Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер

Қарағанды облысы

Балқаш қаласы

№2 Абай атындағы лицей

Бастауыш сынып мұғалімі Г. Е. Алибек

Пән : Математика (4- сынып)

Тақырыбы :Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.

Мақсаты : 1. Есептерді түрлендіру арқылы оқушылардың білімдерін

тиянақтау. Шамаларға берілген есептерді ұғындырып, шығарту.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, пәнге

деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнектіліктері : Жаңа технологияларды қолдана отырып, интерактивті

тақтамен жұмыс жасау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.

Балалар, біз бүгінгі сабақта шамаларға байланысты есептер шығарамыз, қызықты тапсырмалар орындаймыз. Логикалық есептер шығарамыз.

II Өткенді қайталау.

1км =1000м 1дм =10см 1м 2 =1см 2

1м = 10дм 1м 2 =100дм 2 1см 2 =100мм 2

8*8 = 64 9*7 =63 5*5 =25

9*9 =81 8*6 =48 6*7 =42

III Жаңа сабақ .

  • Балалар, 200 беттегі №1 есепке қарайық, не берілген?
  • Не өзгереді?
  • Не тұрақты болып тұр?
Заттың бағасы
Заттың саны
Заттың құны
Заттың бағасы: 400 теңге
Заттың саны: 2
Заттың құны: 800 теңге
Заттың бағасы: 400 теңге
Заттың саны: 4
Заттың құны: 1600 теңге
Заттың бағасы: 400 теңге
Заттың саны: 8
Заттың құны: 3200 теңге
  • Егер заттың саны артса, құны қалай өзгереді?
  • Осы кестеге қарап, қандай қорытынды шығаруға болады?

Заттың бағасы тұрақты болғанда саны неше рет артса, құны да сонша рет артады. Заттыңбағасы тұрақты болғанда саны неше рет кемісе, құны сонша рет кемиді. (бірнеше рет қайталату )

№2

Заттың массасы
Заттың саны
Жалпы массасы
Заттың массасы:
Заттың саны: 2
Жалпы массасы: 10
Заттың массасы:
Заттың саны: 6
Жалпы массасы: 30
Заттың массасы:
Заттың саны: 3
Жалпы массасы: 90

-Ережені бірнеше рет қайталату.

№3 Сөзді есепті оқыту.

-Балалар, ең алдымен мәтінді есте сақтайық.

Сол жақ Оң жақ

8 қатар орындық 6 қатар орындық

24 орындық кем

  • Енді бізге не белгілі және нені табу керек:
  1. Не белгілі:
  • оң жақта 6 қатар
  • сол жақта 8 қатар
  • оң жақтағы орындық, сол жақтағыдан 24 орындық кем
  1. Нені табу керек:
  • осы залға барлығы неше орындық қойылған.

Енді есептің шарты мен сұрағын қысқаша жазайық.

Қатар
Қатар саны
Орындықтар саны
Қатар: Оң жақ
Қатар саны: 6
Орындықтар саны: ?24 орындық кем
Қатар: Сол жақ
Қатар саны: 8
Орындықтар саны: ? орындық

Залдағы барлық орындықты табу үшін ең алдымен нені табамыз?

-Қай қатар қанша артық және қай қатар қанша кем екенін табамыз

-Әр қатар орындықтар санын табамыз.

-Оң жақтағы орындықтар санын табу.

-Сол жақтағы орындықтар санын табу.

Шешуі:

  1. 8-6 = 2 (орындық артық, кем)
  2. 24:2= 12 (1 қатардағы орындықтар саны)
  3. 12*6=72 (оң жақ қатардағы орындық)
  4. 12*8=96 (сол жақ қатардағы орындық)
  5. 72+96=168 (барлық орындық)

IV Өздік жұмысы.

I нұсқа №5 есеп

1) 24480/12=2040 (I көйлектің бағасы)

2) 48960/2040=24 (II көйлектің саны)

II нұсқа №6 есеп

  1. 96/8=12 (I ж. массасы)
  2. 48/12=4 (II ж. саны)

V Үш қатарды жарыстырып «Сиқырлы шаршы» ойынын ойнату .

  1. 35403540 25 40 2535
  1. 3015 301555 155530

20 35 45 3 5 45 20 45 20 35

VI №7

X+X+X=20217

20217 - (1000+) =218

VII Викториналық сұрақтар.

-Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме?

(жоқ, түн мезгілі)

-Қосарланып жегілген үш ат 1 сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? (12км)

- Үш түйеқұс ұщып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Неше түйеқұс қалды?

(түйеқұс ұшпайды)

- Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі алдында, біреуі артында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы қанша үйрек ұшты? (3)

  • Төрт қайың қатар өсіп тұр.

Әрбір қайыңда 4-4-тен бұтақ бар.

Әрбір бұтақта 4-4-тен алма бар.

Барлық алма саны қанша? (Қайыңда алма өспейді)

-Мына сандарды алып көріңіз: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. осылардың қосындысы көп пе, көбейтіндісі көп пе? (қосындысы)

VIII Бекіту.

IX Бағалау.

X Үйге тапсырма №4, №9.


Ұқсас жұмыстар
Шамалардың арасындағы тәуелділік
Заттың массасы
Егіннің түсімділігі, ауданы, өнім массасы арасындағы тәуелділікке берілген есептер, оларға кері есептер
Түсімділікке берілген есептерді шығаруды үйренесің
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары
Үйге тапсырмалар
Орта мерзімді жоспар математика. 3 сынып
Қисық сызықты қозғалыс
Есеп және оны шығару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz