Шандор Петефи Ұлт өлеңі

Cабақ жоспары:
Тақырыбы: Шандор Петефи «Ұлт» өлеңі
65-сабақ.
Сынып: 7А
Сынып бөлмесі: №2
Күні: 17. 05. 2012
Уақыты: 10. 00-10. 45
Қолданылған модуль: «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер»
Оқытудың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Диалог құру», «Синквейн», «ДЖИГСО» тәсілі.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Не істеймін?
Оқу мақсатын алға қою сұралды.
Шандор Петефи өмірі мен «Ұлт» өлеңінің негізгі ойын ашуда, оқушыларды сыни ойлауға, сұхбат құруға тарту.
Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру. Мұғалім сәлемдесті, ауа-райын, көңілдерін сұрады.
Оқушы мақсатын қосты.
Бұл өлеңнің мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуды үйрену керек.
Болашақта ұлттық құндылықтарды бойыңа сіңірген ұрпақ қатарын көбейтуге өз үлесімізді қосу.
Оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасты құрады.
Топқа бөлу. Оқушыларға күрескер ақындарды нақыштайтын сурет қиындылары таратылады, тақырыпқа негізделген суреттеу бойынша 3 топқа бөлінеді.
Топтарға күрескерлер, азаткерлер, жыршылар деген топ аттары беріледі.
Тұсаукесер.
Шандор Петефи.
Күрескер ақын туралы тұсаукесер көрсетіледі. Бұл тұсаукесер арқылы оқушылардың бойынан патриоттық сезімді оятып, өз елінің, ұлтының адал азаматы болуына сенімдерін күшейту.
Power Point
«Шандор Петефи»
Ой қозғау (түрткі сұрақтар) сұрақтары ұсынылады.
- Шандор Петерфи кім?
- Ақын қай ғасырда өмір сүрді?
- Ақынның поэзиясы, өмірі қазақ халқының қай ақындарымен үндес деп ойлайсыңдар?
Өткен сабақпен байланыс:
Үш оқушымен кеңес (диалог, әңгімелесу) .
Өткен сабақты қайталау мақсатында үш оқушымен кеңес тапсырмасы беріледі.
Оқушылар А. С. Пушкин шығармашылығы бойынша өз білгендерін, оқығандарын сұрап, жауап берді, ал жазушы жазып отырды.
Жұмыс тәртібі:
А-сұрақ қоюшы
В-жауап беруші
С-жазып алушы әрекетіне түсіп, сұхбаттасу үлгісін көрсетті.
«Миға шабуыл» тәсілі, берілген плакатарға Петефи, ақын туралы білетіндерін, кластер арқылы толықтырады.
- Шандор Петерфиді кім деп білеміз?
- Қандай шығармалары бар екен?
Синквейн тәсілі.
Күрескер, жыршы, азаткер деген сөздерге 5 жол өлең жазу керек.
Бес жол өлең құрастыру.
1 не?
2 қандай?
3 не істеді?
4 не үшін?
5 жалпы ойды түйіндеу
Сергіту сәті: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының бір түрі. «Егер өмірге адам болып келмесем, гүл болып келер едім, себебі гүл өмірдің сәні - тазалық кепілі».
Оқушыларға тоқылған жіп беріледі, соны бір-біріне лақтырып, сыни тұрғыдан ойланады. Соңында сол жіптен бір бейнеленген математикалық фигура шығады.
Шағын топта өлеңді талдау, мағынасын ашу.
Дәлел келтіру, қорғау (оте жақсы жетістіктерге жеткісі келетін оқушы немесе топ лидері)
- Ақын ұлтын неге шақырады?
- Азаматтық лирика дегеніміз не? Осы өлең арқылы Петефидің азамат ақын екендігін дәлелдеңіздер?
Қорытындылау
а) Бағалау: сабақтың әр бағыты жазылған бағалау парағы арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды.
ә) үй тапсырмасы:
Бағалау парағына өз еңбегінің қалыптастырушы бағалауын жүргізеді.
Келесі сабақта «Ұлт» өлеңін жаттау.
Қосымша О. Генридің өмірі мен шығармашылығы жайлы интернеттен мағлұмат қарастырып, презентация дайындап келу қажеттілілігін түсінді.
Рефлексия
Мұғалім стикерлер таратады.
Не ұнады? Ұсынысым?
Оқушылар сабақ барысында не ұнады, ұсыныс, пікірлерін жазады.
Сабақты бағалау
Күні: 17. 05. 2012
Сыныбы: 7 «А»
Қай уақытта: 10. 00-10. 45
Сабақ қалай өтті?
Cабақ жоспарымда Шандор Петефидің «Ұлт» өлеңі бойынша тақырып өткіздім. «Күрескерлер», «Азаткерлер», «Жыршылар» болып қима қағаздарын біріктіру бойынша үш топқа бөлдім. Сыныпта тәртіп ережелері мен нормалары жақсы деңгейде сақталған. Сонда ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыруда мен оқушылар арасында ұйымдастыру ойынын, яғни «Өз-өзін, досын мадақтау» ойынын пайдаландым. Осы жаттығу нәтижесінде оқушылар осы ақпаратты өте жақсы қабылдады. «Мадақтау өте жақсы екен», «Көңіл-күйіміз көтерілді», «Өзара қарым-қатынасты нығайтқан сияқтымыз» деген сияқты ойларымен бөлісті.
Ой қозғау (түрткі сұрақтар), оқушының оқытуда диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезінде талқылауға қатысуы негізінде «Шандор Петефи кім?Ақын қай ғасырда өмір сүрді? Ақынның поэзиясы, өмірі қазақ халқының қай ақындарымен үндес деп ойлайсыңдар?» сынды сұрақтар қойдым. «Шандор Петефи ел үшін, азаттық үшін күрескен ақын», «ХІХ ғасыр ақыны», «Шандор Петефидің өлеңінің мазмұн жағынан қазақтың күрескер, ақиық ақыны Махамбет Өтемісұлының шығармасымен үндеседі. » деген оқушы тарапынан жауаптар болды. Өткен сабақпен байланыс орнатуда
үш оқушымен кеңес (диалог, әңгімелесу) сұхбаттасу жүргіздім. Оқушылар А. С. Пушкин шығармашылығы бойынша өз білгендерін, оқығандарын сұрап, жауап берді, жазды.
Сабақ барысында оқушылар «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің бір тәсілі ментальдік картамен жұмыс жасады. Яғни шағын топтар ватманға Петефи туралы білімдерін топтастыру іс-әрекетін асырды. Осы тұста оқушылардың топта талқылауға ұсынған жұмысты орындауды ұнататындығын, өз пікірін білдірудің маңызды екенін сезінуде қуанатыны көздерінен бірден байқадым. Оқушылар берілген негіздерді басшылыққа ала отырып, алдымен жеке-жеке ойланып, одан кейін жұптасып, топтасып пікір алмасып ақын жайлы өз білгендерін салып, тіпті тың ойлар да көрініс тауып жатты.
«Синквейн тәсілі» де оқушылардың көңілінен шықты. Қатысушы балалар күрескер, жыршы, азаткер деген сөздерге 5 жол өлең жазу тапсырамсы берілді. Яғни: «1 кім? не? 2 қандай? 3 не істеді? 4 не үшін? 5 жалпы ойды түйіндеу».
«Шандор Петефи
Батыр
Елі үшін күресті
Азаттық үшін
Елі үшін, азаттық үшін күрескен ақын» (Видеотаспа 0044 mp4)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz