Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Әдептен озбайық. Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету
Айтыбаева Айжан Ғадылбекқызы
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
ШҚО, Семей қаласы, «№32 ЖОББМ» ММ
Өзін-өзі тану пәні бойынша 6 сыныпта өткен ашық сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың
әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
✓ оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
✓ оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
✓ оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Мұғалім: «Балалар, бүгін тағы да көпшілік қауыммен танысуға,
мейірімділік, ізгілікті бөлісуге мүмкіндік туып тұр. Әрқайсысың өз
есімдеріңді айтып, есімдеріңнің бас әрпіне сай келетін өз бойларындағы
жағымды қасиеттерді атайсыңдар, біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Ал,
іске сәт, бастайық, балалар».
Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да, әр бала өз есімін айтып, есімінің
бас әрпіне (мысалы: Абзал – адал, Дархан – дарынды, Ғазиз – ғибратты, Ардақ
– ақылды, т.с.с.) жағымды, (сын есім болу керек) сөз айтып, басқа
сыныптастарына да осындай жақсы қасиетті тілейді.
Әңгімелесу
Мұғалім төмендегі сұрақтар негізінде әңгімелесу жүргізеді.
1. Адамның әдептілігін қалай білуге болады?
2. «Әдептілік – әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер?
Мәтінмен жұмыс
Төменде берілген өлеңдегі негізгі идеяны немесе түйінді сөздерді
оқушыларға тапқызып, мағынасын талдау.
Көшеде
М. Мақатаев
Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың?
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті Ананның!
Жалған-ай!
Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен.
Қасиетін халқының сыйламайды
Атасының дәстүрін күзетпеген.
Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
Сұрақ-жауап
1. Өлеңді оқығанда қандай ойда, сезімде болдыңдар?
2. Ақын адамдар арасындағы қандай қарым-қатынасты көрсеткісі келген?
3. Ізеттілік, ілтипат, сыпайылық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті
Көңілді ән ойналып оқушылар слайдта көрсетілген «Көз жаттығуы» бойынша
жаттығулар орнындайды.
Тапсырма
Оқулықта берілген бұл тапсырманың мақсаты оқушылардың логикалық ойлаудың
негізгі әдістерін (салыстыру, талдау, жинақтау, абстракциялау, нақтылай)
пайдалана отырып, оқушылардың ізденуін ұйымдастыру.
Нақыл сөзді оқып, негізгі ойын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып,
қорытынды жасаңдар.
Ізгі мінез, түзу құлық болғанда,
Пайда түгел екі бірдей жалғанда.
Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші,
Үшеуімен ел көгерер (түсінші!)
Биязыны халық сүйіп, ұғады.
Ісі түзу кісі төрге шығады.
Ж. Баласағұни
Тапсырманы талқылау, оқушылардың ойларын тыңдау.
Түйіндеме
Мұғалім сабақ бойы өткен материалдарды жинақтап, жүйелеп, оқушылардың
назарын «Назар аударайық» ақпаратына аударып, талқылатады.
Үйге тапсырма
10-сабақта берілген «менің түйгенім» тапсырмасын орындап келу.
Жүректен-жүрекке
Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге шеңберге тұрып,
А.Асылбекованың «Мен әдепті баламын» өлеңін хормен айтады.
Мен әдепті баламын
Сөзі А.Асылбековтікі
Әні И. Нүсіпбаевтікі
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Қайырмасы:
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын.
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашан да мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Қайырмасы.
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Қайырмасы.
-----------------------
мәдениеттіліктің, адамгершіліктің белгісі.
өзімен өзі және айнала қоршаған ортамен үйлесімділікте өмір сүре алуы.
Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының жалпы ережелері.
Әдептілік

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz