Зат есімнің септелуі туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,

№80 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байдыбекова Алтынай Өрісбайқызы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі

Білімділік :

Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып,
олардың сұрақтарын меңгерту.

Дамытушылық :

Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін
дамыту.

Тәрбиелік :

Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, ұқыпты таза
жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ

Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс – тәсілдері : Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекіліктері : интерактивті тақтадағы слайдтар, электронды
оқулық, үнтаспа, септіктер кестесі, суреттер, «гүлдер» ойыны.

Пәнаралық байланыс : математика, сурет, ана тілі, музыка

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеп, сабаққа назарларын аудару.

Ә) Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Орнын тап» ойыны

Кесте толтыру

|Заттар, |Өсімдіктер, |Жануарлар |Адам |Табиғат |
|нәрселер |жемістер | | |құбылыстары |
|Парта, |Жусан, |Қоян, |Дәрігер, |Найзағай, |
|терезе, |қарақат, |түлкі, |мұғалім, |жел, |
|орындық, |өрік, |барыс, арыстан|зергер, |дауыл, жаңбыр |
|дәптер |бүлдірген | |тігінші | |

Керекті сөздер : Терезе, қарақат, түлкі, мұғалім, жел, орындық, өрік,
барыс,

зергер, дауыл, дәптер, бүлдірген, арыстан,
тігінші, жаңбыр.

- Балалар, осы кестенің әрбір бөлігіндегі сөздерге сұрақ қойып көрейік.
- Не байқадыңдар?
- Қандай қорытынды жасауға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Көбейту кестесі

| |2 |3 |
|Атау септік |Кім? не? | |
|Ілік септік |Кімнің? Ненің? |- ның, - нің, - дың, - дің, - тың, |
| | |- тің |
|Барыс септік |Кімге? Неге? Қайда? |- ға, - ге, - қа, - ке |
|Табыс септік |Кімді? Нені? |- ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті |
|Жатыс септік |Кімде? Неде? |- да, - де, - та, - те |
|Шығыс септік |Кімнен? Неден? |- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, |
| | |- тен |
|Көмектес септік |Кіммен? Немен? |- мен, - бен, - пен |

282 – жаттығу.

1 – топ
2 - топ

Оқушы Ауыл

Үздік кім? Қайдан келді?

Кімді көрді? Ненің жанында көл бар?

Кімге берді? Демалыста қайда барамын?

Кімнен сұрады? Мен нені ұнатамын?

Тапсырма :

1. Берілген сұрақтар бойынша сөздерді өзгертіп жаз.
2. Зат есімнің жалғауларының астын сыз.

Сергіту жаттығуы.

283 – жаттығу.

1 – топ 2 – топ

Суретші Қайың

Тапсырма :

Сөздерді септеп жаз.

285 – жаттығу.

Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды

Әдетінен танбайды.

Тапсырма :

1. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
2. Оларға қай септіктің жалғауы жалғанып тұр.

Гүл тостақаншалары 7 оқушыға беріледі. Оқушылар септік ретімен гүл
тостақандаларын орналастырады. Сөйтіп, гүл шоғы пайда болады.

ҮІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма.

1. 285- жаттығу
2. Зат есімнің септелуі (ереже)

Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің септелуі
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақ тақырыбы
Зат есімнің септелуі. 4 сынып
Табыс септік туралы
Зат есімнің септелуі жайлы ақпарат
Заттың аты
АКТ БІЛУ
Баланың балаға
Шығыс септікте тұрған сөзді тап
Есімдіктің септелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz