Файл қосу

Қайталау Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы Қазақ хандығына саяхат

Сабақ жоспары
Сынып: 7-8
Күні: 23.04.
Сабақтың №: 45
Сабақтың тақырыбы: Қайталау: Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы
«Қазақ хандығына саяхат»
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ хандарының шығу тегін, Қазақстандағы хандардың мақсатын, ұстаған
бағытын түсіндіру.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту
3. Оқушылардың өз Отаның сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ, сабақ- саяхат
Әдіс- тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ- жауап, проблемалық сұрақтар, кесте,
сызба, карталермен жұмыс, жұптық жұмыс, көріністер көрсету.
Көрнекілігі: интерактив тақта, плакат, хандар суреттері, сызбалар, карта,
карточкалар.
Сабақтың барысы:
Эпиграф
Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес.
Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен, кемелді ісімен
өлшенеді.
Мұрат Иман Жапар

Бүгін біз сендермен «Қазақ хандығы жеріне» саяхатқа шығамыз,атақты
хандарының істерімен танысамыз. Әр ғылымға кілт- сұрақ белгісі болады.
Бізге да ең біріншіден Қазақ хандығының қақпасын ашу керек /кілт
көрсетіледі/.
Осындаң сұрақ: Биыл 2011ж Қазақ хандығына неше жыл? / 555/
Көз алдымда көсіледі
Білім мінген көк дүниенің шапқаны
Тарих- ұлтымыздың мақтаны!
Ойынның өзіне жақсы білгені,
Бізге жақсы- тапқаны!
Бірге ашайық біздің
«Қазақ хандығының» қақпаны!
? Қазақ хандығының атақты хандары кімдер?

Саяхатқа шығу үшін билет керек, билеттердің артында терминдер жазылған,
олардың мағыналарын түсіндіру керексіңдер.
1. Мауараннахр
2. Шаңырақ
3. Сығанақ
4. Ұлы Жібек Жолы
5. Би
6. Алаш
7. Қожа Ахмет Йассауи
8. Шұбат
9. Сәукеле
Қандай маршрутпен жүреміз, тақтада жазылып тұр.№№№№№№№№№№№№

Әр оқушының алдында бағалау парақтары жатыр, дұрыс жауап үшін ұпайларды
қоясыңдар. Сабақтың соңында парақтарды жинап, бағаларды коямын.

І. «Сандар сөйледі»- әр тарихшы жылдар мен статистикалық мәліметтерді білу
керек. Тақтада жылдар мен сандар. Әр дұрыс жауап үшін 5 ұ.
| | | |
|1465-1466ж|1 млн |1582- 1598 |
| | | |
|200 мың |1680-1715жж |1643ж |

ІІ. «Картамен жұмыс»: Дұрыс жауап- 5ұ
1. Қазақ хандығының алғашқы территориясы қандай? /Шу- Талас /
2. Әбілқайыр хандығы қайда орналысқан? /Дешты- Қыпшақ/
3. Есен бұға қай елдің билеушісі? /Моғолстан/
4. Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес ел қандай
хандық? /Сібір хандығы/
5. Елшілер Семен Мальцев және Третьяк Чебуков қай елден келді? /Орыс
мемлекеті/
ІІІ. Сәйкестендіру тест: Әр оқушының алдында парақ қағаз: 1 дұрыс жауап-

|№ |Тапсырма |Дұрыс жауап |Қате жауаптар тізімі |
| | |тізімі | |
|1 |Қазақ хандығының алғашқы хандары | |1. Есім, Тұрсын |
|2 |«Қатаған қырғыны» | |2. Қасым, Есім |
|3 |Билер | |3. Керей, Жәнібек |
|4 |Заңдар жазды | |4. Тәуке, Жәңгір |
|5 |Жоңғарлармен күресті | |5. Төле, Қазыбек |

***** Көрермендермен ойын:
Тақтада не бейнеленген?

IV. Сөздерді ретімен қойып қой: тақтада сөздер жазылып тұр. Дұрыс жауап- 5ұ

1. «Жеті Жарғы» «Есім ханның ескі жолы» «Қасым ханның қасқа жолы »
2. Керей, Хақназар, Тәуекел
3. Орбұлақ шайқасы, Қарақұм құрылтайы, Қазақ хандығы құрылды

V. Көрініс
Қазақта үш би болған ел қалаған.
Ауызына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке үшеуінен сөз тараған.
? Қандай атақты билерді білеміз? Қай хан кезінде өмір сүрді?
Көрініс көрсету.

VI. «Орнына қой». Жұптық жұмыс. 1 дұрыс жауап- 1ұ

Керей мен Жәнібек ...... хандығынан бөлініп кетеді. Моғолстан ханы
..........Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға
Моғолстанның батыс аймағы- .......... мен ........ аралығын береді.
.........ж қазақ хандығы құрылды.

VII. «Суретпен жұмыс»
І қатар
ІІ қатар
«Қатаған қырғыны»
«Орбұлақ шайқасы»
Әр суретте қандай оқиға бейнеленген? Әңгімелеп беріңдер.

***** Көрермендермен ойын:
Тақтада кімдер?
VIII. «Замандастар»: Дұрыс жауап- 5ұ. Портреттерді көрсету
1. Жәнібек ханымен
А. Қасым Ә. Керей Б. Тәуке
В. Хақназар
2. Хақназар ханымен
А. Тәуеукел Ә. Жәңгір Б. Мұхаммед Шайбани В. ІІ
Абдаллах
3. Тәуке ханымен
А. Иван Грозный Ә. І Петр Б. Анна Иоановна В.
ІІ Екатерина

IX. «Сұрақ бізден- жауап сізден»- сұрақтар қойылады, келесі әріптерден
-жауап осы әріптен басталады. Бір дұрыс жауап үшін 5 ұ
| | | |
|Т |Б |Қ |
| | | |
|Ә |Е |Х |

Т- Тәуке хан кезіндегі Қазақ хандығынын астанасы
Б- өзбек ханы, Хақназар және Тәуекелмен күрескен
Қ- Орта жүздің биі
Ә- Мұхаммед Шайбани қай ханның немересі
Е- Тәуекелдің інісі
Х- Қазақ мемлекетінде билеушінің лауазымы

Х. «Ассоциациялар»- әр сөзге байланысты сөздерді жазыңдар. Әр жауапқа 5ұ
1. «Жеті Жарғы»- .........., ............, ........... .
2. Қазақ хандығының құрылуы- ..........., ...............,...............
.
3. Хақназардың саясаты- .........., ............, ........... .

***** Көрермендермен ойын:
Би деген адам- ол қандай адам бола алады?

ХІ. «Сәулет өнері»- суретте қандай ескерткіштер мен қалалар бейнеленген?

Қорытынды жасау:
Бүгінгі сабақта: Біз не білдік.... Неге үйрендік.....Не ұнады...... Тағы
білгім келеді....
Ү/ж: параграф 13, 179- 184бет, даталарды жаттау.
Бағалау.
Мауараннахр

--------------------------------------------------------------------------
---------------------------
Шаңырақ

--------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------
Сығанақ

--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------
Ұлы Жібек Жолы
--------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------

Би

--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------

Алаш
--------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------

Қожа Ахмет Йассауи

--------------------------------------------------------------------------
------------------------------------

Шұбат

--------------------------------------------------------------------------
-----------------------------------
Сәукеле

Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ хандығы
Қазақ хандығына саяхат
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Қазақ хандығының ыдырай бастауы
Қазақстан тарихынан тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Тарих хақназар хан
Мұхтар шаханов "отырар дастаны"
Орал облысы
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Пәндер