Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Әжелер сайысы туралы
Әжелер сайысы
Мақсаты: Оқушыларды әжесін сыйлауға, аналарды құрметтеуге
тәрбиелеу. Оқушылардың бойына адами
қасиеттерді
сіңіру.
Көрнекіліктері: Суреттер, нақыл сөздер, оқушылар
шығармашылығынан көрме.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың зейінін тұрақтандыру.
Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен-саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге.
Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже.
«Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже.
Олай болса қадірменді қауым әжелердің ақ тілегі тойға жиналған көпшілік
үшін тәбәрік деп ойлаймын. Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп
тілек айтамын.
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен.
2 «а» сыныбында өткізілгелі отырған «Әжелер сайысын» бастауға рұқсат
етіңіздер.
Біздің бұл сайысымыз наурыз мерекесі қарсаңында өткелі отыр. Сондықтан
осында отырған барша әжелерді, аналарды, ұстаздарды Наурыз мерекесімен
құттықтаймыз.
Енді сіздерді бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған әжелермен
таныстыруға рұқсат етіңіздер.
№ 1 Дамиғаш әже немересі Альмирамен
№ 2 Нағима әже немересі Әлішермен
№ 3 Бақыт әже немересі Айнұрмен
№ 4 Злила әже немересі Мейірманмен
Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ
бағасаын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек. Әділ қазылар
алқасына 3 кісі ұсынылып отыр.
Олар: Сыныптың ата-аналар кеңесінің төрайымы Бижанова Бақытгүл
Сыныптағы Әнуардың әжесі Қымбат әже
Томиристің атасы Темір ата
Біздің сайысымыз ІV кезеңнен тұрады.
І кезең. «Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер».
(таныстыру).
ІІ кезең. «Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын»
(әжелер жүн түтіп, шүйкелейді немересі дайын оюдан өрнек
құрастырады).
ІІІ кезең. «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» деп аталады ( әжелер мақал-
мәтелдер айтады, немересі тиым сөздер айтады).
ІV кезең. «Әжелердің жеңсік тағамы-ай» деп аталады (қазақтың ұлттық
тағамдары туралы айту,немересі көктем көрінісін салу).
Ендеше І сайысымызды бастаймыз.
І кезең. «Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер» дегендей сөз кезегі әжелерге
беріледі.
Әжелермен немересі өздерін таныстырады. Әділ қазылар
алқасы бағасын бергенше ән жолдау.
Әннің аты: «Әже» Орындайтын Жанат, Айнұр
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнер әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда дегендей біздің ІІ кезеңіміз
«Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» деп аталады.
Әжелер жүн түтіп, шүйкелейді ,құрақ көрпешелерін көрсетеді. Немересі дайын
оюдан өрнек құрастырады.
ІІІ кезең. Қазақ халқының үлгі, тәрбие құралдарының бірі – тиым сөздер,
мақал –мәтелдер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен, жат
пиғылдан орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырады. Олай болса біздің
келесі кезеңіміз.
«Халық тәләм-тәрбие бастауы» деп аталады әжелеріміз мақал-
мәтелдер айтады, немересі өздері білетін тиым сөздер айтады.
Әжем менің,жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман-есен жүр әжем.
Мейірман,Нұрберген «Ақ әжем» әнін орындайды.
Тентек болсам,ашылып,
Жақсы іс қылсам,асырып,
Маған сақтап жүреді,
Тәттісінде жасырып.
ІV кезең. «Әжелердің жеңсік тағамы-ай» деп аталады.
Мұнда әжелер өздері дайындап келген қазақтың ұлттық тағамы жайлы айтып
түсіндіреді. Немерелері көктем жайлы сурет салады.
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол биік құзар шың.
Немере үшін кеуде керіп мақтанып,
Немере үшін биіктен де құларсың.
– дей отырып бүгінгі сайысымыз да мәреге жетті. Бүгінгі сайысқа қатысқан
барша әжелеріміз өздерінің үлгі-өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсетті
деп есептеймін. Енді сайыс қортындысын шыққанша бүлдіршіндерге кезек
берейік.
«Анашым» әні орындайтын Диас.
«Әкем» әнім орындайтын Айдана.
«Анаға сәлем» орындайтын бір топ оқушылар.
Көне көз әжелеріміздің бүлдіршіндерге арналған лебізін тыңдайық (1 әжеге
тілек айтқызу).
Сайыс қортындысын тыңдау. Әжелерді құттықтау (сөз беру).
Әжелерді марапаттау.
Әже мерейі күн көзімен пара-пар,
Тұла бойға қуат беріп таралар.
Өмірімізге шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңыз,ақ ниетті әжелер, – дей отырып бүгінгі сайысымызға қатысқан
аяулы асыл әжелерімізге көп рахмет айтамыз. Сіздердің үлгі-өнегелеріңізді
өскелең ұрпақ жалғастырады деп айтуға болады.
Сіздерге көп-көп рахмет!
Қартаймай балаларыңыздың ортасында жүре беріңіздер!
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№ 2 мектеп-гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі Әліпбекова Жұмагүл.
Сіздердің басылымдарыңыздың оқырманымын. Басылым бетіне жарық көрген
материалдарды үнемі оқып отырамын. Білім саласында қызмет еткеніме 34 жыл
болды. Сыныбымда өткізген «Әжелер сайысы» сынып сағатымды сіздерге жіберіп
отырмын. Жариялауларыңызды өтініп сұраймын. Газеттің 4-ші бетіне
жарияласаңыздар да болады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz