Тіл – күретамыр

Аяпбергенова Асем Сайранқызы
«Парасат» мектеп - лицейі
Қызылжар ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ұрпақ қамы - қай халықты болмасын ойландыратын ауқымды да күрделі мәселе, сондықтан да тарихымызда бұл жайт бойынша дүниежүзілік ой пікірдің дамуына дәлел боларлық мол мұра жинақталған. Айтарлық, хакас халқының «Ағаш қурамай тұрғанда оны ие біл, ал жас баланы жас кезінде тәрбиелей біл», татар халқының «шыбық кезінде сынбаған, таяқ кезінде сынбайды», қазақ халқының «тәрбие тал бесіктен басталады» деген тұжырымды ойларыосының айғағы емес пе?
Жаңа ғасырдағыҚазақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі ұрпақ десек, оларды жан - жақты уақыт талабына сай білімді, мәдениетті, интеллектуалдыазамат етіп тәрбиелеуден бұрын басты назарда тұрған өз елінің патриоты етіп шығару әр ұстаздың алдындағы зор міндет екені айтпаса да түсінікті.
Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі - сапалы білім берумен қатар жан - жақты дамыған, өмірге араласа алатын, терең ойланып, ойын жүзеге асыра алатын, және ең негізгісі өз елінің патриоты болатын тұлға қалыптастыру. Осы мақсатта назарларыңызға жаңаша сабақ үлгісін ұсынып отырмын.
Сот сабағының тақырыбы: «Тіл - күретамыр»
Сабақтың мақсаты : Ана тілін қадірлеу, өз тілін құрметтеу және басқа тілдерді де меңгеріп, өз елінің тілін сүйген патриот болуға жетелеу .
Сабақтың міндеттері:
- Ана тілі - өмірдің тұтқасыана тілі - мемлекеттік тілана тілі - ар -ожданана тілі - намыс көкжиегіана тілі - қадір - қасиетана тілі - тарих шежіресіана тілі - салт - санамызана тілі - баба тіліана тілі - арыстарымыз аңсаған тілана тілі - тәуелсіздік тұғыры екенін жүрек түкпірлеріне ұялату.
Кейіпкерлер:
- Сот : Тасболатов Азамат.
- Сот өкілдері: Шәмшұқан Нұрланұлы;
Жанар Оразылқызы;
- Қорғаушы: Аскандирова Аягөз
- Айыптаушы: Темірғалиева Мадина.
- Айыпталушы: Қожеғалдин Абай
Сералиев Бекболат.
- Куәгерлер: Көршісі: Сарымсақова Эльмира
Сыныптасы:Азимханова Мөлдір
Құсаинов Қазыбек.
Турмуратова Сания
Сыздыкова Назира
Дауенов Ардақ
Кабиев Жарасқан
Қазақ тілі мен әдебит пәні мұғалімі: Аяпбергенова Асем Сайранқызының сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті қаны қазақ, жаны қазақ ағайын!
Елбасы Н. Назарбаевтың «Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік . . . Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елге технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі елдер бізбен санасады. Бұл ойдың түпкі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетін кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу» деп атап көрсеткен. Сондықтан мемлекеттік тілді білу - өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Сот сабағы» іс - шарасына қош келіпсіздер.
Полиция қызметкері: Тұрыңдар! Сот келеді!
Сот:
Бүгін, 2010 жылдың қыркүйек айының 23-і күні, 9- сынып оқушысы, Сералиев Бекболатты өз ана тілін шұбарлап, таза сөйлемегені үшін «Тіл жанашырлар штабы» жарғысының 6 бабына сәйкес айып тағылады.
Сот процесін мен, Тасболатов Азамат жүргіземін.
Сот өкілдері:
- Қызылжар ауданының «Нұр Отан» саяси партиясының төрағасы: Бердағұлов Арман Сағатұлы
- «Парасат» мектеп - лицейінің директорының м. а. : Шәмшұқан Нұрланұлы
- «Парасат» мектеп - лицейінің ағылшын пәні мұғалімі:Жанар Оразалықызы
Қорғаушы: Аскандирова Аягөз
Айыптаушы: Темірғалиева Мадина
Соттың хатшысы: Молдағұлова Назира.
Азаматтың сөзі: Алғашқы сөз айыптаушы, Темірғалиева Мадинаға беріледі.
Айыптаушы: Құрметті, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін Бескөл ауылында тұратын, «Парасат» мектеп- лицейінің оқушысы Сералиев Бекболаттың үстінен ана тілін шұбарлағаны үшін іс қозғалады. Сералиев Бекболат Бескөл ауылында қазақ отбасында дүниеге келе отыра бір емес, бірнеше мәрте орысша сөйлеп тұрған жерінен ұсталған. Тіл - қазақтың ары да, бары да дей отыра, өз арын таптады деген айып тағылып, «Тіл жанашырлар штабы» жарғысының 6 бабы бойынша мектеп би кештерінен аластату секілді ең ауыр жазаға тартуды ұсынамын.
Сөзімнің айғағы ретінде бірінші куәгерді ортаға шақыруға рұқсат етіңіз.
Сот: Рұқсат, Сарымсақова Эльмираны шақырыңыз.
(Полиция қызметкері залға куәгерді шақырады. )
Полиция қызметкері: Куәгер Сарымсақова Эльмира кіріңіз.
Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Кайда, қашан тудыңыз, тұрасыз. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.
Куәгер: Мен, Сарымсақова Эльмира . . .
Сот: Айыптаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.
Айыптаушы: Эльмира ханым, айыпталушы туралы, не білесіз, бәрін жасырмай айта беріңіз.
Куәгер: Сералиев Бекболат көршісімін. Осы ауылға көшіп келгелі көп болған жоқ. Дегенмен осы уақыттан бері оның үнемі не орысша, немесе қазақшаға орыс тілін қосып сөйлейтінін көремін. Мен оған ескерту жасағанмен құлақ аспайды. «Тілін білмеген - түбін білмейді» дейді ғой қазақ. Бекболат сияқта адамдар күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады. Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше Бекболаттай адамдардың проблемасы - халықтық проблема! Біздің қазақ тілі - мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу - азаматтығымыздың ең шынайы түрі.
Сот: қорғаушы ханым куәгерге сұрағыңыз бар ма?
Қорғаушы: Қазіргі кезде Бекболат тұрмақ қазақшаға жетік заңгерлердің өзі қазақша заңнамалық актілерін оқымайды. Бұл үшін оларға кінә қоюға болмайды. Өйткені, қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің біразы түсініксіз жазылған. Орысша оқысақ түсініктірек, қолдануға жеңіл. Қазақша мәтіндердің осындай хәлі ұлттық намысқа тиеді, мемлекеттің мәдениетімізге нұсқан тигізеді.
Осы орайда келесі куәгерімізді шақыруға рұқсат етіңіз.
Сот: Рұқсат, Әзімханова Мөлдірді шақырыңыз.
(Полиция қызметкері залға куәгерді шақырады. )
Полиция қызметкері: Куәгер Әзімханова Мөлдір кіріңіз.
Сот: куәгер, Әзімханова Мөлдір, өзіңізді таныстырып кетіңіз. Кайда тудыңыз, тұрасыз. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.
Куәгер: Мен, Ә. М . . .
Сот: Қорғаушы сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.
Қорғаушы: Мөлдір ханым, осы жағдай туралы, не білесіз, бізге баршындықты айтып берсеңіз.
Куәгер : Мен өзім Бекболатты 1-сыныптан бері білемін. Оған тағылған айыппен келіспеймін. Себебі, сабаққа қатысты ізденіс жұмысы барысында, ең алдымен, Конститутцияның өзінде тілге қатысты талаптар сақталмағанын байқадым. Мысалы: 15-бапта өлім жазасын орысшада «искючительная мера» десе, қазақшада «ең ауыр жаза» делінген. Дұрысы «айрықша жаза». 19- бап 1-ші тармағында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы» орысшадан «немесе» деп аударылатын сөзді «және» деп қате аударған. Міне, Ата заңымызда осындай қате кетіп жатқанда Бекболаттан не сұрайсыздар?!
Сот: 2 жақ куәгерге сұрағыңыз бар ма?
-жоқ.
Айыптаушы: Осы ретте К. Паустовскийдің «Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап оның мәдени дәрежесі ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады. Өз Отанына деген махабат өз ана тіліне деген шынайы махаббатсыз болу мүмкін емес», деген сөздері еске түседі. . Ендеше, Бекболаттың бұл қылығы өз елінің патриоты емес дегенмен тең!
Қорғаушы: Келіспеймін! Еліміздің мүддесін жоғары қойып, дамуына елбасымен бірге атсалысып жүрген талай патриот шенеулік ағайларымыз, жоғары лауазымды адамдардың көбі іскерлі болғанымен өзі ана тіліне шорқақ. Сондықтан сіздің сөзіңіздің жаны жоқ, менің қорғалушымды Патриот емес деу қате. Жоғарғы мәртебелім бұл айыптаумен келіспеймін.
Айыптаушы: Бекболаттың тірлігі сонау қазақ халқы пайда болғаннан бері еркіндігі мен тілі үшін шырылдаған халықтың сүйегіне таңба.
Сөзімнің айғағы ретінде, ортаға келесі куәгерді шақыруға рұқсат етіңіздер
Сот: Рұқсат, Сыздықова Назираны шақырыңыз.
( Полиция қызметкері: залға куәгерді шақырады. )
Полиция қызметкері: Куәгер Сыздықова Назира кіріңіз.
Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Кайда тудыңыз, тұрасыз. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.
Куәгер: Мен, С. Н . . .
Сот: Айыптаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.
Айыптаушы: Өз көрген - білгендеріңіз болса жасырмай айта беріңіз
Куәгер: мен, Сыздықова Назира.
Тіл мерекесі аясында тіл тазалығын бақылайтын оқушылардың арасындағы құрылған «тіл жанашарлары штабының» мүшесімін. Сөзімді мына өлең жолдарымен басанды жөн көремін.
Тәуелсіздік - ел тірегі аңсаған,
Құрбан болды осы жолда қанша адам.
Тәуелсіз ел - Қазақстан кең байтақ,
Әлемге атын жырмен шашам, шаршаман.
Өтті ғасыр, қаншажылдар азапты,
Тұншықтырып жоймақ болған қазақты.
Күреспенен қол жеткізген жастарым,
Тәуелсіздік бақытының таңы атты.
Содан бері жылдар өтті арада,
Енді өзгеріс қоғамға да, санаға.
Мен өзім штап мүшесі ретінде Бекболатты осы қылмысы үстінде талай мәрте ұстаған едім. Желтоқсанның ызғарына ұшыраған, намысын ту етіп ұстаған жастардың ерлігі далаға кеткен бе? Сералиев Бекболат секілді оқушылар бабаларымыздың асыл армандарын, ісін жалғастырмай ма?! Ал бұлардың ісі мынау.
Қазақ - дана халық. Оған «Қатты айтсаң, қарындасыңа жақпайсың, Ақырын айтсаң, ақылың кетеді» деген тәмсілмен жауап беруге болады. Тіл мәселесі де осы тәрізді. Біздер үйреншікті сүрлеуден шыға алмай, күні бүгінге еренсіздігімізден сүйретіліп жүрген жайымыз бар. Шұрайлы тілдің шырайын кетіретіндер де өзіміз.
Сот: қорғаушы ханым куәгерге сұрағыңыз бар ма?
Қорғаушы : Сұрағым жоқ, дегенмен тіл дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр дейді, бірақ үйренушілерге қояр талап бар ма, болса қандай деңгейде?! Осы сөзімді жалғастыруға келесі куәгер Турмуратова Сания күту бөлмесінде кезегін тосып отыр. Жоғарғы мәртебелім, рұқсат етсеңіз.
Сот: Рұқсат, Турмуратова санияны шақырыңыз.
(Күзетші залға куәгерді шақырады. )
Күзетші: Куәгер Турмуратова Сания кіріңіз.
Сот : Өзіңізді таныстырып кетсеңіз. Кайда, қашан тудыңыз, тұрасыз. Қайда оқисыз, нешінші сыныпта.
Куәгер: Мен, Т. С . . .
Сот: қорғаушы, сіздің куәгеріңіз, сұрағыңызды қоя беріңіз.
Қорғаушы: Осы іс жайлы не білесіз, айта беріңіз
Куәгер : Біздің қазіргі жағдаймыз мектепке барғысы келмеген, оқығысы келмеген алты - жеті жастағы сотқарлау баласына «балам, саған барлық жағдайды жасап қойдым, оқуға баршы, егер жақсы оқысаң, күнде бес алсаң саған ананы аып беремін, мынаны алып беремін» деген ата - ананың кейіпіне ұқсайды. Қызметкерлер мемлекеттік тілді оқыту курсынан өтеді де, сертификатын үйіне апарып қойып, одан әрі жұмысын орыс тілінде жалғастыра береді. Қазақ тілін үйрендің, енді құжатты мемлекеттік тілде жүргізуге міндеттеп жатқан үкімет жоқ. Егер мемлекеттік қызметкерлер, осындай қылық көрсетсе, Бекболатта қандай жазық.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz