Қозғалыс траекториясы дегеніміз не

Сынып: 1 сынып
Сабақтың ұзақтылығы: 35 минут
1. 5. 1. 1 Түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;
1. 5. 1. 2 Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;
Оқушылар түрлі денелердің қозғалысын, адам өміріндегі және табиғаттағы қозғалыстың маңыздылығын анықтайды.
Барлық оқушылар: Әртүрлі қозғалыс траекторияларын түсінеді, оларды суреттен көрсетеді
Оқушылардың басым бөлігі: Табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтайды.
Кейбір оқушылар: Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
- Денелердің қозғалыс траекторияларын бейнелеп көрсетеді.
- Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтайды
Білу түсіну,
Қолдану және анализ
Тілдік дағдылар:
Тындалым, Айтылым.
Пәндік лексика және терминдер:
Тындалым, Айтылым:
Сызық - линия - line.
Жол - траектория ұзындығы. Түзу және қисық сызықтар
Траектория - траектория - Trajectory
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Қозғалыс дегеніміз не?
- Траектория дегеніміз не?
- Авто көлік жүретін жол қалай аталады?
- Жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсететін жол қалай аталады?
Математика. Ұзындықты өлшеу. Тәжірибелік жұмыс кезінде салыстырады.
Дүниетану: Мектепке баратын жолды бағдарлай біледі;
Көркем еңбек: Суреттерді бояу
Сабақтың басы
2мин
Психологиялық ахуал:
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне қарап айтады. Сәттілік тілейді.
-Кел, жаныма тұр, сыныптас,
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос!
Оқушылар қарсы тұрып, басбармақтан бастап кезек-кезек саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізеді .
1- барлық
2- істе
3-саған
4-сәттілік
5-тілеймін
6-алақандарын қосады - РАХМЕТ!
Топқа бөлу.
Ширату жаттығу:
«Қарлы кесек »
тәсілі
Оқушылар ортаға шақырылып шеңберге тұрып,
Аспан - жер- су
суреттерінен қаолы кесек жасап орап, қимыл қозғалысын көрсету. Осы атаулары бойынша топқа бөлініп отырады.
Сабақтың ортасы
8 мин
(Т) №1 тапсырма Белсенді оқытудың «Нұсқау беру және айту» әдісі: «Білгім келеді» тәсілі арқылы оқушыларға сұрақ қоямын. Оқушыларға жолда жүру ережесін естеріне түсіруді ұсынамын. Көлік құрал дары қозғалысының әртүрлі бағытына назар аудартамын. Түрлі көлік құралдарының қалай қозғалатыны туралы бейнежазбаны көрсетемін.
- Терезеден сыртқа қарауды,
- Сыныптан - сыртқа шығуды өтінемін.
- Көлік қалай қозғалады?
- Адамдар қалай қозғалады?
- Қозғалыстың ізі. Суреттерге назар аударыңдар.
-Оның қайсысында қозғалыстың ізі көрінеді?
(Біріншісінде, ұшақтан. )
-Тағы қай көліктің қандай жолмен жүргенін көруге болады? (Суда. )
- Жолдағы көліктің ізін көруге бола ма?
-(Тек жаңбырлы күні, соқпақ жолда. )
Осы жерде оқушылармен шағын зерттеу жұмысын жасап жіберемін ылғал құм салынған табақтың бетінен кішкентай ойыншық көлікті жүргіземін. Сонда балалар көліктің траекториясын көре алады. Тағы да қосымша сол топырақ үстінен допты домалатып доптың траекториясын бақылайды.
- Ізіне қарап нені білуге болады?
- (Көліктің қалай жүргенін. )
- Доптың құмдағы ізі қандай?
-(Ирек ирек болды)
-Кез келген нысан жай көзге көріне ме, жоқ па, соған
қарамастан белгілі бір сызық бойымен қозғалады . Бұл сызық траектория деп аталады.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз?
-Қозғалыс траекториясы (оқушылар) Оқушылар болжам жасайды, өздері тақырыпты анықтайды. Оқушылар үш тілде Сызық - линия - line.
Траектория - траектория - Trajectory сөздерді қайталап айтып тілдерін жаттықтырады.
Бағалау. Сұрақтарға дұрыс жауап берген балаларды, топтардың топ атауына қатысты суреттермен бағалаймын.
(Ұ) №2 тапсырма Белсенді оқытудың «Зерделеу және зерттеу» әдісі:
Саралаудың «қарқын» тәсілі.
Оқушылар іс - әрекетті бақылауға тапсырма беремін.
МК. 1) Сыныпқа оралған жіпті әкелемін де, қолымнан жерге түсіріп, 1 - топқа қарай домалатамын.
2) 1 - топ 2 - топқа қарай, 2 - топ 3 - топқа, 3 - топ маған қарай домалатады.
(Ұ)
«Ойлан - жұптас - бөліс»
тәсілі
Жіптің қозғалысы туралы не айтуға болады?
Жіптің жүрген жолында не пайда болды?
Жүргізілген сызық нені білдіреді?
М. Т. Дененің қозғалған кездегі жүрген жолын «траектория» дейміз. Бұл - жіптің қозғалыс траекториясы.
Траектория - траектория - Trajectory
сөзін ұжыммен қайталау
М. Б.
Оқушыларды мадақтау сөзімен (жарайсың! Өте керемет! Жақсы. Қанағаттанарлық) бағалаймын.
Ж №3 тапсырма: Белсенді оқытудың «Бекіту және қолданысқа енгізу» әдісі:
Саралаудың «тапсырма » тәсілі.
Дәптермен жұмыс.
29 жұмыс парағы. Көліктердің қозғалыс траекториясы.
Траекторияны таңда.
Көлік суретін оған сәйкес келетін траекториямен қос
Суретті боя
Бағалау: Оқушылар жұптасып бірін бірі бағдаршам арқылы ( Мысалы, Жасыл түс өте жақсы. Сары түс жақсы. Қызыл түс қанағаттанарлық ) бағалайды
Сергіту сәті. Бауырсақ ойыны.
Оқушылар топпен рөлге бөлініп ойнау арқылы бауырсақтың жүрген жолының траекториясын өздері жүріп салады.
Бақылау
7 мин
Пәнаралық байланыс көркем еңбек
5 мин
Сергіту сәті
5 мин
арқылы көлік құралдарының қозғалысын бақылайды, тұжырым жасайды.
Ұшақ, машина, қайық ойыншықтар
Орам жіп
жұмыс
дәптер
29 жұмыс парағы.
Түрлі түсті қалам, сызғыш, өшіргіш.
Сабақтың соңы
5 мин
(Ө, қ) Белсенді оқытудың «Қорытынды шығару және есте сақтау» әдісі
Саралаудың «Дереккөздер» тәсілі.
( М. ) Бағалау: Оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс түсінгеніне қарай «күлегештермен» бағалаймын
1. Тапсырма
Текшені үстелдің шеткі жағына қойыңыз да, жерге қарай түрлі тәсілмен (ақырын, қатты) итеріп құлатыңыз. Текшенің қозғалысын бақылаңыз. Текшенің қозғалысының траекторияларын сызып көрсетіңіз. Траекторияның әр түрлі болу себебін түсіндіріңіз.
2 тапсырма. Суреттерге сүйеніп, қозғалыстың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеңіз.
- Адамдар не үшін жаттығу жасайды?
- Таза ауада серуендеудің қандай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz