Сабақ жоспары (6-сынып): Біржан сал Абай ауылында әңгімесін талдау

Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Біржан сал Абай ауылында» (талдау)

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қазақ халқының қонақжайлығын,

сыйластығын, адамгершілігін таныта білу.

ә) Әңгімені талдай отырып, оқушылардың білімдерін,

көзқарастарын дағдыландыра білуге үйрету.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың типі : жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сыни тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс : әдебиет, музыка

Көрнекілігі: сөзөрім, бетшелер

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру .

Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

«Біржан сал Абай ауылында» әңгімесін сұрау.

III. Жаңа бағыт .

Мұғалім, сынып екі топқа бөлінеді. Түрлі жұмыстары арқылы топтарды

жарыстырып, өз ұпайларын бағалап шығарады.

1-топ: Мұхтар аға

2-топ : Абай аға

1-айналым.

Сауалнама.

Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады. Бірінші көтерген топ жауап береді.

  1. Үзінді де ұлы Абай мен Біржан сал арасындағы көңіл жарастығы, шынайы сыйластық қалай суреттелген?
  2. Біржан Абайға қандай ән орындап берді?
  3. «Жанбота» әніне байланысты Абай Біржанға қандай пікір айтады?
  4. Әмір бастаған әнқұмар, өздерің де өнерлі жастар тобынан кімдерді атар едіңдер?
  5. Әйгерімнің әнін Абай қандай сезіммен қабылдады?
  6. Біржан әншіге қандай баға берді?

2-айналым.

«Поэзияға шолу»

Екі топқа бірдей поэзиялық өлең жолдары оқылады, бірінші көтерген топ, өлеңнің авторы мен тақырыбын айтулары керек.

  1. Сонда Буырыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы.

(Қобыланды жыры)

  1. Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй.

(Абай, «Құлақтан кіріп, бойды алар»)

  1. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге!

Кетігін тап та, бар қалан!

(Абай, «Әсемпаз болма әрнеге»)

  1. Шығамын тірі болсам, адам болып,

Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?

Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

(Сұлтанмахмұт, «Шығамын тірі болсам, адам болып»)

IV. 4-айналым.

Сөзден-сөз шығару.

«Әдебиетшілер» сөзі екі топқа бірдей беріледі. 2 топтағы екі оқушы айтушы, бірі жазушы болады.

Әдебиетшілер:

әдеби ер әдебиет

әдет ит шер

би теп бер

тіл те берші

ти бет

V. Соңғы айналым.

Сөзөрім шешу.

:
А: А
:
:
:
:
:
:
А:
:
:
:
: Б
:
:
А:
:
:
:
: А
:
:
А: Й
:
:
:
:
:
  1. Біржан салдың орындаған әні
  2. Абайдың әкесі
  3. Мұхтардың әкесі
  4. Абайдың әйелі

(Тігінен ұлы ақыны шығады, сол ақын туралы өз ойларынды ортаға салып топтастыру) .

Топтастыру әдісі.

Аудармашы Ұлы ақын

АБАЙ

45 қара сөзі бар Композитор

VI. Үйге тапсырма.

А) Буклет жасау «М. Әуезовтың өмірі туралы»

Ә) Абайдың бір өлеңін жаттау.

VII. Бағалау.

№ 1 орта мектеп

Сабақ үлгісі

«Біржан сал Абай ауылында»

(6-сынып)

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Аққалиева Г. Е

Атырау 2010 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
6-сынып әдебиеті сабағы: Біржан сал Абай ауылында (бекіту сабағы)
Мұхтар Әуезовтің Біржан сал - Абай ауылында (романнан үзінді) бойынша жаттықтыру сабағы: Абай мен Біржан бейнесін ашу
Ашық сабақ (6-сынып, қазақ әдебиеті): М. Әуезовтің Біржан сал Абай аулында поэмасы - Біржан әнінің зор құдіреті
9-сынып әдебиеті: Біржан сал Қожағұлұлы шығармаларын шолу және талдау сабақ жоспары
10-сынып қазақ әдебиеті пәні: Біржан сал шығармашылығы - практикалық сабақ жоспары
Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеграцияланған сабақ
10-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біржан әнінің зор құдіреті - топтық сайыс және әдеби талдау
6-сыныпқа арналған Сайын Мұратбековтің Қылау әңгімесін талдау бойынша сабақ жоспары
10-сынып қазақ әдебиеті орта мерзімді жоспары: Әнші-сазгер ақындар, Біржан сал және Ақан сері - оқыту мақсаттары мен бағалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz