3 –сынып. Еңбекке баулу

3 -сынып. Еңбекке баулу.

№ 1. Сабақ тақырыбы: Кіріспе (оқулықпен таныстыру)

№ 2. Тақырыбы : Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері.

Мақсаты: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру, есте сақтау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық.

ІІ Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі.

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмыс орнын дайындау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі жайлы түсінік беру. - сабаққа арнаулы киіммен келу /алжапқыш, жеңсе немесе халат, жаулық немесе телпек/; - құрал жабдықтарды, сурет, сызба, жазу жазатын жұмыс дәптерлерін ретке келтіріп отыру; - тек дұрыс құралмен ғана жұмыс жасау, оларды өзінің тиісті жерінде ғана пайдалану; - техника қауіпсіздігінің ережесі бұзылған жағдайда, жараланғанда дереу мұғалімге хабарлау.

Сергіту сәті. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап - тізбектей; 2. Сұрақтарға жауап алу . 3. Тапсырмаларды орындау.

Бекіту кезеңі: Қорытындылау. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 4-5бет түсініп оқу. 2. Бағалау

№ 3 Тақырыбы : Оқуға шақыру . Ахмет Байтұрсынұлы

Мақсаты: А. Байтұрсынұлы жайлы білгенін еске түсіре отырып, оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау; ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіре отырып, ойын қорытып түсіндірп айта білуге ықпал жасау; оқуға, білімді алуға ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, пікір ағашының суреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау .

Тұңғыш әліппені жазған кім? Ол туралы не білесің? (әңгімелеу) кітаптағы суреттер сыры неде?

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білгеніңді пайдаланып «Пікір ағашын» толтыр. 2. Өлеңді түсініп оқып, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке- жеке оқу, түсті бояумен жазылған сөздерге көңіл бөлу. 3. Дәптермен жұмыс ( түсті бояумен ерекшеленген сөзерді теріп жазып, түсіндір) 4. Сөзік жұмыс жүргізу « Іздеп тауып алалық - бұл жерде : үйрену, оқу, іздену. »

IV. Жаңа сабақты пысықтау : 1. Өлеңді бөлімге бөліп оқу. а) оқуға шақыру. ә) еңбек іс - әрекеті. б) даналық . 2. Даналық сөзін басқаша қалай айтуға болады? Алмастырып көр. (өлеңді қайталап оқып көр. ) 3. Ақын ойын енді түсіндің бе? Ахмет Байтұрсынұлы балалрды неге шақырады? Өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

V. Қорыту : Сызбамен жұмыс: зер сал, өз сөзіңмен түсіндір.

1. Даналық, оқу, білім, т. б сөздер неліктен құмырсқа түрінде көрсетілген деп ойлайсың?

2. «Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық» қалай түсінесң? Сызба арқылы көрсете аласың ба? VІ Үйге тапсырма: жаттап ал, « Ахмет» сөзжұмбақ құрастырып көр. Бағалау.

№ 5. Тақырыбы : Өздік жұмыс. Схема бойынша көжек құрастыру .

Мақсаты: Көжек құрастыру жайлы түсінік беру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, сұрау . Тақырыпты оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ Білімді тексеру кезеңі: 1. Сұрақтарға жауап алу. Табиғат және адам қолымен жасалған әлемнің байланысын түсіндір.

IV. Мақсатын қою кезеңі : тақырыбын, мақсатын хабарлау. Схема бойынша көжек құрастыру. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

  1. Ұлу қабыршағының екі жартысын желімдеу үшін «момент» желімін пайдаланған дұрыс. 2. Ұлу қабыршағынан ойыншықтар, жапсырмалар және әдемі әшекейлер жасауға болады. Қоян туралы әңгіме құра (2 - сурет) . Құраған әңгімеңе халық ертегілерінен үзінділер, мақал - мәтелдер кіргізуіңе болады.

Материалдар: көлемі мен түсі әртүрлі ұлу қабыршағы, гүл тұқымы, ермексаз.

Керек заттар: лак, қатырма қағаздан жасалған тұғыр немесе тақтай, қылқалам. 1. Бұйым жасаудың реті схема түрінде берілген. 2. Барлық бөліктер біріктірілгеннен кейін құйрығын жалғау керек. 3. Ең соңынан дайын болған бұйымға лак жағылады.

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Әр түрлі материалдан композиция жаса. Композиция мазмұны «Дала» деген тақырыппен үндесуі тиіс. 2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Схема дегеніміз не? Онымен қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндір.

VІI Бекіту кезеңі: Қорытындылау . VIII Үйге тапсырма: 1. 12 - 13 бет оқу. 2. Бағалау.

№ 8 Тақырыбы: Мозайка. Қарындаш жаңқаларынан жасалған мозайка.

Мақсаты: 1. Оқушыларға мозайка туралы тұсінік беру. Қарындаш жаңқаларынан мозайка жасау тәсілін көрсету. 2. Ой - өрісін, білімін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, қағаз, әр түсті қарындаш, бояу.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық . IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау . V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1 . Мұғалімнің түсіндірмесі. Мозайка - бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. Мозайканың алғаш пайда болған уақытын дәл айту қиын. Азияда қазба

жұмыстары кезінде көктас пен бақалшақтан жасалған мозайкалар табылған. Негізінде мозайкамен жауынгерлердің жорықтары бейнеленген.

Римде әр түрлі тастардан жасалған мозайкамен еден, қабырғаларды сәндеген. Соған қарағанда мозайканы ерте кезде - ақ құрастырған екен. 1, 2, 3 - сурет бойынша түсіндіру

Кез- келген пайдаланылған қарындаш жоңқаларын алуыңа болады. Жоңқа неғұрлым ұзын және бірдей болса, мозайка да соғұрлым әдемі болады. Жоңқаларды бояп, қиып, мозайка жасауға пайдаланамыз. 1. Оқулық бойынша жұмыс: 14-15 бет

  1. Сергіту сәті.

Өздік жұмыс. Қарындаш жоңқаларынан жасалған мозайкамен ормандағы жаңбарлы күнді немесе гүлге қонған көбелекті бейнеле.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақ - жауап: 1. Негізгі жұмыс кезеңін ата?2.Қарындаш жоңқалары немен боялғанын түсіндің бе?3.Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.
  1. Көрме ұйымдастыру.

VII. Қорыту: VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 14 - 15 бет оқу. 2. Бағалау

№ 9 . Тақырыбы: Дән тұқымынан мозайка құрастыру.

Мақсаты: 1. Оқушыларға дән тұқымынан мозайка құрастыру. 2. білімділікке тәрбиелеу. 3. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, дән тұқымдары, ермексаз, қағаз.

Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мозайка деген не?Мозайка - бір немесе одан да көп материалдардың ұсақ бөліктерінен жасалған сурет. 2. Ваза (1сурет ) мен табақшаны (2 сурет) қандай дән тұқымымен әшекейлеуге болады? (бидай, күріш, арпа) . 3. Оқулық бойынша жұмыс 16 бет 1-5 суреттермен жұмыс

Сергіту сәті. Өздік жұмыс. Өз ойыңа сүйеніп, дән тұқымынан көлемді мозайка құрастыр.

Алдымен қағаз бетіне мозайканың нобайын сызып ал. Одан кейін қатты негізге бір қабат ермексаз төсе. Оған дәндерді жасаған нобайдың бойынша орналастыр.

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Сұрақтарға жауап алу.Жасалу ретін ата? Қазақстанда суда мекендейтін жануарларды ата?

VII. Қорыту. VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 16 бет. 2. Бағалау

№ 10. Тақырыбы: Қауырсыннан заттар құрастыру.

Мақсаты: Қауырсыннан заттар құрастыру. 2. Білімін, ой-өрісін дамыту. 3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, ПВА желімі, гуашь, сым, қауырсын.

Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қауырсыннан заттар құрастыру

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмыс барысында әр түрлі (көлемі, түсі) құс қауырсындарын пайдалануға болады. Жұмысты бастамас бұрын қауырсынды жауып, кептіріп, тарау керек. Қазақ халқы дәстүрі бойынша домбыраға, түскиізге, тақияға, балалар кеудешесіне үкі қауырсыны тағылады.

Енді 1 - суреттегі гүлдің жасалу ретімен танысамыз. Сабағын ұзынырақ сым темірден жасаймыз. Оны гофрирленген (кеңірдіктелген) жасыл қағаз жолағымен ораймыз (4 - сурет) . Сегіз кішкене, сегіз үлкен қауырсын таңдап аламыз (5 - сурет) . Жіңішке алты сым темірді гофрирленген сары қағаз жолағымен ораймыз. Осылайша гүлдің аталық бөлігін жасадық. Олрдың ұшын ПВА желіміне маламыз. Содан соң ұнтақ жармаға батырып алып, қызыл түсті гуашьпен бояймыз (6 - сурет, 18 - бет) . Дайын болған аталық бөлігін сабағына жіппен (7 - сурет) байлаймыз (4 - сурет, 18 - бет) . Ал кішкене мамық қауырсындарды гүл шоғырына орнатамыз. Сонымен гүл жапырақшаларының өзегі дайын болды (1 - сурет, 17 - бет) . Үлкен сегіз қауырсынды кішкене жапырақшалардан сәл төменірек орналастырамыз. Қосылған жерлерін гофрирленген жасыл қағаз жолақшасымен ораймыз.

Сергіту сәті. Өздік жұмыс. Аккумулятор мен күшікті құрастыр.

VI Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Оқулық бойынша жұмыс . Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей . Сұрақтарға жауап алу.

VII. Қорыту. VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 17 - 19 бет оқу. 2. Бағалау

№ 11. Тақырыбы: Қайың қабығынан құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға қайың қабығынан құрастыру тәсілін үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу . Білімін дамыту.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Қайың қабығы, ПВА желімі, қолғап.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

IV Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қайың қабығының сыртындағы жұқа, ақшыл қабатын т о з деп те атайды. Ол қара жолақтары бар ақ түсті болып келеді. Қайың қабығынан әсем ойыншықтар, әшекейлер жасайды және тоқымаға пайдаланады. Тозды ағаш сөлінің бөлінуі тоқтаған кезде, жаз бастала жинайды. Қайың қабығын пайдалануға болатынын білдіретін белгілер:алғашқы күн күркіреуі; масаның пайда болуы; қайың жапырағының көлемі шамамен 15 мм болуы. 1 - суретте қабықты қабат - қабатымен аршудың жолы көрсетілген. Олар дауыл, жел тұрғанда құлаған ағаштар мен бұтақтар. 2 - суретте ұзын таспа (спираль) түрінде аршылған. Қайың қабығынан сәнді бұйымдар жасауға болады.

Қайың қабығын аршыған кезде қолғап кию керек.

Аппликацияның орындалу реті: Заттың, кейіпкердің бейнесін анықта. Сурет, нобай түрінде бейнеле. Негізтүс таңдап, композиция құр. ПВА желімін пайдаланып, композицияны негізтүске жапсыр. Аппликацияны салмақ түсіру арқылы кептір.

  1. Сергіту сәті

VI. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. Қиял аппликацияны жасап көр. 21 - бет, 3 - сурет.

VII. Қорыту. VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 20 - 21 бет оқу. 2. Бағалау

№ 1 Тақырыбы: Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.

Мақсаты: 1. Оқушыларға қағаз туралы түсінік бере отырып, оны белгілеуге, өлшеуге үйрету. 2. білімін, ой - өрісін дамыту. 3. ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер. Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.

Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.

Ағаш дайындау
Ағаш дайындау: Ағашты орманнан әкету
Ағаш дайындау: Қағаз фабрикаларында қағаз жасау
  1. Қағаз қалай жасалады?

Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп - тегіс аппақ қағазға айналады.

Сендер мыналарды жасай аласыңдар: - қағаз бен қатырма қағазды белгілеу және өлшеуді; - қағаз бен қатырма қағазды бүктеуді; - оларды қайшымен қиюды; - оларды желімдеп, бояуды; - заттарды құрастырып, модельдеуді; - қағазбен аппликация құруды.

Үйренесіңдер: - пышақпен кесуді; - түрлі тақырыптар бойынша сюжетті суреттер құрастыруды.

Сергіту сәті:Суретті, нобайды, сызбаны талдау арқылы бөлшектің құрылымын көзге елестетеміз:а) б ө л ш е к - материалдың тұтас бір бөлігінен дайындалған бұйым; ә) қ ұ р ы л ы м - белгілі бір құрылғы, б) б ө л ш е к э л е м е н т т е р і - жекелеген бөліктер. в) бұйымды дайындаудан бұрын оның құрылымын мұқият зерттеу керек, яғни бөлшектер мен оның элементтерінің пішінін, өлшемдерін, санын, қызметін және өзара орналасу жағдайын анықтап, оларды бір-бірімен біріктіру тәсілдерін білу керек.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

  1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 24-бет.Сызба сызықтары

Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.

Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.

  1. Ашықхат сызбасын және оның нобайын жаса. Сұрақтарға жауап алу.

- Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

VII. Қорыту. VIII Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 22 - 25 бет оқу. 2. Бағалау

№ 13. Тақырыбы: Қағазбен және қатырма қағазбен жұмыс істеу.

Мақсаты: 1. Оқушыларға белгілеу мен өлшеу және циркульмен жұмыс істеуді үйрету. 2. білімін, ой - өрісін дамыту. 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, қағаз, сызғыш, циркуль.

Сабақ барысы: I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру . III. Білімді тексеру: 1. Сызба сызықтарын ата?

Түзу жуан (негізгі) сызық. Онымен көзге көрінетін контур сызықтарын белгілейді.

Түзу жіңішке сызық. Мұнымен өлшемдерін көрсетеді. Штрихпунктирлі үзік сызық. Онымен бүгілу сызықтарын, осьтік және центрлік сызықтарды белгілейді.

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Белгілеу мен өлшеу.

VII. Бекіту кезеңі: 1. Естеріңе түсіріңдер, біз белгілеудің төмендегідей түрлерін білеміз: - бүгу сызықтары арқылы; - тор көздер бойынша; - трафарет бойынша; - тепшу тігісімен; - қалып үлгі бойынша; - үшбұрыш және циркульмен.

Ү ш б ұ р ы ш т ы с ы з ғ ы ш (үшбұрыш) - тексеру және өлшеу құралы (1 - сурет) . Оны сызба сызғанда пайдаланады. Үшбұрыштың көмегімен бұйым бөлшектерінің бұрыштарын сызады. Циркульмен де белгілеуге болады. Ц и р к у л ь - латын сөзі. Ол «дөңгелек» дегенді білдіреді. Құрастырушылар мен жұмысшылар циркульді өлшеуіш (3 - сурет) және белгілегіш құрал (4 - сурет) есебінде пайдаланады. Сендер оны болашақ құрастырушы, сәнгер, дизайншы ретінде пайдаланасыңдар.

Циркульді партаға тастама. Оның инесін төмен қаратып, қорапқа салып қой. 1. Сурет бойынша жұмыс 26 - 27 бет. 2. Сергіту сәті. 3. Сұрақтарға жауап алу. - Қағаз деген не?- Қағазды қалай жасайды?- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?- Қағазды немен теседі?

3. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ)

Циркульмен жұмыс істеу. Циркульдің ұшын 5 санына дейін белгілеп ал. Радиусы 5 см деп жаз. Шартты түрде R=50 деп белгіленеді.

  1. Циркульді жоғары көтер (1 - сурет) . Қағаз парағына белгіле (2 - сурет) .

О нүктесінен циркульді айналдыр. Радиусы R=50мм тең радиус (цифрдың жанында

ештеңе көрсетілмеген, демек олар - миллиметрлер) .

VIII. Қорыту. IX. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 26 - 28 бет оқу. 2. Бағалау

№ 14. Тақырыбы: Шеңберді пайдаланып құрастыру. Қорытынды жасау.

Мақсаты: Қағаздан шеңберді пайдаланып қалпақ, телпек құрастыруды үйрету, білімін, ой - өрісін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз, қайшы, желім, циркуль.

Сабақ барысы:I. Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Қалпақ, телпек жасап алып, оны дайын цилиндрге орнату немесе өзің цилиндр жаса.

IIІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Үлгі қалыпты үш рет қағазбен ораймыз. Әрбір орағаннан кейін желім жағамыз. Барлығы екі рет желімдейміз. 2. Ораудың шеттерінен кертік жасаймыз. 3. Қағаздың шетін жазып, дөңгелете желімдейміз. 4. Циркуль арқылы шеңбер сыз. 5. Сауыттың түбін жұқа қатырма қағаздан қиямыз. 6. Түбін ыдыстың негізіне желімдейміз. 7. Қалыбын алып тастаймыз, қағаз цилиндр дайын.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 29 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. 1. цилиндр жасау үшін не керек? 3. Қалпақ жасау үшін қанша бөлік керек?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ)

V. Қорыту. VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 29-30 бет оқу. 2. Бағалау

№ 15. Тақырыбы: Терезесі бар көңілді ашық хаттар құрастыру.

Мақсаты: Оқушыларға қағаздан, қатырма қағаздарды пайдаланып терезесі бар көңілді ашықхаттар жасауды үйрету. Білімін, ой - өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз, қайшы, желім, фото.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Ашықхат қандай болуы керек? Әрине көңілді. 2. Сурет бойынша жұмыс 31-32бет. 3. Күн бейнесі көтеріңкі күйден хабар береді. Терезе ашықхаттың жалпы композициясының ішіне кіруі тиіс. Алдымен қалың қағаздан өзімізге қажет өлшемдерді тік төртбұрыш етіп қиып аламыз. Терезенің пішіні мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Дөңгелек терезені циркульмен сыз. 1-3 суреттерде көрсетілген ашықхаттарда көбелек, фотосурет ішкі жағынан желімделген. Бейнебір көбелек гүлдерге қарай ұшып бара жатқандай. 4-сурет 2-3 суреттердегі композицияның негізінде жасалады. Безендіру барысында аппликация, «оригами» фигураларын және өз шеберлігіңді пайдалануыңа болады.

Сергіту сәттері: Туған күнмен құттықтау ашықхаттарын құрастыр.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап алу. - Қағаз деген не? Қағаз - әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. - Қағазды қалай жасайды?

- Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау. (қайшы, пышақ) : Қағаз дайындау. (кесу, тесу)

V. Қорыту. VІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 31-32 бет оқу. 2. Бағалау

№ 16. Тақырыбы: Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.

Мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету. Білімін, ой - өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділерімен, қайшы, желім.

Сабақ барысы:I Ұйымдасу кезеңі: Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қағаз - әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімделеді. Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады. Оларды бір - біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі сенің шеберлігіңе байланысты. Қалың қағаздан немесе жұмсақ қатырма қағаздан құрастырылған композиция майысып, мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, онда ол өте әдемі көрінеді. Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек. 1. Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау тәсілін түсіндіру. - Қағаз тілшелерін не істеуге болады?(кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды) . 2. Сурет бойынша жұмыс 33-34 бет. 3. Тілшені қалың қағаздан, жұмсақ қатырма қағаздан жасаса, ол майысып мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, тілшелер әдемі көрінеді. Қағаз тілшелерінен шеңбер тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады.

Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Әсіресе әр түрлі механизмдер мен тасымал құралдары әдемі жасалады.

Сергіту сәттері.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 33 - 34 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. - Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды? - Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар? - Қағазды немен кеседі? - Қағаз тілшелерін не істеуге болады? Оны қалай жасайды?


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулуда шығармашылық жұмыс
Оригами. еңбекке баулу. 4 сынып
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
Еңбекке баулу пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
Бастауыш сыныптарда технология сабағын оқыту әдістері
Еңбекке баулу пәнінен қайталау сабағы
Орман патшалығы кейіпкерлерін жандандыру, бұйымдарды біріктіру тәсілдері. бұйымдарды жасау схемасы
Бүлдіршіндерді еңбекке баулу
Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемесі
Құрастыру реті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz