Өзімшілдік пен көпшілдік: адамгершілік тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік.

Сабақтың мақсаты: Өзімшіл болмауға, тәртіпті көпшіл, қауылшыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың біліктілігі: Адам болуға тәрбиелеу.

Сабақтың дағдылығы: Өзін ғана ойламай, көпшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі суреттер. Күн плакат, қанатты сөздер.

Сабақ барысы:

  1. ұйымдастыру кзеңі.

оқушыларды айналдыра отырғызу. Кел балалар күлейік әнімен сабақты бастау. Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейін

Ля, ля, ля, ля, ля, ля.

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік

Ля, ля, ля.

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Күлкімізді күн қылып

Гүл өссін деп тілейік

Ля, ля, ля, ля, ля.

- Балалар, күн тілінің досы?

- Біздің досымыз.

- Күн бәрімізге ортақ.

Балалар, яғни бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік.

Жаңа сабақ:

Өзімшілдік пен көпшілідік.

Кіріспе әңгіме.

Өзімшіл бала қандай болады?

Көпшіл бала қандай болады?

Әр бір оқушыдан жеке - жеке пікірлерін сұрау. Олардың ойларын білу. Тақтаға мына сөздер жазылады. Өз басының пайдасын ойлау, бауырмалдық, ақкөңілділік, басқалармен санаспау, өз қанын ойлау, белсенді, жомарттық, өркөкіректік, менмендік тәкаппарлық, қауымшыл. Күннің шуағы түспейтін сөздер. Өз басының қамын ойлау, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, өркөкіректік, менмендік, тәкапарлық. Бұл сөздерді күннің астынан аламыз. Бізге күндей нұрын шашып, осы өзін - өзі тану пәнін сыйлаған бірінші халым Сара Алпыс қызы Назарбаеваның 70 жылдық мерей тойы екенін айту. Ол кісі жетімдерге, әсіресе тасталған балаларға өте жақын қамқор болғанын, соларға арнап мектептер, интернаттар салдырып жатқандығы туралы айту.

Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл

Абай

Осы мақалды қандай ұғым беретінін балалардан сұрау.

Қорытынды: Көпшіл болуға, кекшіл болмауға, өз қамын ойламай, басқаның да қамын ойлау, жомарт болуға, жолдасына көмек беруге әзір тұруға бір сөзбен адам болу керен екенін оқушылар түсіну. Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

Ұнаса онда Ризамын өлеңімен сабақты аяқтау.

Ризамын әлі

Ризамын бүгінге!

Ризамын бүгінге!

Ризамын бүгінге!

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!


Ұқсас жұмыстар
4-сыныпқа арналған Өзімшілдік пен көпшілдік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған құндылықтар негізіндегі тәрбие сабақтары: Жер-ана, Су - өмір көзі, Көпшілдік пен өзімшілдік, Еңбекқорлық пен еріншектік
Өзін-өзі тану пәні: Өзімшілдік пен көпшілдікке тәрбиелеу
Имандылық пен инабаттылық арқылы адамгершілік тәрбиесі
Жақсылық - жан азығы: өзін-өзі тану пәніндегі адамгершілік пен ізгілік тәрбиесі
Жақсылық пен жамандық: адамгершілік тәрбиесі мен мінез-құлықты қалыптастыру
Адамгершілік тәрбиесі: сабақ жоспары мен педагогикалық әдістер
Ғабит Мүсіреповтің Жапон балладасы әңгімесін талдау: атом апаты, адамгершілік пен бейбітшілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі: отбасы мен қоғамдағы рөлі
Мектепалды даярлық пәні Өзін-өзі тану: Мен жақсы баламын - жақсылық пен адамгершілік тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz