Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сценарий

Ақмола облысы, Степногорск қаласы
«С.Сейфуллин атындағы №5
көпсалалы мектеп –лицейі» ММ
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Ракишева Роза Сейтхазиновна

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сценарий
«Тәуелсіз елім — тірегім, самғауыңды тіледім!» атты зияткерлік сайыс
Ортаға жүргізушілер шығады.«Елім менің» бағдарламасы басталады
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! – дегендей арма ағайын, №5 КМЛ
арнасында «Елім менің» думаны. Қымбатты көрермен бүгінгі думанымыз ата-
бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздіктің туған күніне арналады. Біз сіздерді
тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз
аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. «Елім менің» думаны қазақ елі мен
жерінің тарихын танытады, сонымен сайысымызды бастардан алдын топқа бөлініп
алайық! (кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді).
1-жүргізуші:
Бірінші топ оң қанатта  САРЫЛАР
Екінші топ сол қанатта КӨКТЕР
2-жүргізуші: Топ басшылар, ойыншылар, жанкүйерлер Сіздерге сәттілік тілей
отырып, ойынды жүргізетін мен – Ракишева Роза Сейтказиевна және Ережепова
Гульбира Батыровна Ойынымызды әнмен әрлейтін - №5 КМЛ ән және би студиясы.
1 номер «Преста» студиясы
(Сахна қараңғыланады. Өлең шумақтары перде артында оқылады.
Қазақтың елі ежелден
Тарихқа куә ел еді,
Тас, қола, темір дәуірде
Мәдениетке бай кен еді.
Ер жүрек біздің бабалар
Көк бөрідей азулы
Тоныкөктей батырлар
Қалдырды таста жазуды.
Күлтегін:
2-жүргізуші:
Ал енді алғашқы айналымды бастайық. «Пирамида толтыру» деген оқылымды
дамытуға арналған әдіс. Әр топтан бір оқушы шығып, мына ілінген қағаздардан
біреуін таңдап алады. Мәтіннен негізгі ой деп санайтын жолдардың астын
қарындашпен сызып оқыңдар. Содан кейін алдарыңыздағы пирамиданы
толтырасыздар.
1. Мәтін не туралы? (Бір сөз)
2. Ол қандай? (Екі сөз)
3. Болған оқиғаның орны мен мезгілі (Үш сөз)
4. Негізгі идея. ( Төрт сөз)
5. Негізгі кейіпкерлер? (Бес сөз)
6. Мәтіннің басын, ортасын, аяғын оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?
(Алтысөз)
7. Мәтін не туралы? (жеті cөз- бірінші жолды толтырукерек)
8. Осы мәтін туралы сіздің жарнамаңыз(Сегіз сөз) (топтар жұмыс істеп,
қорғайды).
Экранда әр жұмыс барысындағы критерийлер арқылы сарапшылар топты бағалап
отырады.
Өзіндік ойдың суреттелуі:
Сөздер мен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуі:
2-номер (оркестр)
Сарапшылар: Сонымен алғашқы айналымның есебі - /-
1-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама» заманында халқымыздың егемендігі жойылып кету қаупі тұрған еді.
Тарихымыздағы аса бір қиын кезең жоңғарлардың басқыншылық әрекеті болды.
Қазақтардың руға, жүзге ыдырап бөлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің
байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты қырғынға
ұшыратты.
2-жүргізуші: Қазіргі көріністі зер салып қараңыздар. Осы көрініс негізінде
тапсырма беріледі.
Көрініс «Ұлы мұрат жолында!»
2-жүргізуші: 1. Үзінді қай фильмнен алынған?
2. Басты кейіпкері кім?
3. Қазыбектің «Қазақтың туын жыққан жоңғар емес, мына сеңдерсіңдер, мына
сендерсіңдер!» деген сөйлем туралы ойларыңызды ортаға салыңыздар. (топтар
ойларын талқылап, айтады).
Бағалау критерийі:
Ойды дұрыс тапты:
Өзіндік ойы бар:
1-жүргізуші: Аталардан бізге жеткен ақыл сөз,
Мықтыларды тәубасына келтіріп,
Әлсіздерге қорған болған батыр сөз.
Сәніменен мәнін бұзбай жаратып
Сол мұраның бір бөлігі нақыл сөз –
дегендей енді нақыл сөз авторларын табасыздар. Бұл сөздердің иелері
елімізге жау шапқанда өткір сөздерімен рух берген даналар.
Сіздерге мына стендте авторлар берілген оның шешендік сөздерімен
сәйкестендіріңіздер.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі!
Төле би

Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар... 
Ту көтерер ерің бар.
Құлдық ұрсаң дұшпанға, 
Қол боларлық елің бар,
Еркек болып туды деп, 
Атадан қалған жолың бар,
Мына сені кім айтар? 
- Құлдық ұрсаң дұшпанға
Төле би
Бір үйдің баласы болма, 
Көп үйдің санасы бол! 
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол! 
Бір тонның жағасы болма, 
Көп көлдың ағасы бол! 
Ақты ақ деп бағала, аумин, 
Қараны карала 
Өзегің талса өзен бойын жағала, 
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала. 
Өзіңе-өзің кәміл бол. 
- Халқыңа әділ бол, 
Жауыңа катал бол!
Досыңа адал бол! 
Төле би
Бір дегеніңіз — бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз — егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз — үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегеніңіз — төсекке шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз — білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз — аймағын билей алмаған адам жаман.  
Жеті дегеніңіз — жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз — серкесіз бастаған қой жаман.
  Тоғыз дегеніңіз — толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз — өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Қазыбек би
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат, 
Қазыбек би
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден
құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына
жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз
асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген
елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл
туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды,
ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. Сен темір болсаң,
біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі
келгенбіз. Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең –
шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз,
тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Бітім берсең – жөніңді айт,
бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Қазыбек би
Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.
Әйтеке би
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; 
Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. 
Бай болып пайдаң тимесе, 
Батыр болып найзаң тимесе, 
Жұрттан алабөтен үйің күйсін!
Әйтеке би

Екі адам керіссе, оның, арты - қызыл шоқ. Біз - үш жүз көріспейік,
келісейік. Ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей –   хандық түгіл ондық та
жоқ. мен - 29 рудан құралған кіші жүзбін,  көппін, әрі батырмын, әрі
бимін! керісер болсаң,  осы үшеуі маған - жәйсіз, сендерге - жоқ!
Әйтеке би
Бағалау критерийі:
Авторларды дұрыс сәйкестендірді:
Топтың ұжымдық белсенділігі:
3-номер: Гауһардың орындауындағы «Туған ел» әнін қабыл алыңыздар. (кадеттер
вальсі)
Сарапшылар: Екінші және үшінші айналымның есебін - / - жеткізді.
2-жүргізуші:
Азаттыққа жетуде Ресейдің отарлау езгісіне қарсы күрескен халқымыздың
қаһарман ұлдары баршылық. Олар Сырым мен Кенесары, Исатай мен Махамбет.
Хамитова Лиза: Махамбеттің өлеңі
1-жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар қазір мектебіміздің ең өнерлі
шәкірттерінің бірі, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Жақсылық
Қуаныштың күйін мұқият тыңдаңыздар. Сол тыңдалған күйдің тарихы туралы
баяндап беріңіздер.
Бағалау критерийі: экрандағы критерийлер арқылы бір топ екінші топты
бағалайды.
Күйдің мағынасын түсініп, мәтін құрай білді:
Өзіндік ойы бар:
2-жүргізуші:
Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала төсінде табиғатпен
туыстасып, еркін өмір сүрген халық. 19 ғасырдың аяғы мен 20ғасырдың басында
қазақтың саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде
қозғалыс тудырып, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге
әкелді. (оқушылар Алаш арыстарының өлеңдерін мәнерлеп оқиды).
1-жүргізуші: Құрметті қатысушылар мен көрермендер, енді «Біз олардың
есімдерін білеміз» атты әдіске кезек берейік. Әр топ басшысы берілген
портрет арқылы өз ойыншыларына сол адамдар туралы көбірек мәлімет беруі
қажет. Топ мүшелері оны табуы керек. 1,5 минут қана беріледі.
Бағалау критерийі: экрандағы критерийлер арқылы бір топ екінші топты
бағалайды.
Ақпаратты дұрыс түсіне білді:
Шығарма авторларын дұрыс таба білді:
Тарих пәні мұғалімі Нұржан Алдаоңғарұлы: «Тәуелсіздікке жетуде 1986 жылғы
ызғарлы желтоқсан оқиғасын қалай ұмытасың...»
Видео «Желтоқсан» (Ә. Тінәлиевтің әнімен бірге)
М. Шаханов «Желтоқсан алаңы» өлеңі (оқитын Сайранов Данас)
 Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер …
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көп пен бел,
Бұл жер, қалақам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер …

1-жүргізуші: Ал енді ойыншылар «ПОПС» формуласымен жұмыс істейміз.
Желтоқсан оқиғасы туралы
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, бұл ... »;
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»;
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей
аламын …»;
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім»
өз ойларыңызды айтасыздар.
Бағалау критерийі: экрандағы критерийлер арқылы бір топ екінші топты
бағалайды.
Өзіндік ой бар:
Ойын фактілермен дәлелдей алады:
2- жүргізуші: Тәуелсіздік жолында
Талай рет қазақ аттанды.
Желтоқсанда жан берген
Ұмытамыз қалай жастарды!
Қан майданда алысып,
Атырды олар ақ таңды.
Егемен болып қуанып
Бабам қазақ шаттанды!
 4-номер: Қазақ биі «Мереке»
2-жүргізуші: Ал енді «Күн сәулесіндегі портрет» әдісін бастайық.
Көктерге «Күн сәулесіндегі Қазақстан портретін», ал Сарылар «Күн
бейнесіндегі Мектебіміз» портретін жасайды. Ең алдымен топта ойланып, мына
флипчартқа «Күннің сәулесін сызасыздар. Ортасына сол идеяның таңбасы керек.
Күннің сәулесі қанша болуы өзіңіздің ойыңызға байланысты. (ойыншылар
жұмыс істеп жатқанда 6-номер Нұрболат ән айтады).
Бағалау критерийі: экрандағы критерийлер арқылы бір топ екінші топты
бағалайды.
Өзіндік ойдың суреттелуі:
Ауқымды ақпарат қоры бар:
1-жүргізуші: Міне, қазақ халқы армандаған тәуелсіздігіне 1991 жылдың 16
желтоқсанында қол жеткізді.Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа
мойындату үшін Елбасы Н.Назарбаев- тың еңбегң зор.
Нұрсұлтан Назарбаев - тәуелсіз қазақ елінің егемендігін қалыптастырушы,
жаңа тұрпаттағы мемлекетті құрушы тұлға.
Назарбаев - Қазақстанды бүкіл әлемге танытты
Назарбаев - Семей  ядролық сынақ полигонын тоқтатты
Назарбаев - Алаш жұртының астанасын Арқа төсіне әкеліп, ұлттық
тұтастығымызды нығайтты.
Назарбаев - жас мемлекеттің саяси құрылымын қалыптастырып, оны жаханға
танытты.
7-номер Квартет (Әлия, Айдана, Диас, Мағауия)
Айналым есебін сарапшылар айтады.
«Мәңгілік ел» әдеби монтаж
2-жүргізуші:
Қымбатты көрермен тәуелсіздік мерекесімен тағы да құттықтаймыз. Бүгінгі
ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына
арналған ««Тәуелсіз елім — тірегім, самғауыңды тіледім!» атты зияткерлік
сайысымыз мәресіне де келіп жетті. Топтардың есебі мынадай:
Жеңімпаз топты құттықтайық.
1 - жүргізуші:Еліміздің даңқы арта берсін. Көк туымыз мәңгі желбірей
берсін. (Сахнаға 1 «А» сынып оқушылары ретімен шығады, қолдарында шарлары
бар.). ТӘУЕЛСІЗДІК
деген сөзді көрсетеді.
Сайлаубай Аяжанның «Тәуелсіз Қазақстан» әні.

2 - жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз
баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау- саламатта
болыңыздар

Ұқсас жұмыстар
Жарысқа қатысушылар
Әрбір сабақ - мұғалімнің шығармашылық жұмысы
Тәуелсіздікке 20-жыл
Айбарлы асқар елді асқақтатар ата заң! конституция күніне арналған іс шара
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ атты ертеңгілік
Келешегі кемел Қазақстан
Тест жұмысы. Сабақтың тақырыбы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған “көңілді эстафета” сайысы. 4 сынып
Тәуелсіздігімізді бағалай білуге баулу
Қазақстан халқы ассамблеясы және елбасы
Пәндер