Ш.Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі

Алматы облысы.

Талдықорған қаласы.

Ш. Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ахметова Анара Әділжанқызы

10 сынып, қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі ар-ұят мәселесі

Сабақтыңмақсаты: 1. Ақын өлеңдерінен жастарымызға үлгі боларлықтай рухани азық алу, ақын сыр шумақтарынаносы қоғамның бейнесін көрсету.

2. Бабамыздың рухани қазынасын елдік санамызды нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне кенінен пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Ш. Құдайбердіұлының шығармалар жинақтары, өлеңдері туралы слайдтар, суреттер.

Сабақтың түрі:

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Өткенге шолу жасай отырып, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

Жаңа сабақты меңгерту.

Мұғалім: Қазір қазақ әдебиетіміздің тарихында орны ерекше тұрған , ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, еңалдымен, Шәкәрімді атауымыз орынды деп білемін. Өйткені ол Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірегейі.

Олай дейтініміз, Абай шәкірттерінің ішіндекөп жасағаны да шәкәрім. Ол- әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, ол- сазгер. Орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, әрі сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері.

Шәкәрім ақын өзінің өмірдегі мұрат-мақсатын ашып, айқындап айтып, халқының алдында серт беріп, былай дейді:

Адамдық борышы ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт қылғам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Ақын осы айтқан сертінен танған емес. Енді ақын өлеңдерін оқи отырып талдайық. .

Слайд көрсету.

Өлеңдерінің аты

Ар- ұят туралы

өлең жолы

Мазмұны
№:
Өлеңдерінің аты: «Жастарға»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Арсыз, ғайбат, өтірік ынсапсыздық - Бұлардан бой тасалап ақталалық !

Арсыз, арам айланы тастасалық!

Адал іске талаппен бастасалық!

Неде болса білімді ізденелік!

Надандықпен біржола қастасалық.

Мазмұны: Арсыздықтан, арамдықтан, ғайбаттылықтан, өтіріктен бой тасалау, яғни бұлардан аулақ болу.
№:
Өлеңдерінің аты: «Ашу мен ынсап»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Ал, ақылдас, бәрі бар,

Дайын қылдым бәрін де:

Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,

Ынсап деген кәрің де.

Біз тұрғанда Арамның

Дәм бола ма нәрінде?

Қайғы емес қой Наданның

Тығылғаны әр інге.

Мазмұны: Ұят, Ар, Сақтық, Рахым адамдар арасында орын алғанымен, арамдық та қалыспайтыны.
№:
Өлеңдерінің аты: «Анық пен танық»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,

Біраз күнге көңілдің хошы болмақ.

Арсыз, арам, асығыс, айлакестік, -

Мұның бәрі шайтанның досы болмақ

Мазмұны: Асығыстық, арамдық, арсыздық, айлакестік шайтанның досы болып есептелетіндігі.
№:
Өлеңдерінің аты: «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым"
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Ар сатар шайға да болса,

Бір асам майға да болса.

Ізденіп табады, жейді

Арамды қайда да болса.

Мазмұны: Арыңды сату арқылы тамақ табу.
№:
Өлеңдерінің аты: «Партия адамдары»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Мықты байлар, бек жақсы осынықыл,

Арды тастап, қу менен сұмға тығыл,

Ел зарлатып зорлықпен мал жиып ең,

"Арам жемтік -азығы иттің" деп біл.

Мазмұны: Байлар арды тастап, елді зарлатып, мал жиғаны.
№:
Өлеңдерінің аты: «Талап пен ақыл»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Ар демек -адамшылық, намыс деген,

Арың кетпесжағыңа қарыс деген.

Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,

Сөз емес күншіл болып, алыс деген.

Орынсызды істеуге өлгенше ұял,

Ұят күшті өлімнен - дегендей -ақ.

Мазмұны: Ұяттың өлімнен күшті екенін, арды адамшылдық, намысқа жатқызуы.
№:
Өлеңдерінің аты: «Бостандық таңы атты»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Бостандықтаңыатты, қазағым, көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер.

Ар түзелер адамның адамдық санасын

Ақ жеңіп шығады, арамның қарасын.

Мазмұны: Арды жақтаушы адамның тәрбиесін алу.
№:
Өлеңдерінің аты: «Шошыма, ойым, шошыма»
Ар- ұят туралыөлең жолы:

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін

Серт бергем еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Мазмұны: Ар үшін адамдық керектігі, сол адамдықтың арқасында ертеңін ойлап, адал еңбек ету.

Оқулықпен жұмыс.

Тақтамен жұмыс. Слайдтан өлең шумағы шығады. Тармақ, бунақ, буын, ұйқас түрі ажыратылады.

Әдебиет теориясы.

Метафора. Эпитет. Теңеу

Жаңа сабақты игеру сапасын тексеру сұрақтары.

1. Ақынның ағартушылық бағыттағы қандай өлеңдерін білесіңдер?Ақын жастарға нені насихаттайды?

2. Шәкәрім неліктен талап пен ақыл атты екі ұғымға ерекше мән берді?


Ұқсас жұмыстар
Еңілік-кебек
Шәкәрім құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім құдайбердіұлы
Қазақ әдебиеті
Қанағат ету
Шәкәрім Құдайбердіұлының Қалқаман - Мамыр поэмасы
Шәкәрімтану
Шәкәрім Құдайбердіұлының Еңлік - Кебек поэмасы
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, ережені жаттау
Жаз келер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz