Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Қышқылдар, алынуы, аталуы, қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: «Қышқылдар, алынуы, аталуы, қасиеттері»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар
класымен, олардың жіктелуі мен номенклатурасымен таныстыру. Зерттеу әдісі
арқылы қышқылдардың қасиеттерін анықтау және индикаторлар туралы түсінік
беру, қышқылдармен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйрету.
Қышқылдардың құрамын физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайтын
химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.
Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың
білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін,
дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге, қоршаған ортаны қорғауға
тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: биология, экология
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу әдісі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қышқылдардың формуласы, тірек-
сызбанұсқалары, аскорбин қышқылының таблеткалары, лимон, тұз және күкірт
қышқылы ерітінділері, индикаторлар, Zn, Cu, Петри табақшасы, электрондық
оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Ой шақыру.
1. Сұрақ-жауап әдісі:
- Біреуі оттек болып келетін бинарлы қосылысты қалай атайды?
- Ауа қандай газдардың қоспасы?
- Сутекке сипаттама беріңдер.
- Сутек қайда кездеседі?
- Сутекті қандай заттардан алуға болады?
- Сутек қандай заттармен әрекеттесе алады?
2. «Артығын тап» кестедегі элементтер қатарындағы артығын табу керек.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы, осы заттар арасында қандай байланыс
бар? (алма, лимон, айран, аскорбин қышқылының дәмдері қышқыл болады).
Күнделікті өмірде қолданылып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі
болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады.
Қышқылдармен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Мысалы, жаңбырдың суы ол
таза көрінгенімен, оның құрамында еріген көптеген заттар бар. Жаңағы айтқан
ауадағы кездейсоқ газдар суда еріп қышқылдар түзеді де, қышқылдық жаңбыр
ретінде жерге түседі, ал ол табиғатқа және адамдарға өте зиян. Біздің
ағзамызда да қышқылдар бар (асқазанда – тұз қышқылы, аминқышқылдары ақуызды
түзеді, ал олар біздің бұлшық еттерімізді түзеді). Егер орманда
құмырсқаның илеуінің жанында көп отырып қалсаңдар, құмырсқаның шаққан
жерлері көпке дейін ашиды. Себебі, құмырсқа тек шағып қана қоймай, жараға
құмырсқа қышқылын жібереді. Үйде салат жасағанда, консервілегенде сірке
қышқылы, лимон қышқылы қолданылады. Сонымен, қышқылдар біздің айналамызда
жиі кездеседі.
Әр бір адам жас ерекшелігіне қарамай саяхаттануды ұнатады. Бүгін мен
сендерді «Қышқылдар әлеміне» шақырамын. Барлықтарымыз поездға отырайық,
сендер жолаушы боласыңдар, ал мен бағыттаушы боламын. Алдарыңда тұрған
дәптерлерің бүгін «Жолаушы күнделігі» болсын. Әрбір станцияда нені көріп,
бақылағандарыңды осы күнделіктеріңе жазып отырасыңдар. Сонымен бүгінгі
сабақтың тақырыбын күнделіктеріңе жазып алыңдар: «Қышқылдар, алынуы,
аталуы, олардың қасиеттері».
Сонымен, «Таныстыру» станциясы.
Тапсырма № 1
Осы станцияда тұратын кейбір «тұрғындардың» аттары берілген.
Оқулықтарыңдағы 91 беттегі № 10 кестені және тірек сызбаларды қолдана
отырып, мына қышқылдарды ата және неге олай аталатынын түсіндіріп көріңдер.
HCl, H3PO4, H2S, H2SO4
(егер қышқылдың құрамында оттек болса, онда ортада тұрған қышқылдың атымен,
ал егер оттексіз болса онда сутекпен байланысқан атомға «сутек» деген сөзді
қосып оқиды).
М: қышқылдардың формулаларына мұқият қараңдаршы қандай ұқсастық бар? (Н
атомы бар) сутекпен байланысқан қалған қалдықты қышқыл қалдығы деп атайды.
Олардың валенттілігі байланысқан сутек атомдарының санына байланысты
(кестемен жұмыс).
М: Өткен тақырыптан мырыш пен хлорсутек арасындағы реакцияны еске
түсірейікші. Бұл реакцияның типі қандай? (метал атомы сутектің орнын
басады)
Сонымен:
1. қышқылдар құрылысының ұқсастығы неде?
2. металдармен әрекеттескенде сутекті қандай атомдар орынбасады?
3. сутекпен байланысқан атомды немесе атомдар тобын қалай атайды?
Қышқылдар дегеніміз метал атомдарымен орынбасуға бейім сутек
атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар.
М: қышқылдардың құрамында сутек саны әртүрлі болуына байланысты, оларды
бірнегізді – HCl, HNO3, екінегізді – H2S, H2CO3, үшнегізді – Н3РО4 деп
жіктейді. Қышқыл қалдығының валенттігі сутек санына байланысты (кестемен
жұмыс).
Тағы қандай белгісі бойынша жіктеуге болады? (оттекті және оттексіз)

«Дәм тату» станциясы:
М: алдарыңда тұрған аскорбин қышқылы мен лимонның дәмін татып көріңдер. Бұл
заттардың құрамында қышқылдар бар. Неге «қышқылдар әлемінің» «тұрғындарын»
қышқылдар деп атайды?
Бірақ, кейбір қышқылдардың дәмі қышқыл болмайды, мысалы, салицил
қышқылының дәмі – тәтті, ал никотин қышқылының – ащы. Көбіне барлықтары
қышқыл болады.
Қышқылдарды алу:
Бейметал оксидтерін суда еріту арқылы:
SO3 + H2O = H2SO4
H2 + Cl2 = 2HCl
«Техника қауіпсіздік ережесі»
Бүгін химия сабағында бірінші және соңғы рет сендер бір заттың дәмін
мұғалімнің рұқсатымен ғана татып көрдіңдер. Негізі химия сабағында
зертханалық жұмыс жасаған кезде: № 1 ереже «заттардың дәмін көруге
болмайды»! № 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып
келеді (тәжірибемен көрсету). Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас
содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.
Қышқылдармен жұмыс істеу ережесімен таныстық енді ары қарай жүре беруге
болады.

«Тәжірибе» станциясы
«Қышқылдар әлемінің» «тұрғынымен» кездескенімізді қалай білеміз?
Тәжірибе № 1
Алдарында тұрған сынауықтарға біреуіне – фенолфталейн, екіншісіне –
метилоранж, үшіншісіне – лакмус қағазын салыңдар. (оқушылар тәжірибе жасап
қорытындыға келеді). Қышқылдар ерітінділерінде түсін өзгертетін заттарды
индикаторлар деп атайды.
Осы әлемнің «тұрғындары» кіммен дос екен?
Тәжірибе № 2
Сынауықтағы қышқылдардың біреуіне – мырыш, екіншісіне – мысты салыңдар. Не
байқадыңдар? Реакция теңдеулерін жазады.
• Металдармен
• Метал оксидтерімен
• Негіздермен
• Тұздармен

ІV. Бекіту
Тапсырма № 1
Берілген заттардың ішінен қышқылдарды теріп жазыңдар, оларды ата.
HBr, NaHSO4, CuO, H2SO4, Ca3(PO4)2, HNO3

Тапсырма № 2
Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестір. Реакция типін анықта:
Mg + Br2 ...
Al2O3 + НCl ...
Cu+ Н2SO4 ...
BaCl2 + Н2SO4 ... .
Тапсырма № 3
Реакция теңдеулерін жүзеге асыр.

V. Қорытындылау.
1. Бағалау.
2. Бүгінгі сабақта не білдіңдер?
3. Не қиын болды?
4. Не қызық болды?
VІ. Үйге: § 33, 34 ЕЖ: 4-81, 4-84 логикалық ойлау, 4-95 (қиын)

ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ АТАЛУЫ
|Қышқылдар |Аталуы |Қышқыл |Валенттілігі |R аталуы |
| | |қалдығы (R) | | |
|HNO3 |Азот қышқылы |NO3 |І |Нитрат |
|H2SO4 |Күкірт қышқылы |SO4 |ІІ |Сульфат |
|H2CO3 |Көмір қышқылы |CO3 |ІІ |Карбонат |
|H3PO4 |Фосфор қышқылы |PO4 |ІІІ |Фосфат |
|HCl |Хлорсутек |Cl |І |Хлорид |
|H2S |Күкіртсутек |S |ІІ |Судьфид |
|HBr |Бромсутек |Br |І |Бромид |

ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
| Бірнегізді |Екінегізді |Үшнегізді |
|HNO3 HCl |H2SO4 H2S |H3PO4 |
|Оттекті |Оттексіз |
|HNO3 H2SO4 H3PO4|H3PO4 H2S |
| |HBr |

ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ АТАЛУЫ
|Қышқылдар |Аталуы |Қышқыл |Валенттілігі |R аталуы |
| | |қалдығы (R) | | |
|HNO3 |Азот қышқылы |NO3 |І |Нитрат |
|H2SO4 |Күкірт қышқылы |SO4 |ІІ |Сульфат |
|H2CO3 |Көмір қышқылы |CO3 |ІІ |Карбонат |
|H3PO4 |Фосфор қышқылы |PO4 |ІІІ |Фосфат |
|HCl |Хлорсутек |Cl |І |Хлорид |
|H2S |Күкіртсутек |S |ІІ |Судьфид |
|HBr |Бромсутек |Br |І |Бромид |

ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
| Бірнегізді |Екінегізді |Үшнегізді |
|HNO3 HCl |H2SO4 H2S |H3PO4 |
|Оттекті |Оттексіз |
|HNO3 H2SO4 H3PO4|H3PO4 H2S |
| |HBr |

Ұқсас жұмыстар
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Негіздер жай заттар
Негіздер, қасиеттері, жіктелу, алынуы
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Химиялық реакция бағыты
Қышқылдардың химиялық қасиеттері, алынуы және жіктелуі тақырыбын қорытындылау
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Қышқылдардың жіктелуі , алынуы химиялық қасиеттері
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері жайлы ақпарат
Қышқылдардың жіктелуі. алынуы. химиялық қасиеттері, қолданылуы
Пәндер