Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

С.Мұратбеков.Жусан иісі. 2 сағат

Талдықорған қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ахметова Анара Әділжанқызы

Сабақтың тақырыбы:С.Мұратбеков.Жусан иісі. 2 сағат.
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Әңгімені оқу,мазмұнын түсіндіру.Әңгіменің
идеясын ашу.
Дамытушылық. Әңгімені мазмұндау арқылы оқушылардың жүйелі сөйлей алу
дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік. Балалар бойына ермінезділікті қалыптастыру,табандылыққа,
төзімділікке, қайраттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Жазушының портреті,жазушы шығармашылығына байланысты
материалдар,Аянның прототипі Науқан Керімов суреті,суреттер,слайд.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ..
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру.Қ.Мырзалиев. «Кәрі қыран».
Сұрақ-жауап жұмысы.
1.Өлеңнің мазмұны не туралы?
2.Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?
3.Қыран қандай халге душар болды?
4.Қыранның соңғы шешімін қалай түсінесің?
5.Қыран бейнесінен қандай әсер алдыңдар?
6.Символ дегеніміз не?
7. «Қыран-дала символы» атты эссені оқу.
III.Үй тапсырмасын бекіту.
IV.Сабақтың мақсатын қою.С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі дала
тіршілігі,адамдар арасындағы қарым-қатынас, Аян мен ауыл балаларының өмірі
туралы оқып білеміз.
V.Жаңа материалды меңгерту.
1-слайд.
1.Қазақтың көрнекті жазушысы Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығы
туралы айту.
2.Жазушы туралы жазылған басқа да естеліктерден үзінділер оқу.
2-слайд.
Мәтінмен жұмыс.
1.Әңгімені оқу. (Әңгіме алдын ала оқуға беріледі.)
2.Сөздік жұмысыын жүргізу.Әңгімеден түсініксіз немесе мазмұнын ашу керек
сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасына түсінік беру.
Жарғақ сары тон- тобығы тайған-
Іш тартып- жентектеліп
еріп-
Күннің көзі қанталағандай- шелдене қызару
Кезерген ерні - қара парға-
3-слайд.
Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма.
1.Мәтін кім туралы? Оқиға қай кезде болған?
2.Аян қандай бала еді?
3.Аянның әжесі өлгендегі көңіл-күйін кітаптан оқыңдар.(192-бет)
4.Балалардың «Әжесі өлгенде неге жыламайды, ей?!» деген сөзіне аян неге
назар аудармады?Қалай түсінесіңдер? (192-бет)
5.Соғыс жылдарындағы ауыл балаларының тағдыры мен тауқыметі қандай болған?
6.Аянның бақытты сәті туралы кітаптан оқыңдар. (Әкесі туралы түс көруі) 195-
бет.
7.Аян ауыл шетіндегі ат қораға не үшін барды?Өз ойларыңды айтыңдар.
8.Ауыл балаларының Аянды жақсы көрулерінің себебі не деп ойлайсыңдар?
9.Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атайды?
10.Жусан иісі арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?
11.Ертегілерінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде?
12.Аян мен әңгімеші баланың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді
байқадыңдар?
4-слайд.

Оқушылар Аян бейнесіне орай ойларын ортаға салып, әңгімелейді.
Дәптермен жұмыс.
Ойларын жинақтап,Аян бейнесін дәптерлеріне жазу.
Сабақты қорыту.Мұғалімнің сөзі.
Жазушы С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің негізгі түйіні- тағдыр
талқысына түскен,жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала Аян
бейнесі.аянның ақылдылығы мен намысшылыдғы, сүйкімділігі мен төзімділігі
үлкен адамға тән мінез.Кішкентай аянның бойындағы осындай мінез оның ерте
есейгендігі мен ақылдылығының белгісі. Ер баланың мінез-құлқында
қайраттылық, намысқойлық, төзімділік, қамқорлық ерекше көрінуі тиіс.Сонда
ғана ол жақсы азамат болып қалыптасады.
VI.Үйге тапсырма беру.
1.Әңгімені оқу.Мазмұндап айтуға дайындалу.
2.Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деген тақырыпта
жалғастырыңдар және оған өздеріңше ат қойыңдар.
Ертегі айтқыш Аян тағдыры қалай өрілді?Аянның прототипі кім? Оның балалар
үйіне кеткеннен кейінгі өмірі қалай болды?
Аянның прототипі-Науқан Керімов.Сайын Мұратбеков бұл шығармасының желісін
өзінің балалық шағынан алған екен.Демек соғыстан кейінгі ауыл балаларының
тағдыры.
Аян, яғни Науқан Керімов бүгінде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында
тұрады.1937 жылы туған. Науқан аға балалық шағын,өткен өмірін былайша еске
алады:
-Біз Сайынмен қатар өстік .Бірге ойнап, бірге жүрдік.Ол менен үш жыл
бұрын мектепке бұрын барды. Жетімдіктің зардабынан мен кейінірек
оқыдым.Колхоз бұрын «Біріншілік», кейіннен «Қызыл жұлдыз» деп аталды.Ауылда
отыз шақты бала сиыр қораның төбесіндегі шөпке жиналып, әңгіме құрамыз.Ол
кезде менің әке-шешем жоқ. Жастайымнан таудан отын таситындықтан аяққа
шөңге кіріп, содан жүруім қиындай түскен еді.Аяқ ауырса да анда-санда
шөптің төбесіне барамын.Қайдан шығатынын білмеймін, ептеп ертегі айтамын.
Мен ғана емес, басқа балалар да айтады.Өзімізге сондай қызықты.Бала кезінен
Сайын қайырымды еді. Кейін жоғары сыныптарға барғанда да менің жағдайымды
біліп тұрды.
Менің анам Күмісай 1936 жылы қайтыс болып, әкем Керібек Қали 1941жылдың
аяғында соғысқа кетті.Содан әкемнің туысы Шәріп мені қолына алған еді, ол
да 1943 жылы колхоздың мал шаруашылығында жүріп қайтыс болды.1946 жылы
асырап алған шешем Ибалы да көп ұзамай өмірден озды.Сонымен,1946жылы тұл
жетім қалдым. Содан кейін Қалидың ағасы Қасқырбек деген кісінің әйелі Әсем
Есімова асырап алды.Мен 9 жаста едім. Ол кісі колхоздың мал шаруашылығына
кетті де, мен әркімнің қолында жүрдім .Соңында мені мектеп-интернатқа алып
кетті.
Қапалдағы мектеп-интернатқа орналасқан Науқан Керімов кино
актеріЕсболған Жайсаңбаевпен бірге оқыған.Бірақ, бір жылдан соң,мұғаліммен
келісе алмай,колхоз жұмысына оралады.1958жылы сегіз айлық шопандар курсында
оқып,1959-1962 жылдары әскер қатарында болады.1963-1995 жылға дейін мал
шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. Үшінші
дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері.
Зайыбы Атымтай Байтүгенова екеуі 1963ж шаңырақ көтеріп,11қыз,4 ұл
тәрбиелеп өсірген. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян
бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр..

-----------------------
Аян

Төзімді шыдамды ақылды,намысшыл

Ұқсас жұмыстар
Жусан иісі
Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант - с.мұратбеков
Әңгіменің мазмұнын баяндау
Сабақтың ортасы. Сабақтың тақырыбы
Аянның достары кімдер
Әдебиетті модульдік технология бойынша оқыту
Сайын Мұратбеков шығармалары
Оқушы әрекеті. Сабақтың ортасы
Сайын мұратбеков "жусан иісі"
Сайын Мұратбеков Қылау әңгімесі
Пәндер