Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Соңғы қоңырау әзірлемесі

Соңғы қоңырау әзірлемесі
Алаңда музыка ойнайды. Фанфар.
1 жүргізуші: Қуаныш (фон)
Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, құрметті ұстаздар және мектеп оқушылары!
Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа –тұс келіп отырған
мектебіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Осыдан 20 жыл бұрын
Тәуелсіздік, еркіндік сөздерінің қаншалықты мағыналы , қаншалықты қымбат
екенін дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді
болмауды арман еткен батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп
құрбан болса, дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын
сақтады.
Жүргізуші: Әдемі Иә, сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы
болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы
арман еткен тәуелсіздіктің туын тікті.
Қуаныш
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-
дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.
Әдемі.
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.
Күй «Көргулы».
Мектебіміздің белсенді оқушысы Қасым Жәнібек озат оқушылар Чужебаева
Мадина Абдыхамитова Асел.
( Сол кезде ту ұстаған 1 ұл, 2қыз шығадыда 1 айналып келіп қақпаның
алдында тұрады.)
Қуаныш. Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын «Соңғы қоңырау»
мерекесін ашық деп жариялаймыз.
(әнұран ойналады)
Әдемі.
Салтанатты мерекемізге келіп отырған қонақтарымыз аудандық әділет
басқармасының бастығы Бралин Бакиден Маратович. Аудандық білім бөлімінің
әдіскелік кабинетінің меңгерушісі Аканова Роза Аманжоловна.
Жүргізуші: Қуаныш
20 жыл болды күн шыққалы Шығыстан,
Арайлап ат, алтын арай күміс таң
Қазақстан Ғажапстан болады,
Қазақстан –күні ертеңі Гүлстан.
Тәуелсіздік-алтын арай азат күн
Ел аңсаған, қол жеткізген ғажап күн
Мектебімнің мақтанышы бүгінде,
Түлектерді қарсы алыңдар жүрекпен.
Ж. Үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырамыз.
(Музыка ойнап тұрады. Ортаға 11 сынып оқушылары шығады, ата-аналар шашу
шашады)
Сынып жетекшісі: Усина Ботакөз Дулатовна
1. Тұрсымбаева Ақмарал
2. Айдархан Гауһар
3. Ақан Меруерт
4. Жұмашева Гулден
5. Есілбаев Ілияс
6. Бралина Ақбота
7. Жакупов Ерлан
8. Бекбергенова Айгерім
9. Мұханбедья Нұрмадия
10. Тұрғанов Бауыржан
11. Оразғали Шерхан
12. Қайроллова Таңшолпан
13. Жаңабергенов Нұрсултан
14. Шерниязова Толқын
15. Әлібеков Айтуған
16. Төленді Таңсулу
17. Мұқанова Елік
18. Нұрмағанбетова Сауле
Осы кезде 1 сынып оқушылары әзірлеген тақпақтарын айтады.
1. Диана
11 жыл бойы оқыған
Ойға білім тоқыған
Ағалар мен апалар
Орындалды ойыңыз
Құтты болсын тойыңыз.
2. Анель
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Бүгін бізде түлектер
Мектеппен қоштаспақ.
3.Асар
Қоштасып мектеппен
Барасың қол бұлғап
Құлпырсын өмірің
Бәйшешек гүлге ұқсап
Сендерден тәрбие, өнеге алатын
Артыңда біз бармыз
Ізбасар болатын.
4. Бекзат
Бұдан 11 жыл бұрын
Балабақша бардыңдар
Бармаймыз деп аналарыңнан
Талай жаза алдыңдар.
5. Бакова Диана
Жолға қарай жүгірмеңдер
Көлік қағып кетеді.
Бөкебайды жақсы байла
Суық жылдам өтеді.
6. Еркежан
Сол күндерді есіңе алшы
Көңіліміз талмайтын
Балмұздақ пен тәттіні де
Көп-көп жеуге болмайтын.
7. Ермахан
Көктем келді шешек атып
Жаз ғой оның ар жағында
Түсінеміз барлығында
Емтихан бар алдарында.
8. Аружан
Осы ордада алған білім
Мәңгі есіңнен кетпес пе
Емтиханды тапсырыңдар
Барлығыңда тек 5-ке.
9. Анель Еркимбаева
Талай сыннан өттіңіз
Кәмілетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз
ВУЗ-ға барып түсіңіз.
10. Сулейменова Диана
Үлгілі боп сіздердей
Үлкейеміз біздер де
Біз де ойшыл өнерлі
Боламыз істің шебері
Көп екен 4-5-іңіз
өмірде осылай өтіңіз.
11. Тұрлыбек Әділ
Сіздер үшін қуаныш қой
Біздер мәз боп күлеміз
Сіздер өткен осы жолмен
Біздер енді жүреміз.
12. Беков Батырхан
Мерейлі болсын күніңіз
Мектепке келіп тұрыңыз
Сағынамыз күн сайын
Кездесейік жыл сайын.
(1 сынып оқушылары 11 сыныпқа арнаған сыйлықтарын табыс етеді).
Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімнің, мейірімнің, қамқор пейілің.
Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі- мәңгілік.
Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым
деп түсінген мектебіміздің директоры Раисов Арғынбек Кукетайұлына алғашқы
құттықтау сөз кезегін береміз.
Ж-ші: Әдемі
Он бір жыл бойы мектеп өміріне атсалысып, өздерінің жақсы жақтарымен көріне
білген мектеп бітіруші түлектерге арнап, ескерткіш ретінде ленталар тағу
рәсімі мектеп директоры Раисов Арғынбек Кукетайұлына беріледі.
Меруертке
Тәрбиенің нұры ескен бойынан,
Ақындықтың барын көрем ойынан
Меруерттің болашағы ақ болсын,
Кедергілер кездеспесін жолынан.
Гауһарға
Кішкентай қыз, мінезімен көрікті,
Аллам саған көркем қылық беріпті.
Гауһар десе гауһардайын әдемі,
Ертеңіне ұстаздары сенімді.
Айтуғанға
Созылсыншы мәңгілікке бұл думан,
Халықпыз ғой өнер тауып , ән қуған.
Сегіз қырлы, бір сырлы деп айтамыз,
Мектебімде Әлібеков Айтуған.
Ақботаға
Ұзын бойлы, әдемі қыз ай дерең,
Ақылы көп, әдебінен аспаған.
Ақбота өзі тәрбиелі, әсем қыз
Ата-ананың ақ үмітін ақтаған.
Ілиясқа
Өмір сыйлар өз үлесін еселеп,
Бақыт пенен қуанышты жетелеп.
Ілястайын болашақтың маманы
Көрсетейік қане халқым қошемет.
Айгерімге
Спорт сүйер ұрпағымыз көп біздің
Бірі емес ол селтеңдеген көп қыздың
Спортшы боп Айгерімдей қызымыз
Қазақстан биік жағар жұлдызын.
Ерланға
Бақытты ғой бүгінгі күн түлегі,
Жүзінде шаттық, көздерінде нұр еді.
Ерлан деген әп-әдемі оқушы,
Өнер десе дүрсілдейді жүрегі.
Нұрсултанға
Ғылым жолын қызығумен қарайды,
Нұрсұлтанның болашағы арайлы.
Ұстаздарын сыйлап, үлкен құрметпен ,
Ал мектебін өз үйіне балайды.
Гулденге
Өзі көркем, ақылымен дара қыз,
Сүйсінумен өзіне көз саласыз.
Өнерде де, білімде де ынталы,
Жақсы біздің Гүлден деген баламыз.
Таңшолпанға
Нұр сепкендей бүкіл жұлдыз аспаннан,
Көз тігеді келешекке асқардан.
өзі сұлу, ақылы дара, кеңпейіл,
Мінезіне әдебі сай Таңшолпан.
Нұрмадияға
Ақылымен оза шапқан жарыста,
Спорттан да алда жүрген қалыспай.
Нұрмадия жігіттердің төресі.
Көркіменнен нұр шашатын алыстан.
Елікке
Білімді қыз, өзіне әркез сенетін,
Достарына әркез көмек беретін.
Елік десе өз атына сай екен
Тағдыр сыннан тайсалмастан жеңетін.
Саулеге
Кім қияды мектептегі дәуренін,
Жастық шақта шырқап салған әндерін.
Мінезіне, ақылы сай тәнтімін,
өнеріне керемет қыз Сәуленің.
Шерханға
Салмақты батырындай бұрынғының
Білімін айдай нұрлы жылы жүзін.
Шерханды біз ойлаймыз ерен күшті,
Батыры, ері деумен бүгінгінің.
Бауыржанға
Бауыржан достарының берекесі,
Жайдарлы, әрқашанда ел еркесі.
Өмірден алар орны жақсы болып,
Жайылсын көпшілікке керегесі.
Ақмаралға
Елді сүйген, әрқашан тілді сүйген,
Өнердің түрлі-түрлі жолын білген.
Ақмарал даналықпен әрқашанда
Түйінін мәселенің шеше білген.
Таңсулуға
Таңсұлу тау нұырындай шашыраған,
Өсірген ата-анасы асыл адам.
Келешекте бір маман ол да болар,
Болсыншы болашағың асыл қадам.
Толқынға
Ұмтылмас ешқашанда бала шағың,
Ойын ойнап, еркелеген дара шағың.
Ерке қыз, елім деген Толқынның да,
Жарқын болсын, мәңгілік болашағы.
Сөз кезегі ауданнан келген қонағымыз Бралин Бакиден Маратовичке беріледі.
Әдемі
2010-2011 оқу жылының қортындысы туралы мектеп басшысының бұйрығын
таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Ерғалиева Айгүл Ермұханқызына
беріледі.
Ж-ші: Қуаныш
Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан,
Жүректе ешқашан сөнбейді-дей отырып,
алғашқы рет «Мектеп», «Ұстаз», «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп, білім
нәрін берген, әріп танытып, достыққа жетелеген алғашқы ұстазы Жекебатырова
Марияш Жусуповнаны және Камалова Жазира Алимжанқызын ортаға шақырамыз.
Ж.
Тәуелсізідік- еркіндігім, елдігім,
Елім дербес, өзге елдермен тең бүгін.
Тәуелсіздік-азаттығым,арманым,
Алдағы арман, қуанышым сол менің
Тәуелсіздік тәу етемін бір саған.
Бабаларым талай ғасыр аңсаған.
Ұраны боп мәңгілікке азат күн.
Тарландары қыршын кеткен қазақтың.
Жүргізуші:
20 жыл болды тәуелсіздік толғанына,
Елімнің егеменді ел болғанына,
20 жыл мектебіміз құрылғалы
Жетістік, мақтанарлық бұл да ,сірә.
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім-бәрі осында.
Білімге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында.
«Туған жер» Алтын Зиядова
Ж-ші: Әдемі.
Алтын ұя, алтын бесік- мектебім,
Мәңгі есімде анам болып өткенің.
Парызыңды өтедің мен білемін,
Ал, қарызым саған берер көп менің.
Олай болса кезекті мектеп бітіруші түлектерге береміз.
11 сынып оқушыларының бағдарламасы
1. Тақпақтар
Ақбота:
Сенен ыстық алтын ұя таппадым,
Өзіңде өтті балғын бала шақтарым.
Қоштасамын қимастықпен мен енді,
Еске алған соң балалықтың шақтарын.
Меруерт
Балапандай бауыр басқан ұяда
Бірге өскен мектебін жан қияма
Жолдама алып болашаққа өзіңнен
Білім іздеп самғаймыз әр қияға.
Нұрмадия.
Мейірге толы мектебім
Айқара ашқан құшағын
Балапаның болып мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын.
Елік.
Бірге жүрдік 11 жыл бірге ойнадық
Бірге оқыдық 11 жыл бірге ойладық.
Келді бүгін қоштасатын кезіміз
Ақтық рет мектеп тойын тойладық
Гаухар.
Мектеп, мектеп менің жақын көңілім,
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірің
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп ана болып та көріндің.
Сәуле.
Содан бері 20 жылда асыпты,
Көңілді кең көркем кезең тасытты.
Осы жерден болашаққа жол ашып,
Талай түлек өмірге қадам басыпты!
Таңшолпан
Өміріміз өз аулаңда көктеді,
Күлімдеді көңілдің шат көктемі.
Тұрмыз енді қоштаса алмай, қия алмай
Талмас талап, арман ойдың мектебі.
Айгерім.
Мектепті досым бітіріп,
Самғатты қиял ғарышқа.
Қанаты арман құсыңның,
Апарсын сені алысқа.
Бауыржан
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі сын
Тыңшымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Таңсулу.
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды, тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен
«Ұстаздар » өлеңін айтып тұрып.
«Ұстазым» Хор.
Толқын.
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген аяулы ардақты адам.
Айтуған
Өнер сүйген түлек болып өсерміз,
Жақсылықтың желі болып есерміз.
18 түлек биыл мектеп бітірер,
Еліміздің игі істерін шешерміз!
Ақмарал
Ұстаздарға, мектебіме – ұяма,
Біз сөз айтпау адамдыққа сия ма.
Сіздер берген тәрбиемен біліммен,
Ұшып бара жатырмыз ғой қияға.
Нұрсултан
Ұстаздарым, сіздер қымбат екенсіз,
Осы сөзім шындықтардан бетер шын,
Соңғы қоңырау кеште болса айтайын,
Өкпелеткен кездер болса кешерсіз!
Гулден
Жалықпастан үйреттіңіз біздерге,
Ұстаздарым мың-мың алғыс сіздерге.
Армандадың біздер адам болса деп,
Тілек тілеп тұрасыздар біздерге!
Иляс
Сабақ білсек жадырайтың қабағың,
Әр ақылың сөздеріңдей дананың
Баршаңызға құрметпен бас иеміз,
Қадірлейміз шәкірттің қымбат адамын!
Шерхан
Сағынармыз біз сіздерді қашанда,
Қиырларға қандай алыс барсақ та.
Аман болшы ұстаздарым, мектебім,
Түлектерің қанат қақсын жан-жаққа!
Ән
Ерлан
Қош болыңдар, ұстаздарым, мектебім,
Қоштасамыз қоштасатын кез келді.
Қанат қағып қияға ұшып кетсекте,
Ұмытпаймыз ешқашанда сіздерді!
Ән Мектебім
(Пән мұғалімдеріне гүл шоғын тапсыру).
Қуаныш.
«Болашақтай» қол бұлғайды жарық күн
Өмір өзен, тағдыр жолы алыс тым
Қоштасады ақ түлектер досымен
Ең соңғы рет билеп, мектеп вальсін.
(Вальс.)
Әдемі.
Тарыдай боп келіп еңдер кеше ғана,
Таудай ұл-қыз бопсыңдар өсе дара.
11 жыл білім нәрін сусынданып,
Мектепті бітірмекші өсіп сана-дей келе 11 сынып оқушылары атынан сөз кезегі
Ақан Меруертке беріледі.
Ж-ші:Қуаныш
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенің қас-қағым.
Еңбегім жанып, күні ертең,
Көрінсін арман асқары.
Ж-ші: Әдемі
Бірге өткізген күндерін қыс-жазына,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына.
Усина Ботакөз Булатовнаны ортаға шақырайық.
Ж-ші: Қуаныш
Қандай ғажап, қарашы жан-жағына,
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда.
Ата-анадан бақытты бар ма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына.
Сөз кезегін 11 сыныптың ата-аналары атынан Меруерттің әжесі Зураш әже мен
Нұрмадияның әжесі Зейнеш әжеге беріледі.
Ж-ші: Әдемі
Сөз кезегі спорт мектебінің жаттықтырушысы----------------------------------
--
Гүлге толы омырау,
Әр түрлі әркім ойлайды.
Соғар соңғы қоңырау,
Соқтырмай өмір қоймайды,-деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу
жылының аяқталғанынан хабар беріп тұр. Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы
мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау орта мектепті бітірушілердің
алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні «Соңғы қоңырау» соғу
рәсімін
11 сыныптың озат оқушылары Бралина Ақбота мен Муқан Елікке және 1 сыныптың
озат оқушысы Алпыс Асарға беріледі.
Қуаныш:
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.
Әдемі
Қоштасады алтын ұя-мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.
Қуаныш
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің
қай түпкірінде болсаңда сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен
достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың
болсын!
Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы
демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау
болыңыздар!

Тәуелсізідік- еркіндігім, елдігім,
Елім дербес, өзге елдермен тең бүгін.
Тәуелсіздік-азаттығым,арманым,
Алдағы арман, қуанышым сол менің
Тәуелсіздік тәу етемін бір саған.
Бабаларым талай ғасыр аңсаған.
Ұраны боп мәңгілікке азат күн.
Тарландары қыршын кеткен қазақтың.
Жүргізуші:
20 жыл болды тәуелсіздік толғанына,
Елімнің егеменді ел болғанына,
20 жыл мектебіміз құрылғалы
Жетістік, мақтанарлық бұл да ,сірә.
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім-бәрі осында.
Білімге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында

Қуаныш
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің
қай түпкірінде болсаңда сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен
достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың
болсын!
Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы
демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау
болыңыздар!

2 жүргізуші: Әдемі
Бұл күн өздерінің алғашқы оқу жылын табысты аяқтап отырған 1 сыныптың
оқушылары үшін ерекше күн. Бұл күн енді бірер күннен кейін қолдарына
орталау білім алғаны туралы куәлік алатын 9 сыныптың оқушылары үшін,
әсіресе «Соңғы қоңырау» мерекесіне соңғы рет жиналып отырған 11 сынып
оқушылары үшін мәңгі есте қаларлық күн.
Қуаныш:
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,-
дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.
Ляззат.
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.
(фон ойналады) Күй «Көргулы».
Мектебіміздің белсенді оқушысы Қасым Жәнібек озат оқушылар Чужебаева
Мадина Абдыхамитова Асел.
( Сол кезде ту ұстаған 1 ұл, 2қыз шығадыда 1 айналып келіп қақпаның
алдында тұрады.)
Қуаныш. Оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын «Соңғы қоңырау»
мерекесін ашық деп жариялаймыз.
(әнұран ойналады)
Әдемі.
Салтанатты мерекемізге келіп отырған қонақтарымыз аудан әкімінің орынбасары
Бралина Алма Джамбулқызы. Спорт мектебінің директоры Абай Муратұлы----------
----------------------------------------------------------------------------

Ляззат.
Жас жүректің өмірлік құштары-бұл,
Бағбан-ұстаз баулыған құстары- бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан
үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға
шақырамыз. Қарсы алыңдар!
(Музыка ойнап тұрады. Ортаға 11 сынып оқушылары шығады)
Сынып жетекшісі: Усина Ботакөз Дулатовна
19. Ақан Меруерт
20. Айдархан Гауһар
21. Әлібеков Айтуған
22. Бекбергенова Айгерім
23. Бралина Ақбота
24. Есілбаев Ілияс
25. Жакупов Ерлан
26. Жаңабергенов Нұрсултан
27. Жұмашева Гулден
28. Қайроллова Таңшолпан
29. Мұханбедья Нұрмадия
30. Мұқанова Елік
31. Нұрмағанбетова Сауле
32. Оразғали Шерхан
33. Тұрғанов Бауыржан
34. Тұрсымбаева Ақмарал
35. Төленді Таңсулу
36. Шерниязова Толқын
Осы кезде 1 сынып оқушылары әзірлеген тақпақтарын айтады.
1. Диана
11 жыл бойы оқыған
Ойға білім тоқыған
Ағалар мен апалар
Орындалды ойыңыз
Құтты болсын тойыңыз.
2. Анель
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Бүгін бізде түлектер
Мектеппен қоштаспақ.
3.Асар
Қоштасып мектеппен
Барасың қол бұлғап
Құлпырсын өмірің
Бәйшешек гүлге ұқсап
Сендерден тәрбие, өнеге алатын
Артыңда біз бармыз
Ізбасар болатын.
4. Бекзат
Бұдан 11 жыл бұрын
Балабақша бардыңдар
Бармаймыз деп аналарыңнан
Талай жаза алдыңдар.
5. Бакова Диана
Жолға қарай жүгірмеңдер
Көлік қағып кетеді.
Бөкебайды жақсы байла
Суық жылдам өтеді.
6. Еркежан
Сол күндерді есіңе алшы
Көңіліміз талмайтын
Балмұздақ пен тәттіні де
Көп-көп жеуге болмайтын.
7. Ермахан
Көктем келді шешек атып
Жаз ғой оның ар жағында
Түсінеміз барлығында
Емтихан бар алдарында.
8. Аружан
Осы ордада алған білім
Мәңгі есіңнен кетпес пе
Емтиханды тапсырыңдар
Барлығыңда тек 5-ке.

9. Анель Еркимбаева
Талай сыннан өттіңіз
Кәмілетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз
ВУЗ-ға барып түсіңіз.
10. Сулейменова Диана
Үлгілі боп сіздердей
Үлкейеміз біздер де
Біз де ойшыл өнерлі
Боламыз істің шебері
Көп екен 4-5-іңіз
өмірде осылай өтіңіз.
11. Тұрлыбек Әділ
Сіздер үшін қуаныш қой
Біздер мәз боп күлеміз
Сіздер өткен осы жолмен
Біздер енді жүреміз.
12. Беков Батырхан
Мерейлі болсын күніңіз
Мектепке келіп тұрыңыз
Сағынамыз күн сайын
Кездесейік жыл сайын.
Зиядова Алтын «Бала тілегі».
(1 сынып оқушылары 11 сыныпқа арнаған сыйлықтарын табыс етеді).
Әдемі.
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз деген аяулы, ардақты адам.
Ляззат.
Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімнің, мейірімнің, қамқор пейілің.
Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі- мәңгілік.
Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым
деп түсінген мектебіміздің директоры Раисов Арғынбек Кукетайұлына алғашқы
құттықтау сөз кезегін береміз.
Ж-ші: Әдемі
Он бір жыл бойы мектеп өміріне атсалысып, өздерінің жақсы жақтарымен көріне
білген мектеп бітіруші түлектерге арнап, ескерткіш ретінде ленталар тағу
рәсімі мектеп директоры Раисов Арғынбек Кукетайұлына беріледі.
Әдемі:
Нұрсулуға Мақсат биік біздер қойған алдағы
Мамандықтың дәл таңдаған бар мәні
Әділеттің ақ туымен бір туар
Нұрсулудың заңгер болар арманы.
Қуаныш.
Сәулеге Абзал жанның әрқашанда бағы кең
Қуантады ұстаздарды сәнімен
Шын көңілден ем аламыз Сәуледен
Тісіңізді емдейтін ол дәрігер
Әдемі.
Жұматқа Жұматтайын оқушымыз ұстамды
Мектебімде әрқашанда ізгі аты
Қазып кенін білім менен ақылдың
Технолог болып ол да шықпақшы
Қуаныш.
Алмасқа Күйретпесін еңсеңді өмір сыны
Ашылсын бақытың боп күннің нұры
Деп, біздер Алмасқа ақ жол тілейікші
Ол дағы болашақ тіс дәрігері
Әдемі
Рустемге Көп білген адам әлдірек
Қуанады ата-анаң, ұлымның бағы жанды
деп,
Жақсы елі қуансын
Рустем заңгер келді деп.
Қуаныш
Меруертке Үш тіл білу бүгінгінің талабы,
Көкке өрлеген бұл баланың талабы
Мектебімнің мақтанышы Меруерт
Күміс тілді аудармашы болады
Әдемі
Азияға Спорт сүйер ұрпағымыз көп біздің
Бірі емес ол селтеңдеген көп қыздың
Спортшы боп Айгерімдей қызымыз
Қазақстан биік жағар жұлдызын.
Қуаныш
Нұрбекке Ән де салар мерекеде жез таңдай
Оза шабар білімде де ол қалмай
Инженер мамандығын таңдаған
Нұрбекке де қол соғайық таңғалмай
Әдемі
Сабыржанға Талаптының басына бақ қонады
Озық ойлы, талабы да жоғары
Боксшы ұл Сабыржан да мінеки
Кәдімгідей агроном болады.
Қуаныш
Олжасқа Жақсы адамның есімі елге ардақты
Мінезі де салиқалы, салмақты
Ең үлгілі оқушымыз Олжаста,
Агроном мамандығын таңдапты
Қуаныш. Сөз кезегі аудан әкімінің орынбасары Бралина Алма Джамбылқызына
беріледі.
Спорт мектебінің директоры Абай Мұратұлына беріледі.
Әдемі
2010-2011 оқу жылының қортындысы туралы мектеп басшысының бұйрығын
таныстыру үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Ерғалиева Айгүл Ермұханқызына
беріледі.
Ж-ші: Қуаныш
Ұстазға керек үлкен жүректілік,
Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.
Шын бедел, ел таңдаулы, халық сыйы,
Оны ешкім бере алмайды үлестіріп-дей отырып жас ұстаздарымыздың орындауында
«Армандастар» әнін қабыл алыңыздар.

Ж-ші: Әдемі.
Алтын ұя, алтын бесік- мектебім,
Мәңгі есімде анам болып өткенің.
Парызыңды өтедің мен білемін,
Ал, қарызым саған берер көп менің.
Олай болса кезекті мектеп бітіруші түлектерге береміз.
11 сынып оқушыларының бағдарламасы
1. Тақпақтар
Ақбота:
Сенен ыстық алтын ұя таппадым,
Өзіңде өтті балғын бала шақтарым.
Қоштасамын қимастықпен мен енді,
Еске алған соң балалықтың шақтарын.
Меруерт
Балапандай бауыр басқан ұяда
Бірге өскен мектебін жан қияма
Жолдама алып болашаққа өзіңнен
Білім іздеп самғаймыз әр қияға.
Нұрмадия.
Мейірге толы мектебім
Айқара ашқан құшағын
Балапаның болып мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын.
Елік.
Бірге жүрдік 11 жыл бірге ойнадық
Бірге оқыдық 11 жыл бірге ойладық.
Келді бүгін қоштасатын кезіміз
Ақтық рет мектеп тойын тойладық
Гаухар.
Мектеп, мектеп менің жақын көңілім,
Мектеп, мектеп шаттық толы өмірің
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп ана болып та көріндің.
Сәуле.
Содан бері 20 жылда асыпты,
Көңілді кең көркем кезең тасытты.
Осы жерден болашаққа жол ашып,
Талай түлек өмірге қадам басыпты!
Таңшолпан
Өміріміз өз аулаңда көктеді,
Күлімдеді көңілдің шат көктемі.
Тұрмыз енді қоштаса алмай, қия алмай
Талмас талап, арман ойдың мектебі.
Айгерім.
Мектепті досым бітіріп,
Самғатты қиял ғарышқа.
Қанаты арман құсыңның,
Апарсын сені алысқа.
Бауыржан
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі сын
Тыңшымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Таңсулу.
Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп
Шәкірттерін баулыды, тәртіпті қып
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен
«Ұстаздар » өлеңін айтып тұрып.
«Ұстазым» Хор.
Толқын.
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
Ұстаз деген аяулы ардақты адам.
Айтуған
Өнер сүйген түлек болып өсерміз,
Жақсылықтың желі болып есерміз.
18 түлек биыл мектеп бітірер,
Еліміздің игі істерін шешерміз!
Ақмарал
Ұстаздарға, мектебіме – ұяма,
Біз сөз айтпау адамдыққа сия ма.
Сіздер берген тәрбиемен біліммен,
Ұшып бара жатырмыз ғой қияға.
Нұрсултан
Ұстаздарым, сіздер қымбат екенсіз,
Осы сөзім шындықтардан бетер шын,
Соңғы қоңырау кеште болса айтайын,
Өкпелеткен кездер болса кешерсіз!
Гулден
Жалықпастан үйреттіңіз біздерге,
Ұстаздарым мың-мың алғыс сіздерге.
Армандадың біздер адам болса деп,
Тілек тілеп тұрасыздар біздерге!
Иляс
Сабақ білсек жадырайтың қабағың,
Әр ақылың сөздеріңдей дананың
Баршаңызға құрметпен бас иеміз,
Қадірлейміз шәкірттің қымбат адамын!
Шерхан
Сағынармыз біз сіздерді қашанда,
Қиырларға қандай алыс барсақ та.
Аман болшы ұстаздарым, мектебім,
Түлектерің қанат қақсын жан-жаққа!
Ән
Ерлан
Қош болыңдар, ұстаздарым, мектебім,
Қоштасамыз қоштасатын кез келді.
Қанат қағып қияға ұшып кетсекте,
Ұмытпаймыз ешқашанда сіздерді!

(Пән мұғалімдеріне гүл шоғын тапсыру).
Қуаныш.
«Болашақтай» қол бұлғайды жарық күн
Өмір өзен, тағдыр жолы алыс тым
Қоштасады ақ түлектер досымен
Ең соңғы рет билеп, мектеп вальсін.
Ж-ші: Әдемі.
Қоңырау сыңғыры көңілді тербейді,
Бал дәурен балалық айналып келмейді.
Алғашқы ұстазың әліппе ұстатқан,
Жүректе ешқашан сөнбейді-дей отырып, алғашқы рет «Мектеп»,
«Ұстаз», «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп, білім нәрін берген, әріп
танытып, достыққа жетелеген алғашқы ұстазы Жекебатырова Марияш Жусуповнаны
ортаға шақырамыз.
Ж-ші:Қуаныш
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенің қас-қағым.
Еңбегім жанып, күні ертең,
Көрінсін арман асқары.
Ж-ші: Әдемі
Бірге өткізген күндерін қыс-жазына,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына.
Усина Ботакөз Булатовнаны ортаға шақырайық.
Ж-ші: Қуаныш
Қандай ғажап, қарашы жан-жағына,
Күміс күлкі сыймай тұр, қара мұнда.
Ата-анадан бақытты бар ма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына.
Сөз кезегін 11 сыныптың ата-аналары атынан ------------------- беріледі.

Ж-ші: Әдемі
Гүлге толы омырау,
Әр түрлі әркім ойлайды.
Соғар соңғы қоңырау,
Соқтырмай өмір қоймайды,-деп ақын жырлағандай зымыраған уақыт жаңа бір оқу
жылының аяқталғанынан хабар беріп тұр. Кешегі алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы
мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау орта мектепті бітірушілердің
алтын ұя мектебінде соңғы рет еститін қоңырау үні «Соңғы қоңырау» соғу
рәсімін
11 сыныптың озат оқушылары оқушылары Бралина Ақбота мен Ақан Меруертке және
1 сыныптың озат оқушысысы Алпыс Асарға беріледі.
Ж-ші: Әдемі.
Ақ тілеу, аямайтын баталарын,
Өздеріңнен күш қуат от аламын.
Сынығындай асылдың ардақтысың,
Ақ жүрек қасиетті паналарым- дей келіп Айдархан атамыздан бата
сұрамақпыз.
Қуаныш.
Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.
Ж-ші: Әдемі.
Қоштасады алтын ұя-мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің.
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.

Ж-ші: Қуаныш
Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің
қай түпкірінде болсаңда сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен
достарыңды, осы салтанатты толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың
болсын!
Осымен салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы
демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау
болыңыздар!

Тәрбиенің нұры ескен бойынан,
Ақындықтың барын көрем ойынан
Меруерттің болашағы ақ болсын,
Кедергілер кездеспесін жолынан.

Кішкентай қыз, мінезімен көрікті,
Аллам саған көркем қылық беріпті.
Гауһар десе гауһардайын әдемі,
Ертеңіне ұстаздары сенімді.

Созылсыншы мәңгілікке бұл думан,
Халықпыз ғой өнер тауып , ән қуған.
Сегіз қырлы, бір сырлы деп айтамыз,
Мектебімде Әлібеков Айтуған.

Ұзын бойлы, әдемі қыз ай дерең,
Ақылы көп, әдебінен аспаған.
Ақбота өзі тәрбиелі, әсем қыз
Ата-ананың ақ үмітін ақтаған.

Өмір сыйлар өз үлесін еселеп,
Бақыт пенен қуанышты жетелеп.
Ілястайын болашақтың маманы
Көрсетейік қане халқым қошемет.

Бақытты ғой бүгінгі күн түлегі,
Жүзінде шаттық, көздерінде нұр еді.
Ерлан деген әп-әдемі оқушы,
Өнер десе дүрсілдейді жүрегі.

Ғылым жолын қызығумен қарайды,
Нұрсұлтанның болашағы арайлы.
Ұстаздарын сыйлап, үлкен құрметпен ,
Ал мектебін өз үйіне балайды.

Өзі көркем, ақылымен дара қыз,
Сүйсінумен өзіне көз саласыз.
Өнерде де, білімде де ынталы,
Жақсы біздің Гүлден деген баламыз.

Нұр сепкендей бүкіл жұлдыз аспаннан,
Көз тігеді келешекке асқардан.
өзі сұлу, ақылы дара, кеңпейіл,
Мінезіне әдебі сай таңшолпан.

Ақылымен оза шапқан жарыста,
Спорттан да алда жүрген қалыспай.
Нұрмадия жігіттердің төресі.
Көркіменнен нұр шашатын алыстан.

Білімді қыз, өзіне әркез сенетін,
Достарынан әркез көмек беретін.
Елік десе өз атына сай екен
Тағдыр сыннан тайсалмастан жеңетін.

Кім қияды мектептегі дәуренін,
Жастық шақта шырқап салған әндерін.
Мінезіне, ақылы сай тәнтімін,
өнеріне керемет қыз Сәуленің.

Салмақты батырындай бұрынғының
Білімін айдай нұрлы жылы жүзін.
Шерханды біз ойлаймыз ерен күшті,
Батыры, ері деумен бүгінгінің.

Бауыржан достарының берекесі,
Жайдарлы, әрқашанда ел еркесі.
Өмірден алар орны жақсы болып,
Жайылсын көпшілікке керегесі.

Елді сүйген, әрқашан тілді сүйген,
Өнердің түрлі-түрлі жолын білген.
Ақмарал даналықпен әрқашанда
Түйінін мәселенің шеше білген.

Таңсұлу тау нұырындай шашыраған,
Өсірген ата-анасы асыл адам.
Келешекте бір маман ол да болар,
Болсыншы болашағың асыл қадам.

Ұмтылмас ешқашанда бала шағың,
Ойын ойнап, еркелеген дара шағың.
Ерке қыз, елім деген Толқынның да,
Жарқын болсын, мәңгілік болашағы.

Ұқсас жұмыстар
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау туралы
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер
Соңғы қоңырау мерекесі
« Қош бол, алтын ұям - мектебім»
Соңғы қонырау сценарийі
Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау
Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!
Сыңғырла соңғы қоңырау- 2012
Сыңғырла, соңғы қоңырау жайлы ақпарат
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Пәндер