Туған өлкем жайлы

Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
№ 3 орта мектебі
Ашық сабақ
( 4-сыныптың ана тілі пәні)
«Туған өлкем»
Өткізген: Абдолова Ардақ Максимқызы
Тақырыбы: Туған өлкем
Сабақтың мақсаты: 1) Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге, таным
түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты-мұнайға, үсті-адами
рухани құндылыққа толы қасиетті, киелі өлке туралы
білгендерін ортаға салғызу. Туған жердің тарихына үңіле
білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген
түсінік қалыптастыру. Елін, жерін, тілін, әдеп-ғұрпын
құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру
2) Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.
3) Оқушыларды саяси саналылыққа, өз елін, жерін
қорғауға, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қ. Жұмағалиевтың суреті, сызба, слайдтар
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару
*Поэзиялық минут
-Ана тілің, арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
-Бізге қазір қандай сабақ?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
Тест сұрақтары арқылы білімдерін тиянақтау
1-сұрақ:
Қарабатыр қандай қиыншылыққа кездесті?
А. Оны ұрлап кетті.
Ә. Ол адасып кетті.
Б. Ол ауырып қалды
2-сұрақ:
Қай құс оның жанына бірінші болып келді?
А. Қарға
Ә. Сауысқан
Б. Қарлығаш
3-сұрақ:
Баланың өтінішін қай құс орындады?
А. Қарлығаш
Ә. Аққу
Б. Сауысқан
4-сұрақ:
Ол еліне қалай хабар берді?
А. Өз елінің таңбасын қанымен салды.
Ә. Көйлегін жыртып, құстың мойнына байлады
Б. Хат жазып жіберді
(Барлығында да «А» жауабы дұрыс болуы керек)
Қысқаша үй тапсырмасына шолу:
-Егер бала өз елінің таңбасын білмейтін болса, не болған болар еді? Ол еліне хабар бере алар ма еді ?
-Бала неге елін сағынды деп ойлайсыңдар?
-Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
-Біз туған жер туралы қандай шығармалармен таныстық?
-Барлығымыз да өзіміздің туған жерімізді жақсы көреміз. Біреулер туған жерін жақсы көргенде оған арнап өлең шығарады, біреулер ән салады, біреулер сурет салады.
-Бүгін біз сондай туған жеріне деген махаббатын өлең түрінде жеткізген тамаша ақын ағамыз Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңімен танысамыз.
1. Автормен таныстыру
Сызба арқылы таныстыру
-Қайрат ағамыздың басқа ақындардан бір ерекшілігі бар. Ол Қазақстанның барлық жерін де жырға қосты, жатсынбаған, бөліп жармаған. Мысалы, «Жетісу таңы», «Сарыадырым», «Қарағанды түні» деген өлеңдері осының дәлелі.
-Біз бүгін «Туған өлкем» деген өлеңімен танысамыз.
-Мұғалімнің оқуы
2. Іштей оқу
3. Дауыстап оқу
Сөздік жұмысы
Өлеңде келтірілген түсініксіз сөздермен жұмыс
1-шумақта: кермиық Далам- кең дала мағынасында
Түнек- қараңғы
2-шумақта : ықылым- ерте заман
арда теңіз- асау, толқыны қатты теңіз
3-шумақта : Қиырсыз түз- шеті жоқ елсіз дала.
Өлең оқылып болған соң, ондағы күрделі сөз тіркестері немесе сипаттауларды таптыру: өр тау, қызыл құм, арда теңіз т. б.
Дәптерлеріне күннің жадын жаздыртып, тақырыпты да жазу
-Біз де өз өлкеміз туралы тебіреніп, шығармашылық жұмысқа кірісейік.
Шығармашылық тапсырмалар:
1-қатар: Маңғыстау с өзін септеу
2-қатар : Маңғыстау сөзінен жаңа мағынаға ие сөздер
туғызу
3-қатар: Маңғыстау сөзін жекеше, көпше түрде
тәуелдеу
Туған өлкем
-Туған өлке туралы тағы кімдердің шығармаларымен танысып едік?
-Өлең сендерге ұнады ма?
Ой толғау:
Мына сөздер қай өлке туралы айтылған?
( Асан Қайғының Маңғыстау өлкесі туралы айтылған сөзі келтіріледі)
Үйден туған жерлерің туралы шығарма жазып келіңдер.
-Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
-Енді қолдарыңдағы дөңгелекті мына қалташаларға салыңдар:
Сабақ жақсы өтті Сабақ онша ұнаған жоқ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz