Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Visual Basic ортасында бағдарлама құру

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic ортасында бағдарлама құру.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың компьютерлік білімдерін

арттыру.

2) Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру. Бағдарламалау тілінде бағдарлама құруға
баулу, дағдыландыру. Visual Basic бағдарламалау
тілін меңгерту.

3) Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа,
компьютерлік мәдениеттілікке, өз бетінше жұмыс
істеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экрандық тақта, кеспе қағаздары, тест,
ребус

Сабақтың өту әдісі: практикалық жұмыс

Сабақтың түрі: аралас , білім көрсету сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

(оқушыларды топтау, түрлі – түсті қағаздарды пайдаланып, екі-екіден топтау,
рейтінгілік бағалау парағын тарату)

ІІ. Өткен сабаққа шолу.

1. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Тест. (көрші-көршіні тексеру)

1. Visual Basic программасын іске қосу

а) Іске қосу - Visual Basic

ә) Іске қосу – Программа - ... Visual Basic - Visual Basic

б) Сілтеуіш - Visual Basic

в) Сілтеуіш - Стандартты – Microsoft Visual Basic- Visual Basic

г) Іске қосу – Программа - Visual Basic

2. Textbox компонентінің мәтін енгізу қасиеті:

а) Caption ә) Text б) Name в) Index г)Visible

ә) Визуаль Бейсик тарихына шолу жасау.

3. Commandbutton компонентінің түсін өзгерту қасиеті

а) Caption ә) BackColor б) Name в) Style г)Visible

4. Label компонентінің ақпарат шығаратын қасиеті.

а) Caption ә) Text б) Name в) Index г)Visible

5. Енгізу қорапшасы деп аталатын функцияны көрсет:

а) Msgbox ә) Inputbox б) Print в) Listbox г)Textbox

6. Шығару қорапшасы деп аталатын функцияны көрсет:

а) Msgbox ә) Inputbox б) Print в) Listbox г)Textbox

7. Төмендегі оператордың қайсысы таңдау операторы болады?

а) For ә) While б) Goto в) Case г)If

7. ComboBox компонентінің тізімде көрініп тұратын қатарының мәнін қою
қасиеті?

а) Text ә) Caption б) Column в) Sorted г) Additem

8. Төмендегі операторлардың қайсысы циклдік болады?

а) For ә) While б) Goto в) Case г) If

Бағалау (1-2=> “2” 3-4=> “3” 5-6=> “4” 7-8=> “5”

ІІІ. «Миға шабуыл» ой ыны. Бағдарлама элементтерінің атаулары бойынша

|Батырма |Аталуы |Қызметі |
|Мәтін жазу |Label | |
|Орындау |Commandbutton | |
|Іске қосу |Start | |
|Қасиеттер |Properties | |
|Элементтер панелі |Toolbox | |
|Тізім жазу |Listbox | |
|Құрастырылған тізім |Combobox | |
|Мәтіндік өріс |Textbox | |

(Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалану, аталуы бөлімін жасыру)

IV. «Кім тапқыр?»

(РоwerPoint бағдарламасын пайдалану)

1) Визуаль Бейсиктің құралдар панелінің элементтерін ата, компьютерде
көрсету.

2) Қасиеттер терезесі және оның орналасуы.

3) Inputbox және Msgbox функцияларының қызметі.

4) Берілгендер дегеніміз не? Типтері .

5) Label, Command button элементтер3

6) Есеп. Private Sub Command1_click()

dim x,y

x=inputbox(x, “x=”):label1.caption=x

y=4*x^2+6:label2.caption=y

end sub (бағдарламаның орындалуын түсіндіру)

7) textbox элементі

8) listbox, combobox элементі

9) Алгоритм дегеніміз не? тармақталушы алгоритм

10) Select-case операторы.

11) (программа қатесін табу)

Private Sub Form_Load()

dim x,z

x=4

z=(a^2+x)/2

msgbox(z), , “z=”

end sub

12) Дыбыстық файлды қолдану (Программалық жабдықтар, программа түрлері
туралы не білесіз?)

V. «Үздік программист» Практикалық жұмыс .

Оқушыларға практикалық жұмыс жазылған кеспе қағаздарды Интерактивті
тақтаның «кубик» батырмасын пайдалану арқылы таратылады.

1-билет

1. Герон формуласын пайдаланып үшбұрыштың ауданын табу

2. 3,6, ..., 25 дейінгі сандардың квадрат түбірін табу

3. InputBox қызметі

2-билет

1. x=5.5 a=1.2 болғанда өрнегінің мәнін табу.

2. 4,6, ..., 21 дейінгі сандардың квадраттының кестесін құру

3. Msgbox қызметі

3-билет

1. x= өрнегінің мәнін табу.

2. 1,2,...,10 дейінгі сандардың көбейтіндісін тауып, оны екі еселеу.

3. Label қызметі

4-билет

1. Трапецияның ауданын табу.

2. 1,2,...,8 дейінгі сандардың арифметикалық ортасын табу.

3. TextBox қызметі

5-билет

1. Ромбының ауданын табу.

2. 2,5,..., 25 дейінгі сандар ішінен қалдықсыз бөлінетін сандар нешеу
екенін анықтау.

3. Commandbutton қызметі

6-билет

1. Трапецияның ауданын табу.

2. 1,2,...,20 дейінгі сандардың арифметикалық ортасын табу.

3. TextBox қызметі

7-билет

1. Үшбұрыштың ауданын.

2. 2,5,..., 25 дейінгі сандар ішінен қалдықсыз бөлінетін сандардың
қосындысын табу.

3. Commandbutton қызметі

8-билет

1. Ромбының ауданын табу.

2. 10,14,..., 37 дейінгі сандардың қосындысын табу.

3. Программа орындау үшін қай пернені басамыз.

VI. Ребусты шешу (Жауабы: Информатика)

, ,,,,,,,,, ,, ,,,,

,,,,,, , , , , ,,,

VII. «Қай топ жылдам?» Ребус бойынша табылған мәтіннен қай топ көп сөз
құрастырады. Берілген сөз: Информатика

VIII. Қорытынды. (Венн диаграммасы)

Бағалау (рейтингілік бағалау)

Үйге тапсырма: Өтілген тақырыптарды қайталау, сөз жұмбақ

құрастыру.

Интернеттен Бейсиктің басқа нұсқаларын іздеу.

Пайдаланылған әдебиет: 1) Информатика негіздері журналы (2007-3,4)

2) Камардинов О. Visaul Basic 5.0

3) Информатика 10 Н.Т.Ермеков, В.Криворучко

-----------------------

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Qbasic

Visual Basic

Ұқсас жұмыстар
Visual Basic бағдарламалау жүйесіндегі TextBox, Label, CommandButton компоненттері
Visual basic ортасында программа құру поцесінде шартты операторды пайдалану
Объектілерді енгізу. 10 сынып
Экономикалық процестерді модельдеу
Практикалық жұмыстарды орындау
Басқару элементі
Сабақтың міндеттері
Microsoft visual basic бағдарламасындағы жаңа нұсқаулар
Шыршаның суреті
Форма макеті терезесі
Пәндер