М. Жұмабаевтың Түркістан поэмасын талдауға арналған оқу-әдістемелік жоспар

М. Жұмабаев «Түркістан» поэмасын талдау

Деңгейі
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар
Деңгейі: Білім
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар:
  1. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру, өлеңнің көркемдік идеясымен таныстыру, тақырыбын ашу, ақын өлеңін ел тарихымен тұтастықта қарастыру.
  2. Өлеңнің негізгі идеясын таба білуге, мәнерлеп оқу қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
  1. Өзінің елі мен жерін сүетін, елін қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Деңгейі: Түсіну
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар:
  1. «Түркістан»өлеңінің мазмұнына талдау жасату.

а) Тұран елі, жері туралы сипаттама

ә) Тұраннан шыққан атақты адамдар жайында пікірлер

2. Поэмадағы түрік пен түркі сөздерінің мағынасын ашу.

Түрік - ұлт атауы.

Түркі - туыстас туысқан халықтар атауы.

Деңгейі: Қолдану
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар:
  1. Өлең тіліне талдау жасау.

Эпитет: ер түрік, асыл қан, салқын жас, ерке бұлақ, түрік көкжал, ауыр ой.

Теңеу: отты желдей, қалың өрттей, теңіздей терең, нажағайдай өте шыққан.

Метафора: аппақ шаш-қар, түрік-от.

Аллитерация: Тұанның елі шексіз, шөлі қандай,

Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!

Тұранның дария аталған өзендері

Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

Метонимия: Шыңғыстың қол бастаған екі

көзі-

Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе

Мақалдар мен үндесетін сөздер:

Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле -

Атаға тартып туған бәрі-бөрі.

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

  1. Өлең құрылысына талдау

(24 шумақты, 4 тармақты, 2 бунақты, 11буынды қара өлең ұйқасы)

Деңгейі: Талдау
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар:

Поэманы оқи отырып талдау, жоспар құру, әр шумаққа ат қою

1-шумақ. «Түркістан екі дүние есігі ғой»

2-шумақ. «Тұран - ер түрік мекені»

3, 4, 5, 6-шумақ. «Тұран табиғаты немесе Тұранның таулары бар аспанға атқан »

6, 7-шумақ «Тұранның өзен-көлдері», «Тұранның теңіздерлік көлдері бар» (Жер-су аттарына түсінік беру)

8-шумақ . «Тұран таулары» (Тянь-Шаньдай, Хантәңірі, Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт)

9-шумақ. Қазықұрт қасиетті тау болмаса,

Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?-деген жолдарын ауыз әдебиетімен байланыстыру, Нұқ пайғамбардың кемесі және төрт түлік мал туралы мына өлең жолдарын келтіре отырып талдау.

Басында Қазықұрттың кеме қалған.

Ол әулие болмаса неге қалған?

Жетім бота түбінде жатып алып,

Ойсыл қара жануар содан қалған

10-шумақ. Сиқырлы, сырға толы Тұран жері (Жад сөзіне түсініктеме)

11-шумақ. Тұранға құмар болған елдің бәрі.

13-шумақ. Ақынның мақтаныш сезімі.

13, 14-шумақ. Хандары-ардақты азаматтары (Шыңғыс, Шыңғыстан-Шағатай, Үгедей, Жошы, Төле)

15-шумақ. Тарағайдан тараған Темір (Қолбасшы Ақсақ Темір. ХІҮ ғ) . (1935 ж. )

16, 17, 18-шумақ. Данышпандары-Ұлықбек, Ибн-Сина, Фараби.

19-шумақ. Тұран-қара шаңырақ (Қара шаңырақ сөзіне түсініктеме беру)

20, 21, 22-шумақ. Хандары. Хандар ұстанған жол.

24-шумақ. Бабаң бейіті-кие, құт.

Деңгейі: Жинақтау
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар:

«Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін . . . »

(пікірталас, пікір-сыр)

Деңгейі: Бағалау
Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар:

«Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?»

«Хандар - халық қалаулысы»

«Қожа Ахмет баба-қасиетті тұлға» (ойтолғау немесе шығарма жазу)


Ұқсас жұмыстар
9-сынып қазақ әдебиеті: М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңін талдау бойынша оқу-әдістемелік сабақ жоспары
М. Шахановтың Отырар поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
М. Жұмабаевтың Шолпы өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдауға арналған сабақ жоспары
М. Шахановтың Отырар поэмасын талдауға арналған 5-сынып қазақ әдебиеті сабағы
8-сынып: М. Жұмабаевтың Түркістан өлеңінің идеясы мен көркемдік-құрылымдық талдауы
М. Жұмабаевтың Батыр Баян поэмасын талдау бойынша сабақ жоспары
Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңі: сабақ жоспары мен әдеби талдауы
М. Мақатаевтың Аққулар ұйықтағанда поэмасын талдауға арналған 2-сағаттық сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz