Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Қызғалдақ ару (арулар сайысы)

| |
|Абильдина Д.К. |
| |
| |
| |
| |
|№54 мектеп-лицейі |
|«Қызғалдақ ару» (арулар сайысы) |
|Тәрбие сағаты |

«Қызғалдақ ару» атты арулар сайысы
Мақсаты: Оқушыларды сұлулықты тани білуге, көре білуге үйрету, ата-анаға
деген сүйіспеншілігін, аналарды құрметтей білу қасиеттерін дамыту,
сыйластықты, ілтипатты байыту, жан-дүниелерін ізгілендіру.

Көрнекілік: шарлар, плакаттар, сандар, марапаттау қағаздары

1-оқушы:
Ағайын жұрт ардақты армысыздар,
Бәріңіз де есен сау бармысыздар.
Көрермен куә болсын аруларға,
Болашақ арулардың жалғасы бар.

2 оқушы:
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
1-жүргізуші
Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі «Қызғалдақ арулар» атты сайысқа қош
келдіңіздер! Енді бағдарламамен таныстырып өтейін:
І Таныстыру
ІІ Модельер
ІІІ Екі жұлдыз
ІҮ Өз балаңызды табыңыз

2 жүргізуші
Құрметті қауым! Көптен күтіп жүрген «Қызғалдақ арулар» сайысын бастауға
рұқсат етіңіздер. Сайысты бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап
алайық
1. Эмирдің әжесі-
2. Алиханның анасы-
3. Ерсайынның анасы-

3 оқушы:
Арулар келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келеді
Анасы мен Аяла танысуға

4 оқушы:
Бәйшешек гүл көктемде бүр жарады,
Көктем келіп, қыс үнсіз кетіп барады.
Бұл сайыста өз өнерін ортаға
Анасы мен Махаббат аямай-ақ салады.
5оқушы:
Мерекеңіз құтты болсын халайық,
Бүгінгі күн шырқап, әнге салайық.
Қошеметтеп, қолды соғып көрермен,
Анасы мен Сараны қарсы алайық
6 оқушы:
Табиғатым құлпырады көктемде,
Төбемізден ұшып құстар өткенде.
Қол соғайық қошеметпен көрермен
Анасы мен Адиля ортаға жеткенде.
7 оқушы:
Көңілін сыныптастын таба алатын
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіндей болса, шіркін, барлық шәкірт
Анасы мен Саинаның сөзі алтын
8 оқушы
Қозы бағып жүргенде, жаңбыр жауды,
Гүлдер басып кетіпті тау мен бауды,
Шоқ гулдерін көтеріп міне бүгін.
Анасы мен Аделя да келіп қалды
9 оқушы
Мейірімі мол аққанат анасының
Бар мейрімді өзіңнен ақ табасын
Желкеніндей желбіреп ақ кеменің
Анасы мен Эльмираны қарсы аламыз
10 оқушы:
Бүгін шатпыз көңілдерде жоқ уайым
Мен сіздерге жырдан алқа тағайын
Осы кештің бөлісуге шаттығын
Анасы мен Алдана қош келіпті, ағайын.
11 оқушы
Гүл өмірдің, шежіресі, байтағы
Жеңімпаздар гүл көтеріп қайтады
Қадамына гүл бітсін деп халайық
Анасы мен Бағилаға айтады

12 оқушы
Жаны сезім әйелдің бойында алау
Сол алауды аңсайтын жайым бар-ау
Білімсіздік дер едім, біздер үшін
Ұлылығын әйелдің мойындамау – дей келе сөз кезегін әділ-қазылар алқасына
сөз берелік
2 жүргізуші:
Келесі сайыс «Модельер» сайысы. Әр ана өз баласына сәнді көйлек үлгісін
жасауы қажет. Аналар өз тапсырмаларын орындағанша әнге кезек берелік
Ән: Әсем
әділ қазылар алқасына сөз беріледі

1 жүргізуші: Келесі сайыс «Өз балаңызды табыңыз» деп аталады. Барлық
аналарды ортаға шақырамыз. Аналардың көздері байланып, балалар шеңбер
етіп тұрады. Әр ана өз баласын тауып алуы қажет.
Каратэ: Ерсайын, Азиз
әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

2 жүргізуші:
Келесі сайыс «Екі жұлдыз» деп аталады. әр жұп пародия салуда өз
таланттарын көрсетеді.
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

1 жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды тағайындағанша
Алдана мен Азиздің орындауында би өнерін тамашалайық.
(Барлық балалар ортаға шығады)
Ән: Айдос «Ертегілер»
Оқушы:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ! дей келе өз сыйлықтарымызды сыйлауға
рұқсат етіңіздер
Оқушы:
Қыз деген - өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы
Қыз деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы
Қыз деген теңдесі жоқ тіршілік
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады! Қыздарға ер балалар сыйлықтарын табыстайды
Сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі:

Аруларды марапаттау рәсімі жүргізіледі

Мұғалім:
Міне аналар мейрамы күлімдеп, көктемде келіп жетті. Жер бетінде бүкіл
адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға
ән арнамаған әншіде, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім...Сондықтан да
барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеймін.

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысқаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысқаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысқаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысқаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысқаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысқаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысқаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысып,
І жүлделі орынға ие болғаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысып,
ІІ жүлделі орынға ие болғаны үшін

__________________________

марапатталады

«Қызғалдақ арулар» сайысына қатысып,
ІІІ жүлделі орынға ие болғаны үшін

__________________________

марапатталады

Ұқсас жұмыстар
Құрақ сөз сайысы
Тәрбие сағаты "кішкентай ару" 1-сынып
Аналар тобына
Кішкентай арулар атты қыз сыны сайысының сценарийі
Әділ - қазылардың берген бағалары
Қыз Жібек тобы
"еркетай аруы" сайыс
Жаңашаруа аруы-2012
Арулар асыл жандар!
Қазақ аруы
Пәндер