Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері

№ 9 сабақ.
Тақырыбы: Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері..

Мақсаты:
Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен
таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету;
Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;
Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)
• Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
• Журнал толтыру;
• Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (7мин)
1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0;
дұрыс емес – 0,5ұп)
2. Қысқаша сұрақ-жауап;
• Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?
• Сандардың қандай түрлері бар? мысал.
• Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.
• Паскальтілінің қарапайым объектілерін атап шық?
• := ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?
• Айнымалылар деген не? түрлері, мысал.

ІІІ. Жаңа сабақ (25мин)
1. Мәліметтер типі.
Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын
мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш.
Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе
«трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады.
Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес
болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген
айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға
«қате» деген белгі шығады.
Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:
|Т И П Т Е Р |
|Қ А Р А П А Й Ы М | |К Ү Р Д Е Л І |
|Бүтін сан |Нақты сан |
|(integer) |(Real) |
|Byte |0 – 255 |Real |±1.7E38 |
|Shortint |-127 - +127 |Single |±3.4E38 |
|Integer |-32768 - +32768 |Double |±1.7E308 |
|Word |0 – 65535 |Extendet |±1.1E4932 |
|longint |±2147483648 |Copm |-2E63-1 ... |
| | | |2E1063+1 |

2. Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-
ақиқат (true), 0 – жалған (false).
Мысал: var x:bolean;
3. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.
var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте
тұр.
Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп
көрсетеді.
Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.
4. Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын
айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:
атау=(1-идентиф, 2-идентиф,...,n-идентиф );
kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, ..., ‘жексембі’);
ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,..., ‘желтоқсан’);
6. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің
алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:
apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12; …
7. Жиі қолданылатын стандартты функциялар.
|Функция|chr(x) |round(x) |truns(x)|odd(x) |ord(x) |sqr(x) |
|Түсінді|Х-санын |Санды |Нақты |X-тың |Х-символының |x-тің |
|ру |символға|дөңгелек-те|санның |тақ |рет нөмірін |кв.түбірін|
| |аударады|йді |бүтін |екенін |береді |шығарады |
| | | |бөлігі |тексере| | |
| | | | |ді. | | |
|Мысал: |Chr(53)=|round(5,7)=|truns(5,|X=5 |ord(?)=63 |sqr(81)=9 |
| |5, |6 |7)=5 |(true) |ord(‘5’)=53 | |
| |chr(73)=| | |X=6 | | |
| |I | | |(false)| | |
| |
|Функция|sqrt(x) |frac(x) |int(x) |abc(x) |pi |Қалғандары|
| | | | | | |н қажетіне|
| | | | | | |қарай |
| | | | | | |алдағы |
| | | | | | |сабақтарда|
| | | | | | |қолданамыз|
| | | | | | |. |
|Түсінді|Х-тің |Х-санының |Х-саныны|Х-тің |ПИ саны | |
|ру |квадарат|бөлшек |ң бүтін |абсалют|3.14159265358| |
| |ы |бөлігі |бөлігі |шамасы |979 | |
|Мысал: |sqrt() |frac(15.89)|int |abc(9)=|write(pi); | |
| | |=0.89 |(15.89)=|9 |3.14159265358| |
| | | |15 |abc(-9)|979 | |
| | | | |=9 | | |

IV. Сабақты бекіту: (8мин)
1. Стандартты типтерді талдау.
2. Пайдаланушының типтеріне мысалдар келтіру.
3. Сандардың типтерін талдау, мысалдар келтіру.
4. Саналатын және диапазондық типтерге сабақта қарастырылғаннан
басқамысалдар келтіру.

V. Үйге (3мин)
§2-4,6,7

Ұқсас жұмыстар
Шығару операторы
Программа құрылымы
Паскаль – бағдарламалау тілі
Санның квадраты
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Айнымалы типтер. 7 сынып, қмж
Айнымалы ұғымы . негізгі сипаттамалары: аты,типі,мәні
Паскаль тілінде
Ақпаратты сығу программалары
Мәліметтер базасы терезесінде
Пәндер