Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау

Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау

Бижигитов Орал Құмарбекұлы ШҚО Тарбағатай ауданы Тұғыл
ауылы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің
АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы капитан

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Топографиялық карта бойынша азимуттар мен дирекциондық
бұрыштарды анықтау және қашықты өлшеу тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды топографиялық картамен практикалық жұмыс жасауға
баулу, танымдылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа ұқыптылыққа, тиянақтылыққа,
төзімділіккне тәрбиелеу және моральдық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі. Сабақтың
типі: Аралас сабақ . Оқыту әдісі:
Баяндау, сұрақ-жауап, топографияпық картамен жұмыс, деңгейлік-тест
тапсырмалары және Венн диаграммасын құру.
Көрнектіліктер: Интерактивті тақта, оқу карталары,
сызбалар, слайдтар, компас, сызғыш, транспортир, циркуль,курвиметр. .
Пәнаралық байланыс:
математика, сызу, ,география.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру - 5мин.
-- Взводты сапқа тұрғызу, взвод командирінің баяндамасы, сәлемдесу,
взводтың сәлемге жауап беруі сырт келбеті тексеру және түгендеу.
– Взводты бөлімше бойынша екі
топқа («Барлаушылар», «Десантшылар») бөліп, отырғызу және бағалау парағын
тарату,топтық жұмыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру
2.Өткен тақырыпты пысықтау-10мин

1-кезең (3мин)
Топ басшыларына жұмыс дәптерінен тапсырмалар беріліп, екеуі бір
мезгілде тақтаға шығып орындайды. Орындапған тапсырманы тексеріп, ұпай
санын взвод командирі бағалау парағына түсіреді. ( дұрыс шешімге 10 ұпай)
«Барлаушылар»-ға 7-тапсырма, жұмыс дәптері 30-бет. Шешімі:10см---
2,5км(250000см)
х=250000:10 =25000 Карта масштабы:
1:25000
«Десантшылар»12-тапсырма, жұмыс дәптері 32бет. Шешімі: а) 7х 30 =
210км;
210 км=21000000см. : 42 = 500000 см
Карта масштабы: 1 : 500000
2-кезең (4 мин)
Топ мүшелеріне таңдау тесті таратылады. Берілген уақыт біткенде взвод
командирі қортындысын бағалау парағына түсіреді. Әрбір дұрыс жауапқа 5
ұпай беріледі.

Тест сұрақтары:
«Барлаушылар»-ға
1.Теірқазық жұлдызы қай шоқ жұлдызына жатады. а) үлкен жетіқарақшы,
ә) кіші жетіқарақшы. б)мерген, в) бикеш
2.Жол-сапар кезінде колднатын қарапайым аспап. а)азимут; ә) лимб; б)
комлас; в) микроскоп.
3.Атаулы масштаб қалай жазылады? а) 1:10000, ә)
1/10000, б) 1см–1км в) сызба түрде 4. Компасты
солтүстікке бағыттаған сәтте меңзердің 900-сы қай бағытты
көрсетеді? а)солтүстік; ә) шығыс; б) оңтүстік; в) батыс.
5..Лимб қанша бөлініске бөлінеді?
а) 90; ә) 180; б) 270; в) 360.

6.Түнде темірқазық жұлдызы қарап бағытталған кезде оң қолың
қай бағытты көрсетеді? а)солтүстік; ә)
шығыс; б) оңтүстік; в) батыс.
7.Немісше «мас-штаб» қандай мағнаны білдіреді? а) жол; ә) бағыт; б)
өлшеу-таяқ; в) бұрыш.
Жауаптары: ә; б; б; ә; в; ә; б. «Десантшылар»-ға.
1Теірқазық жұлдызын қай шоқ
жұлдызы арқылы табуға болады?
а)үлкен жетіқарақшы, ә)кіші
жетіқарақшы. б)мерген, в)бикеш.
2.Жергілікті затқа бағытты анықтау кезінде
әдетте магниттік
не пайдаланады.
а)азимут; ә) лимб; б) комлас; в) микроскоп. 3. Сызықтық
масштаб қалай жазылады? а) 1:10000, ә) 1/10000,
б) 1см–1км в) сызба түрде 4. Компасты солтүстікке бағыттаған
сәтте меңзердің 2700-сы қай бағытты көрсетеді? а)солтүстік; ә) шығыс; б)
оңтүстік; в) батыс. 5.Орта бойлы адам үшін жұп адым неше метр деп
алынады.
а1,4м ;ә)1.5м; б)1,6м в)1,7м.
6.Түнде темірқазық жұлдызына қарап
бағытталған кезде сол қолың қай бағытты көрсетеді?
а)солтүстік; ә) шығыс; б) оңтүстік; в) батыс
7.Азимут сөзі арабша «ас-смут» қандай
мағнаны білдіреді?
а) жол; ә) бағыт; б) өлшеу-таяқ; в) бұрыш.
Жауаптары: а; а; в; в; ә; а.

3-кезең «Азимут» (3мин)
Интерактивті тақтада 10, 20, 30 ұпайлық алты сұрақ жасырылады. Екі топ
кезекпен ұпай санына қарай кез келген сұрақты таңдайды. Таңдаган
сұрақтарға 10 секунд ішінде нақты жауап беру арқылы әр топ тиісті үпайды өз
қоржындарына салады. Егер жауап дұрыс болмаса, сұраққа жауап беру
мүмкіндігі келесі топқа беріледі де, тиесілі ұпай дұрыс жауап берген
бөлімше қорына түседі. Сұрақтар толық ашылған кезде астынан «АЗИМУТ» сөзі
шығады. Слайд-1

Сұрақтары: 10- «Экватор» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағнаны
білдіреді? (орта) 10- «Меридиан»
латын тілінен аударғанда қандай мағнаны білдіреді? (тал түстегі сызық)
20-
Топографиялық картаның географиялық картадан айырмашылығы (масштабында)
20- Топографиялық картаның масштабтарын көрсет. (1:25000 –
1:100000) 30- Жер бетіндегі кез келген
нүктенің экватор жазықтығы мен меридиан жазықтығына қатысты бұрыштық
шамалар қалай аталады? (географиялық координаталар)
30- Жазықтықтағы координаталар
өсіне қатысты нүктенің орнын анықтайтын сызықтық шама. (жазық
тікбұрышты координаталар)

«Азимут» деген сөзге анықтама бере отырып, жаңа
сабақтың тақырыбын және мақсатын жариялау.

3. Жаңа сабақтың материалдарын баяндау 15-мин.
Ұрыс даласында командирлер
мен оның қол астындағыларда міндетті түрде топографиялық карта болатыны
белгілі. Сол карта бойынша жауынгерлік тапсырмалар беріліп, ұрыстар
ұйымдастырады. Сондықтан әрбір оқушы топографиялық картаның шартты
белгілерін оқи білуі, тікбұрышты координаталар жүйесін білуі және бұрыштар
мен қашықтықты өлшеу, жергілікті жердегі заттардың сандық, сапалық
қасиеттерін анықтай білуі қажет. Азимуттар мен дирекциондық бұрыштар –
жергілікті жердегі қандай да бір затқа немесе қозғалысқа бағыт болып
табылады,

Слайд-2

1.Стендт сызбалары мен топографиялық оқу карталарын пайдалана отырып,
«Ақиқат және Магниттік азимут», «Дирекциондық бұрыш» деген ұғымдарға
анықтама береміз.

■ Ақиқат азимут АА - ақиқат меридианның солтүстік бағыты мен жергілікті
жердегі бағдар бағытының арасындағы, сағат тілінің 00-тан 3600-қа дейінгі
жүріс бағыты бойынша өлшенетін бұрыш .

■ Магниттік азимут МА – магниттік меридианның сағат тілі бағытымен солға
бағытталуынан есептелетін горизонталь бұрыш.

■ Дирекциондық бұрыш α – берілген нүкте арқылы өтетін бағыт пен абсцисса
өсінің сағат тілі бағытымен сол жаққа қарай есептелетін абсцисса өсіне
параллель сызықтың арасындағы бұрыш. (100 сурет,АӘД оқулығы.)

2.Топографиялық оқу картасын қолдана отырып, дирекциондық бұрышты өлшеуді
және кеісінше берілген дирекциондық бұрыш арқылы бағытты транспортирдің
көмегімен картаға түсіру тәсілдерін интерактивті тақтадан анимация арқылы
көрсетеміз. Слайд-2 (АӘД оқулығы 101-сурет)

:

3. Дирекциондық бұрышты магниттік азимутқа қайта есептеу формуласы және
керісінше. (АӘД окулығы 100-сурет) Слайд-2

Ақиқат азимут АА=α+(±γ).
(±γ).-меридиандардың жақындасуы, (+) шығысқа, ( -)
батысқа ауытқиды

- Магниттік азимут МА=α--(±Бт) .
(±Бт)-бағыттың түзетілуі .(± Бт)= (±β) -
(±γ)

(±β)- магниттік ауытқу.

Дирекциондық бұрыш α = МА + (± Бт)

4.Жаңа сабақты бекіту-10 мин ( топпен жұмыс)
4-кезең(7мин)
Топографиялық картамен практикалық жұмыс. ( АӘД дидактикалық материал
11-сынып, карта схемасы 20-21бет).

«Барлаушылар»-ға (6-нұс.3-тапсырма, 23-бет)
Голубая өзеніне салынған ағаш көпірден (6512) Белый бастауына (6513)
дейінгі қашықтықты және дирекциялық бұрышты өлшеңдер.
Шешімі: арақашықтық-2,5 см, масштаб-1 : 25000
250 ×2,5 = 750 метр, α =
«Десантшылар»-ға (4-нұс.3-тапсырма, 19-бет)
Голая тауының (6511) 156,9 биіктігінен жел диірменді құдыққа (6512)
дейінгі қашықтықты және дирекциялық бұрышты өлшеңдер.
Шешімі: арақашықтық-1,5 см, масштаб 1: 25000
250 × 1,5 = 375 метр α =

5-кезең (3мин) (екі топқа бірдей)
Ақиқат АА, Магниттік МА азимуттар және дирекциондық бұрыштардың(α)
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диограммасын құру арқылы анықтау

5.Сабақты қортыдылау -5мин а)Оқушыларға ауызша сұрақтар
беру. б)Бағалау парағын қортындылау, жеңімпаз
топты анықтап, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: .АӘД оқулығы §5  204-
бет, Дидактикалық материал 11-сын. 5.7 нұсқалар

Дирекциондық бұрышты өлшеу тәсілдері.

Слайд-2 Анимация №1 және №2

. α В



В

Тік тор сызықтары

α- Дирекциондық бұрыш В-Бағыт

Тор сызбасы Ақиқат меридиан Магниттік меридиан

Бағытты түзету

γ

β
α

АА

МА

В

α

β

Тік

Тік тор сызықтары

α= β+1800

-

Дирекциондық бұрышты магниттік
азимутқа қайта есептеу

Ақиқат азимут АА= α + (±γ) -
(±γ)- меридиандардың жақындасуы --
(+)- шығысқа , (-)- батысқа ауытқиды
- Магниттік азимут МА = α – (±БТ)
- (±БТ)-бағыттың түзетілуі
- (±БТ) = (±β) –
(±γ) - (±β)- магниттік
ауытқу - Дирекциондық бұрыш
α= МА + (±БТ)

-----------------------
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

2015 жыл

Азимуттар мен дирекциондық бұрыштарды анықтау
Ашық сабақ

Бижигитов Орал

10

10

А

Т

20

20

У

З

М

30

30

И

Ұқсас жұмыстар
Бұрыштардың түрлері
Қиылысқан түзулер
Суреттен қиылысатын түзулерді табыңдар, белгілеулермен жазыңдар
Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың екеуінің қосындысы 1000, барлық бұрыштарды тап
Азимут бойынша қозғалыс мәліметтері
Оқушыларға сұрақтарға жауап беру
Paint графикалық редакторының құралдары. 7 сынып
Азимут бойынша қозғалыс
Сәуле және бұрыш. геометрия 7-сынып
Бұрыш.бұрыштың градустық өлшеміне есептер шығару. 5 сынып
Пәндер