Технология (ұл балаларға арналған) 9-сынып

Технология оқу пəнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
Технология (ұл балаларға арналған)
9-сынып
1. Қауіпсіздік техникасы жəне еңбекті қорғау - 1 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, еңбекті қорғауға байланысты жалпы талаптар, өндіріс санитариясы, электр жəне өрт қауіпсіздігі;
2) практикалық жұмыстар: еңбекті қорғауға, электр жəне өрт қауіпсіздігіне байланысты талаптармен таныстыру;
3) еңбек нысандарының түрлері: еңбекті қорғауға, электр жəне өрт қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулықтар.
2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы - 3 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, ауылшаруашылық техникасы түрлері мен олардың мақсаттары жайлы жалпы мəліметтер;
2) жер өңдеуге, өнімді егуге жəне жинауға арналған машиналар, механизмдер мен аспалы құралдар. Ауылшаруашылық өнімін өңдеу жəне сақтау;
3) практикалық жұмыстар: жер өңдеуге арналған ауылшаруашылық техникасымен таныстыру;
4) еңбек нысандарының түрлері: соқа, тұқымсепкіш, қопсытқыштың құрылысын зерттеу.
3. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен жəне механикалық түрде өңдеу технологиясы - 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, кесу арқылы ағашты механикалық түрде өңдеудің негізгі əдістері;
2) кесу процесі туралы негізгі мəліметтер, ағаш өңдеуге арналған электрлендірілген қол саймандары, үстінгі қабаты күрделі;
3) бұйымдардың графикалық бейнесі, күрделі үстінгі қабаттарды қайрап жетілдіру əдістері, күрделі үстінгі қабаттарды маршруттық жəне операциялық карталар бойынша қайрап жетілдіру, ағаш бұйымдарын өңдеу жəне өңдеуге арналған материалдар;
4) практикалық жұмыстар: əшекейленген кəдесый бұйымдарын ағаштан жəне қолда бар материалдан токарь станогында немесе қолмен жасап шығару;
5) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар.
4. Металлды қолмен жəне механикалық түрде өңдеу- 8 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, фрезерлеу арқылы металлды өңдеу, фрезерлік станогінің құрылысы;
2) негізгі фрезерлік операциялары, бөлшектерді өңдеудің дəлдігі,
3) өнделетін бөлшек тер беттерінің кедір-бұдырлығы;
4) металлөңдеу өндірісіндегі өндірістік жəне технологиялық процесі туралы түсінік, металлдан бөлшек қалыптастыру əдістері;
5) практикалық жұмыстар: жазықтық-фрезерлік станогі құрылысымен жəне оны басқару əдістерімен таныстыру, негізгі фрезерлік операцияларын қолдана отырып, жазықтық-фрезерлік станогында технологиялық карта бойынша бұйымдар жасау;
6) еңбек нысандарының түрлері: металл кесегінен тікбұрышты жəне сатылы аралық жасау.
Сəндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы - 5 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер , туған өлкенің көркем халықтық кəсіптері;
2) күбе мен сандықты жасау технологиясы, домбыра тарихынан, музыкалық аспаптардын құрылысы ерекшеліктері, кəдесыйға арналған домбыраны жасау технологиясы;
3) кəдесый бұйымдарын ағаштан немесе қолда бар материалдан жасау, бұйымдарды көркем əшекейлеу, ағашты көркем ою түрлері, ағашқа арналған токарь станогында сəндік-қолданбалы мақсатындағы бұйымдар жасау;
4) практикалық жұмыстар: бұйымдардың жəне оларды сəндік əшекейлеу эскиздерін əзірлеу, құрылымдау жəне өндіру материалдарынан қолмен жəне машина арқылы өңдеу технологияларын қолдана отырып бұйымдар жасау.
5) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар, сандық, кəдесыйға арналған домбыра, ойыншықтар, асүйлік аспаптар, интерьер бұйымдары, əшекей заттары.
Электротехника жəне электроника негіздері - 3 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметте, халық шаруашылығының дамуына электротехниканың маңыздылығы;
2) электротехникалық жұмыстарының негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы: монтаждау, орау-оқшаулау, құрастыру, пайдалану, жөндеу;
3) электротехника материалдарының жіктелуі: салыстырмалы электр кедергісі, тығыздығы, балқуы, тот басуға қарсы төзімділігі, дəнекерлеу арқылы бірігу қабілеті. Өткізгіш материалдарын қолдану аймақтары, электр оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттері;
4) электр құрылғылардың жалпы сипаттамасы: мақсаты, негізгі сипаттамасы, электр құрылғыларын монтаждау жəне тексеру ережелері. Жартылай өткізгіш құралдары: жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлардың қасиеттерінің сипаттамасы (бір жақты өткізгіштік, электр дабылдарын күшейту қасиеті) жəне схемаларда олардың шартты белгілеулері. Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторларды тексеру əдістері, құрылу жəне монтаждау ерекшеліктері;
5) практикалық жұмыстар: əр-түрлі электротехникалық жұмыстарды орындау: монтаждау, орау, оқшаулау, құрастыру, тұрмыстық құралдарын жөндеу. Қарапайым электр құрылысын монтаждау, фильтрлеу тізбектері, тербеткіш контур;
6) еңбек нысандарының түрлері: дыбыс генераторы.
Шығармашылық жобалау іс-əрекеті. - 5 сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, зерттеу шығармашылық жобалау іс-əрекеті, оңтайландыру жəне ойлап табушылық;
2) қолмен жəне токарь əдісімен қазақ сəндік-қолданбалы элементтері бар бұйымдарды ағаштан, металлдан, теріден жəне басқа қолда бар материалдан асүйлік аспаптарды, тұрмыстық заттарды, ойыншықтарды, кəдесый бұйымдарын жасау жобасын өз бетінше орындау;
3) практикалық жұмыстар: тұынушының қажеттілігіне байланысты болашақ бұйымның функционалдық ерекшеліктерін жəне таңдауын дəлелдеу, жобаны əзірлеу жəне орындау;
4) еңбек нысандарының түрлері: жеке тұлғалық жəне қоғамдық маңыздылығы бар бұйымдар.
50. Қазіргі заманғы өндірісі мен техникалық жəне кəсіптік білім беру - 1сағат:
1) негізгі теориялық мəліметтер, техникалық жəне кəсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кəсіптік іс-əрекетке деген қазіргі заманғы талаптар, кəсіп пен мамандық жəне жұмысшының біліктілігі туралы түсінік, мамандық таңдау кезінде жеке тұлға қасиеттерін ескеру, еңбек пен білім беру қызметтерінің аймақтық нарығы, кəсіптік білім алу жəне жұмысқа орналасу жолдары туралы мəлімет іздестіру;
2) практикалық жұмыстар: аймақтық еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің ұсыныстарын зерттеу, əр-түрлі көздерден кəсіптік жəне техникалық білім алу мүмкіндіктері туралы мəлімет іздестіру, анықтамалық əдебиетпен жұмыс істеу, өмір жоспарын құру жəне резюме жазу;
3) еңбек нысандарының түрлері: басқарушы қызметтердің мамандардың жəне басқа кызметшілердің біліктілік анықтамалығы.
Технология - 9 сынып аптасына - 1 сағат, оқу жылына - 34 сағат
Рет №
Сабақ №
Сағат
Ауылшаруашылық техникасы түрлері мен олардың мақсаттары жайлы жалпы мəліметтер.
Экономикаға кіріспе.
Кесу арқылы ағашты механикалық түрде өңдеудің негізгі əдістері.
Экономика тарихы.
Кесу процесі туралы негізгі мəліметтер.
Қазақстан Республикасының экономикасы .
Күрделі үстінгі қабаттарды қайрап жетілдіру əдістері.
Ресурс шектеулігі және таңдау проблемасы.
Ағаш бұйымдарын өңдеу жəне өңдеуге арналған материалдар.
Сұраныс. Сұраныс икемділігі.
Фрезерлеу арқылы металлды өңдеу, фрезерлік станогінің құрылысы.
Ұсыныс.
Өнделетін бөлшек тер беттерінің кедір-бұдырлығы.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.
Металлдан бөлшек қалыптастыру əдістері.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі.
Негізгі фрезерлік операцияларын қолдана отырып, бұйымдар жасау.
Экономикадағы тұтынушы.
Туған өлкенің көркем халықтық кəсіптері.
Өндіріс.
Күбе мен сандықты жасау технологиясы.
Фирмалар. Бәсеке.
Кəдесый бұйымдарын ағаштан немесе қолда бар материалдан жасау.
Фирманың шығындары.
Халық шаруашылығының дамуына электро-техниканың маңыздылығы.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы.
Әр-түрлі электротехникалық жұмыстарды орындау: монтаждау, орау, оқшаулау, құрастыру, тұрмыстық құралдарын жөндеу.
Ақша және қаржы институттары.
Қолмен жəне токарь əдісімен қазақ сəндік-қолданбалы элементтері бар бұйымдарды ағаштан жасау жобасын өз бетінше орындау.
Экономикадағы мемлекеттің ролі.
Тұтынушының қажеттілігіне байланысты болашақ бұйымның функционалдық ерекшеліктерін жəне таңдауын дəлелдеу, жобаны əзірлеу жəне орындау.
Экономикалық тұрақтылық.
Кəсіп пен мамандық жəне жұмысшының біліктілігі туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылық жүйесіне кірігуі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz