Өзін-өзі тану еліне саяхат сыныптан тыс жұмыс

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Қауылжыр ауылы
ГКС-12 орта мектебі
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Ахметова Гүлнар Құдайбергенқызы
«Өзін-өзі тану еліне саяхат» сыныптан тыс жұмыс. Бастауыш сыныптар арасында
Мақсаты:балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету;
Міндеттері:
-шығармашылық қабілетін, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытуға;
-өзіне деген серімін арттыруға;
-өзін-өзі және бірін-бірі тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар:интерактив тақтасы, үнтаспа, суреттер, плакаттар, жапырақтар
«Өзін-өзі тану еліне саяхаттың» үлкейтілген суретін интербелсенді тақтадан көрсетіліп тұрады.
-Балалар бүгінгі кешімізде «Өзін-өзі тану еліне» саяхаттаймыз. Ол елде орман-тау, өзен-көл, патшалықтар, елді-мекендер мен сарайлар бар. «Өзін-өзі тану елі»- «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат», «Атамұра», «Өнерлі ел», «Достық» деген өлкелерден тұрады. Бұл елдің ең биік шыңы «Адамгершілік»деп аталады. «Адамгершілік» шыңына жету үшін әр өлкенің өз тапсырмасы бар . Сол тапсырманы орындай отырып шыңға қарай өрмелейік. «Адамгершілік»шыңында әрқашан күніміз жарқырап бізге шуағын шашып тұрады.
Мұғалім суреттен көрсете отырып, балаларды осы өлке шарттарымен таныстырады.
-Балалар бұл өлке «Тіл табысу»өлкесі. Бұл өлкеде сыпайы, бір-біріне қамқор, мейірімді адамдар өмір сүреді. Бізде бойымыздағы жақсы қасиеттерді көрсете білейік. Ол үшін оқушылар қарым-қатынаста қолданылатын жақсы сөздерді қаншалықты білетінін, қандай жағдайда пайдалану керектігін тексеру: (мыс:сәлеметсізбе?, сау болыңыз!, ғафу етіңіз т. с. с. ) Ойын-жаттығу «Құрмет-ізет»
- «Білім »өлкесі сіздердің қаншалықты білімді екендеріңізді тексереді.
-«Табиғат» өлкесінде сіздердің табиғат жанын, яғни өсімдік топырақ, ауа қасиеттерін сезіну қабілеттерін анықтау;
- «Атамұра» өлкесінде ата-баба байлықтары сақталған. Мақал-мәтел, жұмбақтар, даналық сөздер
- «Өнерлі ел» өлкесінде балалар шығармашылығ тамашаланады. Сурет салу, ән айту, би билеу;
- «Достық »өлкесінде барлық адамдарды татулыққа, ауызбіршілікке шақырады.
Оқушыларды 2 топқа бөліп, жоғарыда көрсетілген шарртармен жарыстыру;
Мұғалім:
-Тәрбиенің асқары-
Абай атам табынған.
Әдептілік бастауы
Бес асыл боп табылған.
Көптің ойын бүрлетіп,
Әдеп жайын қозғасын
Бастайық сол үлгі етіп,
Бес асыл сөз басын:
Рақым: Шарапаттан тұратын
Мен боламын рақым.
Тек жақсылық жолында
Салтанатын құратын
Сыйым-ізгі махаббат,
Тигізерім шарағат.
Кішілерге қамқор боп,
Қартқа тұрам «аталап».
Қанағат :Ындыныңмен ашқарақ
Құнығудың қандайын
Жөнге салам бастан-ақ,
Тыйып ұстап әрдайым
Мен боламын өмірің,
Байлығың да, барыңда
Тоқ болады көңілің,
Жүрсем әр кез жаныңда.
Терең ой:Қыран қанат құстаймын,
Талабыңды ұштаймын.
Зерделіге достаймын,
Дарындыны қостаймын.
Ақылы азға қонбаймын-
Сол ғой менін зор қайғым
Саңылауы бар. түйсігі
Торғай-екеш торғайдың.
Талап :Таудай болса, талабың,
Бағың болып жанамын.
Мен бар жерде болмайды
Алынбас еш қамалың
Тұрсам келіп бабыма,
Тоят аңсар шағыма.
Көктей өтіп, арманның
Қондырамын тағына!
Еңбек :Жасампаз төрді тұлетіп,
Жаңғыртқан қайта мың рет.
Шөлейтті жерді гүл етіп,
Жайқалтқан мен бір құдірет!
Бәрі де менің жеңісім
Зейнетім, демек жемісім,
Шалқыған астық, кенішім-
Ырысты бейбіт ел үшін!
Мұғалім :Қанағат, Рақым, Терең ой.
Талап, Еңбек -өркен-ді
Бәрі саған керек қой,
Ұлы өмірің-ертеңгі.
Бес асыл іс-бұл арлы,
Үлгі болған ғасырдан.
Қастер тұтып бұларды,
Ардақтап өс жасыңнан.
Әдептілік-әсемдік,
Соны әспеттеп жырлайық
Өнеге алып өсерлік,
Өрендерді тыңдайық.
Хор: «Не деу керек?» 2 сынып оқушылары
- «Тіл табысу»-ойын «Құрмет-ізет» деп аталады. Тақтаға жапырақсыз ағаштардың /үлкен-кіші/ суреті салынған плакаттар ілінеді. Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті, ізетті сөздерді екі командаға бөліп беріледі. Оқушыдар жапырақтарды дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын болса үлкен ағашқа кішілер айтатын болса, кіші ағашқа апарып ілу. Жапырақтағы сөздер үлгісі : өтіңіз, жолыңыз болсын т. с. с.
Оқушылар ойланғанша Ө. Тұрманжановтың «Ізгі сөз» 2 сынып оқушысы
-Мектебімізге барғанда
Жолыққан бар жандарға
Ертемен, ақ пейілмен,
Не деймін мен?
Қайырлы . . . /таң!/-деймін мен.
-Күндіз де елді елеймін.
Не деймін мен?
Қайырлы . . . /күн!/-деймін мен.
-Үйге кешке келемін
Не дерімдібілемін.
Не деймін мен?
Кеш . . . /жарық!-деп кіремін.
- «Білім»өлкесі. Екі топ кезектесіп, бір топ білім туралы мақал-мәтелдің бастапқы бөлігін айтса, екінші топ осы мақалды жалғастыруы тиіс. Жұмбақ жасыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz