Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Сынып үздігі сайысы 2 Б сыныбы

"Сынып үздігі" сайысы 2 «Б» сыныбы.

Мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, өз-өздерін еркін
ұстауға үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, анықтау, тез әрі дұрыс жауап
қайтаруға үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай
әртүрлі білім сайысына қатысуға дайындау, тілдерін шапшаң ойлау
қабілеттерін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке, намысшыл
болуға, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, плакат, суреттер, шар.
Кіріспе:
Құрметті, оқушылар, ұстаздар, бүгінгі 2 «б» сыныбында өткелі отырған
«Сынып үздігі» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайыс оқушылардың алған
білімдерінің деңгейі қандай дәрежеде екенін бағалау үшін өткелі отыр.
Халқымыз жан-жақты адамды «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген. Адамның сегіз
қырының бірі – оның білімі.

Бүгінгі  күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста – дегендей сайысқа қатысушыларды қошеметпен қарсы
алайық!

1. Алдиярұлы Мұстафа
2. Ертарғынова Ақерке
3. Сакенов Диас
4. Мұратбекқызы Самал
5. Ешпағамбетова Сандуғаш

Білімділер білімін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып – дей келе әділқазылармен таныс болайық:
1 .
2.

Білімділер бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып – дей келе Сайыстың бөлімдерімен танысайық:
1. Таныстыру.
2. «Бейге» сұрақ – жауап.
3. «Тіл өнері» мәнерлеп оқу сайысы.
4. «Кім жылдам?» математикалық тапсырма.
5. «Айшықты сөздер» жазуына баға беру.

1 бөлім таныстыру. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.

2 бөлім. «Бәйге» сұрақ – жауап
№1 қатысушының сұрағы:
1. Адамдардың қатынас құралы.
2. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Сөйлеудің қандай түрлері бар?
4. Күз айларын ата.
5. Қазақтың үш биін ата.

№2 қатысушының сұрағы:
1. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
2. 1 жылда неше ай бар?
3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
4. Көру мүшесі
5. Қазақстанның президенті кім?

№3 қатысушының сұрағы:
1. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата.
2. Ғарышқа ең бірінші кім ұшты?
3. 1 ғасырда неше жыл бар?
4. Қарлығаш сөзінде неше буын бар?
5. Астананың символы не?

№4 қатысушының сұрағы:
1. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
2. 1 тәулікте неше сағат бар?
3. Сөйлем неден құралады?
4. Адамға қажетті бес нәрсені ата.
5. Біздің туда не бейнеленген?

№5 қатысушының сұрағы:
1. Адамның қатынас құралы.
2. Дауыссыз үнді дыбыстарды ата.
3. Қосудың компоненттерін ата.
4. 1 аптада неше күн бар?
5. Біздің облысымыз қалай аталады?

№6 қатысушының сұрағы:
1. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
2. Жоғары сөзіне қарама – қарсы сөзді айт.
3. Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
4. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
5. 1 сағат 20 минутта неше минут бар?

3 бөлім. «Тіл өнері» мәнерлеп оқу сайысы. Тапсырмалар беріледі.

4 бөлім. «Кім жылдам?» математикалық тапсырма.
Тапсырмалар:
1.
(25+20) – 20 = 25 85 – (30 + 30) = 25
(50 +30) – 40 = 40 90 – (40+10) = 40
(30 + 8) – 20 = 18 70 – (25 + 30) = 15
2.
а – 9 мұндағы а = 69; 79; 89; а + 9 мұндағы а =
60; 70; 80;

3.
а + 7 * 7 + а 23 + 7 * 23 + 8

50 + 20 * 50 – 20 с – 8 * с + 8

4.
х + 40 = 70 90 – х = 30 х – 50
= 30

5. Тігінші бірінші күні 20 көйлек, екінші күні бірінші күнге
қарағанда 6 көйлек артық тікті. Тігінші екі күнде барлығы қанша көйлек
тікті?
1 күні – 20
2 күні - ? 6 көйлек артық
Барлығы - ? көйлек
Ш: 20 + 6 = 26 20 + 26 = 46
Ж: Екі күнде тігінші барлығы 46 көйлек тікті.

5 бөлім. «Айшықты сөздер» жазуына баға беру.
Оқушы, парта, нағашы, жолбарыс, аурухана, отбасы, клуб, қоян, ұстаз,
дәрігер, жауынгер.

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе, әділқазылар алқасына сөз береміз.

Марапаттау.

1.
(25+20) – 20 = 85 – (30 + 30) =
(50 +30) – 40 = 90 – (40+10) =
(30 + 8) – 20 = 70 – (25 + 30) =
2.
а – 9 мұндағы а = 69; 79; 89; а + 9 мұндағы а =
60; 70; 80;

3.
а + 7 * 7 + а 23 + 7 * 23 + 8

50 + 20 * 50 – 20 с – 8 * с + 8

4.
х + 40 = 70 90 – х = 30 х – 50
= 30

5. Тігінші бірінші күні 20 көйлек, екінші күні бірінші күнге
қарағанда 6 көйлек артық тікті. Тігінші екі күнде барлығы қанша көйлек
тікті?

1.
(25+20) – 20 = 85 – (30 + 30) =
(50 +30) – 40 = 90 – (40+10) =
(30 + 8) – 20 = 70 – (25 + 30) =
2.
а – 9 мұндағы а = 69; 79; 89; а + 9 мұндағы а =
60; 70; 80;

3.
а + 7 * 7 + а 23 + 7 * 23 + 8

50 + 20 * 50 – 20 с – 8 * с + 8

4.
х + 40 = 70 90 – х = 30 х – 50
= 30

5. Тігінші бірінші күні 20 көйлек, екінші күні бірінші күнге
қарағанда 6 көйлек артық тікті. Тігінші екі күнде барлығы қанша көйлек
тікті?

Ұқсас жұмыстар
Сыныптағы жігіттің сұлтаны сайысы
Ұнататын гүлім
Басталды сайысымыз бүгінгі күн
Э л е к т р ж а б д ы қ т а р ы н қ а й т а л а у
Байқонырдан Жаңалық планетасына келіп калдық
Қызыл түсті отбасы ұпайлары
Қатысушы оқушылар
Информатика алаңы
Қабдрашитов Әуез Қазбекұлы - аудандық математика пән олимпиадасының жүлдегері
Оқушыларға сұрақтар
Пәндер