Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі

Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары

11 сынып (68 сағат, аптасына 2 сағаттан)

Мақсаты:

  • Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.
  • Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар - сабақтарды ұйымдастырып беру.
  • Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.

Міндеттері:

  • Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.
  • Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.
  • Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.
  • Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар) .

Күтілген нәтижелер:

қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:

- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.

- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;

- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т. б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;

- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;

- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып, оны өмірде дұрыс пайдалана білу;

- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;

- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;

- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;

- электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;

- ҰБТ -ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.

Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:

  1. Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2006ж.
  2. «Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.
  3. Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.
  4. Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.
  5. Бейінді оқытуды ұйымдастыру (қолданбалы курс бағдарламасы) . Алматы 2009ж.
  6. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 8-9 сынып». Алматы 2006ж.
  7. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 10-11 сынып». Алматы 2006ж.
  8. Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар) . «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.
  9. Электронды оқулық «физика 10 сынып».
  10. В. С Волькенштейн «Жалпы физика курсының есептер жинағы». Алматы «мектеп» 1980ж.
  11. Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы».

Күнтізбелік жоспар

Тақырыбы
Сағат саны
Ұйымдастыру формасы
№:
Тақырыбы: Жылу құбылыстары
Сағат саны: 5
Ұйымдастыру формасы:
№: 1
Тақырыбы: Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Лекция
№: 2
Тақырыбы: Балқу және қатаю, меншікті балқу жылуы, Булану, қайнау, меншікті булану жылуы
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Лекция
№: 3
Тақырыбы: Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Лекция
№: 4
Тақырыбы: Жылу құбылыстарының есептері
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Есеп
№: 5
Тақырыбы: Қазақстанның жылу энергетикасы
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Оқушы рефераты
№:
Тақырыбы: Электр құбылыстары
Сағат саны: 5
Ұйымдастыру формасы:
№: 6
Тақырыбы: Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз
Сағат саны: 3
Ұйымдастыру формасы: Лекция / есеп
№: 7
Тақырыбы: Электр тізбегіне арналған есептер
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Есеп
№: 8
Тақырыбы: Жылу құбылыстары және электр бөліміне арналған тест
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Емтихан
№:
Тақырыбы: Электр - магниттік құбылыстар
Сағат саны: 2
Ұйымдастыру формасы:
№: 9
Тақырыбы: Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, электро - магниттік индукция
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Лекция
№: 10
Тақырыбы: Электр - магнитті құрастыру және оның әсерін сынау
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Зерт. жұмыс
№:
Тақырыбы: Жарық құбылыстары
Сағат саны: 2
Ұйымдастыру формасы:
№: 11
Тақырыбы: Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Лекция
№: 12
Тақырыбы: Линза көмегімен кескін алу
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Зерт. Жұмыс және есеп
№:
Тақырыбы: Қозғалыс және денелердің өзара әсері
Сағат саны: 5
Ұйымдастыру формасы:
№: 13
Тақырыбы: Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 2, 1 заңдары, масса және салмақ. Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы
Сағат саны: 3
Ұйымдастыру формасы: Лекция және есеп
№: 14
Тақырыбы: Қозғалыстарды электронды бейнелеу
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Электронды оқыту
№: 15
Тақырыбы: Электр - магнит, жарық және механика бөліміне тест
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Емтихан
№:
Тақырыбы: Тербелістермен толқындар
Сағат саны: 3
Ұйымдастыру формасы:
№: 16
Тақырыбы: Тербелістер, резонанс, эм тербелістер
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Лекция
№: 17
Тақырыбы: Маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Зерт. Жұмыс
№: 18
Тақырыбы: «Қазсәт 2» және Қазақстан ғарыш әлемінде
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Оқушы рефераты
№:
Тақырыбы: Аспан сферасы
Сағат саны: 2
Ұйымдастыру формасы:
№:
Тақырыбы: Жұлдызды аспан, жергілікті, белдеулік және бүкіл әлемдік уақыт. Кеплер заңы.
Сағат саны: 2
Ұйымдастыру формасы: Лекция және есеп
№:
Тақырыбы: Атом ядросы, ядролық энергияны пайдалану
Сағат саны: 4
Ұйымдастыру формасы:
№: 19
Тақырыбы: Фотоэффект, радиоактивтілік
Сағат саны: 3
Ұйымдастыру формасы: Есеп және лекция
№: 20
Тақырыбы: Қазақстанда атом энергиясынан пайдаланатын өндіріс орындарын құру керек пе?
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Сөз сайысы
№:
Тақырыбы: Механика
Сағат саны: 5
Ұйымдастыру формасы:
№: 21
Тақырыбы: Кинематика, динамика, сұйықтармен газдардың қозғалысы
Сағат саны: 4
Ұйымдастыру формасы: Лекция және есп
№: 22
Тақырыбы: Үйкеліс коэффицентін әр түрлі тәсілмен анықтау
Сағат саны: 1
Ұйымдастыру формасы: Зерт. Жұмыс
№:
Тақырыбы: Молекулалық физика және термодинамика
Сағат саны: 6
Ұйымдастыру формасы:
№: 23
Тақырыбы: Молекулалық - кинетикалық теория негіздері
Сағат саны: 3
Ұйымдастыру

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіл білімі лингвистика
Оқу процесінде назарбаев зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымының тәжірбесін ескеріп қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізудің өзекті мәселелері
Оқыту мақсаты
Алгоритм және программалау тілдерін оқыту әдістемесі
Пәнді тереңдетіп оқыту
Физика ғылымындағы ілгерлі эксперименттер қолданбалы курс 10 және 11 сынып
Шығармашылық жұмыстар
Физиканы оқыту әдістері
Математика пәнінен дарынды балаларды анықтау және қолдау
Бейінді оқытуды тиімді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz