Файл қосу

Ғылым мен білімнің дамуы туралы

Павлодар облысы
Май ауданы,Кеңтүбек ауылы
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп
тарих пәнінің мұғалімі
Алина Макпал Кокешовна
Сыныбы: 7
Пән: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Х-ХІІ ғасырлардағы даму себептерін, артына өшпес із қалдырған
ғұлама ғалымдармен оқушыларды таныстырып, олардың еңбектерінің тарихи
маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау
қабілетін арттыру, ойын еркін жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру.
Рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге,
адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Қолданылатын әдістер: Сұрақ- жауап, оқулықпен жұмыс, ауызша әңгіме,топтық
жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р картасы, әл- Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни,
Қожа Ахмет Яссауидің портреттері, ребус, тірек- сызбалар.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан дайындау.
Әр елдің сәлем беру салтымен амандасу.
Мысалы: 1. Қазақша сәлем беру салты (қол алысу).
2. Италиандықтардың сәлемдесу дәстүрі (төс қағысу).
3. Зимбабедегі сәлемдесу салты (арқасынан қағу).
ІІ. Сабақтың тақырыбын ребустар шешу арқылы анықтау.
ІІІ. Сабақтың мақсатын анықтау.
ІҮ. Оқушыларды топқа бөлу: 1- топ. «Отырар»
2- топ. «Сайрам»
3- топ. «Түркістан»
Ү. Сабақ жоспарымен таныстыру:
1. Ғылымның дамуы
2. Тіл білімінің дамуы
3. Әдебиет
ҮІ. Мұғалім сөзі: Сабаққа жалпылама шолу жасау.
Х- ХІІ ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, Оңтүстік Қазақстанда ислам
дінінің қанат жаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал
етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлдене түсті.
Осы ғасырларда ғылым, білім, әдебиет даму үстінде болды. Ғылым саласына
тоқталатын болсақ, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесін қосқан, екінші
Аристотель атанған - Әбу- Насыр әл - Фараби.Әл- Фарабидің бүгінгі күнде
математика, логика, философия ғылымдарына арналған 150- ге жуық еңбегі
бар.Тіл білімінің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Х ғасырға дейін
түркі тілдес халықтарының бірнеше қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарын бастан
кешіруі тілдің дамуына кедергі болды. Ал, бұл ғасырлардағы тіл білімінің
дамуына үлесін қоқан ғалымдар: М. Қашқари, Ж. Баласағұн. Кесте арқылы
түсіндіру.
Үшінші мәселеге келетін болсақ, жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің
бірі, көзі тірісінде – ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деген
атқа ие болған әйгілі ақын- Ахмет Иүгнекиді айуға болады. «Ақиқат сыйы»
атты дастанында халықты инабатты болуға, әділеттілікке, білімді болуға,
жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға шақырады.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тапсырмалар үлестіру.
Тапсырмасы: Оқулық мәтіні бойынша
1. «Отырар» тобы - Әбу Насыр әл- Фарабидің ғалымдық жолына тірек- сызба
жасау;
2. «Түркістан» тобы – Қожа Ахмет Яссауидің әдебиет саласындағы қосқан
үлесі бойынша тірек – сызба жасау.
3. «Сайрам» тобы – Ж.Баласағұнның еңбек жолы бойынша тірек – сызба құру.
ҮІІІ. Ақын шығармаларынан үзінді оқып, талдау.
Мәселен: М.Қашқаридің «Диуани луғат ат- түріктен» үзінді оқу.
Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліктен» үзіндіні талдау.
А. Иүгнекидің «Ақиқат сыйынан» үзінді оқу.
Оқушыларға мәнерлеп оқытып, ақын шығармаларындағы негізгі айтар ойын
анықтау, өз ойларын ортаға салу.
ІХ. Сабақты бекіту. Сәйкестендіру тестін алу.
1
|1 |Махмұд Қашқари |а |Диуани хикмет |
|2 |Қожа Ахмет Яссауи |ә |Ақиқат сыйы |
|3 |Ахмет Иүгнеки |б |Ғылымдардың шығуы |
|4 |әл- Фараби |в |Түркі тілдерінің сөздігі |

2.
|1. |Ж.Баласағұн |а |Қашқар |
|2. |Әл- Фараби |ә |Сайрам |
|3 |Қожа Ахмет Яссауи |б |Отырар |
|4 |М.Қашқари |в |Баласағұн |

3.
|1 |Екінші Аритотелі атанған |а |Махмұд Қашқари |
| |шығыстың аса көрнекті ғалымы | | |
|2. |Ислам дінінің сопылық бағытын |ә |әл- Фараби |
| |насихаттаушы Йасылық ақын | | |
|3 |Ахмет Яссауидің шәкірті,ел |б |Қожа Ахмет Яссауи |
| |ішінде Хакім ата атанған ақын | | |
|4. |Түркі тілдерінің сөздігін |в |Сүлеймен Бақырғани |
| |жасаған тіл білімінің көрнекті| | |
| |өкілі | | |

Х. Сабақты қорытындылау
Тақырыпқа қатысты және қатысты емес сөздерді оқи отырып, ішіне, сыртына
кестесін толтыру. Ішіне бағанына сабаққа қатысты сөздер, ал қатысты емес
сөздер сыртына бағанына толтырылады.

|Ішіне |Сыртына |
|Түркістан, |ислам |
|Түрік тілдерінің сөздігі |тотем |
|Сайрам |отқа табыну |
|Бағдат |мешіт |
|Хакім ата | |
|Ақиқат сыйы | |

Топтың аталу себебін сұрау, өз ойларын білу.
ХІ. Сабақты бағалау. Бағалау парағын пайдалану.
ХІІ. Үйге тапсырма: §20 1. Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
2. «Хакім ата» тақырыбына реферат дайындау.

Сәйкестендіру тесті.

|1 |Махмұд Қашқари |а |Диуани хикмет |
|2 |Қожа Ахмет Яссауи |ә |Ақиқат сыйы |
|3 |Ахмет Иүгнеки |б |Ғылымдардың шығуы |
|4 |әл- Фараби |в |Түркі тілдерінің сөздігі |

2.
|1. |Ж.Баласағұн |а |Қашқар |
|2. |Әл- Фараби |ә |Сайрам |
|3 |Қожа Ахмет Яссауи |б |Отырар |
|4 |М.Қашқари |в |Баласағұн |

3.
|1 |Екінші Аритотелі атанған |а |Махмұд Қашқари |
| |шығыстың аса көрнекті ғалымы | | |
|2. |Ислам дінінің сопылық бағытын |ә |әл- Фараби |
| |насихаттаушы Йасылық ақын | | |
|3 |Ахмет Яссауидің шәкірті,ел |б |Қожа Ахмет Яссауи |
| |ішінде Хакім ата атанған ақын | | |
|4. |Түркі тілдерінің сөздігін |в |Сүлеймен Бақырғани |
| |жасаған тіл білімінің көрнекті| | |
| |өкілі | | |

Бағалану критериилері: 10-12 – «5»
8-9 - «4»
8- ден төмен – «3»

|№ |Оқушының аты- жөні |Өзін- өзі |Топтың |Мұғалімнің |Қорытынды |
| | |бағалауы |бағалауы |бағалауы |баға |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |

|№ |Оқушының аты- жөні |Тест |Топтың |Мұғалімнің |Қорытынды |
| | |бағасы |бағалауы |бағалауы |баға |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |

|№ |Оқушының аты- жөні |Өзін - өзі |Топтың |Мұғалімнің |Қорытынды |
| | |бағалауы |бағалауы |бағалауы |баға |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |

Махмұд Қашқари

«Диуани луғат ат- түрік»

Ел бұзылды байлық қуып, мал жиған,
Күшігіндей өліксіге қонжиған.
Қоралы қой табын түйе,жылқыны
Жинап сауып, тоқ жүреді құлқыны.

Сақтайды жұрт малын жемей қаржылап,
Сараң алтын жия бере зар жылап.
Түыс емес, малдың қамын жасады.
Жақыныменен иттей ырылдасады.

Алланы алдап, байлығы үшін қу жанның
Баласын да буындырар туғанның.
Дана сөзі:
Білім сіңір бойына,
Ескі сөзден
Ес кіреді ойыңа.

Жүсіп Баласағұн
«Құтадғу білік»

Тумысы ізгі тек жақсылықтан төгеді,
Одан халқы тек шапағат көреді.
Тумысынан ессіз қанат қақтырмас,
Жаһанға да, жұртқа да опа таптырмас.

Мұны меңзер айтқан түрік мысалын,
Естіп, біліп,көкейіне ұстағын:
«Ақ сүтпенен бірге сіңген жақсылық
Айнымайды алғанша ажал қапсырып.

Ет- сүйектен бірге біткен қылығың
Өзгермейді салғанша ажал құрығын.
Іште біткен қылық парыз мойнына,
Бірге кетер қара жердің қойныңа!»

Ахмет Иүгнеки
«Ақиқат сыйы»

«Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп өтер.
Білдірер білім елге білім сырын
Білімсіз білімді аттап, бөсіп өтер»

«Сөз есепсіз - тіліңді тый, тарта ұста,
Тыймаған тіл басына сор әр тұста.
Есепті сөз – ер сөзінің асылы,
Мылжыңды тіл «жау» деп ұқ тартыста»

Х-ХІ ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлесін қосқан ғалымдар

|Аты- жөні |Еңбектері |Не айтылатыны |
|Махмұд Қашқари |«Диуани луғат ат- түрік»|Түрік дәуірінде өмір |
| | |сүрген түрік тайпалары |
| | |сөздерінің жинағы. |
| | |Тіл тарихы, түрік |
| | |мекендерінің |
| | |атауы,тарихы, |
| | |этнографиясы, ауыз |
| | |әдебиеті туралы |
| | |мағлұматтар. |
|Жүсіп Баласұни |«Құтадғу білік» |Түркі тілдес халықтардың|
| | |қоғамдық - саяси |
| | |өмірі,әдет-ғұрпынан |
| | |мағлұмат |
| | |береді.Философия, |
| | |астрономия салалары |
| | |қамтылған. |

Әдебиеттің дамуы

|Аты- жөні |Еңбектері |Не айтылатыны |
|Ахмет Иүгнеки |«Ақиқат сыйы» |Дастан түрік тілінде |
| | |жазылған. Халықты инабатты |
| | |болуға, адал өмір сүруге |
| | |арамдықтан аулақ болуға |
| | |шақырады.Дастанның ақыл- |
| | |кеңес тәрбиелік мәні зор |
|Әли ақын |«Жүсіп- Зылиқа» |Махаббаттағы адалдық |
| | |жырлайтын |
| | |діни сарындағы поэма. |
|Қожа Ахмет Яссауи |«Даналық кітабы» |Бұл еңбекте адамды |
| | |даналыққа, адалдыққа, |
| | |имандылыққа шақырады.Аллаға|
| | |адал болуға баулиды, дін |
| | |жолында таза болуға |
| | |үгіттейді. |

Ұқсас жұмыстар
Ғылым мен білімнің дамуы. 7 класс
Ғылым мен білім
Ғылым мен білімнің дамуы
7-сынып, V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін
Орта ғасыр тарихы
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Туризм теориясының заманауи философиясы
Бунақденелілер қайда кездесетін жәндіктер
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
Пәндер