8-наурыз мейрамы туралы

Ашық тәрбие сағаты:
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мінерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру; Оқушыны ізгілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу. Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдары: Сынып шармен, гүлдермен безендіріледі. Тақырып жазылған плакаттың ортасында үлкен күннің бейнесі, ойынға қажетті заттар(алшалғыштар, йогурт, банан, сок, қасықтар, т. б. ), «Менің анам осындай . . . » атты балалардың аналарын бейнелеген сурет көрмесі, аналарына арнап жасаған ашықхаттары. Мерекеге сай үнтаспалар жинағы, баян.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:- Құрметті қонақтар, асыл әжелер, сүйікті аналар! Бүгін бізде үлкен мереке. Ол-аналарға арналған «Ана-біздің күніміз» атты тәрбие сағатымыз. Бұл сағат 8- наурыз-Хаықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр.
Құрметті аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяларыңызға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
(Сыныпқа әуенмен оқушылар кіреді)
1-оқушы: Еліммен бірге тілегім,
Өзің деп соғар жүрегім,
Жатқа айта білемін,
Елімнің әнұранын. (Әнұран орындалады)
Тәрбиеші:-Балалар, жыл сайын, осы күні біз аналарымызды, әжелерімізді, қыздарды мерекелерімен құттықтаймыз.
2-оқушы: Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
3-оқушы: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Аяулы менің анашым.
4-оқушы: Аялаған, саялаған,
Бар бақытым, берекем.
Апатайм, құттықтаймын.
Бүгін сенің мерекең.
5-оқушы: Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Ән: «Ақ мамам»
6-оқушы: Өлең айтып беремін,
Нан да алып келемін.
Өйткені мен анамды,
Өте жақсы көремін.
7-оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз.
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз.
8-оқушы: Аналарды сүйеміз.
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
9- оқушы: Мамам, мамам, ақ мамам,
Мен де өзіңнің ақ балаң.
Айтқан тілді аламын,
Жұмсағанға барамын.
Ақ төсекке жатқызса
Көзімді жұма қаламын.
Тәрбиеші: -Балалар, аналарың сендерді еркелеткенде «құлыншағым, қозым, ботам» дейді ғой. Жанбаотаны анасы қалай еркелетеді екен?
10-оқушы: «Күнім, жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
Ойлап тапқан кім екен?
(Балалар бірге: -А-НА-ЛАР)
-Ендеше біздің балалар аналарына арнап «Қара жорға» биін билеп береді.
Би: «Қара жорға»
- Балалар, сендер күнделікті таңертең мектепке жиналасыңдар. Ал аналарың жұмысқа жиналады. Қазір біз бір қызық ойын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы кімнің анасы жұмысқа жылдам жиналады екенін көрейік.
Ойын: «Менің анам жұмысқа қалай жиналады?»
11- оқушы: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.
12-оқушы. Өнерлі боп өсеміз,
Өмір сырын шешеміз.
Өсіріп, ой-сананы
Қуантамыз ананы.
13- оқушы: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаға.
- Балалар, бүгін біздің ұлдарымыз аналарының орнында болып көреді. Ол қалай дейсіңдер ғой? Қазір ұлдарымыз алжапқыштарын тағып, аналарын жылдам тамақтандырады. (банан, йогурт жегізіп, сок ішкізеді)
14- оқушы: Сен жалықпай жетектеп,
Мен жалықпай жетермін.
Айтқаныңды екіетпей
Ақ сүтіңді өтермін.
15-оқушы. Ана-біздің күніміз,
Ана-біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
16-оқушы: Бал-бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Айналатын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
17-оқушы: Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап, гүл ашсын
Бақытқа толы өмірі-
Шаттыққа шаттық ұлассың.
- Балалар, бізді осындай әдемі, ақылды етіп өмірге әкелген аналарымызға не дейміз?
(Балалар бірге: -РАХ - МЕТ)
Ән: «Біз-өмірдің гүліміз»
-Құрметтейік о, адамдар, аналарды.
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, Ана деген асыл жан ғой.
Ойлауменен істелік әр қадамды. - деген сөздермен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтайық. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz