8-сынып қазақ тілі: Анықтауыш - анықтамасы, сұрақтары, жасалу жолдары мен түрлері

Ш. Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ахметова Анара Әділжанқызы

Қазақ тілі

8 сынып

Сабақтың тақырыбы . Анықтауыш

Сабақтың мақсаты. Білімділік. Анықтауыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Дамытушылық . Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушының ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік. Оқушылардыңтапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың түрі жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдістері. оқу құралдарымен, дидактикалық материалдармен жұмыс т. б.

Сабақтың көрнекілігі кесте,

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Өткенді еске түсіру

1. Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?

2. Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?

3. Тұрлаусыз мүшелерді атаңдар?

4. Толықтауыш дегеніміз не?

5. Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілерін атаңдар.

6Дара толықтауышқа мысал келтір.

7. Күрделі толықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.

8. Жасалу жолдарын мысалдармен дәлелде.

9. Үйірлі толықтауыш дегеніміз не?

III Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сындық, сандық, сапалық, иелік жағынан сөз таптарынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.

Сұраулары:Қандай?Қай?Қанша?Неше?Кімнің?Ненің?

Мысалдармен дәлелденеді.

Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса, матаса байланысады. Анықтауыштың жасалу жолдары кесте арқылы түсіндіріліп, мысалдармен дәлелденеді.

Оқулық бойынша ерілген жаттығуларды орындау.

49-жаттығу. Анықтауыштардың сұрақтарын қою .

50-жаттығу . Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөз таптарын ажырату.

51-жаттығу.

I-топ. Дара анықтауыштар

II-топ. Күрделі анықтауыштар

III-топ. Үйірлі анықтауыштарды табу.

Тапсырма.

Өлең жолдарынан анықтауыштарды тауып, құрылысына талдау және анықтауыш болып тұрған сөз таптарын табу.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.

Кейде ыстық қан кетеді басып оны,

Дөңбекшіген түндерде тынши алмай.

Абай.

I-топ . Өлең жолдарынан анықтауышты табу.

II-топ . Құрылысына қарай талдау.

III-топ . Сөз таптарына анықтап, байланыс түрін табу.

Ой шақыру. Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру. Оқушылар өздері білетін мақал-мәтелдер айтады, қалған оқушылар мақал-мәтелдерден анықтауыштарды табады.

Қолдану. Кодоскоптан көрсетілген мақал-мәтелдердің орнына анықтауышты тауып қою.

1 . . . қолым - береген.

2 . . . жігіт- елдің көркі.

Үкілі қамыс- . . . көркі.

3. Көп сөз- күміс,

. . . сөз- ал тын.

4. Аз еңбектен . . . нәтиже шықпайды,

Берекесіз осыны да ұқпайды.

Сабақты қорыту.

-Бүгінгі сабағымыз арқылы ойымызды жинақтап қорытайық. .

Топтастыру . Оқушыларды еркін ойлау арқылы жұмылдыру.

Үйге тапсырма. «Адамның жақсы, жаман болмағы-өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазу.

Бағалaу.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ тілі: Лепті сөйлемнің жасалу жолдары, түрлері және интонациялық ерекшеліктері
6-сынып қазақ тілі: Сан есімнің мағыналық түрлері, емлесі және жасалу жолдары
6-сынып қазақ тілі сабағы: Есімшенің жасалу жолдары
Қазақ тілі сабағының сабақ жоспары: Салалас құрмалас сөйлемнің түсінігі, түрлері мен жасалу жолдары
Көсемше: анықтамасы, жасалу жолдары және сөйлемдегі қызметі
7-сынып қазақ тілі сабағы: Зат есімдерді қайталау - мағыналық түрлері, жасалу жолдары және емлесі
8-сынып қазақ тілі: Баяндауыштың анықтамасы және түрлері
Қалау рай: мағынасы, жасалу жолдары және қолданылуы (7-сынып, қазақ тілі)
7-сынып: Етістіктің шақтары - осы шақтың түрлері мен жасалу жолдары
Көсемшенің жасалу жолдары мен грамматикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz