Қазақ халқының салт – дәстүрлері Салт – дәстүрлердің түрлері

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы

Подстепный ЖББОМ информатика

мұғалімі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы

тарбие сағаттарынан жинақ жұмыс

Қазақ халқының салт - дәстүрлері

Салт - дәстүрлердің түрлері .

  1. Ырымдар 1. Үйлену тойы 1. Жалпы халықтық тойлар

мен 2. Бала тәрбиелеу 2. Кәсіптік мейрамдар

нанымдар дәстүрлері

3. Жерлеу салты

  1. Діни рәсімдер

мен мейрамдар

Ырымдар мен нанымдар. Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды емдеу, кәрі жілікті іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс - қарғыс, бақсылық және т. б.

Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.

Діни мейрамдар . Ораза айт, құрбан айт

Жалпы халықтық тойлар . Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой

(мизам), Соғым басы.

Кәсіптік мейрамдар . Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек

байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т. б.

Қазақтың төрт тойы.

Наурыз мейрамы - күн мен түн тепе - теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды. .

Қымызмұрындық - жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын - жекжаттар бірін - бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын - сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын - сауықтар өткізілді.

Соғым басы - қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз

түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға

сақтаған малдарын сойып, бірін - бірі қонаққа шақырады.

қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,

ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

Дәстүрлі үйлену тойы.

  1. Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке - шешесіне сездіреді.
  2. Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
  3. Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.
  4. Құда түсу тойы. Жігіттің туған - туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық - бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т. б. орындалады.
  5. Есік - төр көрсету тойы. Қыздың туған - туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады
  6. Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын той өткізіледі.

Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу

қашырар, желі тартар, ит ырылдар,

бақан саларо, үйге кірер, кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек

салар, қыз құшақтатар, шаш сипар,

көрпе қимылдатар кәделері алынады.

  1. Қыз ұзату тойы. Ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады. Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі

қиылады. Түрлі ойын - сауық өткізіледі, жар - жар

айтылады. Қыз аттанарда «сыңсу» айтады

  1. Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз

ұзату тойымен бірдей өткізіледі.

Қыз таңдау дәстүрі.

Қызға қойылатын талаптар
Талапқа сай ұлттық түсінік
№: 1
Қызға қойылатын талаптар: Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы
Талапқа сай ұлттық түсінік:

Жеті атасын білмеген жетесіз.

Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық.

№: 2
Қызға қойылатын талаптар: Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы
Талапқа сай ұлттық түсінік:

Отау тігер жас - жігеттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.

(Шал ақын)

№: 3
Қызға қойылатын талаптар: Қыздың ақылдылығы
Талапқа сай ұлттық түсінік:

Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақың кісің. (Шал ақын)

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата - ананың қызынан қапы қалма

(Абай)

№: 4
Қызға қойылатын талаптар: Қыздың тектілігі
Талапқа сай ұлттық түсінік:

Тегіне қарап қызын ал

Соғуына қарап қау ас.

Көріп алған көріктіден,

Көрмей алған текті артық.

Аяғын көріп асын іш,

Шешесін көріп қызын ал.

№: 5
Қызға қойылатын талаптар: Қыздың сымбаты мен көркі
Талапқа сай ұлттық түсінік:

Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,

Махаббаттың отына күйген сұлу.

Ақылына көркі сай

№: 6
Қызға қойылатын талаптар: Қыздың іскерлігі
Талапқа сай ұлттық түсінік:

Өнерсіз қыздан без.

Өнегесіз ұлдан без

Ер жігітке қойылатын талаптар.

Халықтық талап
Талапқа сай түсінік
№: 1
Халықтық талап: Кескін келбеті
Талапқа сай түсінік: «Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т. с. с»
№: 2
Халықтық талап: Қадір - қасиеті.
Талапқа сай түсінік: «Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді т. с. с»
№: 3
Халықтық талап: Қабілет икемі.
Талапқа сай түсінік: Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын.
№: 4
Халықтық талап: Зерде - зейіні
Талапқа сай түсінік: Тылсым сырды ұға алмайтын.
№: 5
Халықтық талап: Өнер - өрісі
Талапқа сай түсінік: Өмірден әперер сыбағасын
№: 6
Халықтық талап: Тапқырлық - ерлігі
Талапқа сай түсінік: Дұшпанға найза сұға алатын
№: 7
Халықтық талап: Қайрат - қаруы
Талапқа сай түсінік: Аяқтан шалғанды жыға алатын
№: 8
Халықтық талап: Жігер - күші
Талапқа сай түсінік: Қиындықта сыналатын.
№: 9
Халықтық талап: Білімі.
Талапқа сай түсінік: Биікке бастап шыға алатын
№: 10
Халықтық талап: Адалдығы
Талапқа сай түсінік: Туған елі мен дос - жарандарына адал болатын
№: 11
Халықтық талап: Әділеттігі
Талапқа сай түсінік: Қара қылды жаратын
№: 12
Халықтық талап: Шыншылдығы
Талапқа сай түсінік: Қаймықпастан, турасын айтатан

Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.

Атауы
Түсінік
№: 1
Атауы: Құда
Түсінік: Күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға - інілері мен туған туыстары
№: 2
Атауы: Құдағи
Түсінік: Қарама - қарсы жақтың, әжелері, шешелері, апалары
№: 3
Атауы: Құдаша
Түсінік: Қарама - қарсы жақтың сіңілері
№: 4
Атауы: Бел құда
Түсінік: Туылмаған (белдегі) балаға ниет құдалар
№: 5
Атауы: Бесік құда
Түсінік: Құданың бұл түрі ел ішінде «Қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ құда» деп те аталады.
№: 6
Атауы: Қарсы құда
Түсінік: Ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар, кейбір жерде «бесік кертпе құда», «бесік кертті құда» делінеді.
№: 7
Атауы: Бас құда
Түсінік: Бір - бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат - қабат құдалар
№: 8
Атауы: Жанама құда
Түсінік: Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар.
№: 9
Атауы: Бауыздау құда
Түсінік: Мал бауыздағанда бата берген құда.

Кіндік кесу дәстүрі.

Р/с
Кіндік шешенің атқаратын міндеті.
Кіндік кесуге байланысты салт - дәстүрлер
Р/с: 1
Кіндік шешенің атқаратын міндеті.: Жүкті болған әйелді күту
Кіндік кесуге байланысты салт - дәстүрлер: Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм тарттырады. Осыдан кейін екі үй арасында да қарым - қатынас жиілеп,, жарастық орнайды. Жүкті әйелді күтімге алады.
Р/с: 2
Кіндік шешенің атқаратын міндеті.: Босану кезінде басы- қасында болу
Кіндік кесуге байланысты салт - дәстүрлер: Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй дайындалады. От жағып, су жылытылады. Үйдің іші - сырты дүние мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы істердің, басы - қасында кіндік шеше ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді толғақ үстінде кіндік шеше демеп тұрады және олай - бұлай жүруіне де рұқсат етіледі.
Р/с: 3
Кіндік шешенің атқаратын міндеті.: Кіндігін кесу
Кіндік кесуге байланысты салт - дәстүрлер: Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырған. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. Оқымысты болсын днп кітаптың, ат құлағында ойнасын деп аттың жалына байлайды.
Р/с: 4
Кіндік шешенің атқаратын міндеті.: Балаға қамқорлық жасау.
Кіндік кесуге байланысты салт - дәстүрлер: Дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп ел қатарына қосылғанша кіндік шеше өз назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор болып жүрген.

Балаға ат қою дәстүрі.

Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер
Түсінік.
№: 1
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Артық саусағына қарай ат қою
Түсінік.: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
№: 2
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Балаға тіл - көз тимейді деген ниетпен ат қою.
Түсінік.: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай т. б
№: 3
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою.
Түсінік.: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
№: 4
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою.
Түсінік.: Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін, Тұрсын, Тұрсынгүл, Тоқтар.
№: 5
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Бала - шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою.
Түсінік.: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
№: 6
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Бұрын - соңды болған қару - жарақ аттарына байланысты.
Түсінік.: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т. б
№: 7
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою.
Түсінік.: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Сәкен, Сәбит, Сырым, Төлеби, Ыбырай, Махамбет, Қазыбек т. б
№: 8
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай ат қою.
Түсінік.: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Сүндет т. б
№: 9
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою.
Түсінік.: Ғали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет, Омар, Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б
№: 10
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың қымбат металдың нәзік өсімдіктердің атын қою.
Түсінік.: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б
№: 11
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою.
Түсінік.: Лекер, Шалабай, Шалабек.
№: 12
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Мұрат - мақсатыма жеттім - ау деген ниетпен.
Түсінік.: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат
№: 13
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Соңғы балаға ат қою.
Түсінік.: Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл
№: 14
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты.
Түсінік.: Арыстан, Алабай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш.
№: 15
Балаға ат қоюдағы салт - дәстүрлер: Ұлы жоқ үйде қыз туғанда
Түсінік.: Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан, Ұлту, Ұлтуған т. б.

Шілдехана тойы.

Шілдеханада орындалатын салт - дәстүрлер.
Түсінік.
№: 1
Шілдеханада орындалатын салт - дәстүрлер.: Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. .
Түсінік.: Әйел аман - есен босанған күні кешке ауыл жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады.
№: 2
Шілдеханада орындалатын салт - дәстүрлер.: Өнерлі жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып, күй тартады.
Түсінік.: Бұған өерлі жастар шақыртпай келіп, таң атқанша көңіл көтереді.
№: 3
Шілдеханада орындалатын салт - дәстүрлер.: Қыз - келіншектер мен бозбалалар айтысады.
Түсінік.: Қыз - келіншектер мен бозбалалар айтысып, жеңгендері тоғызын алады.
№: 4
Шілдеханада орындалатын салт - дәстүрлер.: Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады.
Түсінік.: Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді.
№: 5
Шілдеханада орындалатын салт - дәстүрлер.: Шілдеханаға тек қана жастар қатысады.
Түсінік.: Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әртүрлі жын - шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.

Баланы бесікке салу дәстүрі.

Баланы бесікке салуда орындалатын салт - дәстүрлер.
Түсінік
№: 1
Баланы бесікке салуда орындалатын салт - дәстүрлер.: Бесіктің жабдықтарын орын - орындарына қою
Түсінік: Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші - қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын - орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
№: 2
Баланы бесікке салуда орындалатын салт - дәстүрлер.: Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
Түсінік: Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын - шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.
№: 3
Баланы бесікке салуда орындалатын салт - дәстүрлер.: «Тыштыртыма» ырымын жасау.
Түсінік: Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле - шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.
№: 4
Баланы бесікке салуда орындалатын салт - дәстүрлер.: Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.
Түсінік: 1 - бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы - ел қорғайтын ер болсын деген тілек.

Баланы қырқынан шығару дәстүрі.

Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт - дәстүрлер.
Түсінік.
№: 1
Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт - дәстүрлер.: Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі.
Түсінік.: Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі.
№: 2
Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт - дәстүрлер.: Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі.
Түсінік.: Қыз баланы қырық күннен асырып 42 - 44 күнде қырқынан шығарады.
№: 3
Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт - дәстүрлер.: Баланы шомылдыру.
Түсінік.: Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып, теңгелер салған суға баланы шомылдырады.
№: 4
Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт - дәстүрлер.: Сүт тырнағын алу
Түсінік.: Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын жерге көміп тамтайды.
№: 5
Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт - дәстүрлер.: Қарын шашын алу.
Түсінік.: Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп, тігіп, баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық - шашық жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады. «Қарын шаштың қарғысы қатты болады» деген мақал да осы салтқа байланысты.
№: 6
Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт - дәстүрлер.: Ит көйлегін ауыстыру.
Түсінік.: Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару үстінде түрлі тәттілерді түйіп, бір иттің мойынына байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп, тәттілерді өзара бөлісіп алады. Бойныа бала бітпей жүрген әйелдер қалап алатын дәстүр бар. Баланың анасы ит көйлекті жыртып береді.

Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрі.

Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрлері.
Түсінік.
№: 1
Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрлері.: Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрлері.
Түсінік.: Нәрестені тіл - көзден сақтау үшін нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде, жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қойған.
№: 2
Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрлері.: «Көз тиді» деп секем алу.
Түсінік.: Егер «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді. Осылайша қас күштердің беті қайтады. Баланы тіл - көзден сақтайды деген сенім болған.
№: 3
Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрлері.: Нәресренің ата - анасы әлде біреудің нәрестеге сұқтана қарағанын, «балаң балпақтай» екен деген сөзін көңіліне алу.
Түсінік.: Егер нәрестенің ата - анасы көңіліне алған жағдайда, іле - шала оған түкірту ырымын жасатады. «Көзінде қалы бар адамның қарағаны тегін жібермейді» деп осындай белгісі бар адамның келуінен қатты сақтанады.
№: 4
Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрлері.: Нәресте сұлқ түсіп, қатты ауырып қалған кезде.
Түсінік.: Осының «көзі тиді - ау» деген адамды таптырып алып, оған түкіртеді. Басқа да сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды.
№: 5
Нәрестені тіл - көзден сақтау дәстүрлері.: Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін.
Түсінік.: Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе жаман - жәутік, ескі - құсқы кигізіп, бет аузына әдейі күйе жағып қояды.

Жүкті болған келінді күту дәстүрі.

Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.
Түсінік.
№: 1.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Керегеге орамл тану.
Түсінік.: Келіннің жүкті болғанын сезген ене «Атамыздың аруаға біліп, қолдап жүрсін»деп ауылдағы үлкен үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.
№: 2.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Құрсақ шашу.
Түсінік.: Келін жерік болғанда кішігірім той істейді. Бұған әйелдер өз үйлерінен бір -бір дәм пісіріп әкеледі.
№: 3.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Жуамен тамақтандыру.
Түсінік.: Келіннің тәбетін ашу үшін жуа әкеліп жегізеді.
№: 4.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Сағыз шайнату.
Түсінік.: «Іштегі бала шымыр болсын»деген ниет.
№: 5.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Саз, топырақ, қызыл ірімшік жегізу.
Түсінік.: Баланың сүйегі берік болу үшін жегізеді.
№: 6.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: «Келін көңілі»бас қосуын өткізу.
Түсінік.: Келіннің көңілін көтеру үшін, жастардың бас қосуын ұйымдастыру.
№: 7.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Арқан еспеу.
Түсінік.: Бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін.
№: 8.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Теңді буу, қаптың аузын жабуға рұқсат етпеу.
Түсінік.: Керісінше жабулы заттарды алуға, буулы нәрселерді шешуге болады.
№: 9.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Түйе етін жемеу.
Түсінік.: Жүкті әйел баласын 9ай емес 12ай көтеруі мүмкін.
№: 10.
Жүкті болған келінге жасалатын салт - дәстүр.: Келіннің етегін бүру, далаға жалғыз шығармау.
Түсінік.: Түсік болдырмауы үшін жасалады.

Баланы сынау дәстүрі.


Ұқсас жұмыстар
Филологиялық пәндерді оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану мәселелері
Қазақтардың рухани мәдениеті, мерекелері мен ұлттық ойындары, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Қыз-өріс, қыз-қонақ
Қазақтардың рухани мәдениеті, дін, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық мейрамдары
Құтты болсын Наурыз той
Ата салтым - асыл қазынам
Болашақ ұрпақты салт - дәстүр негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің басты парызы
М. әуезов "абай жолы" эпопеясындағы салт-дәстүрлер 9 сынып
Сабақтың басы
Ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрдің бірі - «ерулік»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz