Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Сұраулы сөйлем туралы 2 сынып
Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Волгодонов орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кенжеғұлова Қарлығаш Ертайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем. 2 сынып
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру;
сұраулық мағынаны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін
қалыптастыру; сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу.
Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: сұраулы сөйлемнің айтылу мен жазылуын үйрете отырып,
балалардың байланыстырып сөйлеуін жеңілдету, белсенділігін арттыру. Жаттығу
жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша сөйлем құруға үйрету
2) Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе
білу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың байқампаз іскерлігін,
шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Тәрбиелік: ауызбіршілікке, ұстамдыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке,
жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, оқыту, әңгімелету
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
Кезекшімен сұхбат
Үй тапсырмасын тексеру.4-жат. 82-бет орындалуын тексеру
Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп, жауаптарды дәптерге жазу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты
емін-еркін бар бояуымен төгілтіп
түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Н.Ә.Назарбаев
І. Қызығушылықты ояту.
.......... сөздің мәйегі.
........... көңілдің ажары.
........... оттан да ыстық.
........... тас жарады, тас жармаса бас жарады
Оқу ............ мен құдық қазғандай
Жаңа сабақты түсіндіру. Күн ретін жазайық, менің сендерге мынадай жұмбағым
бар.
Екі К күресті,
Арқаларын тіресті.
Бұл қай әріп? Әрине Ж әрпі. Енді сол әріптен басталатын сөйлемдер құрайық.
Жарас жарыста жеңіске жетті.
- Мен сендерге на қойдым?
- Сұрақтар
- Оны не үшін қойдым?
- Жауап алу үшін.
Сонымен, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер деп
атайды. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
Сұраулы сөйлем жасайтын ба, бе, ма, ме, па, пе бөлек жазылады: Олар қаладан
келді ме? Тапсырманы жаздың ба?
1. Сұраулы сөйлем сұраулық мағынаны береді.
2. Сұраулы сөйлемде сұраулық мағынаны білдіретін сөз көтеріңкі дауыспен
айтылады.
3. Жазғанда, сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлемнің соңындағы тыныс
белгілердің қойылуын түсіндір.
Бүгін киноға барма. Сенде қарындаш бар ма?
Ініңнің қасынан кетпе. Олар кетіп пе?
Сабаққа кешігіп келме. Бүгін досың келе ме?
«Лото» ойыны. Сандарды өсу ретімен қойғанда келесі тапсырмамыз шығады.
Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сөйлем соңындағы қосымша сөздер бірге жазыла
ма, бөлек жазыла ма?тиісті жерге сұрау белгісін қой.
Түскі тамаққа кешікпе. Орталыққа кеткендер келіп пе? Айтқанды түсіндің бе?
Қараңғыға қалма. Күн суытты ма? Әрқашан қатарыңнан қалма. Қосымша сабаққа
қалды ма?
|Сергіту сәті «Сәйгүлік» | |
|Сәйгүлік шауып келеді, шауып |Сандарын соғады |
|келеді тастан өтті. |Қолдарын жұмып ысқылайды |
|Құмнан өтті |Алақандарын ысқылайды |
|Судан өтті |Екі беттерін соғады |
|Кедергіден өтті |Орнынан тұрып секіреді |
|Мәреге жетті |у-у деп қолдарын шапалақтайды|
3- жаттығу.Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдыру.
Таң атты. Күн шықты. Қанат ерте тұрды. Мектепке барды. Мұғалім сыныпқа
кірді. Сабақ басталды. Сабақ қызықты өтті. Балалар үйлеріне көңілді қайтты.
«Мен қандаймын» ойыны
Әр оқушы өз есімінің басталатын әрпі бойынша жақсы сөз айтады.
Ой толғаныс
Балалар «Бүгінгі күн» дегенге ойларын айтады.
4- жаттығу.Көркем жазу жұмысы
Келе жатқан қара бота ма,
Жоқ, ала бота ма?
Ала бота, қара бота-
Дөңнен асқан қандай бота?
Т. Елеусізұлы.
«Пирамида жасайық » ойыны
Тақтаға пирамида суретін салып, карточкадағы суреттердің атауларын оқушылар
кезекпен пирамидаға жазады.
ҮІ. Сабақты қорыту.
«Әріптерді тіркестіріп сөз, сөйлемдер құрау» ойыны
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 5 – жаттығу, 84 бет
ҮІІ. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz