Дауыссыз дыбыстардың түрлері жайлы

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен дауыссыз дыбыс туралы

білімдерін қорытып, игерген білімдерін толықтыру,

оның түрлері туралы жаңа білім қалыптастыру,

сөздерді талдау, сауатты жазуға төселдіру, ой-

өрістерін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін

дамыту, құстарға қамқорлық жасауға, оларды аялауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, тест,

шығармашылық

Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, әдебиеттік оқу

Көрнекілігі: тест, электронды оқулық, грамматикалық,

дидактикалық ойындар, интерактивті тақта, бағалау

картасы.

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Өткен материалды еске түсіру:

Тест жұмысы ( интерактивті тақтада жазулы )

  1. У дыбысы жуан айтылған сөзді тап:

а) таулар ә) уәде б) әуе

2. У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:

а) бауырсақ ә) жауынгер б) қуыршақ

3. Алдынан ү дыбысы естілетін сөз:

а) қарау ә) тігу б) санау

4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой:

. . . т, к . . . ім, т . . . ын

а) й ә) у б) и

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап:

а) алм- а ә) ақ- қу б) а- ст- ық

Жауаптары интерактивті тақтаға шығады, оқушы көршісін бағалап, бағалау картасындағы « үй тапсырмасы » деген бағанға тиісті бағасын қояды.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

« Дыбыстар патшалығы» ертегісін айту

Әлдеқандай патшалықта емес, әлдеқандай мемлекетте емес, тура өзіңнің аузыңның ішінде дыбыстар тұрып жатыр. Ал олардың үйлері, міне, қандай әдемі ( аузыңды көрсетші, аша ғой, қане) . Үйдің төбесі бар ( тіліңді тигізіп көр, өзіңнің үйіңнің төбесін ізде, таптың ба?) . Еден дегеніміз-төменгі таңдай, есік - еріндер. Есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар да бар( тістерін көрсетсін) .

Бәрі жақсы болар ма еді, қайтер еді, бірақ үй ішіне бір айдаһар кіріп орнығып алды( тілдің ұшын қимылдатыңыз) .

. . . Сөйтіп, ол өзінің зұлымдық істерін жасай бастады. Кей дыбыстарды ол емін- еркін өткізіп жіберді, міне, былай, менен кейін қайталаңдар: [а], [ә], [о], [ы ], [и] . . . Бұл дыбыстар еріннен, яғни есіктен еркін өтіп жатты және олардың киіп алған мынадай қызыл көйлектері бар еді( оқушылар қызыл текшені көрсетеді) . Ал басқа дыбыстардың жолына айдаһар түрлі кедергілер тұрғызады немесе есікті жауып қояды [м-м-м], ал [т] дыбысын төбеге итеріп, жасырып қояды. Айдаһар дыбыстарды біресе ысылдап шырылдауға [ш], пысқырынуға [ф], ысқыруға [с] , қырылдауға [х] мәжбүр етеді. Біресе дыбыстарды құйрығымен ұрады [р] ( айтып көріндерші, тіл діріл қағып тұр ма?) . Сондықтан бұл дыбыстар ауыздан емін - еркін шыға алмайды, олар мынадай көк көйлек киіп алған.

Бүгін біз осы көк көйлекті дыбыстар туралы айтпақпыз, сонымен, тілдің түрлі кедергілеріне ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Дауыссыз дыбыстар 3 үлкен топқа бөлінеді. (тақтаға дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері туралы кесте ілінеді, сол арқылы сабақты түсіндіремін. )

Оқулықтағы ережені оқыту.

Оқулықпен жұмыс :

1-жаттығу ( өз бетімен жұмыс)

« Артық сөз »ойыны . Сөздерді көшіріп жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сыз.

Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.

Артық сөзді тап.

2-жаттығу( интерактивті тақтада жазулы тұрады)

1-2 оқушыға оқыту

Қою жазумен берілген сөздердегі дауыссыз дыбыстарды топтап жаз (орындарынан) .

Балапан, жасайды, тұрғызады.

Қатаң: п, с, т.

Ұяң: б, ж, д, ғ, з.

Үнді: л, н, й, р.

Деңгейлік тапсырмалар. Ой толғау

- Қай дыбыс екі топқа да ортақ? ( У )

У дыбысы дауыссыз болатын сөздер жаз.

Тура оқысақ та, кері оқысақ та бір сөз болатын 4 сөз жазу. Осы сөздердегі дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

Әрбір сөзі бірдей дыбыстан басталатын сөйлем құрастыру.

Ж ж ж ж .

Б б б б .

С с с с .

Сергіту сәті

Бір, екі, үш Бойға жинап күш

Әдемі етіп жазамыз Күнде бестік аламыз.

3-жаттығуды ауызша оқыту

-Аққу, қанат, суық сөздеріне дыбыстық талдау жасату

- Күзгі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу:

Күн салқындап, шөп қурап, құстардың жемі азая бастайды. Бұрынғыдай айналада қаптап жүрген шыбын- шіркей, құрт- құмырсқалар да көріне қоймайды. Жемнің азаюы- құстардың жылы жаққа қайтуының басты себебі. Біртіндеп құстар топтала бастайды. Соңынан лек- легімен жылы жаққа қайта бастағаны байқалады. Алдымен ұсақ бунақденелілерді қорек ететін құстар қайтады. Бұлардан кейін өсімдіктердің жемістерін, тұқымдарын қорек ететін құстар қайтады. Су құстары- үйрек, қаз, тырна, аққулар барлығынан кейін, су салқындап қатысымен қайта бастайды. Жыл мезгіліне байланысты қоныс аударатын құстарды жыл құстары деп атайды.

- Қарлығаш, қараторғай, көкек туралы оқушыға қысқаша әңгімелету. (интерактивті тақтада осы құстардың суреттері көрсетіліп тұрады )

- Құстар туралы мақалдар сұрау.


Ұқсас жұмыстар
Дауыссыз дыбыстар, түрлері
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
Дауыссыз дыбыстардың емлесі
Дауыссыз дыбыстар
Оқушыларға сабақты түсіндіру
Сатылай кешенді талдау – тілдік материалды оқушыларға ғылыми негізде менгертудің бір жолы
Ойын кезеңдері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері(аралас сабақ – 45 минут)
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
2-сыныпта өткенді қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz