Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Желтоқсан оқиғасының ақиқаты
Сабақ тақырыбы: «Желтоқсан оқиғасының ақиқаты».
Қызылорда қалалық №7 орта мектебі, сынып жетекшісі: Алпысбаева Гүлнәр
Тақырыбы: Желтоқсан оқиғасының ақиқаты.
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен желтоқсан жайлы мағлұмат жинақтай
отырып, оқиғаның маңызыдылығын, тарихта алатын орнынын анықтауға
дағдыландырып, үйрету. Желтоқсан оқиғасының аз таныс жағын ашып көрсете
білуге , оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз отанының
батырларын мақтан тұта білуге тәрбиелеу. Бірігіп еңбек етуге, топпен жұмыс
жүргізуге дағдыландыру. Оқушылардың іздену, сараптау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: көрме, фотосуреттер, мультимедиалық кешен, магнитафон,
үнтаспа
Сабақ түрі : зерттеу сабақ
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі / сыныпты топтарға алдын ала бөлу.
1- топ - тарихшылар, 2- топ- саясаткерлер, 3- топ- дәрігерлер,
4- топ -куәгерлер, 6- әдебиетшілер 7- сарапшылар . Топтар
өздеріне тиесілі тапсырмалар мен мұғалім нұсқауын алдан ала жинақтайды
Сабақ барысы
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырып кетеді.
- Құрметті оқушылар біз бүгін тарих сабағында Қазақстан мемлекетінің
тарихында үлкен орын алатын тарихи оқиғаны қарастырғалы отырымыз. Ол
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің
тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда
Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл
күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын ,
оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің
Қазақстан жерін қазақа немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап,
осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды. Міне сіздер өздеіңіз осы :
1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?
2. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны
жайлы ?
3. Қазақ жастары осы күндері қандай қианат, қиындықтар көрді ?
4. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ?
5. Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай ? -деген
сұраққа өздеріңіз тапқан жауаптарыңызды ортаға салуға шақырамын. Соныме
сөз кезегі
Тарихшылар: 1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ?
Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады . Сонымен қатар
1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК
пленум барысында Қазақстанды 40- жылдай басқарған Д.Қонаевтың орнына
Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18
минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы
хабардар болады.
Г.В. Колбин – ол кім?, қайдан келген ? деген сұрақ туындайды бұл
сұраққа жауапты- Тарихшылар Колбин Г.В. жайлы тарихи анықтама береді.
Оқушылар екі басшы Қонаев және Колбин жайлы Венн диаграммасын
құрастырады. Өз ойларын ортаға салады.
Саясаттанушылар: 2. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында
не болғаны жайлы ? жауап береді
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының
бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналуы жайлы мәліметтер береді.
Желтоқсанға қатысушылардың естеліктері оқылады.
Қосымша мағлұмат: Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы
қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фунзеден-100, Ташкенттен-
300, Челябіден-203, Новосибирскіден-203, Свердловскіден-225, Тбилисиден
450 тартылған. Жастарға өқарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс-шаралар
жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен
тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған.
Оны біз төмендегі куәгерлердің сөзінен байқаймыз.
Желтоқсан желі- әні орындалады.
Дәрігерлер: Қазақ жастары осы күндері қандай қианат, қиындықтар көрді
?
17-18 желтоқсанда Алматыда дәрігерлік көмекке жалпы: 286-адам ,213-ер,
73-әйел, 281- қазақ, 2-орыс, 1-шешен, 1-түркмен,1-армян, 86- жұмысшы, 79-
судент, 21-қызметкер, 15-оқушы, 82-анықталмағандар болса
Емханаға жатқызғандар: 83-адам 73 –ер 11-әйел 82-қазақ, 1- башқұрт, 22-
Жоғарғы оқу орнының студенттері, 12- техникум студенті,2- оқушы, 13-
қызметкер, 70- жұмысшы, 1-колхозшы, 1- жұмыссыз
Жарақат түрлері көбіне: Миы шайқалған , Қолдары немесе бармақтары
сынған, Бас сүйегі зақымданған, Ішінен жарақаттанған, Қатты ұрылған,
Қабырғалары сынған, Бел омыртқасына зақым келген, Бүкіл денесі
жарақаттанған, жағы сынған, Бет-ауызы жарақаттанаған, Терілері сыдырылған
т.б. жарақат түрлерімен көмекке келгендігі анықталды бұл мағлұматтар сол
кездегі денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы: М.Алиевтің 1986
жылғы 24 желтоқсанда берілген есебінде көрсетілген фактілер.
Осы жағдайға қарай отырып жастардың бейбіт шерулері қанды қақтығысқа
айналғандығын анықтауға болады
Желтоқсан құрбандары. Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не
болды ?
Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен
атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай,
Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертайт т.б. тоқталып
кетуге болады.
Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973-81
жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта 8-жылдық білім
алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті
бітіріп,1984-86 әскери қатарғ, алынған. Мектепте белсенді комсомол
мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жодамамен Алматы сәулет- құрылыс
институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда блейбіт шеруге
қатысады.Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және
Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбестық жасап Савитскийді өлтірді,
Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағалағылып 6- ай жүрген Бесеудің
соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:
1. Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы, 1961 туған 39 құрлыс- монтаж
басқармасының ағаш шебері - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға,
65-бап-12 жылға, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық
істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету
коллониясында өтейді.
2. ТайжұмаевЖамбылбек Қожамжарұлы 1962 жылы туған Алматы энерго-
құрылыс техникумының 3-+ курс студенті- 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы
қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң
түзету коллониясында өтейді.
3. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет-
құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-
2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең
ауыр- өлім жазасына кесілді
4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959 жылғы ,- Қазақ КСР Қылмыс
Кодексінің 60-бабы-3 жылға, 65-бап-12 жылға, 15,88 ч.1 п. В және 17, 173-1
Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-14жылға
бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.
5. Көпесбаев Ертай Тәңірбергенұлы 1966 жылығы, Алматы сәулет-құрылыс
институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2
жылға, 65-бап-4 жылға, бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету
коллониясында өтейді.
Көрнініс «Кайраттың ақтық сөзі.» « Жарайды қазақ халқы үшін мен-ақ
құрбан болайын. Бірақ, айналайын жұртым, менің адал екенімді, қандақол
еместігімді біліңдер».
Тілшілер: Желтоқсан жаңғырығы шет елдерге де жетті . Шет ел азаматтары
алаңға шығушыларға қолданған шараларға өз наразылықтарын, әсіресе 6-ай
жүрген тергеуден соң қазақ түрік баласы Қайраттың өлім жазасына кесілуі
қатты қобалжытты. Атап айтатынт болсақ: Польша, Венгрия, Чехия, Түркия,
Батыс Германиядағы түрік елі комитеттері М.С.Горбачевке өлім жазасына
кесілген қазақ студентіне кешірім беру жөнінде мәлімдеме хат жіберді.Чехия
«Харти -77 Польша-Бостандық пен бейбітшілік үшін күрес ұйымы-70 поляк
өкілдерінің қолымен үндеулерін Кеңес Одағына жолдады.
1987 жылы 28 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен
Қайратқа кесілген өлім жазасы 20 жыл бас бостандығын айырумен
ауыстырылады.
Қайраттың ақтық хаты оқылады.
Сарапшылар: Қайраттың құпия өлімі. 1987 жылы Семей қаласының
түрмесінде 21 камерада көршісі Власенконың ішк иіміне асылынып өлген. Бұл
Кешірім күтіп отырған Қайратқа ұқсамайды. Неге біз бұл жағдайды құпия өлім
деп отырмыз. Қайраттың тергеу кезінде жазған хаты мен соңғы қоштасу хатын
салыстыратын болсақ: Қайрат әр кезде 2-3 жол сайын туысқандардың жағдайын
сұраған. Өзін ақтайтындығына күмәні болмаған өмір сүйгіш Қайрат кенет
өзіне- өзі қол салған. Осы жағдайды қарастыра отырып, мынандай келеңсіз
жағдайға тоқталуға болады.:
1. Қолтаңбалары ұқсамайды.
2 Жазу стилі басқаша: хат Семейліктердің диаліктісіне ұқсақ Қайрат
болса Оңтүстік Қазақстан жігіті.
3 Власенко Қайрат соңғы хатын целофанға орап Жеп қойған десе, ал соңғы
хат таза әрі умаждалмаған болса керек.
4. Власенко өз іш киімін Қайратқа оның таза іш киімі юболмағандықтан
берген десе, Подполковник Кутько т.б қол қойған актіде Қайраттың
сөмкесінде бірнеше іш киім бар екендігі жазылған Осы жағдайдың барлығы
Қайратты кім өлтірді ? -деген сұрақ тудырады. Осы сияқты кезінде беті
ашылмаған желтоқсанға байланысты сұрақтарға жауаптар жаңадан ашылынып
жатыр. Оның бәрі қолымыз жеткен тәуелсіздігімізде.
М. Шаханов Оралу өлеңі оқылады.
Сарапшылар: Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай ?
Жалпы желтоқсандықтардың мақсаты - өз алдына демократиялық мемлекет
болмақ. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қол жеткізе алмаған тәуелсіздікке
қол жеткізу болатын. Желтоқсан оқиғасы Қазақстандықтардың есінен
кетпейтін, ауыр және қайғылы жағдайлары. Дегенмен де «Желтоқсан партиясы»
құрылып қазақ азаматтары және депутат М Шахановтың күшімен көптеген
желтоқасншылар тізімі жасалынып , мемлекет оларды ақтағандығына не жетсін.
Осыған орай мемлекетіміздің тарапынан:
1. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «1986
жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасыннда кезінде жазықсыз жазланғандарды
түгелдей ақтады.»
2. 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының жаңару күні.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы Қ.Н.Рысқұлбековке
жоғары ерекшелік белгісі- «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы
1986 жылығы желтоқсан оқиғалары кезінде Республиканың бостандығы мен
тәуелсіздігі жолында көрсеткен азаматтық ерлігі үшін Алматы сәулет-құрылыс
интитутының бұрынға студенті Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке /марқұм/
жоғары ерекшелік белгісі-«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, айрықша
ерекшелік белгісі- «Алтын жұлдыз» тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1996 жыл 9-
желтоқсан.
4. 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай Алматы қаласында –
Желтоқсаншыларға арналған ескерткіш ашылды.
Бұл желтоқсан құрбандары мен, Қайратқа көрсетілген құрметтердің тек
бастауын беру туралы. Қазіргі таңда желтоқсан құрбандарының атағына ие
болған мектеп, аудан, көше аттарын жиі кездестіруге болады. Осы
Азаматтардың атаған ақтауға ерендей еңбек қосқан М. Шаханов ағамыз
бастаған қазақ зиялыларының үлесі зор десем артық болмас.
Әдебиетшілер: Сондай- ақ қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты
қазақстандық ақын жазушылар өздерінің өлең жолдарын, әңгіме, мақаларын
арнауда. Сол 1986 жылы желтоқсаннан кейін «Қара бауыр қасқалдақ»,
«Желтоқсан желі» әндерінің жарық көрсе , қазақ жастары алаңда Шәмшінің әні
«Қазақстанымды» орындаған. Қазіргі таңды бұл ән мемлекеттік гинге айналуы
да бекерге емес. Осындай өлең жолдарын Нағашыбай Мұқатов «Қазақтың намысы
найза болса» арнаған, сондықтан сабағымызды жерлесіміздің өлеңімізбен
аяқтағанымыз жөн болады. Өлең жолдар оқылғаннан кейін: Желтоқсан
құрбандарын 1 минуттық тыныштықпен еске алынады.
Қортынды Мұғалім сабақты қортындылап, оқушыларды бағалап үйге тапсырма
беріледі. Кесте
|Сұрақтар |Ақиқат |Аңыз |
|1. Көтерілістің басталу | | |
|себебі | | |
|2. Көтеріліс сипаты | | |
|3. Желтоқсан құрбандары | | |
|4. Құрбандарға тағылған | | |
|кінә | | |
|5. Құрбандардың қазіргі | | |
|таңдағы жағдайы. | | |
Қолданылған әдиебеттер тізімі:
1. Р.Спанова Біз білетін желтоқсан А 2000ж.
2. Тарихи зерттеу: Ер намысы-екл намысы
3. 1986 желтоқсан Алматы 2-кітап, 19992
4. .1986 желтоқсан Алматы 3-кітап,1992
5.// Қазақ тарихы 1996 6
6. //Қостанай таңы 1994 17.12
7.// Қостанай таңы 2005 1512
8. //Қостанай таңы 2000 15.12
9. //Жас алаш 2005 15 желтоқсан
10. //Парасат 1991 7-8
11. //Арай 1996 11-12
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz