Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Сын есім 2-сынып
Сын есім
2-сынып
Г.А. Аушахманова
Бастауыш сынып мұғалімі
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі.
Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: сын есім туралы алған білім-дерін тиянақтау, пысықтау.
дамытушылық: есте сақтау зейіндерін, байқағыштық қабілеттерін арттыру.
тәрбиелік: сауатты, таза, әдемі жазуға төселдіру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, ізденушілік, салыстыру,
логика-лық
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың типі: жүйелеу, жинақтау
Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жеке дара
Көрнекі-құрал: қима-қағаздар, тест, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Әдемі сөз білесің бе?» ойыны.
Мақсаты: Сын есімдерді қолданып, бір-біріне қандай екенін айтады.
Мысалы, Сен ең әдемісің, сұлусың, ақыл-дысың, өнерлісің, сабырлысың,
шыдам-дысың, төзімдісің, шыншылсың, көңілді-сің, үлкенсің, жігерлі, алғыр,
қайсарлы, мықты, т.б.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4-жаттығу. 220-бет. Не істейді, қайтеді? деген сұрақтарға жауап беретін
сөздердің бірнешеуін қойып жазу.
ІІІ. Өткен материалды хабарлау, пысықтау.
Кім жылдам? Кестені толтырады.
|түсі |түрі |Көлемі |
|Ақ |әдемі |Кең |
|қара |қисық көз |Тар |
|сары | |жуан |
|өлшемі |Дәмі |сапасы |
|Ұзын |Тәтті |Ақылды |
|Аласа |Ащы |өнерлі |
|Зәулім |қышқыл |мықты |
- Бүгін біз қандай тақырыпты
есімізге түсіреміз?
- Сын есім туралы не білеміз?
- Ол қандай сұрақтарға жауап бе-реді.
2.Мына сөздерден сын есім жасауға бола ма?
-Ол үшін не істеуіміз керек?
Біл, тап, жүз, өнер, ақыл, білім, т.б.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
1. 1-жаттығу. (ауызша) Өлеңді дауыс ыр-ғағын сақтап оқыту. Сын есімдерді
тапқы-зу. Сын есімдер қандай сөзбен байланысып тұрғанын айту, дәлелдеу.
2. 3-жаттығу. (жазбаша) Мәтінді оқыту. Мазмұнын сұрау. Мәтіннен сын
есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жазғызу. (сын есімдерді ажырата білу)
Үлкендер дұрыс істеді ме? Осындай жағдай сенің басыңнан өтсе, сен не істер
едің?
Сергіту сәті.
3. І топ. Дыбыстық талдау.
«Қоңыр»
ІІ топ. Мына мәтінді сөз таптарына талдаңдар. (ауызша) «Қозы»
Қыс. Әжем үйге жаңа туған қозыны алып кірді. Қара қой өзінен айнымай
қал-ған төбесі ақ қошақан туыпты.
-Қорада тоңып қалыпты, бойын жы-лытсын,- деді әжесі.
Інім қозыны қызықтап жанында бі-раз отырды.
- Тырбиған неме, қашан мал болады екен, -деді әжем кейін.
- Ой, әже ол мал емес, үлкейгенде қой болады ғой,- деді інім. Әжем
күлді.
4. Терме диктант (Сын есімдерді теріп жазу)
Мақал-мәтелдер
1) Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
2) Кекшіл болма,
Көпшіл бол.
3) Өнерлі адам өрге озар,
Өнерсіз адам жер соғар.
4) Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
5) Еңбексіз өмір
Сөнген көмір.
Қатемен жұмыс
Дұрыс жауаптарын тексеру.
Әдепті, әдепсіз, кекшіл, көпшіл, өнерлі, өнерсіз, білекті, білімді,
еңбексіз.
Ү. Бекіту. Тест арқылы білімдерін тексеру.
1.Сын есімнің сұрақтарын тап.
а) қандай? Қай?
б) не істеді?
в) қайтті?
г) кім? не?
2.Сын есім нені білдіреді?
а) заттың санын
б) заттың түрін, түсін, сапасын
в) заттың атын
г) заттың қимылын, іс-әрекетін
3.Сын есімді көрсет.
а) қалың
б) киім
в) көрпе
г) биле
4.Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) аппақ
б) алты
в) келді
г) оқушы
5.Биік сөзіне қарсы мағыналы сын есімді тап.
а) ыстық
б) жуас
в) аласа
г) зәулім
6.Мәтінді көрсет.
а) Оқушы отырды.
б) Оқушы отырды. Машина жүрді.
в) Балалар баққа келді. Бұта түбінен қоян-ды көрді. Олар қоянды ұстап алмақ
болды. Қоян зып берді.
7.Түбір мен қосымшаға жазылған реттік сан есімді тап.
а) сексен б) оныншы в) он екі
8. Алпыс қандай сұрақ қойылады?
а) нешінші?
б) неше?
в) қай?
9.Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.
а) жеті
б) жетінші
в) жетпіс жеті
10.- ыншы жұрнағы қай сөзге лайықты?
а) алты б)елу в) сегіз г) тоғыз
Тест жауаптары
1. а
2. б
3. а
4. а
5. в
6. в
7. б
8. б
9. б
10. г
ҮІ. Бағалау. Жұп бір-бірін бағалайды.
Ү. Үй тапсырмасы.
«Досымның портреті» сын есімдер-ді қолданып шағын мінездеме және обра-
зын жазу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz