Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Қанша? неше? нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер


Бәйдібек ауданы. Шақпақ ауылы.
Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Есмурзаева Қызбала

Сабақтың тақырыбы: Қанша? Неше?нешінші сұрағына жауап беретін сөздер.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға қанша? Неше? Нешінші? сұрақтары

заттың санын білдіретінін дұрыс игертіп,түсінік беру.Сұрақтарды дұрыс қоя
білуге,оларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.сан есім туралы білімдерін
пысықтау.

Дамытушылық: Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.Оқушыны
ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.Сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Қасиетті адамдардың құдіретіне деген сенімдерін ояту.Атақты үш
би туралы түсінік беріп,халқымыздың бірлігі,ынтымағы жайлы
әңгімелеу.Халқын,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,топтың жұмысы.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: Ж ұмбақтар,мақалдар,тірек сызбалар,сөзжұмбақ. Үш бидің
суреттері
.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
.Ана тілім – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармы
Тіліме кім тағар мін – деп сабағымызды бастаймыз.

-Балалар өткен сабақта қандай ұлы,қасиетті адаммен таныстық?
-Ұлы ананың аты кім?
-«Домалақ ана» өлеңін айтып жіберейік.
-Домалақ анаға арналған кесене қай жерде?

Тірек – сызбамен жұмыс.
Біз қандай сөз таптарымен таныстық?Сөз таптарын топтастыру арқылы олардың
ережесін сұрау.

Сөз жұмбақты шешу.

1. ҚР тұңғыш президенті.
2. Тұңғыш қазақ ғарышкері.
3. Қасиетті тағам.
4. Тұңғыш олимпиада чемпионы.(Бокстан)
5. Төрт- түлік атауы.
6. Туыстық атауы.
7. Жыл мезгілі.

| | | | | | |
| | | |
| | | | | | |
| | | | |
| | | |
| | | | | | |

Оқулықпен жұмыс.

136-жаттығу. Берілген сандарды сөзбен жазу. Екі таңбалы сандардың жазылуын
есте сақта.
Он бір, он екі, он үш, он төрт.

137-жаттығу. Сұрақтарға жауап беру. 1. Атың кім? 2. Неше жастасың? 3. Қай
сыныпта оқисың?

Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.

138-жаттығу. Көп нүктенің орнына апта күндерін жазу.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып
Біз бір демалайық.

«Үш би» туралы түсінік беру.(Слайдтан көрсету).
«Үш би» өлеңінің авторы Н.Оразалин жайлы түсінік беру.
Жалпы «би» ұғымы жайлы мағлұмат беру. Ертеде елді билер
басқарғанын,түрлі дау-дамайларды ақылмен,шешен сөздерімен шешіп
берген.Елінің қорғаны болған,елінің панасы болған атақты үш би
Төле,Қазыбек,Әйтеке жайлы өлеңді тізбектей,мәнерлеп оқыту.

Топпен жұмыс жүргізу.
1. топ. Жұмбақты шешу.
Екі аяқты,бір ізді,
Адам мініп жүргізді.

Неше сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызу

2. топ. Мақал-мәтелдерден қанша? неше? сұрағына жауап беретін сөздерді
табу.

1.
а) Бесік баласы бес түлейді.
ә)Жеті рет өлшеп,бір рет кес.
б) Ханда қырық кісінің ақылы бар.
в) Ел құлағы елу.

3. топ. Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңіндегі «5 асыл іс» деген не?атап
бер.

Сергіту сәті.
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға,солға бұрылып
Егеменді ел көрдік.

«Ойлан, тап» ойыны.
1. ... торғай. 2. Лақ ... .
... көйлек. Ағаш ... .
... ұшақ. Жаңбыр ... .
3. ... мөңіреді.
... ұшты.
... секірді.

Семантикалық карта.
|Сөздер |Не? |Неғылды? |Қандай? |Қанша? |
|Жылқы | | | | |
|Кісінеді | | | | |
|Қызыл | | | | |
|Алты | | | | |

Кім « санамақ» өлеңдер айтып береді?

Тірек – сызба арқылы сөз таптарын пысықтау. Заттың атын атау.
Сан есімнің ережесін қайталау.

Бүгінгі тақырыбымызға байланысты қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап
беретін сөздерді табу.

Сабақты қорыту. Сұрақ-жауап арқылы қорыту.

Үйге тапсырма: Үш би.

Оқушы білімін мадақтау.

-----------------------
Зат есім

Етістік

Сөз таптары

Сын есім

Сан есім

[pic]

Не?

Қандай?

Неше?

[pic]

Не?

Қандай?

Неғылды?

Неше?


Ұқсас жұмыстар
Сан есім жайлы ақпарат ( 3 – сынып )
Тиісті сөзді тап
Қазір сағат қанша
Сан есім. 3 сынып
Зат есімді тап
Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда
Домалақ ана.Заттың санын білдіретін сөздер
Етістіктің сұрақтары
Сөз таптары жайлы
Тоқымқағар дегенді қалай түсінесің
Пәндер