Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар сайысы 9-сыныптар

№6 орта мектебі

«Ойшылдар, алғырлар, тапқырлар» сайысы

9-сыныптар

Өткізген: А. А. Шаймерденова

Б. Қ. Әлжанова

2011-2012 оқу жылы

Күні: 24. 02. 2012 жыл

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге үйрету;

2. Ұйымдасып, топпен және жеке шығармашылық жұмыстармен айналысуға дағдыландыру;

3. Оқушыларды бір-бірін сыйлауға, сын көтере білуге тәрбиелеу.

Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім.

Әбу-р-Райхан әл Бируни

Бағдарламасы:

  1. Топтардың таныстыруы, ұраны.
  2. Викториналық сұрақтар
  3. Мақал-мәтелдер
  4. Қызықты топтамалар шешу
  5. Сөз тапқанға қолқа жоқ . . .
  6. Артық сөзді тап
  7. Математикалык терминдер. (топбасшылар сайысы)
  8. Ақын жанды болмасам, математик те болмаған болар едім. (Өлең жолдарын жалғастыру) .

Құрметті аяулы көрермендер,

Білімменен сусындаған жас өрендер.

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге

Бұл кеш қалсын мәңгі есімізде.

Шақырамыз қатысушы топтарды ортаға,

Қол соғады көрермендер таңдана.

Сайыскер өнеріңді ортаға сал,

Осы кеште біліміңді сынап ал.

1-топ. «Ойшылдар» тобы . Топбасшысы:

2-топ. «Алғырлар» тобы. Топбасшысы:

3-топ. «Тапқырлар» тобы. Топбасшысы:

Әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар:

1-бөлім. Викториналық сұрақтар. Бұл бөлімде әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.

1-топ. «Ойшылдар» тобы

  1. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999)
  2. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? (Әл - Хорезми)
  3. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (галактика)
  4. Диаметрдің жартысы? (радиус)
  5. Нәтижесі 4 болу үшін 2 санын қай санға бөлу керек? (0, 5)
  6. π\piπ\piсаны латынның қай сөзінің бастапқы әрпінен алынған? (периферия-дөңгелек)
  7. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын кім ашты? (И. Ньютон)
  8. Байт неден тұрады? (бит)

2-топ. «Алғырлар» тобы

1. Санның 1 100 \frac{1}{100} 1 100 \frac{1}{100} бөлігі? (пайыз)

2. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Т. Әубәкіров)

3. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы? (принтер)

4. Фигураның барлық қабырғалараның қосындысы? (периметр)

5. π \pi π \pi санының жуық мәні? (3, 14)

6. Қандай негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді білесің?

7. Зат неден тұрады? (молекула)

8. Интернет желісіне қатынасу үшін қажетті құрал? (модем)

3-топ. «Тапқырлар» тобы

  1. Тәуліктің124\frac{1}{24}124\frac{1}{24}бөлігі? (сағат)
  2. Қазақстандағы ғарыш кешені? (Байқоңыр)
  3. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең аз құрылғылар жиынтығын ата.
  4. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы ? (π\piπ\pi)
  5. 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандарының қосындысы артық па әлде көбейтіндісі артық па? (қосындысы)
  6. Қай айда 28 күн бар? (барлық)
  7. 1 кбайтта қанша байт бар ? (1024)
  8. Жинағыш линзаның атын ата. (ойыс)

3-бөлім. Мақал-мәтелдер. Жасырылған мақал-мәтелдерді жылдам, ари дурыс тапкан топ 10 ұпайга ие болады.

  1. Біртүйір дәнде, біртамшы тер бар.
  2. Алтауала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

  1. Екіжақсы қас болмас, екіжаман дос болмас.
  2. Бесбармақ жиылса, жұдырық болады.
  3. Алдыңабірқарасаң, артыңаонқара.
  4. Досыңның мың болғанына мақтан, дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
  5. Алтыаға бірігіп әке болмас, жетіжеңге бірігіп, ана болмас.

4-бөлім. Қызықты топтамаларды шешу. Есептин шешимин дурыс, ари жылдам тапкан топ 1-10 упаймен багаланады.

Үшбұрыштың бойындағы дөңгелектерге 1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларын пайдалана отырып, әр қабырғадағы сандардың қосындысы 12 саны болатындай етіп, кагазга жазып корсетиндер.

Уш катардагы сандар кандай да бир зандылыкпен орналаскан. Сурак белгилеринин орнындагы сандарды табындар.

I 5, 10, 50, 500

II 3, 6, 18, 108

III 4, 8, 32, 256

IV 1, ?, ?, ? (2, 2, 4)

5-бөлім. Сөз тапқанға қолқа жоқ . . . Бұл бөлім шапшаңдылық пен тапқырлықты талап етеді. Үш топ бір әріптен таңдайды және келесі сұрақтарға осы әріптен басталатын сөздермен жауап қайтарады. Уткыр, тапкыр жауап 1 упайдан багаланады.

1-топ. «Ойшылдар» тобы:

1. Тілді қадірлейсіз бе?

2. Екі қатынастың теңдігі?

3. Кітап оқығанды ұнатасың ба?

4. 1 радиан неше градусқа тең?

5. Лотореядан акша ұтсаңыз, не істейсіз?

6. Достарың кімдер, коп пе?

7. Бағытталған кесінді?

8. Түнде аспанда не болады?

9. Баланың бас ұстазы - ата-ана ма?

10. 16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?

2-топ. «Алғырлар» тобы:

  1. Ең кіші натурал сан?
  2. Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?
  3. Мектепке немен келесіз?
  4. Көршіңмен татусың ба?
  5. Бұрыштың шамасын өлшейтін құрал?
  6. Дүниедегі қымбат жан
  7. Түлкі неге қу аң
  8. Тәулікте неше сағат бар?
  9. Бақыт дегеніміз не?
  10. Ит жеті қазынаның бірі ме?

3-топ. «Тапқырлар» тобы:

1. Стереометрия нені зерттейді?

2. Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?

3. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?

4. Тіл сүйектен өте ме?

5. Ромбының ауданы?

6. Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?

7. Мерекеге қандай киім киесіз?

8. Үшбұрыштың неше тамаша нүктелері бар?

9. Ауа райы салқын ба?

10. Су тіршілік көзі ме?

6-бөлім. Артық сөзді тап. Білімінің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста керек екен.


Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыс "кім білгір"
Зымыранды сұрақтар
Ұр, тоқпақ (ертегі)
Сайыстың мақсаты
Көңілді тапқырлар
Математикалық сайыс интеллектуалдық ойын-сайысы
Жарыс ережесімен таныстыру
Тапқыр болсаң,тауып көр
Дастарханнан аттама
Логикалық есептер шешу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz