Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Адамгершілік – асыл қасиет жайлы

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ

Ұйымдастырушы: Абдираманова Альбина Бақбергенқызы,

Бекеева Жадыра Мейірқұлқызы,

Таңатова Әсем Сапарбайқызы.

Тобы: Үкімет ұйымының жастары

Өтілетін орны: АКТ залы

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық,
ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге
құрметпен ізетті болуға, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты
ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, студенттердің бойына адамгершілікті
сіңіру. Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып,
студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді
бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан,
ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Түрі:  дискуссия

Көрнекілігі: нақыл сөздер, бейнеролик, сабақ мазмұнына сай дайындалған
слайдтар, интерактивті тақта

Жүргізуші Мақсат: Армысыздар қадірменді қонақтар және болашақ еліміздің
жастары. «Адамгершілік – асыл қасиет» іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік,
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Адамгершілік - парасатты
сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір
аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған
ең ұлы ұстаным. Шынын айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның
да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Өздеріңіз білесіздер, елімізде тұңғыш рет Елбасымыздың бастауымен
ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» байқауыда болып өтті. Бақытты балалық шақ
пен алаңсыз қарттық, әрбір шаңырақтың шаттығы – «Қазақстан-2050»
Стратегиясының ең басты мақсаттарының бірі. Отбасы – береке-бірліктің
қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы,
Атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір
некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық
жағдайды жасап келеміз.

Жүргізуші Альбина: Елбасымыз айтқандай. Адамгершілік - адамның рухани
байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне
жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі, адамдық тәрбие
болып табылады. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен
іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік
қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Бүгінгі біздің кешіміздің қонақтарымен таныс болыңыздар – Қала әкімі
апаратының ұйымдастыру-бақылау инспекторлық бөлімінің бас инспекторы
Қоңырова Айткүл Орынбетқызы, қаламыздың бас имамы Омар Елеуұлы және
колледж психологы Орынбетова Салтанат Мақсұтқызы
/Бүгінгі кешіміздің сарапшыларымен таныстырып өтсем/

Жүргізуші Мақсат: Бүгінгі кешімізді бастамас бұрын, мен залда отырған
студенттерге және сарапшыларымызға тақырыпқа сәйкес ой қозғауға сұрақ
қойсам деп едім.

Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер және адамгершілікке қандай
қасиеттерді жатқызуға болады?

Жүргізуші Альбина: Сарапшылардың және студенттердің ойларын әрмен қарай
ғұламаларымыздың айтып кеткен нақыл сөздерімен толықтыра кетсем

1. Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең
жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын,
елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,
ол адам өз - өзін сыйламайды. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен
инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты
білік” дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: Жас
жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып
берейін деген екен.

2. Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей «Жақсы мінез бен ақыл күші
біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер»

Адам мiнезiнiң түрлерiн адамгершiлiк, моральдық, имандылық
тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жiктейдi. Ал Ш.
Құдайбердиев Абайды үлгi еткен өнер-бiлiмдi, адамгершiлiк iзгi
қасиеттердi өзiне ұран тұтып балаға қатарыңнан қалма, өтiрiк, өсек айтпа,
ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнерлi, өнегелi
елдердiң жастарынан үйрен, оқу оқып, бiлiм ал, талаптан деп өсиет айтады:
Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

Жүргізуші Мақсат: Мына бейне сюжетке назар салыңыздар.
/Бейне таспадан үзінді/ Ата-ана туралы

Жүргізуші Мақсат: Алып анадан туады деген рухани сөздің мән-мағынасы
тереңде жатыр. Ақын, жазушы, ұстаз, дәрігер бәрі-бәрі  қасиетті асыл
анадан  туады емес пе?
– Иә, ата-ана бала үшін жанын беруге даяр жандар. Бала жанына жанашырлықпен
қарап, сәби жүрегіне  кірбің келсе  ең бірінші ата-анаң шырылдайды. Ата-
ананы қадірлеу,
Міндеті әрбір баланың.
Балаға еткен сан барма,
Еңбегінде ата-ананың.
Ата-анаңа жақпасаң,
Халқыма деме жағамын,
-деп ата-ананы құрметтеп, оларға лайықты қызмет көрсету жайында сөз
қозғасақ.

Жүргізуші Альбина: Сіздер өз ойларыңызды айта отырсаңыздар.

1. Сәкен: Біздерді  ата-анамыз асыл сөздеріне шомылдырып өсірді, «алтыным»,
«балапаным», «аспандағы айым» деген құлаққа жағымды сөздерді шын
жүректерінен молынан сіңірді. Қазіргі заманда күнделікті өмірде ата-анасын
ренжітіп, оларға қатты сөйлеп, қол  көтеріп  жататындар  да  кездеседі.  
Бұл неліктен? Оған таңданып қарағанымызша келешекте осынау ақ жаулықты
аналарымыз бен  ардақты әкелеріміздің, осы жалған дүниенің тозағына 
түспеуінің  қамына  кірісуіміз қажет. Шариғат  бойынша ата-ана разылығы-
Алланың разылығы. Ал  ата-ананың  ашуы  мен  ызасы, яғни қарғысы Жаратқан
Алланың қаһарына  тең.  Ата-ананың   сені  «қарғадым»деп айтуы міндет емес.
Олардың    көңілін   қалдырудың   өзі – перзенттің   қарғысқа  ұшырауы 
деген  сөз.

2. Нұрсәуле: Ия «адамгершілік» - қасиетті жан-жақты саралауға болады.
Амандасу, үлкенді құрметтеу, отанын қорғау, тілін силау, ата-анасын
құрметтеу т.б. Бүгінгі таңымыздың ең өзекті мәселесі ата-анаға деген
құрметтің азайып бара жатқанын байқаймыз.

3. Маржан: «Адамға ең бірінші керегі - тәрбие беру. Тәрбиесіз берілген
білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», -
деген екен данышпан Әл-Фараби бабамыз.
Жас ұрпаққа тәрбие берудің ең бір қажеттісі, мол тәрбиенің түрі, бұл –
патриоттық тәрбие.
Патриотизм ( грек сөзі)- Отанға деген сүйіспеншілік. Әрбір азаматтың
бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз.
Патриотизм - Отанымыздың гүлденуіне экономикамыз бен мәдениетіміздің
қарыштап дамуына зор ықпал етеді.

4. Құралай: «Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп
мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп
қабырғасында қаланады.
Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды
қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін
білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман )
ізге ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны
түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз.Адам болатын бала барлық жақсы
қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға
тырысуы керек.

Жүргізуші Мақсат: Расында да, біз шыр етіп дүниеге келген күннен бастап түн
ұйқысын төрт бөліп, аялап өсірген ата-ананың еңбегі ұшан-теңіз. Ата-ананы
құрметтеп, оларға лайықты қызмет көрсету турасында қасиетті құран мен
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Аллаhтың разылығы – ата-ананың
разылығында, Аллаhтың ашуы ата-ананың ашуында жатыр», – деген. Түсінген
адамға бұл сөзде терең мағына  бар.
Құран Кәрімде де: «Раббың Өзіңе ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге
жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де
жандарына кәрілік жетсе «түh» деме, (кейіс білдірме) сыпайы сөйле» ( Исра
сүресі, 23 аят),- дейді.

Жүргізуші Альбина: Мына бейне сюжетке назар салыңыздар.

/Бейне таспадан үзінді/ Бүгін қария жылады (Қарттар үйі)

Әрбір адамға өз әке-шешесінен жақын адам жоқ. Өкінішке қарай, өзін мына
жарық дүниеге әкеліп, ақ сүтімен емізіп, түн ұйқысын төрт бөліп, сәбиін
тербетіп, таң атқызған анасын, мінгізіп еркелетіп, баласының бақыты,
игілігі үшін бар күш-қуатын арнаған әкесін ұмытып, қартайған шағында өмір
тәлкегіне лақтырып кеткен қатыгез балалар да арамызда жетерлік. Иә, оларды
адамгершіліктен жұрдай, жүрегі жоқ пенделер демеске амалың бар ма?.
Осы көріністен соң, жастар біздің болашағымыз емеспе, жастардың,
яғни залда отырған студенттердің осы бейне сюжет жайлы ойларын білсек.
Осы сюжетке қатысты сарапшыларымызда өз пікірлерімен бөліссе
1. Қазіргі жастардың ата-анасын қадірлемеуінің себебі неде деп ойлайсыз?
2. Баланың мойнында ата-анасына деген қандай ақылары бар?
3. Ата-аналарымызды қартайған шағында қарттар үйіне өткізгеніміз дұрыс
па?
4. Қарттар үйіне өткізуіміздің себебі неде?
5. Шет елге еліктеп өз салтымызды ұмытып бара жатқан жоқпызба?
6. Қазіргі жастардың мұндай мінез құлқына ғаламтордың не ұялы телефонның
әсері бар деп ойлайсызба?
7. Сонда қазіргі жастарға ата-анасынан ақшаның орны маңызды болғаныма?
8. Ата-анаң жынды болса, байлап бақ деген, кішкентай кезімізден мәпелеп
өсірген ата-анамызға қартайған шағында қамқор бола алмаймызба?
9. Болашақта сіздіңде мәпелеп өсірген балаңыз осылай жасамайтынына кім
кепіл?

(Студенттер жауап берді)

Жүргізуші Мақсат: Енді, ортамызда отырған қонақтарымызға, сөз кезегін
берсек. Көрініске қатысты, жалпы қазіргі жастардың мінез-құлқына қатысты
студенттердің пікірін тыңдадыңыздар, сіздердің қосар пікірлеріңіз де бар
шығар, ендеше қазіргі жастарға беретін кеңестеріңіз болса, айта
кетсеңіздер.

(сөз сөйлейді)

Жүргізуші Альбина: Сіздерге көптен- көп рахмет. Біздің жалынды жастарымыз
өздеріне сәл де болса да, бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялатады
деген ойдамыз.
Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді
осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш,
ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді.

/Тағы да мына бір бейне сюжетке назар салсаңыздар деймін/

/Бейне таспадан үзінді/
Адамға деген сенiммен Фариза Оңғарсынова - Жақсылық туралы жыр

Жүргізуші Мақсат: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне
келсек,  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Анаға жасалған жақсылықтың сауабы
екі есеге көп болады»,-десе, тағы бір хадисте: «Ата-анасына жақсылық
жасаған адамның өмір жасы ұзақ және ризығы берекелі болады», -дейді.
Қарттар үйі – бізге дендеп еніп келе жатқан үлкен дерт. Өкінішке қарай,
елімізде өз балаларынан тірідей айырылған жетім қарияларымыз күннен-күнге
көбейіп келеді. Жоғарыда айтып өткендей, өміріміздің соңы осылай аянышты
аяқталмау үшін қазірден бастап балаларымыздың тәрбиесіне қатаң мән бере
отырып, оларды имандылыққа, адамгершілікке баулуымыз қажет.  Тек сонда ғана
өз ата-анасын сыртқа тепкен балалар азайып, ибалы, инабатты келіндер
көбейер еді. Дегенмен де  әрбір жас адам  өзін өмірге әкеліп,  барын алдына
тосқан ата-анасын қартайған шағында тағдыр тәлкегіне тастап кеткеннен
жақсылық, бақыт таппайтынын ұмытпаған жөн. Бұл ауыр күнәсі үшін екі дүниеде
жазасын алатындығы ақиқат. Ендеше, ата-анамызды тірісінде қадірлеп, оларға
мейлінше қамқор бола білейік!

Ән: Бабаш Айгерім мен Исабекова Бибігүлдің орындауында Ана туралы (ән)

Жүргізуші Альбина: Алтын уақыттарыңызды бөліп көргендеріңізге көптен – көп
рахмет!

-----------------------

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
«ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

№12 ФИЗИКА, МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР БОЙЫНША ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК
КОМИССИЯСЫ

Жақсы мінез бен ақыл күші
біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)

Тақырыбы:
«Адамгершілік – асыл қасиет»

Дайындаған оқытушылар:
Абдираманова Альбина Бақбергенқызы
Бекеева Жадыра Мейірқұлқызы
Таңатова Әсем Сапарбайқызы

Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік деген ұлы сөз
Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық
Адамгершілік - асыл қасиет
Адамның ақылы қайда
Топ сағаты
АДАМГЕРШІЛІК - ЖАН ҚАЗЫНАСЫ
Тәрбие сағаты: Адамгершiлiк асыл қасиет
Сары тауық пен балапандары
Кемпірдің жаңа астау
Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Пәндер