Нәтиже сабақ жайлы

Ссылки для скачивания: Акмолина Нургуль Турсыновна Ертегі. doc
http://www. files. gameworld. kz/2nxu1ankm1. html
Ссылки для скачивания: Акмолина тәуелсіздік. ppt
http://www. files. gameworld. kz/6t22164fj6. html
Сабақтың тақырыбы: «Нәтиже сабақ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Санай біл» тарауы бойынша өтілген материалдарды
пысықтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақша сөйлеу
дағдысын жетілдіру.
Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Бос уақытында пайдалы істермен айналысу жайлы
тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: Ойын түріндегі қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, сағаттың макеті, доп, қиықша қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40-бет, 1-жаттығу. Сурет бойынша
сөйлемдер құрау
ІІІ. Негізгі кезең:
Балалар біз сендермен «Санай біл» тарауы бойынша «Қанша?», «Неше?», «Нешінші?», «Қаншада?», «Сағат неше?» тақырыптарын өткенбіз. Олай болса қызықты тапсырмаларды орындау арқылы осы тақырыптарды пысықтайық.
1 «Нешінші?» -ыншы, -інші, -ншы, -нші
Отырған бетте орындарыңнан ретімен санаймыз (бірінші, екінші. . . )
2 «Сен неше жастасың?» деген сұрақты мұғалім допты лақтыра отырып
оқушылардан сұрап шығады.
3 «Сөзжұмбақ» (слайд арқылы көрсетіледі) дәптерге жазбаша орындалады.
Т10, 100ім, 1лік, с2р, к3ік, 5ік, 6н, қ10
4 «Сағат неше?» мұғалім сағаттың макеті арқылы уақытты көрсетеді, оқушылар
жауап береді.
ІV. Сабақты бекіту:
Бұл бөлімде тарау бойынша қорытынды ретінде «Тапқырларға тапсырма»
сайысы өткізіледі. Сыныптан 6 оқушы шығады, сұраққа дұрыс жауап берген
оқушыға қиықша қағаз таратылады. Ұпай саны қиықша бойынша есептеледі.
1 Слайдтан жыл мезгілдерін дұрыс табу керек. (Слайд №3-10)
2 «Адасқан әріптер» Әр оқушы бір сөзден оқиды (Слайд №11-12)
3 «Полиглот» (Слайд №13-15)
4 «Кімнің жұмысы қайда?» (Слайд № 16)
5 “Тапқыр болсаң, тауып көр” (Слайд № 17-21)
6 «Ойынға әркімнің ақ бар таласы» көрермендермен ойын. (Слайд №22-24)
V. Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың жинаған ұпайларын санау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру:
31 - 41 беттердегі сөздіктерді қайталау
Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген «Тапқырларға тапсырма» сайысы.
Мақсаты:
• Оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
• Қазақ тілін оқуға ынталандыру.
• Оқушылардың логикалық ойлауы мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту
дағдыларын дамыту.
• Оқушыларды өз беттерімен ізденіп, оқуға тәрбиелеу.
• Қазақ тілі бойынша алған білімдерін қайталау, жинақтау.
Көрнекілігі: Слайд, жұлдызшалар, тақтайшалар.
Барысы: Жүргізуші:
. . . Ұл - қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы» - демекші Армысыздар құрметті көрермендер, ойынға қатысушылар.
Бүгінгі «Тапқырларға тапсырма» сайысын мынандай ұранмен бастағанды жөн көрдік: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден - ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сайыстың бөлімдері: Слайд № 2
1 Ойнайық та, ойлайық
2 Адасқан әріптер
3 Көп тіл білу - кемеңгерлік
4 Кімнің жұмысы қайда?
5 Тапқыр болсаң тауып көр
6 Ұшқыр ой
7 Ойынға әркімнің ақ бар таласы
(көрермендермен ойын)
І кезең «Ойнайық та, ойлайық»
Тапсырма жыл мезгілдерінен болады. Әр слайд шығар алдында бір жыл мезгілі туралы өлең шумағы оқылады. Қай мезгіл екенін оқушылар табу керек. Слайд № 4-5
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда топ бала.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
(қыс)
Слайд № 6-7
Тапталады табанға,
Судыр - судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
(күз)
Слайд № 8-9
Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнін тыңдап бұлбұлдың.
Бәйшешектер тұр күліп.
(көктем)
Слайд № 10-11
Күн жайдары алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанеки, балақай,
Шомылуға барамыз.
(жаз)
ІІ кезең «Адасқан әріптер».
Әріптердің орындары ауыстырылған бірнеше сөздер беріледі. Сөздерді дұрыс оқу қажет.
к, е, м, п, т, е - (школа, класс)
ш, е, н, е?- (который, сколько)
і, м, д, і, с, к, ө - (растение, тетрадь)
н, қ, а, ы - (писатель, поэт)
кіенкүділ - (оценка, дневник)
а, к, н, і, а, т, х, а, п - (чай, библиотека)
ІІІ кезең «Көп тіл білу - кемеңгерлік».
Экраннан көрсетілген суреттерді қазақша, орысша айту керек.
Слайд № 14-15-16
Елтаңба, ту, аққу, сағат, гүл, доп, қоян, жылқы, жолбарыс, түйенің суреттері көрсетіледі.
ІV кезең «Кімнің жұмысы қайда?»
Экраннан мамандардың суреттері көрсетіледі. Оның кім екенін, қайда жұмыс істейтінін дұрыс айтулары керек.
Слайд № 17
(мұғалім, дәрігер шахтер, даяшы, ұшқыш, шаштараз, аспаздың суреттері)
V кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Знай - біл, Совесть - ар,
Язык - . . . Есть - . . .
Берег - жаға, Прибавь - қос,
Оценка - . . . Друг - . . .
Расческа - тарақ, Вода - су,
Урок - . . . Флаг - . . .
Белка - тиін, Шаг - қадам,
Одежда - . . . Человек - . . .
VІ кезең «Ұшқыр ой». Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру
Слайд № 23-33
Сұрақтар:
1 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
( 42 әріп )
2 Гректің “тетро” - “төрт бүктелген” деген сөзінен қандай оқу құралының
атауы шыққан ?
(Тетрадь - дәптер)
3 Күнделікке не жазамыз ?
(Сабақ кестесін)
4 Күз айларын атаңыз.
Қыркүйек
Қазан
Қараша
5 “Косуля” жануарының қазақша атауы қандай?
(Елік)
6 “Физическое воспитание” пәнінің қазақша аудармасы қалай болады?
(Дене тәрбиесі)
7 Қазақстанның астанасы қай қала?
(Астана)
8 Бір сағатта неше минут бар?
(60 минут)
9 Қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңыз.
( ә, ө, і, ұ, ү, қ, ң, ғ, һ)
10 Қазақстан Республикасының президенті кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
VІІ кезең “Ойынға әркімнің ақ бар таласы” (көрермендермен ойын)
Берілген буындардан сөздер құрау керек.
Слайд № 34-36
Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым келіп тұр:
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта. . . .
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Мектептің шығармашылық күніне арналып ұйымдастырылған шағын қойылымның жоспары
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар!
Шуақты көктем күндерімен бірге келіп жеткен Ұлы жеңіс мерекесі құтты болсын!
Біздің бүгінгі шығармашылық күніне арналған «Ертегілер елінде» атты шағын қойылымымызға қош келдіңіздер!
Вика:
Күн, сен неге күркірейсің?
Көктем келді, көктем келді!
Жаңбыр, сен неге сіркірейсің?
Көктем келді, көктем келді!
Бұлақ, сен неге сылдырайсың?
Көктем келді, көктем келді!
Гүлдер, сендер неге жайнайсыңдар?
Көктем келді, көктем келді!
Құстар, сендер неге сайрайсыңдар?
Көктем келді, көктем келді!
Маша:
Табиғатқа беріп көрік, рең,
Алдыңызға клді көктем.
Алып келдім құстарды,
Алып келдім шуақты.
(Маша көктем болып қазақша би билейді)
Жүргізуші:
Көктем жыл басы, тіршіліктің белгісі. Көктем келісімен табиғат жаңа күйге енеді. Олай болса табиғатқа көрік берген көктем аруымыздың әкелген базарлығы бар екен.
Орыс тілді 4 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен Сутеевтің «Алма» ертегісін тамашалайық
Ертегі «Алма»
Қырға келген көктемнің мамыражай күнінде ормандағы барлық аңдар қысқы
ұйқыларынан оянып, мәз- мейрам болып жатқан кез еді. Көктемгі табиғатты
тамашалап орман аралап жүрген қоян ағаш бұтағындағы бір алманы көзі шалып қалады. Алманы алмаққа тырысып әрі секіреді, бері секіреді бойы жетпей амалы құриды. Осы кезде сырттай бақылап отырған қарға оны мазақ етіп күліп отырады.
Қарға: Қарр, қарр, қарр!
Қоян: Қарғажан анау алманы әперші.
Қарға: Жарайды! (Алманы үзіп алады. Алма құлап барып жерде жатқан кірпінің арқасына түседі. Кірпі алманы ала қашады. )
Қоян: Тоқта! Бұл қалай? Менің алмамды қайда апара жатырсың?
Кірпі: Жоқ! Алма менікі, оны мен қағып алдым.
Қоян: Алманы мен тауып алдым, ол менікі!
Қарға: Сендер босқа таласпаңдар! Алма менікі, оны мен қағып алдым!
Барлығы алмаға таласып, шулдап орманды басына көтереді. Осы кезде шудан оянған аю келеді.
Аю: Бұл не шу?! Басым ауырып кетті ғой!
Кірпі: Аю, сен үлкен әрі ақылдысың ғой. Алма кімдікі соны айтшы?
Аю: Алманы кім тапты?
Қоян: Мен.
Аю: Кім үзді?
Қарға: Мен.
Аю: Кім қағып алды?
Кірпі: Мен.
Аю: Онда алма бәріңдікі!
Кірпі: Қалайша, алма біреу ғой?
Аю: Алманы тең бөліңдер!
Кірпі: Мынау саған қоян, мынау саған қарға, өзіме, ал мынау саған аю.
Аю: Маған, не үшін?
Кірпі: Сен бізге ақыл айтып татуластырдың, біз енді доспыз!
Осылай алманы бөліп жеп, аю, қоян, кірпі, қарға тату- тәтті өмір сүріпті. «Береке басы бірлікте» деген сөз осыдан қалған екен.
Аю рөлінде - Афанасьева Аня, қарға - Ташлыкова Даша, кірпі - Беспаев Әділ, қоян - Комаринских Ира, көктем - Антонова Маша, қыз - Анисимова Вика.
Жүргізуші:
Келгендеріңізге көп рахмет! Көктем күндері сіздерге тек бақыт әкелсін!
Тілдер мерекесіне арналып ұйымдастырылған «Тіл- достық негізі» сайысының жоспары
Жүргізуші:
Сәлеметсіңдер ме, құрметті сайысқа қатысушылар және қонақтар!
Тіл- алтын қазына.
Бала болсаң да тіл керек,
Дана болсаң да тіл керек - демекші,
барлықтарыңды бүгінгі тілдер мерекесімен құттықтаймыз! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңдер!
Олай болса сайысымыздың шарттарымен таныстырайын. Сайыс бес бөлімнен тұрады.
1 Сөйлем құрау
(Кеспе қағаздарда жазылған сөздерді мағынасына қарай ұйқастыра отырып сөйлем құрау)
2 Суреттеу
(Әр топ өздеріне берілген суретті сөзбен суреттеп айтып беруі керек)
3 Мозайка
(Әр топқа әріптер жазылған кеспе қағаздар таратылады. Сол әріптерден бір сөз құрап, сол сөзден бірнеше сөздер құрау қажет. )
4 Сергіту
(Әр топ «Достық» тақырыбына сурет салады)
5 Капитандар сайысы
(Топ басшылары сайысқа түседі. Қойылған орысша сөздердің қазақша баламасы нұрыс айтулары қажет. )
Сайыс басталмастан бұрын 3-4 сынып оқушылары ана тілі, тіл туралы, достық туралы өлеңдерден мәнерлеп үзінді оқиды.
Әли : Ана тілі- біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып- қағамыз,
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Даниил: Қазақ жұрты- меймандос,
Қазақ жері- кең-байтақ.
Құшақтарын жайған дос
Ұлыстарға ел ортақ.
Светлана: Ортақ бізге ауа, аспан,
Отанымыз көп ұлтты.
Ынтымағы жарасқан,
Бірлігімен көрікті.
Ділназ: Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Жүргізуші:
Сайысқа қатысушы үш топты ортаға шақырайық. Олардың екеуі үшінші сыныптан, ал біреуі төртінші сыныптан келіп отыр.
«Достық» тобы 4 «В» сыныбы
«Тіл» тобы 3 «Г» сыныбы
«Тұлпар» тобы 3 «В» сыныбы
Сайыстың тапсырмалары:
1 Сөйлем құрау
- Қабарғада сурет ілулі тұр (3-сынып)
-Сынып кең, жарық, әрі таза (3-сынып)
- Біздің мектеп үш қабатты (3-сынып)
- Бүгін сыныпта мен кезекшімін (3-сынып)
- Қазақстанның астанасы- Астана қаласы (4-сынып)
- Қазақстанның рәміздері- ту, әнұран, елтаңба (4-сынып)
2 Суреттеу
Суреттер таратылады (Алма, алмұрт, жүзімнің суреті)
3 Мозайка
Қызғалдақ, орамжапырақ, балабақша, шаштараз
4 Сергіту
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz