Қарахан мемлекеті жайлы

Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым министрлігі
Алпамыс батыр атындағы
№40 мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Пән мұғалімі: Аульбаева Раиса Оразбайқызы
Шымкент 2012 ж.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті
Сабақтың мақсаты : а) Білімділік
Оқушылардың орта ғасырдағы Қазақстан жерінде
феодалдық қатынастардың дамуымен және қазақ
жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекет - қарахан
мемлекетінің тарихымен таныстыру;
б) Дамытушылық
Оқушыларға Қарахан мемлекетінің Қазақ
мемлекетінің бастау бұлағы екенін түсінідіру;
в) Тәрбиелік
Оқушыларды елін, жерін, отанын сүйюге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Карта, тірек-сызбалар, хронологиялық кестелер, термин сөдер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру кезеңі
А) сәлемдесу, түгелдеу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау сәтінде төмендегі әдісті қолдандым.
І кезең «Жорға» сайысы
Оқушылардан үй тапсырмасын бекіту барысында сұраққа жауап береді
- Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (552-603 жж)
- Түрік мемлекетінің негізін салушы қаған? (Бумын қаған)
- Түрік қағандығының негізгі құрамына қандай тайпалар енген?
(Теле немесе тирек тайпалары)
- Түріктердің жоғарғы билеушілерін кім деп атады? (Қаған)
- Мұқан қағаннан кейін қандай қаған билік етті? (Тобо қаған)
- Түрік қағандығы қашан екіге бөлінді? (603 ж)
- Батыс Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (603-704 жж)
- Батыс Түрік қағанатын алғашында кім басқарды? (Тардуш қаған)
- Батыс Түрік қағанатының астанасы қай қала болды? (Суяб)
- батыс Түрік қағанатының саяси билігі кімдердің кезінде күшейе түсті? (Шегу мен Тон қаған)
- Үмлік қаған қай жылы қытайлармен күресте жеңіске жетті? (704)
- Түрік халқының даңқты қолбасшысы кім? (Мұқан қаған)
- Түргеш қағанаты қай жылдары өмір сүрді? (704-756 жж)
- Түргеш қағанатының астанасы? (Суяб)
- Түргештер туралы алғашқы деректер қай жазбаларда кездеседі? (Күлтегін ескерткіштері мен Қытай деректерінде)
- Түргештердің кіші ордасы қай қала болды? (Іле бойындағы Күңгіт қаласында)
- Түргеш қағанаты неше әкімшіліктен тұрды? (20 әкімшілік)
- Сұлу қаған қай жылдары билік еткен? (715-738)
- Соғдылар қай тілдес халық? (иран тілдес)
- Қарлұқ қағанаты қай жылдары өмір сүрген? (756-940)
ІІІ кезең. Жаңа сабақ
Жоспар
- Кіріспе
- Қарахан мемелекетінің құрылуы
- Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы
- Қарахан мемлекетінің мәдени-шаруашылық өмірі
- Кіріспе
Балалар біз өткен сабақтарда отандық тарихтың елеулі кезеңдерінің бірі - Қазақстан жеріндегі түрік мемлекетінің тарихын оқып үйренудеміз.
- Қарахан мемлекетінің құрылуы
Балалар орта ғасырдағы Қазақстан тарихы жалпы неше кезеңге
бөлінген еді? (үш кезең)
- Қазақстан тарихының ерте орта ғасырлық кезеңі (VI-IX ғ)
- Қазақстанның дамыған орта ғасырлық кезеңі (Х-ХІV ғ)
- Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі (ХV-ХVІІ ғ)
Яғни, өткен тараудағы ерте орта ғасырда қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттер тарихының жалғасы, Қазақстан жеріндегі жаңа кезең-орта ғасырдағы дамыған мемлекеттер дәуірі. Бұл дәуірдің ерекшелігі, оның Қазақстан тарихында алатын орны ерекше.
Х ғасырдың ортасында Жетісу жері мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті құрылды. Қарахан әулетінің атына байланысты осылай аталған. Мемлекеттің негізін Сатұқ Боғрахан (915-955) қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғрахан, саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Оғұлмақты жеңеді. Тараз бен Қашғарды бағындырады. 942 жылы Баласағұнның билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды.
Аңыз бойынша, Сатұқ Боғраханның үстіне көктен түскен, тұла бойынан нұр шашқан ақ сақалды, ақ шашты кісі еніп, оған түркі тілінде «Ислам дінін қабылда, сен бұл дүние және бұдан кейінгі дүниеде мұратыңа жетесің( дедйі. Сатұқ ислам дінін қабылдауға ниет қылады. Діни уағыз бен қылышына қатар сүйене отырып, Қашқаридан сырға дейінгі халықты ислам кіргізеді.
Сөйтіп Қарлұқ қағанаты ыдырап, оның орнына бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті құрылады.
Мемлекеттің құрылуындағы басты рөлді атқарған қарлұқ тайпасы. Құрамына кірген тайпалар: жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, т. б. түркі тайпалары.
Негізгі билеушілері яғма тайпасынан шығып отырған. Хандардың Арслан хан, Боғахан атаулары жікіл тайпасының тотемі - «арстан», яғма тайпасының тотемі «бура» болуына байланысты болған.
3. Қарахан мемлекетінің саяси жағдайын мына кесте бойынша түсіндіремін.
Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы
Х ғасырдың
11 жартысы
ХІ ғасырдың
40 жылдары
4. Мемлекеттің жер иелену тәртібі
Міне балалар, Қаразан мемлекеті Түрік мемлекетіне қарағанда басқару жағынан болсын, экономикалық жағынан болсын, қоғамдық құрылысы дамыған мемлекет.
5. Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланды.
Шығыс Батыс
IV кезең СӨЗЖҰМБАҚ
«Қарахан»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz