Қазақ тілі Кітаби тілдің стильдік тармақтары 10 сағат

10- сынып. Қазақ тілі Кітаби тілдің стильдік тармақтары

10 сағат

Бөлімі
Бөлінген сағат
Сабақтың мақсаты мен түрлері
Уақыты
Бөлімі:

Кіріспе бөлім

Бөлінген сағат: 1
Сабақтың мақсаты мен түрлері:
  1. Модуль құрылымымен, мақсатымен, міндеттерімен таныстыру.
  2. Жаңа тарауды тірек сызбалар арқылы түсіндіру.
  3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
  4. Қорытынды. Үйге тапсырма.
Уақыты:

5 минут

15 минут

20 минут

5 минут

Бөлімі:

Сөйлесу бөлімі

Бөлінген сағат: 2
Сабақтың мақсаты мен түрлері:

Оқу материалын меңгерту

  1. «Өзара оқыту» сабағы
  2. Қорытынды. Үйге тапсырма
Уақыты:

40 минут

5 минут

Бөлімі: 3
Бөлінген сағат:

Білімді дамыту

  1. «Алгоритм» ойыны
  2. Топтамамен жұмыс
  3. Үйге тапсырма
Сабақтың мақсаты мен түрлері:

20 минут

20 минут

5 минут

Бөлімі: 4
Бөлінген сағат:

Білімді дамыту

1. «Өз жартыңды тап» ойыны

2. Жаттығулар жұмысы

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

Сабақтың мақсаты мен түрлері:

20 минут

20 минут

5 минут

Бөлімі: 5
Бөлінген сағат:

Білім, білік, іскерлік дағдыларын пысықтау

  1. Бір-біріне диктант жүргізу
  2. Жаттығулар жұмысы
Сабақтың мақсаты мен түрлері:

25 минут

20 минут

Бөлімі: 6
Бөлінген сағат:

Білім, білік, іскерлік дағдыларын пысықтау

1. «Даналық ағашы» сабағы

2. Шығармашылық жұмыс

3. Қорытынды. Үйге тапсырма.

Сабақтың мақсаты мен түрлері:

20 минут

20 минут

5 минут

Бөлімі: 7
Бөлінген сағат:

Білім, білік, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

  1. «Білім биржасы»
  2. Қорытынды. Үйге тапсырма.
Сабақтың мақсаты мен түрлері:

40 минут

5 минут

Бөлімі: 8
Бөлінген сағат:

Білім, білік, іскерлік дағдыларын қорыту, бекіту

1. «Бас қатырғылар базары»

2. Жаттығулар жұмысы

3. Қорытынды. Үйге тапсырма

Сабақтың мақсаты мен түрлері:

20 минут

20 минут

5 минут

Бөлімі:

Қорытынды бөлім

Бөлінген сағат: 9
Сабақтың мақсаты мен түрлері:

1. Тест

2. Диктант

Уақыты:

25 минут

20 минут

Бөлімі: 10
Бөлінген сағат:

1. Қатемен жұмыс

2. Сынақ

3. Қорытынды

Сабақтың мақсаты мен түрлері:

15 минут

20 минут

10 минут

Мақсаты:

А) тәрбиелік: өзін - өзі бағалай білуге, еңбек сүйгіштікке, сыйластыққа тәрбиелеу

Ә) дамытушылық: сөздік қорларын, ой өрісін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту

Б) білімділік: кітаби тіл оның стилдік тармақтары, түрлері, ерекшеліктерімен қолданылатын орындарын меңгерту

Міндеті : оқушы нені білу керек?

  • Кітаби тіл, айырым белгілері
  • Монолог, оның түрлері
  • Стильдік тармақтар, оның түрлері, ерекшеліктері, бір - бірінен ажырату

Оқушы нені меңгеру керек ?

  • Кітаби тіл және оның айырым белгілері
  • Стилдік тармақтар

I. Пайданалынатын әдебиеттер

  1. М. Жанпейісова «Модульдікоқыту технологиясы»
  2. Қ. Ибрагимов, Б. Базарғалиева. «Қазақ тілі»

Оқулық тест, Алматы «Шың» 2007

II. Шығармашылық жұмыстардың тапсырмалары

  1. «Кітаби тіл» Сөз жұмбақ
  2. «Кітаби тіл стильдері әлемінде» ертегі құрау
  3. «Кітаби тіл» ребус құру

Кіріспе бөлім

  1. сабақ
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Модульдің құрамын, мақсатын, міндетін түсіндіру

Кәсіби тіл, оның айырым белгілері

  1. Монолог, оның түрлері
  2. Сипаттау
  3. Баяндау
  4. Пайымдау
  5. Кітаби тілдің стильдік тармақтары
  6. Ресми іс қағаздар стилі
  7. Ғылыми стиль
  8. Көркем стиль
  9. Публицистикалық стиль
  10. Орфографиялық норма
  11. Орфоэпиялық норма

Визуалдық лекция

  • Кітаби тіл - жазу дәстүрі арқылы бөлігін бір жүйеге түскен орныққан нормалары, стильдік жанрлық тармақтар бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл
  • Кітаби тіл монолог түрінде болады
  • Монологтің мағыналық
  • Кітаби тілдің стильдік тармақтарыРесми стильҒылыми стильКөркем стильПублицистикалық стиль
  • Кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары боладыОрфографиялық нормаОрфоэпиялық норма
Сипаттау
Баяндау
Пайымдау
Сипаттау: Зат пен құбылыстың негізгі белгілерін атайды.
Баяндау: Зат пен құбылыстың өзара байланыстылығы, қатсытылығы айтылады.
Пайымдау: Зат пен құбылыстың салдары, себептері көрсетіледі
Ресми стиль
Ғылыми стиль
Көркем стиль
Публицистика-лық стиль
: Қолданыла-тын орны
Ресми стиль: Іс- қағаздарында нұсқаухаттар-да, құқықтық қарым-қатынас саласында
Ғылыми стиль: Ғылыми еңбектерде, зерттеулерде, ғылыми ортада, ауызша түрі қолданылады.
Көркем стиль: Газетте, саяси-қоғамдық журналда жазбаша түрі жиналыстарда, радио-теледидарда ауызша түрі қолданылады.
Публицистика-лық стиль: Көркем шығармаларда, сахнада айтылатын әңгіме, аңыздарда ауызша түрі қолданылады.
: Қарым-қатынас мақсаты
Ресми стиль: Хабарлау, нақты мәліметтер беру
Ғылыми стиль: Зат, құбылыстық, дүниенің белгісін көрсету, себеп-салдарын ашу
Көркем стиль: Көпшіліктің назарын аудару, іске жұмылдыру, бір мақсатқа үндеу қоғамдық пікір туғызу.
Публицистика-лық стиль: Шындықты, зат-құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету
: Стильдік сипаты
Ресми стиль: Ресмилік, нақтылық, дәлдік.
Ғылыми стиль: Ой, сөз дәлелді, тура мағынада қолданылады.
Көркем стиль: Сөз үндеу, жұртшылықты жұмылдыру, иландыру мәнінде жұмсалады.
Публицистика-лық стиль: Сөз деректі образды мәнде қолданылады. Эмоционалды, экспрессивті болады.
: Тілдік амал-тәсілдері
Ресми стиль: Сөз, сөз тірекстері тілдегі өз мағынасына сай жұмсалады.
Ғылыми стиль: Ғылыми терминдер жиі қолданылады.
Көркем стиль: Бағалауыш сөз, жалпы саяси лексика, терминдер, күрделі тіркестер жиі кездеседі.
Публицистика-лық стиль: Сөзді әр түрлі ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады.

Сөйлесу бөлімі

2 - сабақ «Өзара оқыту сабағы»

ойыны (меңгеру, дамыту)

Мақсаты

А) білімділік: Кітаби тілмен оның айырым белгілерін меңгерту.

Ә) дамытушылық: Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту

Б) Тәрбиелік: Өзара сыбайластыққа бірін - бірі бағалай білуге тәрбиелеу.

Ойынның шарттары: Жұмыс топқа бөлініп жүргізіледі, әрбір оқушы тапсырма алады. Кітаби тіл тақырыбы бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп алады, жоспар - конспекті жасау. Жұптардың әр мүшесінде өз тапсырмасы бар ( 1 - нұсқа немесе 2 - нұсқа) . Дайындалуға 10 -15 минут беріледі

2. Дайындалғаннан соң оқушы (1 - нұсқа жазғанын пайдалана отырып, өз меңгергенін серігіне айтып береді, мұғалім рөлінде болады)

3. Рөлдері ауысады.

4. Тапсырмалары бар тақырыптар парақтар таратылады. Оқушылар тыңдаған материалы бойынша тапсырмалар орындайды.

1. Бірін- бірі тексереді

2. Тапсырма тексерілгеннен кейін, «оқушы мен оны оқытқан мұғалімге» түрлі-түсті жетондар беріледі. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді.

3. Сабақ соңында қорытынды шығарылады.

Тапсырма парақтары

I нұсқа

1. Көркем әдебиет стильі дегеніміз не?

2. Стильдік сипаты; қолданылатын орыны

3. Кітаби тілдің жазбаша, ауызша нормалары

4. Публицистикалық стиль дегеніміз не?

II нұсқа

  1. Кітаби тілдегеніміз не?
  2. Монолог және оның мағыналық түрлері
  3. Ресми іс-қағаздары стилі
  4. Ғылыми стиль

Дұрыс жауапқа жетондар үлестіру.

Қорытынды. Үйге тапсырма.

51- жаттығу

3-САБАҚ «Алгоритм» ойыны

Мақсаты: 1) жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.

2) кітаби тілден алған білімдерін дамыту.

3) бірін-бірі бағалай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу.

Шарты: сынып 4 оқушыдан топқа бөлінеді. Ойын жазбаша түрде жүреді.

1-тур. Әрбір ойыншы дәптерлеріне өз аты -жөндерін жазып, бірінші тапсырманы орындайды. Берілген тапсырма жеңілдетілген 3- деңгейдің тапсырмасы болу керек. Орындаған соң дәптерлерін сағат тілімен бір қадам ауыстырады.

2-тур. Алдарына ауысып келген дәптерге тағы аты- жөндерін жазып, 2-деңгейдегі тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалған соң тағы да сағат тілімен дәптер ауыстырылады.

3-тур. Ауысқан дәптерге тағы аты-жөндерін жазып, стандарттан жоғары (1-деңгей) тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалған соң тағы да сағат тілімен дәптер ауыстырылады.

4-турда оқушы мұғалім берген дұрыс жауап бойынша алдарындағы орындалған 3 тапсырманы жеке-жеке тексеріп, әрқайсысын «бес» балдық жүйемен бағалайды.

5-турда оқушылар дәптерлері сағат тілімен ауыстырылып алдарына келеді. Соңынан бағалары бағалау парақтарына түсіріледі.

Тапсырма:

  1. Кітаби тілдің стильдік тармақтарын жаз.
  2. Әр стилдің қолданылатын орындары мен қарым -қатынас мақсаты.
  3. Айтылуы мен жазылуында өзгеріс бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрап, синтаксистік талдау жаса.

Жаттығулар жұмысы.

53-жаттығу. Мәтіннің стильдік ерекшелігіне талдау жасап, сенімхат жазу.

55-жаттығу. Сыныптас құрбыңызға мінездеме жазыңыз.

4-Сабақ «Өз жартыңды тап» сабағы

Мақсаты: Есте сақтау қабілетін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.

Шарты: Жұп карточкалар дайындау, біреуінде сұрақтар, екіншісінде жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточканың түсі бірдей болады. Оқушылар кез-келген түсті карточканы таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өз серігін іздеп, бірге отырып жұмыс істейді.

Карточка № 1

Монолог, мағыналық түрлері туралы айт

Карточка № 2

Орфографиялық норманың негізгі қағидаттары.

Карточка № 3

Қатаң дыбыстардың ұяңданып, езулік дауыстылардың еріндік дауыстыға айналып айтылуына мысалдар келтір.

Карточка №4

Кітаби тілдің стильдік тармақтары туралы айт.

Топтамамен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалары бар топтамамен жұмыс.

Жауап үлгісі: 1. Монолог. 2. Ресми стиьге. 3. Ырықсыз етіс және ауыспалы келер шақ тұлғасында.

Карточка № 2

Жауап үлгісі; 1) 1. Ғылыми стиль; үтір, сөз тіркесі, химия. 2. Публицистикалық стиль; Егемендік, өркениет, бағдарлама. 3. Ресми стиль: жүзеге асырылсын, тапсырылсын, баса назар аударылсын.

2 ) Көркем шығармада, сахнада т. б. Сөздерді ауыспалы мағынада, бейнелеуіш, көркемдегіш құралдар еркін пайдаланылады.

Үйге тапсырма. 67-жаттығу

5-сабақ. «Бір-біріне диктант жүргізу» сабағы.

Мақсаты: тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, адалдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : сөздік қорын дамыту, сауаттылығын арттыру.

Білімділік сөзжасамнан алған білімдерін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Ойынның шарттары:

Балалар төрт адамнан топтарға бөлінеді. Әр қайсысына мәтіні (диктант) бар карточка беріледі.

Карточкалар нөмірленген (1, 2, 3, 4) Оқушылар мына сызбада көрсетілген жұп-жұбымен отырады:

:
:

Балалар әр жұпта өз мәтіндерін оқып, серігіне жазады да тексереді. Артынан жұптар серігімен алмасады. Ойын барысында үш жұп құрамы алмасады.

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Тапсырма

  1. Карточка.

Көктеу-қыстау маңындағы қыртысты, құйқалы қоныс. Жайлау жетілгенше осында отырып, жас төлдерді ширатады. Жабағы күзеп, қойдың өлі жүнін алады. Бие байлап, қымыз мұрындық береді. Асау үйретеді.

  1. Карточка.

Жайлаудың бәрі бірдей шұралы бола бермейді. Еліміздің әр жерінде жұртқа кең танымал атақты жайлаулар бар. Олар: Қарқара, Шөлкөде, Сырт, Шұбартал, Асы деп аталады.

  1. Карточка.

Қабырға-Торғай обылысы Жангелді және Амангелді аудандарының аумағындағы өзендер. Қабырға атауын татар, башқұрт тілдеріндегі «тау баурайы» деген мағынамен байланысты қараған қолайлы.

  1. Карточка.

Арқа-батысы Торғай ойпатынан басталып, Шығысы Тарбағатайдың батыс сілеміне дейін жалғасқан, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Балхаш көліне ұласқан кең дала.

Жаттығулар жұмысы.

58-тапсырма. Мәтіндердің стильдік ерекшелігіне салыстырмалы талдау жаса. Күрделі сөздерді теріп жазыңыз.

60-тапсырма. Мәтін қандай стильде жазылған? Стильдік талдау жасаңыз.

Хаттама үлгісіне қарап хаттама жаз.

6-сабақ «Даналық ағашы» ойыны.

Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік: б ірін-бірі бағалай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : Сөздік қорларын молайту, шапшаңдыққа үйрету.

Білімділік : кітаби тіл туралы білімдерін пысықтау.

Ойынның шарттары : оқушылар мәтінді жылдам еске түсіріп шығады. Әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақтар құрап қағазға жазып, жүргізушінің қолындағы сандықшаға салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, неғұрлым толық жауап беруге тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.

Шығармашылық жұмыс.

  1. Өлең шығару. Өлеңді аяқтау.

Қаз-қаз басқан, қаз басқан,

Әзір алға аз басқан

. . . ,

. . .

  1. Жұмбақ құрастыру.
  2. Сурет салу. Кітаби тіл, оның айырым белгілерін қалай бейнелеуге болады?

Қорытынды. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. 70- жаттығу.

7-сабақ «білім биржасы».

Ойынның мақсаты: Білім, білік дағдыларын бекіту.

Ойынның шарттары: Конверттерге әртүрлі деңгейдегі тапсырмалары бар қағаздар салынады. Әр оқушы өз мүмкіндігіне қарай тапсырма алып жауап береді. Жауаптары «акциялармен» бағаланады. «Акционер» оқушы жауабының толықтығына қарай әртүрлі түстегі «акция» алады. Баллдардың ең жоғары мөлшері түстердің санымен анықталады.

Мұғалім - «банкир» әрбір оқушының «түсімін» есептейді. Егер сары түс көп болса акциялардың құны төмендейді. Егер жасыл және көктер аз болса онда олардың «құны» артады. Мысалы: көк он, жасыл бесеу болса, онда жасыл акциялар қымбат.

Деңгейлік тапсырмалары.

III деңгей.

  1. Кітаби тіл дегеніміз не?
  2. Зат пен құбылыстың салдары мен себептері көрсетілетін монолог түрі.
  3. Ресми іс қағаздар стилінің қолданылатын орындары.

Жауабы:

  1. Жазу дәстүрі арқылы белгілі жүйеге түскен, орныққан нормалары, стильдік тармақтары, жанрлары бар, қоғамдық қызметі әр алуан түр.
  2. Пайымдау.
  3. Ресми іс қағаздар стилі құқықтық қарым-қатынас, әкімшілік саласында қолданылады.

II деңгей.

  1. Көркем әдебиет стилінің амал-тәсілдерін айт. Мысал келтір.
  2. Публицистикалық стиьде қандай сөйлемдер жиі қолданылады?
  3. Тарихи - дәстүрлік қағидат бойынша сөздердің жазылуы туралы айт.

Жауабы:

1. Бейнелеуіш, суреттеме, көркемдегіш құралдар, ауыспалы мағынадағы сөздер еркін

пайдаланылады.

2. Бұйрықты, лепті, риторикалық сұраулы сөйлемдер жиі қолданылып, сөз қайталаулар кездеседі

3. Сөздің жазылуы тілдің қазіргі күйіне сәйкес келмейді, сөз үйреншікті болып кеткен дағды бойынша жазылады. Бұл көбіне ағылшын, француз сияқты тілдерге тән.

1 деңгей.

1. Ғылыми стиль туралы толық айтып бер.

2. Сенімхат жаз.

3. Біз адамды сүйеміз, оның өмірі ең қымбат өмір дейміз. Үзіндінің стилін анықтап, кешенді талдау жаса.

Жеңімпазды анықтап, оқушыларды бағалап, сабақты қорыту.

8 - сабақ

«Бас қатырғылар базары»

Сабақтың мақсаты: білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру ; сөздік қорларын, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту ; еңбексүйгіштікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Оқушылар үйде сөзжұмбақ, сөзтізбе, викториналар, ребустар құрастырады да

Сабақты олар шешеді. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер тапқырды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа белсене қатысқандарды да атап өтеді.

Жаттығулар жұмысы.

64 - тапсырма. Мына хаттаманың үлгісіне қарап, өздеріңде өткен сынып жиналысының хаттамасын жаз.

69 - тапсырма. Мына мәтіндердің тілдік стильде ұқсастық және айырмашылық бар ма? Талдау жасаңыз. Екі құрмалас сөйлем алып толық синтаксистік талдау жасаңыз.

Қорытынды . Сабақта жеңімпаздарды анықтап, оқушыларды бағалау.

Үйге тасырма . 66 - тапсырма.

9 - сабақ.

Сабақтың мақсаты: Кәсіби және оның айырым белгілерінен алған білімдерін, қаншалықты меңгергенін тексеру.

Орындау уақыты: 15минут.

І нұсқа

1. Дыбыстарды түсіріп айту тіліне тән . . . белгіге жатады.

2. Қазақ әдеби тілі дегеніміз не?

3. Кітаби тілдің стильдік тармақтары төртеу ма?

4. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

  1. Көркем әдебиет стилі. а) сипаттау
  2. Монолог. ә) ауыспалы мағыналы сөздер.
  3. Ресми стиль. б) терминдер.
  4. Ғылыми стиль. в) Анықтама, хаттама.
  5. Термин сөздерді тап.

Ұқсас жұмыстар
Тілдік норманың анықтамасы
Стиль және сөз мағынасы. арнаулы курс 9 сынып
Қазақ тілінің сөз байлығы
Тіл құнарлы ырғақты дамыған қарапайым сөйлеу тілі жергілікті сөйлеу тілі әдеби тіл
Сөздердің стильдік түрлері. экспрессивтік-эмоционалды лексика
Өлеңдерінің көркем тілі
Қазақ тілі туралы
Ағылшын тілін дамыту
Қазақ халқының сөз өнері
Сабақтас құрмалас сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz