Жыл мезгілдері туралы

Мен, Шынар Меңдіханқызы Бақтыгереева Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин ауылындағы М. Әуезов атындағы орта мектебінде, орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс беріп келемін. Бүгінгі хатымда, 3-сынып бойынша “ Жыл мезгілдері” тақырыбында өткізген сабағымды өз әріптестеріме тәжірибе алмасу мақсатында жолдап отырмын.

Тақырыбы : Жыл мезгілдері .

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: жыл мезгілдері туралы қайталай отырып, оқушыларды

мәтінді мәнерлеп оқуға, оқығанын түсініп, дұрыс жауап

беруге үйрету. Сурет бойынша сөйлем құрастыра отырып,

сөздік қорын арттыру.

дамытушылық: Табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер болатынын

байқауға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын

қалыптастыру, сөздік қорын молайту.

тәрбиелік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке

тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, ауызша суреттеу, ауызекі сөйлеу, топпен

жұмыс.

Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреттері, тақырыптық суреттер,

мультимедиалық проектор.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Бүгін ауа- райы қандай?

Аптаның қай күні?

Кім кезекші? т. б.

II. Жаңа сабақ .

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың мақсатымен таныстыру. «Жыл мезгілдері туралы» қайталау.
  2. Сынып оқушыларын 1-2-3-4 реттік санымен 4 топқа бөлу.

III. Оқулықпен жұмыс:

I-топ

1. мультимедия арқылы жаңа сөздерді оқып, танысу

әдетте- обычно

сақталу- сохранится

2. жаңа сөздерді хормен қайталау

II- топ

  1. 4- 5 сөзді қолданып сөз тіркесін құрау

III- топ

«Жыл мезгілдері » мәтінін оқып көрсету.

IV- топ

Мәтінді қатесіз мәнерлеп оқу.

V. Оқушы шығармашылығы.

I- топқа: «Күз» суреті бойынша өлең жолдарын жазу тапсырылады.

II- топқа «Қыс» сызбасы бойынша жоспарды қолданып әңгіме құрау.

III- топқа «Көктем » сызба бойынша жоспарды қолданып әңгіме құрау.

IV- топқа: «Жаз », «Қыс » айлары бойынша «Венн » диаграмасын құру тапсырылады.

VI. Көңіл сергіту.

  1. Жаңылтпаштарды тез- тез оқу

Көктем - өлкемді өркендеткен,

Өлкем көктемде көркем неткен!

Тысты қыста құс бола ма?

Қысқа- қысқа қыс бола ма?

Тыста қыста құста болады

Қысқа- қысқа қыста болады.

VII. Қорытынды. Сөз жұмбақты шеш.

1. Ай аты.

2. Жүз жылда . . . болады.

3. Аптаның үшінші күні.

4. Мезгілдің біреуі.

5. Аптада жеті . . . бар.

6. Аптаның басы.

7. Жер аударатын құрал- сайман.

8. Немен су тасиды?

VIII. Үйге тапсырма: 1. Жаңылтпашты жаттау.

2. Ауа райы суреті бойынша әңгіме құрау.

IX. Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Жыл мезгілдерінің суреттері
Сабақ тақырыбы - Жыл мезгілдері
Е. Елубаев. «Жыл мезгілдері.»
Қыста балалар
Жыл мезгілдері
Көктем мезгіліне өлең құрастыру
Сабаққа дайындық
Тақырып Жыл мезгілдері
Күз мезгілінің өзіне тән белгілерін әңгімеле
Төрт тілек. к.ушинский 3 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz