Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Көктем сәні.(ертегі)

ШҚО Ұржар ауданы Мақаншы ауылы «Сейфуллин атындағы орта мектеп-
бақша» КММ бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Амангуль Кусмановна

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні.(ертегі)

Сабақтың мақсаты: 1. Ертегінің мазмұнымен таныса отырып, көктемгі табиғат
сұлулығының сырын ашу.

2.Болжай отырып, ертегінің мазмұнын ашу және өз ойларын пікір
жазу арқылы түсіндіре білуге дағды қалыптастыру.

3.Табиғатты аялауға шақыру.
Сабақ
барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Психологиялық дайындық.
(Бағдарлау –мотивациялық
кезең)
(Оқушылардың көздері жұмулы.) Үнтаспадан оқылады.

Оян! Оян ботам !Жатпа қарап,

Оян ботам! Тезірек шапшаңырақ!

Шақырды қораз мана әлдеқашан,

Қарап тұр терезеден күн жалтырап!

Сұрақ :-Неге тұрдың? Адам неге ұйықтай
бермейді?(Оқушыдан жауап алынады)

Қорытынды: Адамның әр күні өзіне,өзгеге пайда әкелуі керек.
-Ояндым дегенде
көз алдыңа не елестейді? (ассосация)
-Күн

–Күннен не аламыз?

- Жылу.

-Сол жылу қайда барады?

–бойымызға , жүрегімізге

-Жүректен не шығады?-(Тілек сөз)

-Ендеше алдарыңдағы
қағазға тілек жазайық.
- Ендеше осы бір жақсы көңіл
күймен үй тапсырмасын бастап кетейік.
2.Үй тапсырмасын сұрау.

Абай.Жазғытұры І.Жансүгіров
Жазғытұрым. Жатқа сұрау.

|Өлеңнің аты |Жазғытұры |Жазғытұрым |
|Өлеңнің авторлары туралы |  Абай ақын,Семей, |Ілияс ақын, Алматы |
|не білесің? |Құнанбай,Ұлжан |облысы, Ақсу ауылы,|
| | |1938 жылдың құрбаны|
| Мазмұны |Табиғат жыл мезгілі мал | Жыл мезгілі адам |
| |төлдеу науқаны |көңілі |

Қорытынды сөз.

Абай ,Ілияс аталарың табиғат туған жер туралы жырлаған екен. Осындай
туған жер туралы өз өлкеміздің де ақын жыраулары да қалам тербемей
кетпеген. Солардың бірі Күнболат Хамзаұлы. ( Өлеңін оқу)
Сергіту сәті. «Желсіз
түнде жарық ай»

-Ендеше ,балалар көктемнің сәні неде деп
ойлайсыңдар?
-Жауаптары оқылады. -Бүгін(Көктем
сәні)ертегісін оқимыз.
–тізбектей
оқыту.

-Ертегідегі кейіпкерлердің сөзін саралап отыру.
Таныс емес
сөзбен жұмыс.

Қодас  - жұптұяқтылар отряды қуысмүйізділер тұқымдасы күдірлер туысына
жататын сүткоректі. Жиі Poephagus туысына жатқызады. Шоқтығының биіктігі,
1,9 м, салмағы 1 тоннаға жетеді. Шоқтығында өркеші бар. Түсі
қара не қара-сұр. Тері жамылғысы калың, төбітті. Бұлғын
– сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 40 – 55
см. Қазақстанда Алтайдың қылқан жапырақты ормандарында
кездеседі. Құлақ қалқаны жалпақ, дөңгеленген ұшы үшбұрышты. Денесіндегі
жүндері қалың қою жібектей, түсі – бурыл, сарғыш, қара қоңыр, алқымында
кішкене ақшыл дағы болады. Сирағы қысқа, қимылы икемді келеді.
Ұсақ жәндіктермен, самырсын жаңғағымен, жидекпен қоректенеді. Кейде жабайы
бал арасының балын да жейді.

Мәтінді талдау. –Сендерге қай аңның жауабы ұнады?
-
Сол ұнаған жауапқа пікір жазыңдар.(оқылады)

|Әсері | Неліктен? |Пікіріңіз |
| | | |

Мәтіннің мазмұнын ашу.
Сөзтапқыш-
әңгімедегі көркем сөзді табады. (тақтаға ,дәптерге жазу.)
Дәнекерші-өмірмен
байланыстырады.
Бейнелеуші
–суретін салады.

Ізденуші-мәтінге қатысты ақпарат айтады.
-Балалар Көктем
сәнін көргілерің келе ме?
Бейнебаян
көрсетіледі. (Көктем сәні)

Қорытынды «Көктем сәні неде?» (топтастыру)

Кубизм сратегиясы. 1 қыры. –Табиғат адамға не береді?

2-қыры.-Табиғатқа адам қандай
зиян келтіреді?
-3 қыры.-Табиғатты қорғап сақтау
үшін не істеу керек?
Ендеше соған бәріміз бір кісідей ат салысайық.

2.Көктем мезгіліндегі мерекелер

9 май 22 наурыз 8 наурыз

Кімнің туған күні бар ол да мереке

-Мұны сұраған себебім балалар
сендер бағана жақсы тілекпен сабағымызды
бастағансыңдар, соны осы келе жатқан мереке күніне
арнап, мұғалімдерге берсек қайтеді.
Ол кісілерде көктем
мереке екеніне көз жеткізсін, қуансын.
Үйге тапсырма беру. -Оқып әңгімелеу.
Бағалау

Ұқсас жұмыстар
«көктем сәні» ертегісі
Ана тілі, көктем сәні
Еңбекпен тапқан тиын. ана тілі
Интербелсенді тақта
«көктем» қасым аманжолов
Оқушыларды бағалау, Өзіндік бағалау
Көктем мерекесімен, анашым
Сүйінші ата сүйінші
Неліктен дауысты дыбыс
Неше құс
Пәндер