Сабақ жоспары :: Дене тәрбиесі

Файл қосу

Екі қатардан екі шеңбер құру қиғаштап қарсы бағытта жыланша жүру

Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Екі қатардан екі шеңбер құру қиғаштап қарсы бағытта жыланша жүру.
Сабақ тақырыбы: Жүру.Кедергілер арқылы жүру.Жәй және жылдам жүгіруге үйрету.
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
- Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке, икемділікке, ептілікке тәрбиелеу.
- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
І. Дайындық бөлімі
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
- Тік тұр!
- Саламатсыздар ма?!
Жүру жаттығулары:
- қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру;
- қол алда, жартылай отырып жүру;
- қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
Негізгі бөлім
Орнында тұрғандағы бұрылыстар: <<Оң-ға!>>, <<Сол-ға!>>, !Артқа бұ-рыл!>> пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу - сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
- бірінші тәсіл - дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл - қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
- Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және
керісінше қайта сап құру.
Заттар арасында қашықтықтарды алмастырып және олардың бөксесің биіктігін, ұзындығын және адым жиілігін
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
Үйге тапсырма беру.Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау .
Бағалау

Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Екі қатардан екі шеңбер құру қиғаштап қарсы бағытта жыланша жүру.
Сабақ тақырыбы: Жүру.Кедергілер арқылы жүру.Жәй және жылдам жүгіруге үйрету.
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
- Оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке, икемділікке, ептілікке тәрбиелеу.
- Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
І. Дайындық бөлімі
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
- Тік тұр!
- Саламатсыздар ма?!
Жүру жаттығулары:
- қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру;
- қол алда, жартылай отырып жүру;
- қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
Негізгі бөлім
Орнында тұрғандағы бұрылыстар: <<Оң-ға!>>, <<Сол-ға!>>, !Артқа бұ-рыл!>> пәрмендері бойынша орындалады.
Артқа және солға бұрылу - сол жаққа қарай, сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға бұрылу - оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
- бірінші тәсіл - дененің тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдыңғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл - қысқа жол арқылы аяқты қою керек. Бұл ретте денені бұрылатын жаққа бір мезгілде күрт бұрып және басқа аяқтың ұшына қатты тіреліп, дененің салмағын бұратын жақтағы аяққа көшірумен ұштастыру қажет.
- Бұрылыстарды орындауда саптық тұрыстағы барлық ережелер сақталынады.
Бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа және
керісінше қайта сап құру.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сапқа тұрғызу
- Түзел!
Үйге тапсырма беру.Үйге берілген жаттығулардың орындалуын қадағалау .
Бағалау

Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Еркін әдіспен қалыпта допты тебу.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға футболда допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу барысын, ұшып немесе домалап келе жатқан доптың түсетін жерін ұшып келе жатқан бағытына қарай алдына шығып баспен және кеудемен тоқтату әдістерін еске түсіру арқылы спорт ойындарына қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылардың жылдамдық, күш, шыдамдылық және т. б. қасиеттерін дамыту.
3. Саламатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спорт түрлерімен шұғылданатын шыныққан, дені сау тұлға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ысқырық, уақыт есептеуіш, футбол добы
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сапқа тұру. Рапорт. Сәлемдесу.
Саптық жаттығулар
- Түзел! Тік тұр!
- Оңға, солға, кері айнал!
- Сабақтың тақырыбын айтып мақсатымен таныстыру
- Алаңды айналып жүру
Жүру жаттығулары:
1. Қолымыз жоғарыда аяқтың ұшымен жүру
2. Қол желкеде өкшемен жүру
3. Қолда аяғымызға тигізіп жүру
4. Қол алда жартылай отырып жүру
5. Қол белде толық отырып жүру
6. Қол белде отырып екі жанға секіріп жүру
Жүгіру жаттығулары:
1. Қол белде аяқты артқа лақтырып жүгіру
2. Қол белде аяқты алға лақтырып жүру
3. Қол алда тіземізді жоғары көтеріп жүру
4. Қол жанда аяқты екі жанға лақтырып жүгіру
5. Қол белде жанымызбен жүгіру
1. Сапқа тұрғызу. Допты ойынға қосу әдістерін түсіндіру, орындалуын көрсету. Арнайы бейімделу жаттығулары
а) допты жанынан ойынға қосу әдісі
ә) допты төменнен ойынға қосу әдісі
б) допты жоғарыдан ойынға қосу әдіс
Сапқа тұрғызу. Сабақ барысын қорытындылау. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырмалар беру.
Оқушыларды бағалау.

Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар алға, артқа домалау және жауырынға тұру
Сабақ міндеті: а) дене қызыметін үнемі арттыру аясында денсаулықты нығайту.
ә) жеке тұлғаның үйлесімділігн дамыту.
б) адамгершілікке, ептілікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ мақсаты: Акробатикалық жаттығулар арқылы абайсызда құлау, жайсыз секіру,
кедергіден өту кезінде оқушылар өзін-өзі сақтандыра білу.
Сабаққа керек құралдар: гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секундомер.
Дайындық бөлім. Оқушылардың денсаулығына,
1. Сапқа тұру.
Түзел! Тіктұр! Сәлемдесу, рапорт қабылдау. Жаңа сабақтын мазмұны мен мақсатын түсіндіру.
2. Саптық жаттығуларды орындау.
<<Оңға>>, <<Солға>>, <<кері айнал>>, бір қатардан екі қатар сап түзе. т.б. Бұйрық жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау.
3 Жай жүгіріспен орындалатын жаттығулар.
- бір қалыпты жүгіспен.
- оң, сол қапталмен жүгіру.
- оң, сол қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.
- қолды шынтақтан бүгіп алақанға тізені тигізіп жүгіру.
- қол артта өкшені алақанға тигізіп жүгіру.
- спорттық жүріспен.
Бір лекпен жүгіру
Тізені барынша жоғары көтеру
Денені тік ұстап жүгіру
4 Жалпы дамыту жаттығулары.
-Б.Қ аяқ иық көлемінде, қол белде, басты 1-2 солға, 3-4 оңға айналдыру.
-Б.Қ аяқ иық көлемінде қол иықта, шынтақты 1-2 алға, 3-4 артқа айналдыру.
- Б.Қ аяқ иық көлемінде, қол белде, белді 1-2 солға, 3-4 оңға қарай айналдыру.
-Б.Қ аяқ иық кендігінде, 1 қолды жоғары көтеру, 2 еңкейіп қолды аяқтын ұшына тигізу, 3 қолды алға созып отыру, 4 - Б.Қ келу.
-Б.Қ аяқ иық кендігінде, 1 қолды алға созып отырамыз ,2 Б.Қ келеміз. Жалпы дамыту жаттығуларын дұрыс орындалуын қадағалау
Денені тік ұстау
Тізені бүкпей,белді айналдыру
Бірдеи отырып тұру
Негізгі бөлім
Алға домалау жаттығу жасаушы оқушы жиырылып отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші көмекші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында қауіпсіздендіруші қолымн жаттығушының желкесіне басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп,денені бірден аударып түсіруге көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше көмекшінің көмегінсіз жасап үйрену.
Артқа қарай домалап түсуді үйренгенде жүйелілік барынша сақталған жөн. Артқа домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілу әдісімен басталады. Келесі кезен-жиырылып отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу.
Жауырынға тұру бүгіліп отырған қалыптан артқа домалау және жауырынға тұру акробатикалық құрама жаттығуын орындау техникасы. Домалап түсу жаттығуын орындай отырып, бүгіліп отыру жағдайына тез келуге тырысу керек . Ол үшін жауырынға домалап түсу кезінде жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру мақсатында қолды белсенді қимылға көшіру керек; жауырынға тұруға әрекет ету кезінде жауырынды гимнастикалық төсенішке қатты ұрып алудан сақтана отырып, арқаны дөнгелете бүгіп барып, иыққа тұра қою қажет.
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.
Бағалау
Үйге тапсырма: жаттығуларын қайталап орындау.

Дене тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Тепе-теңдік сақтау жаттығулары
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік сақтау жаттығуларын орындау.
2.Дамытушылық:Ептілікті,қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
3.Тәрбиелік: Төзімділікке,өзара достыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
Көрнекілігі: гимнастикалық бөрене,ысқырық,доп,таяқша.
Сабақтың мазмұны
1 Дайындық бөлімі
1.Сапқа тұрғызу.Амандасу
Мәлімет қабылдау
Сабақтың тақырыбын түсіндіру
2.Саптық жаттығулар:
Оңға,солға,кері бұрылыстар
3.Жүру.-аяқтың ұшымен,қол жоғарыда
-қол желкеде,өкшемен жүру
-отырып жүру
4.Жүгіру.-баяу жүгіріс
-сол жақ иықтан секіре жүгіру
-оң жақ иықтан секіре жүгіру
-қиылысты жүгіріс,жылан жүгіріс
5.Жалпы дамыту жаттығулары.
Б.қ. қол белде,аяқ иық көлемінде,басты 1-2алға артқа,3-4оңға солға бұру
Б.қ. негізгі тұрыс,қолды алға созып айқастыру,1-2оңға,3-4солға
Б.қ.жұдырық түйюлі қолды 1-2жоғары,3-4төмен
Б.қ. қол кеуде тұста,1-2алға,3-4жанға қолды ашып сермеу
Б.қ. қол белде,1-2оңға,3-4солға бүгілу
Б.қ. 1-сол аяққа еңкейеміз,2-ортаға еңкею,3-оң аяққа еңкею,4-бастапқы қалып
Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:
:: бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету
:: спорттық форманы қарау
Мұғалімнің санауы бойынша.
Бәрі бірдей жасауын қадағалау,
Дененің тік болуын және тепе-тендікті ұстауды қадағалау; тізенің бүгіліп кетпеуін қадағалау.
Қаттырақ бұрылу тізені бүкпей
2. Негізгі бөлім.Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулар бөрененің немесе гимнастикалық орындықтың үстінде орындалады.
-бөрененің үстінен қолды екі жаққа соза алға,артқа жүріп өту;
-сол аяқпен бір адым ілгері аттап,екі қолды екі жаққа соза қарлығаш бейнесін жасау;
-оң аяқпен бір адым ілгері аттап,сол аяқты алға соза тізені бүгіп отыру және екі қолды екі жаққа созу.
-екі оқушы <<қыл көпірдің>> (гимнастикалық бөрененің) үстінде қарама-қарсы келе жатып екеуі де құлап қалмай өтіп кетуі үшін, қарсы келген екі оқушы бір-бірін иығынан немесе белінен ұстап, оң аяқтарын бөрене үстіне қарама-қарсы қойып,оңға айнала бұрылып,сол аяқтарымен әркім өз бағытына қарай жүріп кете беру.
3 Қорытынды бөлім
1.Сапқа тұру
2.Бағалау
3.Үйге тапсырма

Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Жылдамдыққа арналған эстафеталық ойын.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындардың қимыл-қозғалыс біліктілігін арттыру.Салауаттылыққа дағдылау.Өскелең жеткіншектің келбетті дамуына ықпал ету.Жылдамдық,ептілік рефлексін дамыту.Өмірге бәсекелес ұрпағын тәрбиелеу.Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Құрал-жабдықтармен көрнекілігі:баскетбол доптары,кедергілер,таяқшалар.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Жүгіру
2.Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар.
а) екі қол алда тізені алақанға тигізіп жүгіру
ә) екі қол жамбаста өкшені алақанға тигізіп жүргіру
б) екі қол белде екі аяқты алға тік созып жүгіру
в)Оң және сол жақ иықпен бір қырындап қолды алға артқа айналдырып жүгіру
3.Жәй жүру демді орнына келтіру жаттығулары
4.Жүріп орындалатын жаттығулар:
а) екі қолды жоғары созып алақанды қарама-қарсы қойып аяқтың ұшымен жүру.
ә) екі қол белде өкшемен жүру
б) екі қол белде аяқтың сыртымен жүру
в) қолды алға созып жартылай отырып жүру.
г) қол тізеде толық отырып жүру.
5.Бір орында тұрып орындалатын жаттығулар:
а) екі қол белде бас мойын жаттығулары
ә)оң қол жоғары сол қол белде солға,оңға иілу жаттығулары.
в)екі қол иықта қолды алға,артқа айналдыру жаттығулары.
Сабақ барысы: эстафеталық сайыс
Таяқшалармен өткізілетін жаттығулары
4.Жүріп орындалатын жаттығулар:
а) екі қолды жоғары созып алақанды қарама-қарсы қойып аяқтың ұшымен жүру.
ә) екі қол белде өкшемен жүру
б) екі қол белде аяқтың сыртымен жүру
в) қолды алға созып жартылай отырып жүру.
г) қол тізеде толық отырып жүру.
5.Бір орында тұрып орындалатын жаттығулар:
а) екі қол белде бас мойын жаттығулары
ә)оң қол жоғары сол қол белде солға,оңға иілу жаттығулары.
в)екі қол иықта қолды алға,артқа айналдыру жаттығулары.
Сабақ барысы:
1- эстафеталық сайыс
Таяқшалармен өткізілетін эстафета.
Ойыншылар екі командаға бөлініп,
Олар бір- бірінен 3-5 м қашықтықта
Параллель сап түзеп тұрады. Екі
Саптың алдына да сызық сызылады.
Сызықтың 10-20м жерге бір зат
немесе жалауша шаншып қояды.
Әр команданың бірінші ойыншысына
таяқшаға беріледі де.төрешінің белгісі бойынша таяқша ұстаған екі бала әлгі затты немесе жалаушаны жүгіре айналып келіп,таяқшаны өзінен кейінгі дайын тұрған оқушыға береді. Ойын шартын бұрын орындап шыққан команда жеңген болып есептеледі.Әрбір жіберілген қате үшін командада айып ұпайын алады.
2- эстафеталық сайыс
Доптың аяқтың арасына қыса жүріп,шеңберді айнала қайтып оралады,доп келесі оқушыға береді.Ең алғашқы болып келген команда жеңіске жетеді.
3- эстафеталық сайыс
Топ басшысы алдыменен шығыршықты алып шеңберді айнала жүгіріп келеді,сонан соң екінші оқушыны тасымалдайды,соңында барлықтоп оқушыларышығыршықтың ішіменен шеңберді айналып келеді,алғашқы келген топ жеңіске жетеді.
Тынысты орнына келтіру жаттығулары
Қорытынды бағалау

Дене тәрбиесі
Сабақтың түрі: Лақтыруға арналған ойын
Сабақтың мақсаты: Оқушыны ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Спортқа баулу, ынтасын арттыру. Доппен спорттық ойындарға бейімдеу. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау. Оқушыларды ойлауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Керекті спорт құрал - жабдықтар: жеңіл доптар, сағат, белгілейтін қағаздар.
Ұйымдастыру әдісі: Топтық
Сапқа тұру, рет - ретімен саналу, рапорт беру. Амандасу, сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатын түсіндіру.
Бір орындағы саптық жаттығулар - Оңға, солға бұрылу, жаттығулар орындау.
Сапқа тұрғызу.
Оқушының сабаққа даярлығын тексеру
Санауды нақты орындау.
Саптық жаттығулар.
Қадағалау.
Жүру ( жүру түрлері) жаттығулары:
1. Аяқтың ұшымен жүру
2. Қол белде - өкшемен жүру
3. Қ. б - Табанның қырымен жүру
4. Қ. б - табанның ішімен жүру
5. Жартылай отырып жүру
6. Қол желкеде толық отырып жүру
7. Отырып алдыға секіру
Қалыпты жүру.
Қолды белге ұстап,
Қолды алдыға түзу ұстап жүгіру. Қолды артқы жанбасқа ұстау.
Қолды алдыға айналдыру. Артқа айналдыру.
Қалыпты орындау
Екпінмен жылдам жүгіру.
Терең тыныстау
Саптық жалпы дамыту жаттығулары.
1. Мойын жаттығулары -
Басты оңға, солға айналдыру.
2. Иық жаттығулары -
Қолды иыққа қойып айналдыру
3. Қолға арналған жаттығулар -
Білек айналдыру, шынтақта айналдыра, оң - сол қолды кезек - кезек айналдыра, оң - сол қолды жоғары керіле орындау.
4. Бел жаттығулары -
Айналдыра, майыстыру, алдыға еңкейе отырып, тұру.
Сапқа қойып, оқушыларды төрт топқа бөліп, шеңбер тәріздес тұрып допты бір - біріне лақтыру.
Оқушыларды сапқа қойып, саптық санақ бойынша екі топқа бөліп алу.
Бөлінген екі топ арасында допты пайдалана отырып, эстафета жарысын өткізу. Төрешінің белгісінен кейін:
1 - Допты төмен ұрып, қағып алып белгілі сызыққа дейін барып келіп келесі оқушыға беру. Белгіленген сызықтан шығып жүгіру.
2 - Допты төмен домалатып, барып келу.
3 - Бастапқы оқушы жүгіріп, кері бұрылып келесі оқушыға лақтыру. Ойынды аяқтау.
Жай ғана лақтырып беру.
Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Допты дұрыс алып жүру.
Жеңімпаздарды атап өту
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұру, сабақ барысын қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру.

Дене тәрбиесі
Мақсаты:
Қазіргі балалардың физикалық белсенділігі төмен, себебі дене еңбегімен ой еңбегі қатар алмастырылмаған. Сондықтан қозғалыс ойындары көп болса деген оймен осы ойынды алдым. Балалар үшін бұл ойын өте пайдалы. Соның ішінде шапшаңдылыққа, ептілікке, қырағылыққа үйренеді.
Керекті спорт құрал - жабдықтар: жеңіл доптар
Сапқа тұру, рет - ретімен саналу, рапорт беру. Амандасу, сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатын түсіндіру.
Бір орындағы саптық жаттығулар - Оңға, солға бұрылу, жаттығулар орындау.
Сапқа тұрғызу.
Оқушының сабаққа даярлығын тексеру
Санауды нақты орындау.
Саптық жаттығулар.
Қадағалау.
Жүру ( жүру түрлері) жаттығулары:
Қашпа доп ойынының ойнау тәртібі:
Балалар екі командаға бөлініп ойнайды. Ойын 60х40 метр алаңдықта ойналу керек. Алаңнын екі шетіне диаметрі 4 метрлік отау сызылады және диаметрі 2 метрлік қазандық болады. Команда құрамындағы адам саны 3 баладан кем немесе 6 баладан аспау керек. Алаңда екі жақта екі отау және бір қазандық болуы қажет. Ойынға қажетті ең басты құрал - доп.
Ойынның тәртібі:
Бір команда отаудың ішінде, екінші команда алаңда болады. Отаудың ішіндегі команданың бір баласы қолын көтеріп допты ұруға дайын тұрады. Алаңдағы екінші команда допты лақтырып береді. Бірінші командадағықолын көтеріп тұрған бала допты неғұрлым алысқа ұрып жіберіп жүгіріп екінші отауға жету керек. Қарсы команда допты ұстап алып қашып бара жатқан баланы қуып доппен ұру қажет. Егер екінші отауға жете алмайтын жағдай болса қазандыққа демалып тұрып қалады. Екінші ойыншы қолын көтеріп, допты алысқа ұрып қашады. Сол кезде манағы қазандықтағы бала екінші балаға қосылып отауға қарай қашады. Осылай ойын ойнала береді. Қарсы команда қарсылас командаға допты тигізе алмай екінші отауға команда толық жиналса бірінші команда жеңіске жетеді.
Ойын барысында допты ұрған кезде қарсылас команда допты қағып алса далаға лақтырып жібереді. Бірінші команда допты ұстап алып келгенге дейін екінші команда толық отауға жиналып үлгеруі керек. Егерде үлгермей қалған жағдайда екінші команда отауға кіруге ұмтылып манағы жағдай қайталана береді.
Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Допты дұрыс алып жүру.
Жеңімпаздарды атап өту
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұру, бағалау, үйге тапсырма беру.

Дене тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: <<Мерген>> ойыны.
Сабақтың мақсаты : "Мерген" ойынын түсіндіру. Қимыл-қозғалыс ептілігін дамыту. Оқушыларды қозғалмалы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі
Керек құрал-жабдықтар: волейбол добы,нысана
1.Сыныпты сапқа тұрғызу.Сап түзел,тік тұр!
Сәлемдесу.Рет бойынша санау.Оқушыларды түгендеу
2. Психологиялық көңіл-күй көтеру.
<<Болады, болмайды>> жаттығуы.
Мен сендерге сөздер айтамын, ал сендер болсандар болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болса- онда аяқпен топылдатады.
Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді- алақан шапалақтайды. Қасқыр орындықта отыр - аяқтарын топылдатады. Оқушылар жаттығулар жасады.
Дидар спортзалда шанамен сырғанап жүр.
Динара секіртпемен секірді. Тышқан доп теуіп барады.Енді бәріміз тұрып, серігіп алайық. 3.Сабақтың тақырыбын айту.Қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
4.Саптық жаттығулар.(оңға,солға,кері бұрыл)
Жалпы арнайы жаттығулар:
1-жаттығу: оң жақ жанмен қолды алға айналдырып жүгіру.
2-жаттығу: сол жақ жанмен қолды артқа айналдырып жүгіру.
3-жаттығу: қол белде,аяқты алға сілтіп жүгіру.
4-жаттығу:қол артта,аяқты артқа сілітіп жүгіру.
5-жаттығу:екі тізені кезек-кезек көтеріп жүгіру
6-жаттығу:бұғы әдісімен жүгіру.
7-жаттығу: ұзындыққа секіру.
"Мерген "ойыны. Топқа бөліну.Белгіленген спорттық құралдардың суреттерін әр бала бір-бірден таңдап алады.Бірдей сурет алған бала бір топ болып саналады. орындау. Оқушылар екі топқа бөлінеді.Әр топтың капитаны сайланды.Екі капитан екі жаққа тұрып,екі жақ ойыншылары бір-бірін доппен атады.Доп тиген ойыншы ойынан шығып,капитанын жанына барып тұрады.Ойын осылайша жалғасады.Ойын соңына қай топтың ойыншылары алаңна шықса,сол топтың капитаны ортағы шығады.Егер ол капитанға екінші топтың ойыншылары доп тигізсе,сол топп жеңіске жетеді.
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұрғызу
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау,
Ойын кезінде кемшіліктерді ескертіп түзету.
Үйге тапсырма: қайталау

Дене тәрбиесі
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушыны ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Доппен спорттық ойындарға бейімдеу. Салауатты өмір салтын насихаттау, дене тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына, дене бұлшық еттерінің шынығуына ықпал жасау. Оқушыларды ойлауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Керекті спорт құрал - жабдықтар: жеңіл доптар, сағат, белгілейтін қағаздар.
Ұйымдастыру әдісі: Топтық
Сапқа тұру, рет - ретімен саналу, рапорт беру. Амандасу, сабақ тақырыбын хабарлау, мақсатын түсіндіру.
Бір орындағы саптық жаттығулар - Оңға, солға бұрылу, жаттығулар орындау.
Сапқа тұрғызу.
Оқушының сабаққа даярлығын тексеру
Санауды нақты орындау.
Саптық жаттығулар.
Қадағалау.
Жүру ( жүру түрлері) жаттығулары:
1. Аяқтың ұшымен жүру
2. Қол белде - өкшемен жүру
3. Қ. б - Табанның қырымен жүру
4. Қ. б - табанның ішімен жүру
5. Жартылай отырып жүру
6. Қол желкеде толық отырып жүру
7. Отырып алдыға секіру
Қалыпты жүру.
Қолды белге ұстап,
Қолды алдыға түзу ұстап жүгіру. Қолды артқы жанбасқа ұстау.
Қолды алдыға айналдыру. Артқа айналдыру.
Қалыпты орындау
Екпінмен жылдам жүгіру.
Терең тыныстау
Саптық жалпы дамыту жаттығулары.
1. Мойын жаттығулары -
Басты оңға, солға айналдыру.
2. Иық жаттығулары -
Қолды иыққа қойып айналдыру
3. Қолға арналған жаттығулар -
Білек айналдыру, шынтақта айналдыра, оң - сол қолды кезек - кезек айналдыра, оң - сол қолды жоғары керіле орындау.
4. Бел жаттығулары -
Айналдыра, майыстыру, алдыға еңкейе отырып, тұру.
Сапқа қойып, оқушыларды төрт топқа бөліп, шеңбер тәріздес тұрып допты бір - біріне лақтыру.
Оқушыларды сапқа қойып, саптық санақ бойынша екі топқа бөліп алу.
Бөлінген екі топ арасында допты пайдалана отырып, эстафета жарысын өткізу. Төрешінің белгісінен кейін:
1 - Допты төмен ұрып, қағып алып белгілі сызыққа дейін барып келіп келесі оқушыға беру. Белгіленген сызықтан шығып жүгіру.
2 - Допты төмен домалатып, барып келу.
3 - Бастапқы оқушы жүгіріп, кері бұрылып келесі оқушыға лақтыру. Ойынды аяқтау.
Жай ғана лақтырып беру.
Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.
Допты дұрыс алып жүру.
Жеңімпаздарды атап өту
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұру, сабақ барысын қорытындылау, бағалау, үйге тапсырма беру.

Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Асық иіру.
Міндеттері: 1) Ұлттық <<Асық>> ойынын оқушыларға түсіндіру.
2) Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын арттыру .
3) Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру.
1)асықтың атауларынмен және ойын түрлерімен таныстыру
2) асықты қолда ұстауды үйрету
3) ойын техникасын жетілдіру
Құралдар Асық, бор
Сабақтың мазмұны
I .Дайындық бөлімі Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу.
Орнында және қозғалыста орындалатын саптық жаттығулар.
- оқушылардан әртүрлі жауаптар алынады,
Зейін қойып тыңдау.
Оқушылар топтың атын өздері қояды.
Ұлттық асық ойынымен кеңінен танысу
Оқушыларды топтарға бөліп, гимнастикалық орындықтарға отырғызу.
- түрлі түсті асықтарды қолдану арқылы топтарға бөлу;
- арнайы дайындалған дорбаға оқушылар санына қарай түрлі түсті асықтар салынады.
Топтардың атын қою.
ІІ Негізгі бөлім
1) Асық түрлерімен таныстыру
1.Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. <<Кішкентай>> сөзі <<кіші>> және <<кентай>> сөздерінен шыққан.
2. Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.
3. Ешкімер - ешкінің асығы.
4. Қойлақ - қойдың асығы.
5. Құлжаз - құлжаның асығы.
6. Топай, сомпай - сиырдың асығы.
7. Шүкейт - киіктің асығы.
8. Пүш - тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. <<Пұшайман болу>> деген сөз осыдан шыққан.
Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы.
Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы.
Асықтың атаулары:
Алшы - асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке - асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге - асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге - асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы - асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.
Шоңқай - асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.
- арнайы дайындалған шеңбер (төртбұрыш) ойынын ережеге сай оқушыларға ойнату.
Оқушылардың зейін қойып тыңдауларына мән беру.
Оқушылардың зейін қойып тыңдап, қолдарындағы асықтарымен көргендерін қайталап отыруларын қадағалау.
Оқушылардың асық ойынының түрлерін дұрыс айтуын қадағалап, ар дұрыс жауапқа ұпай беру.
Мұқият зер салып тыңдауларын қадағалау.
Кезекпен, ойын ережесіне сай ойнату.
ІІІ Қорытынды бөлімі
Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Дене тәрбиесі
Тақырыбы:. Шертпек ойыны.
Міндеттері: 1) Ұлттық <<Асық>> ойынын оқушыларға түсіндіру.2) Оқушылардың асық ойынына деген қызығушылығын арттыру .3) Ұлттық ойындарға қызығушылығын арттыру.
1)асықтың атауларынмен және ойын түрлерімен таныстыру
2) асықты қолда ұстауды үйрету
3) ойын техникасын жетілдіру
Құралдар Асық, бор
Сабақтың мазмұны
I .Дайындық бөлімі Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу.
Орнында және қозғалыста орындалатын саптық жаттығулар.
- оқушылардан әртүрлі жауаптар алынады,
Зейін қойып тыңдау.
Оқушылар топтың атын өздері қояды.
Ұлттық асық ойынымен кеңінен танысу
<<АСЫҚ ИІРУ>>ОЙЫНЫ
Екі бала қарама-қарсы немесе бірнеше бала шеңбер жасап отырады. Әр ойыншы өз кезегі келгенде асығын ортаға иіріп тастайды. Кімнің асығы алшы түссе, сол бір ұпай алады. Ойын келісім бойынша жалғаса береді. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңген болып есептеледі.
<<ШЕРІТПЕК>> ОЙЫНЫ
Ойыншылардың бар асығын қосып жерге шашып тастайды да, кезекпен бүк (немесе шік, алшы, тәйке) жатқан асықты сондай бүк жатқан асыққа шертіп тигізеді. Тигізсе, сол асықты өзі алады. Ал егер тигізе алмаса немесе басқаша жатқан асыққа тисе, шерту кезегі келесі ойыншыға беріледі.
<<ШЕРІТПЕК>> ОЙЫНЫ
Ойыншылардың бар асығын қосып жерге шашып тастайды да, кезекпен бүк (немесе шік, алшы, тәйке) жатқан асықты сондай бүк жатқан асыққа шертіп тигізеді. Тигізсе, сол асықты өзі алады. Ал егер тигізе алмаса немесе басқаша жатқан асыққа тисе, шерту кезегі келесі ойыншыға беріледі.
Ойын асықтар таусылғанға дейін жалғасады.
Оқушылардың асық ойынының түрлерін дұрыс айтуын қадағалап, ар дұрыс жауапқа ұпай беру.
Мұқият зер салып тыңдауларын қадағалау.
Кезекпен, ойын ережесіне сай ойнату.
ІІІ Қорытынды бөлімі
Сабақты қорытындылау.
Бағалау

Дене тәрбиесі
Сабақтын тақырыбы: Жеңіл атлетикалық нормативтерді тапсыру.
Сабақтын мақсаты: 1. Жеңіл атлетика үғымын тусіндіру.
Сабақтын бiлiмдiлiгi: Жеңіл атлетиканың дене шынықтыру жаттығуларының кешені.
Сабақтың тәрбиелiлiгi: Тыныс алу, қимылдардың ширақтығын жетiлдiру.
Спорт куралдары: ысқырғыш, секундомер
Сынып окушыларын сапқа турқызып, рапорт тапсыру
1. Сап жаттыгулары: "Оң-га", "сол-га","Ай-нал" т.б.
2. Жүру жаттығулары. "Алға бас" /Колымыз жоғары, аяктын ұшымен жүру/
"Қолымыз желкеде, өкшемен жүру",
"Қол белде, жартылай отыру",
"Қол тiзеде, толыктай отыру"
3. Жүгiру жаттығулары. "Он жак капталмен, сол жак капталмен", "жартылай отыра жүру, толыктай отыра секiру", "артка карап жүгiру", "тез жүгiру"
4. Жай жүгiрiспен жүгiру, жүгiре отырып, жай жүгiрiске көшу.
Жүре отырып тынысты калыпка келтiру
жаттығулары.
5. Ортадан 3 тiзбекке бөлiнiп келу. Жалпы дамыту жаттығулары. Бiр, екi, үш.
Сынып токта. Сол-га немесе он-га
6. Бiр орында жасалатын жаттығулар:
Б.к. Қол белде, аяк сәл ашык,иык тұсында
Б.к. 1-4 басты солға, 5-8 басты онға айналдыру.
Б.к. Қол иыкта 1-4 алга, 5-8 артка айналдыру
Б.к. қол кеуде тұста берiлу, 1-де бүгiп сермеу;
2-де он немесе сол жакка жазып сермеу.
3-те бүгiп сермеу,4 - он жэне сол жакка сермеу
Б.к. Сол кол жоғары, он қол төмен, 1-2 сол колды
жоғары көтерiп сермеу,
3-4 он колды жоғары көтерiп сермеу.
Б.к. Сол кол жоғары, он кол белде 1-3 онға иiлу;
4-Б.к. 5-7 солға иiлу; 8-Б.к.
Б.к. Колды бiрiктiрiп 1 - он аякка тигiзу;
2 - ортаға; 3- сол аякка тигiзу; 4-кол белде;
Б.к. 1-сол колды он аяктын ұшына тигiзу
2 - кол белде; 3 - он колды сол аяктын ұшына
тигiзу; 4 - кол белде;
Б.к. кол белде сол аякпен 15 рет, он
аякпен 15 рет, кос аякпен 15 рет
Женіл атлетика сабақтарының ережелері
Тез жүру. Жылдам жүгіру, жақсы секіру, қаруды алыска және дәл лақтыру ерте замандардан бастап-ак дұрыс багаланды. Жүгіруден, секіру мен лақтырудан жарысуды адамдар алғашкы кауымдык кұрылыс тусында бастаганы белгілі болып отыр.
Женіл атлетиканын дене шынықтыру жаттығулары кешенінін негізін бұрынгыша, адамның табиғи және өмірлік мәні бар кимыл-қозгалыстары құрайды.
1. Жүгіру кезінде тек өз жолынмен жүгіру керек, баска жүгірушінін жолына өтіп кетуге болмайды.
2. Стадиондагы арнаулы сызылып қойылган жугіру жолымен, орман-тогай ішімен алыс қашықтыққа жүгірген кезде, қатарласа жүгіріп келе жатқан оқушымен әнгімелесуге, оларга тым жақындауга болмайды.
3. Биіктікке немесе ұзындыққа секіру тапсырмасы берілген кезінде , аяқкиімнін бауы дурыс байлануын кадағалау, секіруге арналган шұнқырдагы секіріп тусетін агаш ұнтағы жумсартылғаның алдын ала тексеріп алу керек.
4. Ұзындыққа немесе биіктікке секіруді озінің алдындагы оқушы секіріп түсу шұнкырынан толық шыгып кеткеннен кейін бастау қажет.
5. Допты немесе гранатты лақтыруды окушы
лақтырган допты немесе баска лақтыру
құралын аланнаң алып кеткеннен кейін бастау керек.
Оқушылардың жана сабақты толық менгергенін тексеру максатында теориялық турде сұрақтар қою.
Жалпы дамыту жаттыгуларын орындау:
Үйге тапсырма беру.
Сабаққа жақсы қатынаскан балаларды бағалау

Дене тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: 30,40, 60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету.
1. Оқушыларға жеңіл атлетика жаттығуларының адам өміріне қажеттілігін түсіндіру.
2. Жеңіл атлетика жаттығуларының түрлерін, әдіс-тәсілдерін,техникасын үйрету.
3. оқушылардың жылдамдық, күш, икемділік т.б. қасиеттерін дамыту.
Саймандар: Жалауша, уақыт өлшеуіш
Сабақ
бөл-рі
Мазмұны
Мөлшері
Методикалық
нұсқау
І
10 мин
5 мин
Кіріспе бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
Жалпы дене жаттығулары.
Саппен жүру қолды жоғары үстап,
аяқтың ұшымен жүру;
Қолды жанға ұстап, өкшемен жүру;
Қолды алға ұстап, тізеден бүгіліп жүру;
Жүрелеп отырып жүру.
Арнайы жүгіру жаттығулары.
Тізені көтеріп жүгіру;
Қол белде, аяқты алға тастай жүгіру;
Қолды артқа қойып, аяқты тигізіп жүгіру;
Қол белде аяқты екі жаққа тастай жүгіру;
Қолды желкеге қойып, аяқы артқа тастап
жүгіру
Шапшаң жүгіру;
Арнайы секіру жаттығулары.
Оң және сол жақпен секіре жүгіру;
Әр адымға секіріп қолды алға (артқа)
айналдыру;
Адымдап жүру демалуды бір қалыпт-дыру;
Арнайы бір орында жасалатын жаттығулар.
1
1
1
25м

Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.
Жаңа сабақтың тақырыбын көңіл бөліп тыңдау.
Қолды түзу ұстап жаттығуды дұрыс орындалуына көңіл бөлу.
Денені тік ұстап отырып жүру.
Оқушылардың жаттығуларды дұрыс жасап қол аяқтарын тік ұстап орындауларын қадағалау.
Қолды шынтақ буынынан бүкпей тіке ұстау.
І І
25 мин
Негізгі бөлім:
Сөреге тұруды және 30 м қашықтыққа жүгіруді жетілдіру.
Жеңіл атлетика 60 м қашықтыққа жүгіруді үйрету. Қысқа қашықтыққа жүгіру тәсілін үйрену. 20 м қашықтықты 3-4 рет екпіндей жүгіріп өтуден басталады. Әрбір екпіндей жүгіру аралығында 3-5 минут үзіліс жасалады. Осыдан кейін осы қашықтықты демалу уақытын 2 минутқа дейін азайтып, жүгіріп өту санын 5-7 ретке дейін жеткізу қажет.
60 м қашықтыққа төменгі сөреден жүгіреді. Қысқа қашықтыққа жүгіру қозғалыстың шапшаңдығын арттырады.
Қысқа қашықтыққа жүгірудің ерекшелігі - жүгіруші жүгірер алдында түрегеліп тұрмай, бір тізесін жерге тигізіп отыру қалпында болады. 60 м қашықтыққа жүгірер алдында жерге бір тізерлеп, екі қолын сөре сызығына тіреп отырады.
Сөреге тұруды және 30 м қашықтыққа жүгіруді жетілдіру.
7-8мин

Қысқа қашықтық-қа жүгіру кезінде денені дұрыс және еркін ұстаған жөн.
Сөреден шыққанд-ағы алғашқы ады-мдар өте кең бол-май,оның есесіне өте тез болғаны жөн.
ІІІ
5 мин
Қорытынды бөлім:
Сабақты қортындылау.
Үйге тапсырма беру.

2мин
3мин

Ұқсас жұмыстар
Аяқты қозғалтпай
Ақ сандық, көк сандық — ұлттық ойын
Бір орында және қозғалыста допты беру, алып жүру
Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатында ритмика пәнінің жүргізілу ерекшеліктері
Эстафеталық ойын «кім мерген?»
Балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету
Сапқа және қатарға тұру жаттығулары
Баскетбол ойынындағы допты игеру тәсілдері. 8 сынып
Саптық алаң
Дене дайындығының деңгейі
Пәндер