Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді

Кіріспе

«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»

Н. Ә. Назарбаев

Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келіп жеткен қазыналары мен кереметтерін кітапханадан, яғни кітап оқу арқылы табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Оның бірден-бір жолы кітап көрмелерді ұйымдастыруды әр бөлімге тақырып қойып, дәйек сөз дайындаудан бастауымыз қажет.

Білім сүйсең, кел күн сайын осында, Кітап сенің айналады досыңа. Талаптансаң үйренуге ұмтылып, Келші жас дос, ізденейік қосыла, - деген өлең шумақтарымен оқушыларды кітап көрмесін көруге шақырамын. «Ғажайып «Ертегілер елінде», «Жаңа кітап-жан азығы», «Атаулы даталар күнтізбегі», «Конституция-кемел келешектің кепілі», «Елбасы мұраты, халық бақыты-гүлденген Қазақстан», «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік тірегі», «Табиғат тіршілік көзі», «Ұстаздарға көмек» «Ана мәңгілік жыр», «Мағжан - сыршыл ақын», «Ақиық ақын - Мұқағали», «Қазақ хандығына - 550 жыл», «Ұлы Отан соғысына - 70 жыл», «Қазақстан халқы ассамблеясына -20 жыл» -деген тақырыптармен кітап көрмесі ұйымдастырып отырамын. Оқырмандардың көркем әдебиетті оқып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен таныстырып, библиографиялық шолу, ұсыныс тізім жасап насихаттап отырамын. Әр көрме өзінің ең қызықты мәліметімен құнды. Көрмеге көркем әдебиет өкілдерінің портреттерін қою, көз тартарлық әдемі безендірілген кітаптармен таныстыру, қыры мен сыры мол өмірді бейнелеген шығармаларды ұсыну арқылы оқырмандардың әдеби шығармаларға қызығушылығын оятуға болады. Көрме ұйымдастыруда оқушының жас ерекшелігі де ескеріледі, әсіресе төменгі сынып оқушылары ерекше анық түсті бояулармен көркемделген кітаптарға қызығушылық танытып, кітаптың ішіне көз жүгірте бастайды.

Иә, келешек ұрпақ кітап оқудан тыс қалмау керек. Әрине, балалардың көңілін аударатын ақпарат жүйелері: теледидар, радио, компьютер жеткілікті. Бұлардың адам өміріне қажеттілігі орасан зор екені сөзсіз. Осы ақпарат жүйелерімен қоса балаларды кітап оқуға да жастайынан баулысақ ұтылмас едік, ұтар едік. Жалпы, кітап баланың ой-өрісін жетілдіріп, білімін арттырады. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Жаңа заман талабына ілесу - әр кітапханашының міндеті. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені болса, кітапханашы тілімізді, дінімізді рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық иесі. Кітап арқылы білімге, ғылымға деген құштарлығын, ой-санасын толтырып, адамгершіліктің, парасаттың шыңына көтеріп, рухын асқақтатып жатса одан өзге бақыт болмас.

Негізгі бөлім

І. Оқушылардың әдеби кітаптарға деген қызығушылығын

арттыру жолдары

Тақырыптың мақсаты: Оқушылардың көркем әдебиеттерге деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».

Міндеттері:
1. Оқушыларды көркем әдебиет оқу арқылы мәдениеттілікке баулу.

2. Оқушыларға қызмет көрсету жоғары мәдениетін қамтамасыз ету.

3. Білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алу.

4. Кітапхана мен бала арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру.

Кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен құрылымымен қызықтырады. Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет, кітап көбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге, ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады.

Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы, біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған нәр татқызып, рухани қолдау береді. Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса, енді біреулерді жүйесіз, ойланбай оқуға әкеліп соқтырады. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек.

Оқу дегеніміз - бұл кітап мазмұнымен танысып, автордың кітаптағы ойын ұғыну. Оқу - бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру. Оқу мәдениеттілігі алдымен оқуға деген көзқарас қалыптастырудан, оқырманнан кітап арқылы әлемді танып және оқудан өзіне пайда ойлауға тырысуынан басталады. Басқаша айтқанда, оқырман кітапты жеңіл уақыт өткізу үшін емес, өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланған жөн.

ІІ. Оқырмандарға кітап оқуға қызығушылығын арттырудағы кітапханашының рөлі:

“XXI ғасыр-білім мен ғылымның ғасыры болады”, - деп Елбасымыз айтқанындай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының сырт қалып қойып жататыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологиялармен айырбастап жібергені анық.

Қазіргі ақпараттық құралдардың қарыштап дамып бара жатқан заманында жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығы қандай деңгейде?! Кітап оқуға қызыға ма, әлде интернет арқылы керекті мәліметтерін алып заман талабына ілесе ала ма?! Интернеттік жүйенің қажеттілігі де, өз жетістігі де ұшаң-теңіз. Дегенмен оқырмандарымыз интернеттен көркем әдебиеттерді қалай алып оқиды? Көп уақыт компьютер алдында сағаттап отырып оқи ала ма? Интернет кітап орнын ешқашан толтыра алмайды! Жас оқырмандарымыздың кітап оқуға қызығушылығын қалай арттырымыз? Бұл сұрақ бүгінгі күннің үлкен өзекті мәселесі болып отыр. Ұлы ойшыл Шекспир: “Кітап-маған тақтан да қымбат”, -деп кітаптың құдыретіне табынды, бүгінгі жедел ақпараттың тасқынының тасасында қалып бара жатқан “кітап әлемін” қайта жандандыру - кітапханашыларға жүктелген үлкен міндет. Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты. Әр елде жүргізілген тәжірибелер арқылы мынадай жағдайлар анықталған: кітап оқитын адамдар бегілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдауға бейім, есте сақтау деңгейі, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатындығымен, елмен жақсы қарым-қатынас жасай білетіндігімен ерекшеленеді екен.

Әлеуметтанушылардың есебі бойынша егер күніне кітап оқуға 1 сағат, ал демалыс күндері 3 сағат бөлінсе, 1 жылда 573 сағат болады екен. Бұл өз білімімізді толықтыруға үлкен потенциалдық мүмкіндік болып табылады. Жазушы Ә. Кекілбаев: “Мен кітапханаларды ақыл-білім, адамгершілік, парасат, иман ордасы деп білемін, ал кітапханашыларды сол ешқашан жоғалмауға тиісті ең асыл құндылықтың ең жанкешті сақшылары ретінде санаймын”, - дегендей, кітапханадан не іздесең соны табасың. “Республика жастарының көркем әдебиетті оқу деңгейі” атты зерттеу қорытындысы бойынша кітапхана оқырмандарының тең жартысынан кемі ғана көркем әдебиетті оқиды екен. Қалған 60 пайызы іскер оқу, яғни, тек оқуға, жұмысқа қажеттілікпен оқиды. Өйткені, қазір білім - капитал. Білімің болса, ақысыз оқуға түсесің, “Болашақ” бағдарламасына ену мүмкіндігіне ие болады. Ал, көркем әдебиет әлі де бүгінгі ұрпақ өмірінен өзіне лайық орын алған жоқ. Бұл тек кітапхана оқырмандарының көркем әдебиетті оқу жағдайы туралы көрсеткіштер, ал оның сыртында кітапханамен қамтылған, кітапханаға тартылмаған қаншама жастар бар? Мұндай ауқымды, көлемді зерттеулер алдағы уақыттың еншісінде.

Кейінгі жылдары бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасаймын. Оқушылардың әдеби кітапты оқуды 1 сынып оқушыларынан бастадым. Жас ерекшеліктеріне қарай олармен оқудың бірнеше түрін қолданамын. Әр айдың жұма күндері әдеби кітап оқу күні етіп жарияладым. Оның мәнісі бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтыру мақсатында болатын. 1 сынып оқушыларының бірінші әдеби кітап оқып кеткен жоқ. Өйткені бастауыш сынып оқушыларына арналған журналдар мен шағын суретті кітаптардан бастадық. Оқыған журналдарымыз «Балдырған», «Балапан», «Ертегілер әлемі», «Балапан әлемі» тағы басқалар. Журналдарды дауыстап оқып, артынан түйіндеме жасатып үйретемін. Әр оқушы не түсінді, не білді, не қызықты болды деген сұрақтарына өздері жауап беріп қызығушылықтары арта бастады. 2 сынып оқушылары журналдар мен қатар шағын суретті кітаптар мен халық ертегілерін, «Алдар көсе», «Тазша бала», «Қызыл телпек», «Жануарлар туралы ертегілер» т. б. кітаптарды оқып, артынан ертегі кейіпкерлерін және ертегінің мазмұнын сурет арқылы бейнелей бастады.

Сонымен қатар 3 сынып оқушыларына журналдар «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек», «Бала би» және халық ертегілерін оқып, кейіннен оқушылар журналдағы оқушылар шығармашылығындағы тақырыптарға өлең жолдарын, шығарма жазып, кітапқа деген қызығушылықтары артты. 4 сынып оқушылары жыл сайын есейіп, өздерінің білімдерін толықтыру мақсатында көптеген қызықты әдеби кітаптар оқи бастады. Оларға ұсынылған әдеби кітаптар: Оқымысты қоян, Қазақ халық ертегілері, Шөл ертегісі, Қойшы мен бай, Әйбат ертегілер, Керіктің құпиясы, Су ертегісі, Әжемнің ертегілері, Арлан күшік сияқты ертегілерді өз беттерінше оқи бастады. Осы бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасай отырып, кітап оқудың бес тәсілін қолдандым.

  1. Зер сала оқу - Мұндай оқу кезінде кітаппен әбден талдап танысылады да өзіндік ой тұжырымдалады.
  2. Тез оқу - Бұл тәсіл кемеліне келіп жетіліп, кейде зер сала оқуға ұласады.
  3. Таңдап оқу - Мәтіннің кейбір бөлімдері таңдалып оқылатын тез оқудың бір түрі.
  4. Алдын ала таныстық мақсатында кітапты қарап шығу - Жай көзге оқудың қарапайым түрі болып көрінетін бұл тәсілді көп адамдар меңгере алмайды.
  5. Сканерлеу, яғни фамилияны, сөзді, фактіні іздеу мақсатымен тез оқып шығу - аталған әдістерінің әрқайсысын меңгеру тез оқу дағдысын қалыптастыру сияқты өте маңызды.

Ал кітап оқу өнері - әр кез оқу мақсатына, мәтін сипаты мен уақыт мөлшеріне байланысты тиісті таңдауға мүмкіндік береді. Оқырмандардың жүйелі, жан-жақты және терең оқуының қалыптасуы, кітап таңдап алуда белгілі бір әдістерінің қолданылуы, оқу мәдениетінің қалыптасу дәрежесін білу үшін кітапханашы жеке жетекшілік жұмыстарымен қамтылған оқырмандардың оқу барысына бақылау яғни зерттеу жүргізеді.

Бастауыш сынып оқушыларының кітапханаға келушілер саны:

Сынып
2012-2013
2013-2014
2014-2015
2015-2016
2016-2017
Сынып: 1
2012-2013: 21
2013-2014: 20
2014-2015: 29
2015-2016: 17
2016-2017: 28
Сынып: 2
2012-2013: 15
2013-2014: 24
2014-2015: 20
2015-2016: 27
2016-2017: 16
Сынып: 3
2012-2013: 25
2013-2014: 28
2014-2015: 22
2015-2016: 20
2016-2017: 25
Сынып: 4
2012-2013: 16
2013-2014: 20
2014-2015: 28
2015-2016: 23
2016-2017: 20

Ендеше осы жылдардың ішінен 2015-2016 оқу жылын алатын болсам бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген кітап оқудың бес тәсілі бойынша пайыздық көрсеткіші

Оқу түрлері
1 сынып
2 сынып
3 сынып
4 сынып
№: 1
Оқу түрлері: Зер сала оқу
1 сынып:
2 сынып: 50 %
3 сынып: 60 %
4 сынып: 75 %
№: 2
Оқу түрлері: Тез оқу
1 сынып:
2 сынып: 50 %
3 сынып:
4 сынып: 70 %
№: 3
Оқу түрлері: Таңдап оқу
1 сынып: 25 %
2 сынып:
3 сынып:
4 сынып:
№: 4
Оқу түрлері: Алдын ала таныстық мақсатында кітапты қарап шығу
1 сынып:
2 сынып:
3 сынып: 50 %
4 сынып: 65 %
№: 5
Оқу түрлері: Сканерлеу, яғни фамилияны, сөзді, фактіні іздеу мақсатымен тез оқып шығу
1 сынып: 20 %
2 сынып:
3 сынып:
4 сынып: 50 %

Оқуды дамыту және қолдау барысында іс-шараларға орта буынның 5-9 сынып оқушыларын алдым.

Сонымен қатар орта буын оқушыларымен әдеби кітаптарға деген қызығуылықтарын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жоспарын құрдым.

№ п/п:
№ п/п
Іс-шара атауы:
Іс-шара атауы
Қатысушылар саны:
Қатысушылар саны
Жауапты:
Жауапты
№ п/п: 1
Іс-шара атауы: Акция: «Бәрін таста да, оқуды баста!»
Қатысушылар саны: 119
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 2
Іс-шара атауы: Әңгімелесу уақыты
Қатысушылар саны: 45
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 3
Іс-шара атауы: Кітап апталығы
Қатысушылар саны: 102
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 4
Іс-шара атауы: Менің отбасымның сүйікті кітабы
Қатысушылар саны: 112
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 5
Іс-шара атауы: Кітапханалық сабақтар
Қатысушылар саны: 115
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 6
Іс-шара атауы: Сыныптан тыс жұмыстар
Қатысушылар саны: 96
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 7
Іс-шара атауы: Кітап көрмелері
Қатысушылар саны: 105
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 8
Іс-шара атауы: Оқырмандар конференциясы
Қатысушылар саны: 98
Жауапты: Кітапханашы
№ п/п: 9
Іс-шара атауы: Дөңгелек үстел
Қатысушылар саны: 56
Жауапты: Кітапханашы

Осы іс-шараларға оқушыларды қатыстырып, оқушылар мен жұмыстар жасалынды.

Нәтижесінде: Оқушылар акция арқылы кітап оқуға дағдыланады, өз ойларын толығымен жеткізе алады. Әр оқушы өзіне ұнаған кітабын алып оқиды. Әр оқушы өз отбасының жақсы көріп оқитын кітаптарымен таныстырады. Сабақта сынып оқушылары не білді, не үйренді өз ойларын ортаға салады. Кітаптар арқылы өз білімін жетілдіреді. Оқушыларға кітаптар насихатталып, кітапқа деген қызығушылығы арттырды. Әдеби кітаптарды талдап, әдеби кітапқа баға береді. Оқушылар дөңгелек үстелдегі тақырыпты талдап, дұрыстығы мен бұрыстығын анықтай алды.

Сонымен қатар орта буын оқушыларына мектеп кітапханасынан әдеби кітаптар тізімін жасап:


Ұқсас жұмыстар
Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері
Менің мамандығымдағы алғашқы қадамдар
Көзге зиян
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында
Тақырып Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Менің тәрбиеге байланысты көзқарасым
Өткізілетін орны
Әліппе - білім бастауы жайлы
Әліппемен қоштаспақ балаларың
Сабақтың мақсаттары. Сабақтың ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz