Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

WordPad –та мәтінді пішімдеу

Тексерілді:
Оқу ісінің меңгерушісі
___________________

Сабақ жоспары
Пәннің аты: Информатика
|Өтілетін күн: 17.02.2015 |
|Сынып: 5 «А» |
| |
|Сабақтың тақырыбы: WordPad –та мәтінді пішімдеу |
|Сабақтың мақсаты : |
|Білімділік : WordPad- қа мәтін енгізу, құжаттарды редакциялау, оларды сақтау. |
|Дамытушылық: Оқушыларды мәтіндерді тез теруге, құжатты форматтай білуге, қаріп |
|түрін, өлшемін, түсін, мәнерін таңдап, абзац қоюды қолдана білуге үйрету. |
|Тәрбиелілік: Оқушыларды жауапкершілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу. |
| |
|Сабақтың типі: Аралас сабақ, оқу материалын бекіту сабағы, қайталау сабағы, |
|материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы. |
| |
|Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. |
| |
|Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі. |
| |
|-барлық оқушылар жекелік үлгі-танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.|
|Жан-жақтылы үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады. |
|Топтық-жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, |
|жауап топ ішінде жинақталады. |
|Ұжымдық форма-ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, |
|дамыту әрекетіне келеді. |
| |

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы:
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын.
І. Ұйымдастыру кезеңі;
ІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі;
ІII. Сабаққа мақсат қою;
IV Қайталау сабақ кезеңі;
V.Қайталау сабақты қорытып, бекіту кезеңі;
VІ.Оқушылардың білімін бағалау;
VII. Үй тапсырмасын хабарлау және орындалуы бойынша нұсқау беру кезеңі.

Сабақтың барысы:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып,
бүгін біз “ WordPad –та мәтінді пішімдеу” атты сайыс сабағымызды бастауға
рұқсат етіңіздер. Сабақ 6 кезеңнен тұрады. Оқушылар «Сен өзіңді қандаймын
деп ойлайсың?» деген гүлтәріздес слайдта адам қасиеттерін таңдау арқылы
жұптық топқа бөлінеді.

Сабақтың негізгі кезеңдері:

1. “Қайталау ”;
2. “Үздік оператор”;
3. “Кім жылдам”;
4. “Кім көбірек”;
5. “Эрудит”;
6. “Мақал-мәтелге қалайсың?”.

“Қайталау ”
Бұл кезеңде әр топтың оқушылары кезекпенен берілген сұраққа жылдам әрі
нақты жауап беруі тиіс.

1. WordPad қандай редактор?
2. Құжатты сақтау командасын атап өтіңіз?
3. WordPad мәтіндік редакторын ашу командасы қалай орындалады?
4. Терезенің меню қатарында қандай батырмалар орналасқан?
5. Бас әріпті қалай енгіземіз?
6. Enter пернесін қай кезде басу керек?
7. Delete мен Backspase пернелері қандай қызмет атқарады?
8. Home, End, PageUp, PageDown, NumLock пернелерінің қызметін атаңдар.
9. Мәтіннің басына бас абзацты қалай қосамыз?
10. “Вырезать” және “Копировать” командалары арасында қандай айырмашылық
бар?
11. Мәтінді енгізудің қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?
12. Мәтінді енгізудің қандай құралдары бар?
13. Мәтінді теру ережелерін ата.
14. Өз құжатымызды қалай әдемі және тартымды етеміз?

“Үздік оператор”
Бұл кезеңде әр жұп мүшелері берілген тапсырманы жылдам орындауы тиіс.

Тақ топтарға арналған мәтін

ІЛЕ МЕН ҚАРАТАЛ
(аңыз)
Сиқыршы Балқаштың Іле атты сұлу қызы болыпты. Оның даңқы сайын даланы
шарлапты. Сандаған күйеу балалар – байлар мен хандар сөз салса керек. Бірақ
олардың бәрі қызға өзінің сұлулығына сай емес болып көрініпті.
Сондықтан Балқаш бозбалалар үшін сайыс ұйымдастыруды ұйғарыпты.
-Кім ең ақылды, епті және күшті болса, сол Ілені жар етіп алады!- деп
жариялапты сиқыршы.
Тапсырма:
1. Мәтінді теріңдер.

2. Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан көк түсті әріппен және
курсивпен ерекшелеңдер.

3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері-12.

4. Мәтінді Іле мен Қаратал деп сақтаңдар.

Жұп топтарға арналған мәтін

СӘТЕМІР ХАН
Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір
далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-
жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп
барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағыда өрмелейді,
манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа
тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып
кетіпті.
Тапсырма:
1. Мәтінді теріңдер.

2. Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан қызыл түсті әріппен және
курсивпен ерекшелеңдер.

3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері-12.

4. Сәтемір хан деп сақтаңдар.

“Кім жылдам”

Бұл кезеңде оқушылар берілген белгілердің атын жазу керек.

“Кім көбірек”
Бұл кезеңде әр топтың оқушылары «WordPad» мәтіндік редакторына байланысты
термин сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне сәйкестендіру қажет.
Мысалы: қою - вставить - to insert, кесіп алу – вырезать – to cut out,
файл - файл – file, түр – вид – kind, терезе – окно – window, сақтау-
сохранить-to save, көшіру-копировать-to copy

“Эрудит”
Бұл кезеңде оқушыларға әріптердің тізбегі беріледі, сол әріптерді қолдана
отырып олар компьютерге байланысты термин сөздерді кестеге жазып шығу
керек.
П, П, П, Р, Р, Р, Р, Р, Р, Н, Н, Н, Н, Н, Н, Т, Т, Т, Т, Т, Т, Е, Е, Е, Е,
Е, Е, Е, С, С, С, С, С, К, К, А, А, А, И, И, И, И, Й, Й, Й, М, Ә, Қ, Қ, О,
О, Д, Д, Д, Д, Ж, Ж, Л, З, І, Ы, Ш.

| | |
|Тазалық – компьютер негізі, |Тазалық – саулық негізі, |
|Компьютер – байлық негізі. |Саулық – байлық негізі. |
|Жүйелік блогына қарап |Анасына қарап қызын ал. |
|компьютер ал. | |
|Жеті рет кодтап, бір рет |Жеті рет өлшеп, бір рет кес.|
|кес. | |
|100 теңгең болғанша, |100 теңгең болғанша, |
|100 компьютерің болсын. |100 досың болсын. |
|Компьютер түбі – зейнет. |Еңбек түбі – зейнет. |
|Компьютерлі үй – базар, |Балалы үй – базар, |
|Компьютерсіз үй – қу мазар. |Баласыз үй – қу мазар. |
|Компьютер түгел болса, |Төртеу түгел болса, төбедегі|
|төбедегі келер. |келер. |
|Пернатақтаға құрмет, |Үлкенге құрмет, |
|Компьютерге ізет. |кішіге ізет. |
|Пернетақтасы бардың – |Ағасы бардың – жағасы бар, |
|тышқаны бар, |Інісі бардың – тынысы бар. |
|Жүйелік блогы бардың – | |
|компьютері бар. | |

Бағалау: Әр кезең бойынша жұптарға жұлдызша, төртбұрыш және үшбырыш
фигуралары беріліп отырады. Жұптардың бағасын фигураларды қосып
қорытындылай келе қорытынды баға шығарады.

№ |Қайталау |Үздік оператор |Кім жылдам |Кім көбірек |Эрудит |Мақал-мәтелге
қалайсың? |Қорытын-ды баға | | |

| |
| | | | | |

Үй тапсырмасы: 22 -23 тақырып және тест сұрақтары.

Ұқсас жұмыстар
Wordpad мәтіндік редакторымен жұмыс жайлы ақпарат
Мәтінді пішімдеу 5-сынып
Жаңа сабақ
Мәтінді пішімдеу
WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс
Мәтінді пішімдеу. Абзац
Тақырып WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып. Информатика
WORDPAD қолданбасының арналуы
Блокнот және калькулятор бағдарламалары
Пәндер