Практикалық қазақ тілі

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы

№4 орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі

Ермұханова Альмира Жоланқызы

Түсінік хат

Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер - білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі . Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда атқаратын қызмет зор. «Практикалық қазақ тілі» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, «оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерге» жасалды. Негізгі мақсаты- оқушыларды кешенді тестілеуге жүйелі түрде дайындау, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.

«Практикалық қазақ тілі» курсының мақсаты- ана тілінің қызметін жүйелі меңгерген, оның қыр-сыры мен тарихын жетік білетін, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер;

-оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту,

-тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы төменгі кластарда алған теориялық білімдерін жүйелеу:

-теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдеру;

-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:

-оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;

Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 5 сағаты бақылау мен тест жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 2 сағаты қорытындыға арналған.

Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С. Кенесбаевтың, Ғ. Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \ лексика, фонетика\, С. Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» \морфология\, М. Балақаев пен Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \синтаксис\ атты еңбектері пайдаланылды.

Курстың жүргізетін жұмыс түрлері мынандай;

1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану.

2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу.

3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу.

4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың даңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу.

5. Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Курс бағдарламасын оқығаннан кейін оқушыдан күтілетін нәтиже:

-салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;

-практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу.

-саутты жазу, саутты сөйлеу,

-өзіндік ой дербестігінің болуы;

«ПРАКТИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ» курсы бағдарламасының мазмұны .

Барлығы - 34 сағат.

Апталық сағаты - 1

1. Кіріспе сабақ. . Тіл білімінің салалары.

Фонетика, лексика, морфология, синтаксис, пунктуация туралы ұғым- тү

сініктерін кеңейту.

2. Фонетика. Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстар жөнінде ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары

3-тақырып. Дауыссыз дыбыстардың емлесі. Фонемалардың құрылыстық және өзіндік ерекшеліктері, сөйлеу кезіндегі өзгерісі мен фонемалар жүйесінің ара қатынасын зерттейтін заңдылықтар.

4-тақырып. Орфография мен орфоэпия.

Орфографияның қарастыратын мәселері, негізгі принциптері.

5-тақырып. . Үндестік заңы.

Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың үйлесімі. Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері. . Сингармонизм заңы. Ассимиляция мен диссимиляция.

6-тақырып. Буын. Тасымал. екпін.

Буынның сипаты. Буынның түрлері. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар. Екпін түспейтін буындар.

7-тақырып. Бақылау жұмысы. Фонетика бөлімі бойынша алған білімдерін қорытындылау.

8-тақырып. Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним.

Сөз мағынасының өзгеруі. Лексиканың салалары туралы.

9-тақырып. Эвфемизм, дисфемизм. Олардың сөйлеу тіліндегі орны. Эвфемизм мен дисфемизді бір-бірінен ажырату.

10-тақырып. Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы. Сөздік қор мен сөздік құрам.

11-тақырып. Диалекті және кәсіби сөздер. Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламалары.

12. -тақырып. Тұрақты сөз тіркесі. Еркін сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі.

13-тақырып. Бақылау жұмысы. Лексика бөлімін қорытындылау.

14-тақырып. Морфология. Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары.

15-тақырып. Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау. Жұрнақтар, олардың құрамы. Жалғаулардың түрлері.

16- тақырып. Сөз таптары. Зат есім. Заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы туралы. . Зат есім жасайтын жұрнақтары.

17-тақырып. Сын есім. Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы туралы.

18-тақырып. Сан есім. Заттың саның, ретін білдіретін сөз табы туралы. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

19-тақырып. Есімдік Зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы туралы. Есімдіктердің түрлері.

20-тақырып. Етістік. Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы туралы.

21-тақырып. Есімше мен көсемші. Етістіктің мағыналық ерекше түрлері.

22-тақырып. Етіс. Етістің түрлері.

23-тақырып. Үстеу. Туынды үстеулердің жасалу жолдары. . Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

24-тақырып. Бақылау жұмысы. Морфология саласы бойынша білімдерін қорытындылау.

25-тақырып. Синтаксис. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің құрамы. Сөз тіркесінің басты грамматикалық қасиеті.

26-тақырып. Сөйлем. Оның құрамы

27-тақырып. Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.

28-тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлем. Олардың түрлері. Жасалуы, жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері.

29-тақырып. Аралас құрмалас сөйлем. .

30-тақырып. Бақылау жұмысы. Тест. Оқушылардың білімдерін қорытындылау.

31-тақырып. Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөзі.

32-тақырып. Пунктуация. Тыныс белгілеріндұрыс қоя білу, қойылу жолдары мен себептерін дәлелдей білу.

33-тақырып. Сынақ сабағы. Тест тапсырмалары.

34-тақырып. Қорытынды сабақ. Жыл бойы өткен материалды қайталау.

Тақырыптық - оқу жоспары.

Өтетін тақырыбы
Барлық сағаты
теория
практика
Қолданатын әдістер
Күтілетін нәтижесі

Ескер

тулер

№: 1
Өтетін тақырыбы: Кіріспе сабақ . Казақ тіл білімі
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: әңгімелесу
Күтілетін нәтижесі:
Ескертулер:
№: 2
Өтетін тақырыбы: Фонетика. Дауысты дыбыстар.
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: түсіндіру
Күтілетін нәтижесі: Салыстыра,
Ескертулер:
№: 3
Өтетін тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар-ң емлесі
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Талдау, салыст
Күтілетін нәтижесі: дәлелдей,
Ескертулер:
№: 4
Өтетін тақырыбы: Орфография және орфоэпия
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі: талдай,
Ескертулер:
№: 5
Өтетін тақырыбы: Үндестік заңы
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Дең. тапс.
Күтілетін нәтижесі: қорытындылай
Ескертулер:
№: 6
Өтетін тақырыбы: Буын. Тасымал. Екпін
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі: білу
Ескертулер:
№: 7
Өтетін тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Барлық сағаты: 1
теория:
практика: 1
Қолданатын әдістер: Тест. Қайталау.
Күтілетін нәтижесі: дағдыларын
Ескертулер:
№: 8
Өтетін тақырыбы: Сөздердің көп мағыналығы. Синоним. Омоним. Антоним
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Түсіндіру.
Күтілетін нәтижесі: меңгеру.
Ескертулер:
№: 9
Өтетін тақырыбы: Эвфемизм, дисфемизм.
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Жаңа технология элементтері
Күтілетін нәтижесі: Тілдік және
Ескертулер:
№: 10
Өтетін тақырыбы: Қазіргі қазақ тілі лексиканың құрамы.
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі: әдеби білім-
Ескертулер:
№: 11
Өтетін тақырыбы: Диалекті және кәсіби сөздер
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: түсіндіру
Күтілетін нәтижесі: дерінің толығ.
Ескертулер:
№: 12
Өтетін тақырыбы: . Тұрақты сөз тіркестері
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі:
Ескертулер:
№: 13
Өтетін тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі: Лексикалық
Ескертулер:
№: 14
Өтетін тақырыбы: Морфология. Сөз және оның морфологиялық құрылымы
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика: 1
Қолданатын әдістер: Білімін тексері
Күтілетін нәтижесі: білім мен
Ескертулер:
№: 15
Өтетін тақырыбы: . Қосымшалар. Жұрнақ пен жалғау.
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Топтық жұмыс
Күтілетін нәтижесі: біліктілікке жету
Ескертулер:
№: 16
Өтетін тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Галиевт. жүйел. тех
Күтілетін нәтижесі:
Ескертулер:
№: 17
Өтетін тақырыбы: Сын есім
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: түсіндіру
Күтілетін нәтижесі:
Ескертулер:
№: 18
Өтетін тақырыбы: Сан есім
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі:
Ескертулер:
№: 19
Өтетін тақырыбы: Есімдік
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Кубизм әдісі
Күтілетін нәтижесі: Практикалық
Ескертулер:
№: 20
Өтетін тақырыбы: Етістік
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі: танымдық
Ескертулер:
№: 21
Өтетін тақырыбы: Есімше мен көсемші
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: баяндау
Күтілетін нәтижесі: шығармашылық
Ескертулер:
№: 22
Өтетін тақырыбы: Етіс
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Жинақтау, талдау
Күтілетін нәтижесі: тапсырмаларды
Ескертулер:
№: 23
Өтетін тақырыбы: үстеу
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: салыстыру
Күтілетін нәтижесі: еркін
Ескертулер:
№: 24
Өтетін тақырыбы: Бақылау жұмысы
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер:
Күтілетін нәтижесі: орындай алу.
Ескертулер:
№: 25
Өтетін тақырыбы: Синтаксис. Сөз тіркесі
Барлық сағаты: 1
теория:
практика: 1
Қолданатын әдістер: Білімін тексеру
Күтілетін нәтижесі:
Ескертулер:
№: 26
Өтетін тақырыбы: Сөйлем
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Түсіндіру
Күтілетін нәтижесі:
Ескертулер:
№: 27
Өтетін тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем
Барлық сағаты: 1
теория:
практика: 1
Қолданатын әдістер: Ойландыру.
Күтілетін нәтижесі: Синтаксистік
Ескертулер:
№: 28
Өтетін тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Сын тұрғ. ойлау
Күтілетін нәтижесі: білім мен
Ескертулер:
№: 29
Өтетін тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: Талдау
Күтілетін нәтижесі: біліктілікке
Ескертулер:
№: 30
Өтетін тақырыбы: Бақылыу жұмысы
Барлық сағаты: 1
теория:
практика:
Қолданатын әдістер: .
Күтілетін нәтижесі: жету.
Ескертулер:
№: 31
Өтетін тақырыбы: Төл сөз. Автор сөзі
Барлық сағаты: 1
теория:
практика: 1
Қолданатын әдістер: қайталау
Күтілетін нәтижесі: өтілген
Ескертулер:
№: 32
Өтетін тақырыбы: Пунктуация
Барлық сағаты: 1
теория: 1
практика:
Қолданатын әдістер: түсіндіру
Күтілетін нәтижесі: тақырыптардан

Ұқсас жұмыстар
"қазақ тілі" лингвистикалық лагерінің жоспары
Тіл білімінің салалары
Стиль және сөз мағынасы. арнаулы курс 9 сынып
Бейінді оқытуда «практикалық қазақ тілі» курсының білім сапасына ықпалы
Шешендік толғау
Excel электрондық кестесінің графикалық мүмкіндіктері
Кәсіби сала терминдерін білу
Қазақ әдебиетінің тарихы туралы
Таңдаулы курс
Кесте құру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz