Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Туған қалам, Семейім

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№32 жалпы орта білім беретін мектебі» Мемлекеттік мекеме

Ашық тәрбие сағаты
«Туған қалам, Семейім!»

Өткізгендер: Айтыбаева А.Ғ., Жакипова А.М., Асенова А.О.
6 «А», 6 «Е» сыныптар.

Семей қаласы, 2011 жыл
Тәрбие сағаты: «Туған қалам, Семейім!»
(Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналған мереке)

Өткізгендер: Айтыбаева Айжан Ғадылбекқызы, Жакипова Айнаш Мерғалиқызы,
Асенова Айжан Оралшақызы, 6 «А», 6 «Е» сыныптар.

Сабақтың мақсаты: туған қаламыз Семей жайлы мағлұмат беру, болашақта туған
елімізді, тілімізді, жерімізді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әдеби-көркем монтаж.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, слайдтар, плакаттар, шарлар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерекесіне арналған «Туған қалам,
Семейім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Сондықтан тәрбие
сағатымызды еліміздің әнұранымен бастайық.
Әнұран.


6 «А» сынып оқушысы Кәріпбаева Айнұр
Туған қалам Семейім бұл көрікті,
Барша адамдар сұлулығын көріпті.
Семейімнің сұлулығын жырлайды,
Табиғаттың әсем үнін тыңдайды.
6«А» сынып оқушысы Болатбеков Қуаныш
Айналаға көз жүгіртіп қарайын,
Осынау бір әдемі өлең арнайын.
Ұлы ақын Абай атам туған жер,
Ертісімнің сұлулығы тұнған жер.
6 «Е» сынып оқушысы Балтабеков Ерасыл
Абай ата аруағы қолдаған,
Ақындары көркем әнін жолдаған.
Семейімнің барлық әсем жеріне
Көз жүгіртіп тамсанбаған жан бар ма?
6 «Е» сынып оқушысы Мамытова Махаббат
Жұлдыздар аспанынан алшақ күліп
Қарсы алар, түнде барсаң, самсап тұрып.
Семейім, сен арусың, сондықтан да
Мойныма тағам жырды моншақ қылып.

Ән: «Астана». (Орындаушы 6 «Е» сынып оқушысы Тұрысбекова Наргиз)
Көрініс: Қобыздың үні. Ата орындыққа отырады. Осы кезде немересі шығады.
Немересі: «Ата, не ойлап отырсыз?». Атасы: «Ә, балам, атан не
ойламайды дейсін? Сенің болашағынды ойлаймын, еліміздің болашағы
жайлы ойлаймын, қуанамын!!!». Немересі: «Ата, «өткен өмір» деген
сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы
ма?». Немересі: «Ата біздің қала Семей қандай болған?». Атасы:
«Енедеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін». (Қарт ойланып алысқа қарап
кетеді).

Слайд. Семей қаласының тарихы.
Жасуланова Асем: Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр І шығыс жеріне
және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды,
құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат
бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп,
бекітілді». Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда
орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы
құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жонғар қалмақтары,
бұхаралықтар, ташкенттіктер, коқандықтар келе бастады. Азиялық көпестер
сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды.
1858 жылы құрылған көлемде Семей обылысында 261487 адам болды. 1873 жылдан
Семейде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су
өткізу болды. 1906 жылы жоғары ертісте су арқылы қатынастын ресми ашылуы
болды. 1863 жылы қалада екі оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік
училище. Екі шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар
мектептер болды. Семейде 5 жылдан артық орыстын ұлы жазушысы Федр
Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды.
Осында Ф.М. Достоевский, П.П. Семенов Тянь Шанский мен Ш. Уалиханов
кездесті. Е.П. Михаэлис, Н.Долгополов және С.Гросс сияқты азаматтар
қазақтын ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевпен достық қарым қатынаста болды.
Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен
танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен
тұрмысын оқып үйренуге көмектесті.

Сол кезде жана техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да
дами бастады. 1920 жылы қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-
Аймақ» театрлық группа құрылды олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті
қайреткерлері Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұман Шанин, Жүсіпбек
Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды драммалық театр
ұйымдастырылды. Семейде Абай және Достоевский мұражайлары мен драмалық
театрлар бар.
Ән: «Жаса мәңгі Қазақстан». (Орындаушы 6 «Е» сынып оқушысы Тоқтабекова
Алида).

Отан
6 «Е» сынып оқушысы Орманбеков Қуаныш
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
6 «Е» сынып оқушысы Шанашова Аида
Отан өлсе опырылып түскенің
Күніреніп көрге бірге құларсын
Біздің Отан өліп, қайта тірілген
Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.
6 «Е» сынып оқушысы Орманбеков Ержан
Опат болған ерлер рухы оянар,
Отан деген лебіз шықса тілімнен
Отанменен аспандағы Күн егіз
Екеуінің амандығын тілеңіз

Қазақ биі. (Орындаушы 6 «А» сынып оқушысы Бекмұхаметова Шынар).



КВН. (6 «Е» сынып ұлдары).
Күй. Орындаған Құсайнова Айнұр, 6 «А» сынып оқушысы.
6 «Е» сынып оқушысы Тұрысбекова Наргиз.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған
Бәрі маған: «Семей» деп сыбырлаған
Жаным менің
Кеудемді жарып шықта
Бозторғай бол оның шырылдаған!
Семей!
Семей!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Мұғалім: Балалар бүгін «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Туған
қалам, Семейім» атты тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Семейіміз
гүлденіп, көркейе берсін. Сендерді Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық
мерейтойымен құттықтаймын. Тәуелсіздік үшін мың өліп мың тірілген қазақ елі
құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай
ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтей білейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді асқақ бола берсін. Көңіл қойып
тындаған қонақтарымыз, аяулы ұстаздар, ата-аналар, алтын уақытарынызды
бөліп келгендерініз үшін, ітипат-ниеттерініз үшін сіздерге зор алғысымызды
білдіргіміз келеді. Осымен сабағымызды әдеттегідей музыкалық қоштасумен
аяқтаймыз.
Музкалық қоштасу.

Ән: «Туған қалам, Семейім!». (Орындағандар 6 сынып оқушылары).

6 «А» сынып оқушылары

6 «Е» сынып оқушылары.

«Туған қалам, Семейім!» атты тәрбие сағатының соңы.

Ұқсас жұмыстар
Семей қаласының көріністерімен таныстыру
Қоршаған ортаның экологиялық жайсыздығы
Сәтбаев қаласы - менің қалам
Отан жүргізуші
Менің қалам
Туған жер ғажаптары
Менің электронды поштам
Орал қаласы
Сыныптың анасы
Астана. брейн ринг
Пәндер