекемесінің физика пәні мұғалімі
Сарымсакова Нургул Салдарбекқызы

Кинематика негіздерін қайталау.
(Мультимедиялық аукцион сабақ.)

Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, жадында
сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Білімділік: Сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру,
шығармашылыққа баулу, ҰБТ-ге дайындау. Компьютерді қолдану арқылы оқушының
ғылымға деген ынталылық сезімін өсіру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған
ортада бар екеніне көз жеткізу.

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгендеу, сыныптың тазалығын қадағалау. Оқушыларды екі топқа
бөліп, сабаққа жұмылдыру.
ХХІ ғасыр ғылым біліммен қатар экономиканың да дамыған ғасыры. Қазіргі
уақытта тілге көп тиек етілетін сөздердің бірі «несие». Олай болса сабақ
барысында «несие» сөзінің мағынасын ашамыз.
Банк - қаржы сақталатын орны.
Несие – қарызға берілген қаржы.
Капитал - әр бір адамның, мекеменің, мемлекеттің жинақ қоры.
Ойынды бастамас бұрын банктен 25 пайыздық жылдық үстемемен 2000 теңгеден
несие алыңыздар. Жыл соңында, яғни сабақ соңында 2500 теңге банкке
қайтарасыздар.

І тур Музыкалық тапсырма:
Әр лотореяның ұтыс бағасы 1000 теңге, ал сату қадамы 100 теңге.
Мысалы: Бір команда аукционист ұсынған сұраққа 200 теңге берсе, басқа
команда 300 теңге т.с.с.
Мына өлең жолдарынан қандай қозғалысты байқауға болады?
1.Су тасушы қыз әні.
Таңертеңмен бір сұлу қыз суға келеді, суға келеді, суға келеді.
Ат жетектеп бір жас жігіт еріп келеді, еріп келеді, еріп келеді.

2.Желдірме
Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын,
Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын.
Қырандай аспандағы самғайтұғын,
Екпінім самолеттей заулайтұғын.

3.Ақ жаңбыр
Бақыт болып жаушы жаңбыр,
Менің әсем қалама.
Бақыт болып жаушы жаңбыр,
Менің әсем далама.

4.Айгөлек
Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.

ІІ тур «Көкпар»
Әр лотореяның бағасы 2000 теңге. Бұл турда нағыз көкпаршыларға тән
жылдамдық пен алғырлық керек.
1. Траектория дегеніміз не?
Қозғалып жатқан дененің соңына қалдырған үздіксіз сызығын траектория деп
атаймыз
2. Материялық нүкте дегеніміз не?
Қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын
денені материялық нүкте деп атаймыз
3. Үдеу деп нені айтамыз?
Жылдамдықтың өзгерту шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шаманы
үдеу деп атаймыз.
4. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не?
Дене кез-келген тең уақыт аралығында бірдей қашықтықты өтетін болса,
ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп аталады.

ІІІ тур «Сақина салу»
Бұл турда топ қандай есеп екенін білместен арнайы есеп салынған қалталарға
сақина салу арқылы алады. Есептің жоғары жағына бағасы жазылған. Егер
есепті дұрыс шеше алмаса 500 теңгеден 1500 теңгеге дейін айып пұл банкіге
қайтарылады. Оны қатесін жөндеген қарсы топқа беруге болады.

2000 теңгелік есептер:
1. Велосипедші радиусы 30м тіректе 15,7 м/с жылдамдықпен қозғалады. 12с
уақыт ішіндегі жүрген жолы мен орын ауыстыруын және центрге тартқыш үдеуін
анықтаңыз
2. Сайыс кезінде екі шабандоз бір-біріне қарай 20 км/сағ және 16 км/сағ
жылдамдықпен шауып келеді. Екеуінің бастапқы арақашықтығы 120м. Олар қанша
уақыттан кейін кездеседі?
3. Мұнай қозғалтқышының маховигінің бұрыштық жылдамдығы 300 айн/мин.
Қозғалтқыштың периоды мен жиілігінін анықтаңыз.

3000 теңгелік есептер.
1. Аэростат Жердің бетінен вертикаль жоғары 2 м/с2 үдеумен көтеріледі.
Көтерілуінің басында 5 с одан тас құлап түсті. Тас Жерге қанша уақытта
түседі? Ауаның кедергісін ескермеңіз. Еркін түсу үдеуі 10 м/с2
2. 28 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан катер су шаңғысы спортшыларын тіркеп
алды. Спортшы ұстаған трос катердің қоғалыс бағытымен 1350, ал троспен
спортшы арасындағы 600 бұрыш жасайды. Осы уақыт мезетіндегі спортшының
жылдамдық модулі қандай?
3. Дене 100 м биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз еркін құлайды. Ауаның
кедергісін ескермей, дене құлауының соңғы секундында қандай жол жүретінін
және оны қанша уақытта жүретінін анықтаңдар.

Қорытынды:
Ойын аяқталғаннан соң аукционшы бүкіл ойнаушыларға қолда бар
ақшаларын санауды ұсынады және банкке 25 пайыздық өсіммен қайтаруын
сұраймын. (2500 теңге). Қай топтың ойыншыларының ақшасы көп болса сол топ
өте жақсы деген бағаға ие болады. Сонымен қатар қарсылас топтағы жақсы
жауап берген оқушылар бағаланады.
-----------------------
Бірқалыпты

Қозғалыс

Бірқалыпсыз

Еркін түсу

Шеңбер бойымен

Үдемелі

Кемімелі

Бірқалыпсыз

Қисық сызықты

Түзу сызықты

Бірқалыпты

Ұқсас жұмыстар
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге амалдар қолдануға есептер шығару
Кинематика және динамика тарауларын қайталау
Жапырақтың ішкі құрылысы
Xiii-xv ғасырдың i жартысындағы Қазақстан
Кинематика негіздері толқындар
Жемістер 3-сынып
Математикалық биржа Квадрат теңсіздіктер
Кәсіби мемлекет тарауы
Тең айнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы
КИНЕМАТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ
Пәндер