ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы.әкімшілік-аумақтық реформалар

Тақырыбы: ХІХ ғ 80-90 жылдарындағы. әкімшілік-аумақтық реформалар
Мақсаты: а) ХІХ ғ 80- 90 жж. патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік
реформаларының мәні мен мақсаты және өзгерістер барысы туралы
мағлұмат беру
ә) XIX ғ бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір - бірімен
байланысын, ерекшеліктерін айыра білу арқылы оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамыту
б) Реформалардың отаршылдық мазмұнын айта отырып оқушыларды
отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: сын тұрғыдан ойлау технологиясы элементтерімен, электронды тестілеу
Көрнекілігі: слайд, карта, кесте.
Пән аралық байланыс: география
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ресей неліктен Қазақстанды Қытаймен саудада транзиттік аумақ ретінде
пайдаланды?
2. 1881 ж. Петербург келлісіміне дейінгі Қытай-Ресей саудасының даму жағдайын
баяндаңдар?
3. Қытаймен саудада басты роль атқарған қалалар ?
4. 1881ж. Петербург келісімі бойынша Ресей мен Қытай саудасының Қазақстанға
тигізген әсерін сипаттаңдар?
Электрондық тестілеу - (10 сұрақ - 1 сұраққа-15 сек. )
3. Жаңа сабақ барысы
ХІХ ғ 80-90 жж. реформаның мақсаты - ХІХ ғ 60 жылдары жасалған реформаларды заңдастыру болды.
1886 ж 2 маусым «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы» ереже
1891 ж 25 наурыз «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ереже қабылданды. Оған ІІІ Александр патша қол қойды.
Топтық жұмыс (кесте, корточка)
- 1867-68 жж ереже бойынша Қазақ жері 3 генерал-губернаторлықтан тұрған еді. Басқару ісін одан әрі оңтайландыру үшін 1886 жылғы ереже бойынша Түркістан өлкесінде үш облыс құрылды: Сырдария, Ферғана, Самарқан. Өлкенің басқару орталығы - Ташкент қаласы болды.
1891 ж ережеге сәйкес бұрынғы Батыс Сібір және Орынбор генерал-губернаторлықтары Дала генерал-губернаторлығына бірікті. Оған Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстары кірді. Орталығы - Омбы қаласы болды. Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына қосылды.
- 1891 жылғы ереже бойынша сот істері өзгертулерге ұшырады. 17 баптан тұратын бұл жаңа заң, негізінен Ресейдегі үстем тап өкілдерінің және Қазақстандағы отарлаушы әкімшілік пен ақсүектердің мүддесін қорғады
Ол бойынша:
а) Бітістіруші сот -облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады.
ә) Соттардың төтенше сьезі -уездік, болыстық тұрғындарға қатысты
мәселелерді шешті.
б) «Халық-соты» -мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны
болды. Бұл арқылы Қазақстанда бұрынғы билер соты жойылды.
3) Ереженің отаршылдық белгісі ашық түрде көрінді.
Ереженің 119 бабында : «Игерілген және игерілмеген жерлер де Ресей мемлекетінің меншігі» деп жарияланды.
137 бапқа сәйкес көшпелі халықтық әрбір шаңырағы 4 сомнан ақшалай салық төлеуге міндетті болды. Шаңырақ санағы 3 жылда 1 рет жүргізілуге тиіс болды. Бұл мал шаруашылығына нұсқан келтірді. Артылған жерлер қоныс аударушыларға бөлініп берілді.
1867-1868 жж. реформа бойынша қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді
1886-1891 жылдардағы рефоманың нәтижесі:
1) ХІХ ғ 20 жылдарында басталған ережелердің заңды жалғасы болды;
2) Басқару жүйесіне жаңашылдық енгізудің соңы болды;
3) Қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды;
4) Қазақстан Ресейдің түпкілікті және ажырамас отарына айналды.
Сергіту сәті: Орнымызда тұрайық,
Қолды белгеқояйық
Алға қарай бір адым 2
Артқа қарайбір адым 2
Жоғары-төмен қарайық
Орнымызды табайық.
4. Бекіту кезеңі:
1 топ. 1822-24 жж. «Ереже» мен 1886-1891 жылдардағы «Ережелердің» басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.
2 топ. 1867-1868 жж. «Ереже» мен 1886-1891 жж. «Ережелердің» басты ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар?
3 топ. Бүгінгі сабақ бойынша «Ережедегі» негізгі өзгерістерді кесте түрінде бейнелеп, түсіңдіріңдер?
5. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.
сұрақтарды орындау.
Семантикалық карта толтыру.
Сот өзгерістері
Шаңырақ салығы
облыс
округ
ауыл
3 сатыл басқару
2 ген. -губ.
3 ген. - губ.
5 сатылы басқару
болыс
уезд
Дистанциялық басқару
Хандық билікті жою
Халық санағы
6. Бағалау кезеңі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz