30,40, 60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету

Дене тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы: 30, 40, 60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету.

1. Оқушыларға жеңіл атлетика жаттығуларының адам өміріне қажеттілігін түсіндіру.

2. Жеңіл атлетика жаттығуларының түрлерін, әдіс-тәсілдерін, техникасын үйрету.

3. оқушылардың жылдамдық, күш, икемділік т. б. қасиеттерін дамыту.

Саймандар: Жалауша, уақыт өлшеуіш

Сабақ

бөл-рі

Мазмұны
Мөлшері

Методикалық

нұсқау

Сабақбөл-рі:

І

10 мин

5 мин

Мазмұны:

Кіріспе бөлім:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Жалпы дене жаттығулары.

Саппен жүру қолды жоғары үстап,

аяқтың ұшымен жүру;

Қолды жанға ұстап, өкшемен жүру;

Қолды алға ұстап, тізеден бүгіліп жүру;

Жүрелеп отырып жүру.

Арнайы жүгіру жаттығулары.

Тізені көтеріп жүгіру;

Қол белде, аяқты алға тастай жүгіру;

Қолды артқа қойып, аяқты тигізіп жүгіру;

Қол белде аяқты екі жаққа тастай жүгіру;

Қолды желкеге қойып, аяқы артқа тастап

жүгіру

Шапшаң жүгіру;

Арнайы секіру жаттығулары.

Оң және сол жақпен секіре жүгіру;

Әр адымға секіріп қолды алға (артқа)

айналдыру;

Адымдап жүру демалуды бір қалыпт-дыру;

Арнайы бір орында жасалатын жаттығулар.

Мөлшері:

1

1

1

25м

Методикалықнұсқау:

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.

Жаңа сабақтың тақырыбын көңіл бөліп тыңдау.

Қолды түзу ұстап жаттығуды дұрыс орындалуына көңіл бөлу.

Денені тік ұстап отырып жүру.

Оқушылардың жаттығуларды дұрыс жасап қол аяқтарын тік ұстап орындауларын қадағалау.

Қолды шынтақ буынынан бүкпей тіке ұстау.

Сабақбөл-рі:

І І

25 мин

Мазмұны:

Негізгі бөлім:

Сөреге тұруды және 30 м қашықтыққа жүгіруді жетілдіру.

Жеңіл атлетика 60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету. Қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін үйрену. 20 м қашықтықты 3-4 рет екпіндей жүгіріп өтуден басталады. Әрбір екпіндей жүгіру аралығында 3-5 минут үзіліс жасалады. Осыдан кейін осы қашықтықты демалу уақытын 2 минутқа дейін азайтып, жүгіріп өту санын 5-7 ретке дейін жеткізу қажет.

60 м қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа жүгіру қозғалыстың шапшаңдығын арттырады.

Қысқа қашықтыққа жүгірудің ерекшелігі - жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигізіп отыру қалпында болады. 60 м қашықтыққа жүгірер алдында жерге бір тізерлеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады.

Сөреге тұруды және 30 м қашықтыққа жүгіруді жетілдіру.

Мөлшері: 7-8мин
Методикалықнұсқау:

Қысқа қашықтық-қа жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.

Сөреден шыққанд-ағы алғашқы ады-мдар өте кең бол-май, оның есесіне өте тез болғаны жөн.

Сабақбөл-рі:

ІІІ

5 мин

Мазмұны:

Қорытынды бөлім:

Сабақты қортындылау.

Үйге тапсырма беру.

Мөлшері:

2мин

3мин

Методикалықнұсқау:

Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Ұлттық ойындар. Ақ сүйек .

Сабақтың мақсаты:

Халқымыздың аса құнды мәдени игіліктерінің бірі ұлттық ойындар жөнінде оқушыларға түсінік беру.

ә) Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарасақ, содан үлкен де мәнді мағыналы істер туып жатқанын оқушыларға түсіндіру. Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз

байланысты екенін түсіндіру.

б) Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке , икемділікке, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру
Сабақтың мазмұны
1 Дайындық бөлімі
1. Сапқа тұрғызу. Амандасу
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2. Саптық жаттығулар:
Оңға, солға, кері бұрылыстар
3. Жүру. -аяқтың ұшымен, қол жоғарыда
-қол желкеде, өкшемен жүру
Ойын шартымен таныстыру.

Ақсүйек
Ақсүйек - жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден қураған мал сүйегі не қабығы аршылған, ұстауға ыңғайлы ақ таяқша пайдаланылады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арнайы сызылған шеңбер бойына орналасады. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол сүйекті алысқа лақтырады. Қалған ойыншылар теріс айналып тұрады. Содан соң олар ақ сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан адам «Ак сүйек! Ақ сүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақ сүйекті лақтырып үлгеруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті. Осылай ақсүйекті бір-біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге жеткізген топ кажетті ұпайды алады да, лақтыру кезегіне ие болады. Қанша ұпай жинағанша ойнайтындары алдын ала келісіледі.
Екінші түрі. Ойын кезінде екі топтың ойыншылары бір-бір киімін не болмаса заттарын (қамшы, орамал, белдік, аяқ киім, т. б. ) бір орынға жинайды. Осы жер «сал» (қазына) деп аталады. Әрбір ұтыс сайын жеңілген топ өз «қазынасының» біреуін беріп отырады. Ойын бір топтың «салы» таусылғанша созылады. Соңында ұтылғандар ән шырқап, би билеп немесе әзіл айту аркылы өз заттарын қайтарып алады.

Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Жеңімпаздарды атап өту
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұру, сабақ барысын қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру.

Дене тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы: “ Ұлттық және балалар билерінің элементтері”
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық нақышын айқындайтын би өрнектерін үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін арттыру, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Би өнерінің сырларын ұғынуға, әдепті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Қазақ биінің қол элементтерімен жұмыс жасау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, сәлемдесу.
Жаңа сабақ: I. Қазақ биі туралы түсінік беру.
II. Орындалу техникасымен таныстыру.
I. Қазақ биі туралы түсінік беру;
Би - ежелден келе жатқан өнер түрі. Би өнері адам өмірінде ерекше орын алады, адамның жан-жақты дамуының бөлінбес, алынбас бөлігі және баланы жеке тұлға ретінде дамытуда ерекше рөль атқарады. Бұл балалардың дұрыс әрі әдемі қозғалуына, іс-әрекеттердің этикалық мазмұнына жауап береді. Дененің бұлшық еттерін шынықтырып, баланың денсаулығына әсер етеді. Би өнері адамды тәрбиелеу жұмысында маңызы зор. Қазіргі заманда балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарында би ұжымдары ашылуда. Осы ұжымдардың шығармашылығының арқасында халық билері жаңа белеске көтеріліп, жас ұрпақтар этикалық тәрбие алып, рухани байлығы көтерілді. Би тек қана әсемдік үшін ғана емес сонымен қатар, бұлшық еттерінің қаңқа сүйектерінің жетіліп дамуына көп әсерін тигізеді, денеге икемдік сымбат береді.
Әр халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әр түрлі болып келеді. Қазақ биі негізінен қол, бас, мойын, көз, иық секілді түрлі дене мүшелерінің қимылдарымен биленеді. Ал оны біз қиюын тауып, үйлестіре білсек, қазақтың ұлттық биінің өз ерекшелігі танылады. Қазақ биінің алғашқы болып іргетасын қалаған - Шара Жиенқұлова. Ол - туған халқының мол мәдени мұрасын болашаққа ұсынып кеткен ұлы ұстаз. Ұлы ұстаз Ш. Жиенқұлова күнделікті тіршіліктегі қимыл - қозғалыстарды би қимылдарына айналдырған.
Осы қимылдарды қазіргі таңға дейін қолданып келеміз. Қазақ биі - халықтың тұрмыс-салтының айнасы. “Сырға”, “Толқын”, “Тұмарша”, “Айна”, “Білезік”, “Буын” осы қол элементтері қыздың нәзіктігін бейнелейді. Қазақ биінің қимылы мен әуені де, өте әсем, ырғағы жігерлі, мазмұны бай болып келеді.
II. Орындалу техникасымен таныстыру; Қазақ биі үстінде қолды қалай ұстаудың негізгі алты түрі (қалыптары) бар.
I. “Сәлем” деп аталады. Екі қолын алға созып, саусақ бастарын жоғары қаратады, алақаны ашық, шынтағы сәл бүгулі ұсталады.
II. “Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын төмен қаратып, саусақтарын бос ұстайды.
III. “Қос мүйіз” деп аталады. Екі қолын басынан асыра көтеріп, ортаңғы саусағын бас киіміне тигізеді, екі шынтағын бүгеді.
IV. “Сәукеле” деп аталады. Сәукеле- қыздар үшін, ат үстінде- ерлер үшін. Оң қолын жоғары асыра басына көтеріп, сол қолын шынтақтан бүгіп көкірек тұсына иеді. Қолдың алақаны ашық болады. Ерлер қолдың алақанын жұмып, ат үстінде тізгін ұстағанды бейнелейді.
V. “Сыңар мүйіз” деп аталады. Оң қолын жоғары көтеріп, сол қолын солға созады. Алақаны ашық болады.
VI. “Белбеу” деп аталады (ерлер үшін) . Екі қолын шынтақтан бүгіп, белдіктен ұстайды.
Аяқтың қазақ биі үстінде байқалатын алты түрі бар. Жүру әдістері. I. Табан жүріс. Екі аяқтың көмегімен еденді алма- кезек нық басып жүру.
II. Өкше жүріс. Екі аяқтың өкшесімен кезек басып жүру. Екі аяқтың ұшымен кезек басып жүру.
III. Қос табан. Оң аяқпен алға екі табан басу, сол аяқ оң аяқтың артынан ілеседі. Дәл осыны керсінше қайталайды.
IV. Тоқылдақ. Екі аяқтың табанымен еденді кезек- кезек тебеді. Сырғанақ тоқылдақ оң аяқпен еденді бір теуіп алға сырғанайды да, сол аяқпен қайталайды.
V. Секіртпе. Екі аяқпен алма- кезек секіреді. Қос аяқпен бір мезгілде секіреді, бір аяқпен секіреді.
VI. Айналма. Бір аяқтың ұшымен айналады. Айналма шеңбер жасайды. Ұршықтай шыр айналады.
Би элементтерін әуенмен орындау.
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұру, сабақ барысын қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма би элементтерін әуенмен орындау.

Дене тәрбиесі

Сабақ тақырыбы: Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға баскетбол ойынының элементтерін үйрету.
2. Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, күш және т. б. қасиеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Баскетбол добы, кедергі
Сабақтың мазмұны Әдістемелік нұсқау
I. Ұйымдастыру бөлімі Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорт секторынан мәлімдеме қабылдау. Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру. Бір қалыпты жәй жүгіру. Бой жазу жаттығулар. Үй тапсырмасын тексеру.
Дайындық бөлімі
1. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға екі рет, солға екі рет айналдырамыз.
2. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қолды иыққа қою. Бір, екі иықты алға айналдыру. Үш, төрт артқа айналдыру.
3. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Бір, екі алға. Үш, төрт артқа қолды ауыстыра сілтеу.
4. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда сол қол белде. Бір, екі солға иілу.
5. Б. Қ. Қолды белге қойып секірудің әр түрлі әдістерін жасаңыз.
II. Негізгі бөлім.
Жаңа сабақтың тақырыбы:«Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері»
1. Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
3. Ойын элементтерін үйрету.
- бір орында тұрып оң және сол қолмен допты жерге соғып, ыршытып жаттығу.
- допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршыту.
- екі қарама - қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып ыршытып тоқтамай бір - біріне кеуде тұстан лақтырып жаттығу.
Эстафеталық ойындар.
Оқушыларды екі топқа баскетбол элементтері бар эстафеталық ойын ойнату.
- кедергінің арасынан допты соғып алып өту
- допты жоғарыдан беру
- допты төменнен беру
- жерге қатар қойылған 5, 6 шығыршықтың ішіне соғып келе жатқан допты дәл түсіре ыршыту
- бірден алаңның ортасынан баскетбол қалқанына қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтай қалып, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу.
III. Қорытынды бөлім:
Сыныпты сапқа тұрғызу. Бағалау. Мадақтау.
Үйге тапсырма беру:
Баскетбол добымен жаттығулар орындау.

Дене тәрбиесі

Сабақтың тақырыбы: Кросс дайындығы.

Сабақтың міндеті мен мақсаты:

1. Кросс жүгіру техникасын үйрету.

2. Төзімділікті және күшті дамыту.

3. Топтық, қоғамдық және жолдастық сезімдерге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Фишкалар, ысқырық және сағат.

Кіріспе бөлімі.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Кезекшіден мәлімет қабылдау. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сапта тұрып сап эле-менттерін қайталау

Дайындық бөлімі .

Фишкалармен үлкен төрт бұрыш жасап, әр түрлі жылдамдықтармен жүгірту:

Спорттық жүріспен. (Қолды кеуде тұсына ұстап, табанды өкшеден аяқтың ұшына дейін тигізіп жылдам жүру) .

Жеңіл жүгіру. (Аяқтың ұшымен жеңіл және бір қалыпты жүгіру) .


Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика
Орта қашықтықта жүгіру
Төмендегі сөреде тұруды үйрену,ұзындыққа секіруді қайталау
Орта қашықтыққа жүгіруді дамыту
Денешынықтыру календар план
Қысқа қашықтыққа жүгіру. 6-сынып
Екі қатардан екі шеңбер құру қиғаштап қарсы бағытта жыланша жүру
400 метрге уакытқа жүгіру
Жеңіл атлетика. 5-сынып
60 метрге жүгіру. 6-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz